Главная / Другое / Разработка урока по казахсскому языку на тему "Ауа-райы" (3 класс)

Разработка урока по казахсскому языку на тему "Ауа-райы" (3 класс)

Шығыс Қазақстан облысы,

Семей қаласы, №15жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кумпеисова Қазиза Кабытайқызы

Пәні: қазақ тілі 3 сынып


Сабақтың тақырыбы: Ауа-райы Сабақтың мақсаты: Ауа-райы туралы қысқаша мәліметті сауатты айта және жаза білуге үйрету. 1.Білімділік:Тақырып аясында сөздер,сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдануға машықтандыру.

2.Дамытушылық: Сұрақ-жауап өткізу,топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.Сұраққа нақты және дұрыс жауап беруді меңгерту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.

«Ағаш та ылғалды жерде көгереді». Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ Сабақтың тегі: сайыс сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ -жауап, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, ізденіс Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану

Көрнекілігі: «Ауа райы» суреттер, мәтін ,интербелсенді тақта, түрлі –түсті қарындаштар

Сабақтың эпиграфы: «Табиғатсыз адамның күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезең: амандасу,түгендеу.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

-Қанеки балалар, біз бір-бірімізбен амандастық,енді біз табиғат анамен амандасайықшы.

Қайырлы күн ,көк аспан!

Қайырлы таң,кең далам!

Армысың,алтын күн!

Саумысың ,жан досым!

-Жақсы.Орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар,өздерің байқағандай, сендер бүгінгі сабақта екі топқа бөлініп отырдыңдар,енді сендердің топтарыңа бәріміз бірігіп ат қояйық. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.Қай топ шешуін бұрын тапса сол топты осы жеміс атымен атаймыз.

1. Арбиған әкесі бар,

Тарбайған шешесі бар. Ол не? (Шие ағашы)

2. Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала,

Пайдасы адамзатқа тиген жаңа. (Алма ағашы)

Жақсы. Балалар енді сендердің топтарыңа топ басшыларын таңдаймын. Сондықтан сабаққа барлығымыз қатысып,өз білімдерімізді көрсетейік.Ал сендердің білімдеріңді мына парақ бойынша бағалаймын. Әрбір оқушының алған бағасы топтың бағасына әсер етеді. Сол себепті бәріміз бірге жұмыс жасайық.Оқушыларды бағалау парағымен таныстырамын.

«5» -күн, «4»- ала бұлтты, «3»- бұлт суретімен белгілеймін. ІІ. Үй тапсырмасы:

«Ауа райы» тақырыбына ассоцияция жасату топтық жұмыс.

Топтан бір адам шығып қорғайды.Ол адамды топ басшысы шешеді.Топ аралық сұрақ-жауап

-Балалар енді әр топтан бір бала келесі топтан бір адамды таңдап оған өзі «Ауа райы» тақырыбында тақтада ілулі тұрған суреттерді қолданып сұрақ қояды. Оқушылар жауабын бағалап , кестеге белгілеймін.

ІІІ Жаңа сабақ бойынша:

3.1 Тақырыппен таныстырамын:

-Балалар , сендер ауа райының өзгерістері жайлы білесіңдер.Енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен танысайық. Сабақ тақырыбы «Ауа райы». Сабағымыздың мақсаты: ауа райына қатысты сөздермен танысып,олармен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрау.Осы сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге машықтану.

Интербелсенді тақтадан жыл мезгілдеріне байланысты ауа райының өзгерістерімен таныстырамын.

3.2 Сөздікпен жұмыс жасау:

Интербелсенді тақтадан тыңдату,қайталату,жазылуына назар аударамыз,жазады

Ашық, бұлтты,жаңбырлы,қарлы, боранды,тұман, желді. Балалар осы сөздердегі дыбыстарға назар аударайық. Ашық сөзінде қандай дыбыс ерекше? қ дауыссыз,қатаң дыбыс. Бұлтты, тұманды сөзінде? ұ дауысты ,жуан дыбыс. Жаңбырлы ң дауыссыз,үнді дыбыс. Желді і дауысты,жіңішке дыбыс.Тақтаға суреттерді, жанына қазақша аудармасын ілемін. Сөздікке жазып болған соң суретке қарап қазақша атауларын оқушылардан сұраймын.

3.3 Суреттерді көрсетіп иә-жоқ сұрақ –жауабын жасатамын:

-Бүгін ауа-райы ашық па? (жаңбыр суретін көрсетемін)

-Бүгін ауа-райы жаңбырлы ма?

-Бүгін күн жылы ма?

-Суық па?

-Қар жауып тұр ма?

-Күн бұлтты ма?

-Жел соғып тұр ма? -Боран соғып тұр ма?

3.4 Әр жыл мезгілінің ауа райы (тақтаға 4 жыл мезгілінің ауа райына арналған суреттерді іліп қоямын)

-Балалар, енді мына суреттерге қараңдаршы әр жыл мезгілінің ауа райы да әртүрлі болады. Қыста ауа райы қандай? Көктемде ауа райы қандай? Жазда ауа райы қандай? Күзде ауа райы қандай?

3.5 Мәтінмен жұмыс: үн таспадан мәтінді тыңдау, аударту,сұрақ-жауап.Мәтіннен ауа-райын білдіретін 3 сөйлемді тауып оқып, дәптерге жазамыз..Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып , 1сөйлемді құрамына талдайды.

Семей ауа райы

Қаламызға көктем келді. Наурыз айында қаламызда күн жылына бастайды.Қар, мұз ериді. Бұл айда жиі қар жауады. Ал жаңбыр аз жауды. Қаламызда жел жиі соғады. Сәуірде күн жылынады. Көктемнің алғашқы гүлі – бәйшешек наурызда гүлдейді. Көктемнің хабаршы құсы- ұзақ ұшып келеді. Семей қаласының көктемгі ауа райы әртүрлі.

1.Наурызда ауа райы қандай болды?

2.Сәуір айында жаңбыр жауа ма?

3.Қар жауды ма?

4.Қаламызда жиі жел соғады ма?

5. Көктемнің алғашқы гүлі қандай?

6.Көктемнің хабаршы құсы қалай аталады?

Сергіту сәті:

Ой, балалар, балалар!

Жылы – жылы жел соқты,

Жылғалардан су ақты.

Қаңқыл– қаңқыл қаз кепті.

Жер қарайды – жаз кепті.

ІҮ. Бекіту : Н.Аманжоловтың «Бұл қай кезде болады?» өлеңін оқимын, өздерің елестетіп жыл мезгілінің суретін салыңдар. Өлеңді үш қайталап оқимын, топ мүшелері бірігіп суретін салады, әр топтың басшысы шығып қорғайды. (бейнелеу өнері)

Аяз қысып, Бұлттар төніп,

Өрнек сызып, Жаңбыр төгіп,

Терезені торлайды, Дымқыл тұман басады,

Бөбектерім айтыңдаршы, Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? Бұл қай кезде болады?


Өрік, алма, Қар, мұз еріп,

Шие, алша, Су көбейіп,

Жидек, жүзім піседі, Сай– салаға ағады,

Бөбектерім айтыңдаршы, Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? Бұл қай кезде болады?


Ү. Қорытынды: Сурет бойынша келесі күннің ауа-райын болжату.

-Ертең күн жаңбырлы болады.

-Бүгін күн ашық болады.

-Ертең күн желді болады.

-Кеше күн бұлтты болды.

ҮІ. Бағалау:

1.Жекелей бағалау, топтық бағалау.

2.Топтық көрсеткіштердің нәтижесін айту. Жеңген топқа қол соғып қошемет көрсетейік.

ҮІІ Үйге тапсырма:«Ауа райы» тақырыбына диалог жазып келу.Жаңа сөздерді жаттау.






Разработка урока по казахсскому языку на тему "Ауа-райы" (3 класс)
  • Другое
Описание:

Шығыс Қазақстан облысы,

                                                         Семей қаласы, №15жалпы орта білім беретін мектептің

                                                         қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі                                       Кумпеисова Қазиза Кабытайқызы

Пәні: қазақ тілі                                        3 сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Ауа-райы                                                                                                         Сабақтың мақсаты: Ауа-райы туралы қысқаша мәліметті сауатты айта және жаза білуге үйрету.                                                                                                                                 1.Білімділік:Тақырып аясында сөздер,сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдануға машықтандыру.

2.Дамытушылық: Сұрақ-жауап өткізу,топпен жұмыс жасау  арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.Сұраққа нақты және дұрыс жауап беруді меңгерту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.

                                                                    «Ағаш та ылғалды жерде көгереді».                                                         Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ                                                                                                            Сабақтың тегі: сайыс сабақ                                                                                                                          Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ -жауап, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, ізденіс                                                                                                                                                                             Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану

Көрнекілігі: «Ауа райы» суреттер, мәтін ,интербелсенді тақта, түрлі –түсті қарындаштар

Сабақтың эпиграфы: «Табиғатсыз адамның күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».

Сабақ барысы:  І. Ұйымдастыру кезең: амандасу,түгендеу.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

-Қанеки балалар, біз бір-бірімізбен амандастық,енді біз табиғат анамен амандасайықшы.

Қайырлы күн ,көк аспан!

Қайырлы таң,кең далам!

Армысың,алтын күн!

Саумысың ,жан досым!

Автор Кунафин Казез Сайдахметович
Дата добавления 19.03.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 898
Номер материала 58341
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓