№№156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі
Тақырыбы:
Абай шығармаларына иллюстрация.
Сыныбы: 6 «Б»
Пәні: Бейнелеу өнері
Пән мұғалімі: Сатанов Е
2014 – 2015
оқу жылы
Ашық
сабақ.
Күні: 13.12.2014
ж
Пәні: Бейнелеу
өнері
Сабақ тықырыбы:
Абай шығармаларына иллюстрация
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік –
Ұлы ақын туралы мағлұмат беру. Әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет
салуға үйрену,шығарма желісіне иллюстрация жасауға бейімдеу.
ә) Дамытушылық –
Көркемдік талғамын,оқушының ойлау,қиялдану, әсерлену,елестету қабілеттерін
дамыту.Бейнелеудегі әдіс – тәсіл формаларымен таныстыру.
б) Тәрбиелілік –
Табиғатты сүюге,сұлулыққа,тазалыққа, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Аралас
сабақ
Сабақтың әдісі:
Түсіндірмелі - бейнелеу.Сұрақ – жауап,демонстрациялау,әуенмен жұмыс.
Пән аралық байланыс: Тарих,Әдебиет,География,Математика,Ән.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,плакат,ақын портреті,буклет,жыл мезілдері суреті.
Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру: «Ертегі мазмұнына
иллюстрация салу».
Үй тапсырмасын қорытындылау:
Оқушылармен сұрақ – жауап арқылы «Мозайка» құрастырып «Абай» портретін ашу.
1 – сұрақ. Ертегі
мазмұнына сурет салу қалай аталады?(Иллюстрация)
2 – сұрақ.
Табиғатты бейнелеу?(Пейзаж).
3 – сұрақ.
Ән,би,күй,сурет – жалпы атауы?(Өнер).
4 – сұрақ. Бір
түстің құбылған түрлері.(Реңк).
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Абай шығармаларына иллюстрация
Оқушылардың қызығушылығын ояту:
Балалар,
біз алдымен біраз әңгімелесіп алайық.
-
Балалар! Бұл портретте кім
бейнеленген? (Абай Қ.)
- Абай Қ. туралы не білесіңдер?
(Ұлы ақын,
ойшыл, ағартушы, композитор, аудармашы).
Абай Қ.- «Масғұт»,
«Әзімнің әңгімесі», «Ескендір» поэмаларымен қатар көптеген табиғат пен
махаббат туралы лирикалық өлең, әндердің авторы.
Тақтада
көрсетілген суреттермен жұмыс. Балалар! Тақтадан қандай суреттерді көріп
отырмыз? (табиғат көріністері)
- Табиғат
көрінісін бейнелейтін шығарманы қалай аталады? (Пейзаж)
- Пейзажшы деп кімді айтамыз? (Табиғат көрінісін
бейнелейтін суретшіні)
Табиғат деген сөзді топтастырайық
Ай, күн Су Жануарлар
Ағаш
Өсімдік
Таулар
Құстар
Балалар! Осы табиғатқа
байланысты қай ақын жазушылардың шығармаларын көп білесіңдер? (Абай Қ.)
Дұрыс,
сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Абай
шығармаларына иллюстрация жасау.
Мақсатымыз: әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуға
үйрену, әдеби шығарма желісіне иллюстрация жасау.
ІҮ. Материалды
түсіндіру кезеңі.
Ұлы
ақын, суреткер – Абай Кұнанбаевтың (1845-1904).
8
мыңдай өлең жолы,
45
қара сөзі, дастандары, аудармалары, лирикалық өлеңдері бар.
Соның ішінде біз бүгін
табиғат лирикасына тоқталамыз. «Жаз», «Жазғытұрым»,
«Күз», «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай»,
«Жаз»
Жаздығүн шілде
болғанда,
Көк орай шалғын бәйшешек
Ұзарып өсіп
толғанда;
Күркіреп жатқан
өзенге
Көшіп ауыл
қонғанда...
«Жазғытұрым»
Жазғытұрым қалмайды
қыстың сызы,
Масатыдай құлпылар
жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат
анталаса,
Ата-анадай елжірер
күннің көз.
«Қыс»
Ұшпадай бөркін
киген оқшырайтып,
Аязбен қызарып
ажарланды.
Бұлыттай қасы
жауып екі көзің,
Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.
«Желсіз түнде жарық ай»
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Бір
оқушыға «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқуға тапсыру.
Абайдың
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқығанда жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға
келтіреміз (елестетеміз).
Бұл өленде Абай нені
айқын өрнектеп бейнелеген?
Әрине,
құпия мен жұмбақ сырға толы тамаша табиғат! Желсіз тынық жылы түн. Айнала
жым-жырт. Аспанда толықсып толған ай сәулесін шашып, бүкіл
далаға нұрын төгіп тұр.
Су бетіндегі айдың сәулесі өзен бетін көгілдір-сары алтын түске бөлеп, діріл
қағады.
Ағаш
жапырағы өздерімен-өздері сыбдырласып, түннің тыныштығына құлақ салғандай. Жер
беті ерекше сұлулыққа бөленгендей.
Ақынның
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ғажайып сырлы үн ғана емес, түрлі-түсті
бояулардан жасалған келісті бір дүниені жанымызбен сезіп, көзімізбен көргендей
боламыз.
Ал
енді осы көріністі қағаз бетінде салып көрейік. Ол үшін бізге суреттің негізгі
тақырыбын ашу керек. Демек, бұл бейнелеу өнері тілінде табиғатты бейнелеу
дегенді білдіреді. Өзен, су, жер, қалын ағаш- мұның барлығы бір бүтін көріністі
құрайды.
V. Практикалық жұмыс:
Оқушыларды өз
бетімен жұмыстарын ұйымдастыру ретінде Абайдың «Жаз»,
«Күз», «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдері үйлестіріліп, сурет
салулары тапсырылады.
(Осы
тұста Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», өлеңі айтылып тұрады ).
Оқушылардың үлгілі жұмыстарын жинап алып оларды талдап, сын
– ескертпелер айтып, кемшіліктерін түзеу жолдарын үйрету арқылы сабақты
қорытындылау.
VІ. Қорытынды.
Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
«Кім тапқыр ойыны».Жаңа сабаққа байланысты сұрақ қою арқылы шыршаны безендіру.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
Абай өлеңдеріне еркін талдау бойынша сурет
салуды жалғастырып, келесі сабаққа алып келулері сұралады.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.