Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыРазработка урока по истории Казахстана на тему:"ХVI --XVII ғасырлардағы Қазақ халқының материалдық мәдениеті."

Разработка урока по истории Казахстана на тему:"ХVI --XVII ғасырлардағы Қазақ халқының материалдық мәдениеті."

Скачать материал

Время проведения: 0915.             Онлайн – режим                                                                              60 ауд.

Сабақтың тақырыбы: ХVI --XVII ғасырлардағы Қазақ  халқының материалдық  мәдениеті.

 Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды халқымыздың материалдық және рухани мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып, қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылықтары екеніне көз жеткізу.
Дамытушылық: Материалдық  және рухани мәдениет туралы түсініктерін кеңейту,
мәдениетті жан - жақты қырынан тани білуге көмектесу, қазақ халқының материалдық мұражайына саяхат жасата отырып, білімдерін еске түсіру арқылы дамыту, өз көзқарастарын қалыптастыруғакөмектесу.
Тәрбиелік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы,
Сәндік қолданбалы өнер, Энциклопедия,
Интерактивті тақта, суреттер, асықтар, конверттер, сандықша, қазақ ұлттық киім-кешектері, ыдыс-аяқ, ертоқым және т.б.

Сабақтың түрі: құрастырылған.


Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, оқушы шығармашылық жұмысы, т. б.


Пәнаралық байланыс:  География, әдебиет, математика.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1)    Сәлемдесу

2)    Оқушылардың санын анықтау

3)    Сабақтың мақсатын қою

4)    Психологиялық жайғастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

 Оқушылар  үш топқа бөлінеді:
І топ – «Хандар»
ІІ топ – «Билер»
ІІІ топ – «Батырлар»
Үй тапсырмасы «Алтын қақпа» ойыны арқылы сұралады.
Сұрақтар конвертке салынады. Әр конвертте үш сұрақтан болады.

 


1. Тас қақпаның сұрақтары:

1. Жоңғарлар кімдер?
2. Сібір атауының шығуы туралы не айтасың?
3. Сібір хандығының құлауы нәтижесінде Қазақ хандығында қандай өзгерістер болды?


2. Күміс қақпаның сұрақтары:

1. Жоңғар шапқыншылығының басты себебі неде?
2. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы қай жылдары болды?
3. Аңырақай шайқасының маңызы неде?


3. Алтын қақпаның сұрақтары:

1. Көшім тұсында Сібір хандығының күш қуатының арту себебі неде?
2. Ресейдің Сібір хандығын жаулап алудағы мақсаты не еді?
3. Сібірді жаулап алу саясаты қалай жүзеге асырылды?


4. Алтын сандық сұрақтары:

1.Сен қалмақ та, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз.
Сен темір де, біз көмір,
Еріткелі келгенбіз.
Екі еліктің лағын
Теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге
Танытқалы келгенбіз.
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз.
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз
Тұтқыр сары желімбіз,
Жабысқалы келгенбіз.
Берсең, жөндеп бітімді айт.
Бермесең, дірілдемей жөніңді айт.
Не тұрысатын жеріңді айт! – Бұл кімнің кімге айтқан сөзі?

Жауап: Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқаны.

2. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталды. Мұның былай аталуы: жаудан қашып жаяу шұбырған қалың қауым әрі болдырып, әрі ашаршылықтан бұралып, Алқакөл жағасына келіп сұлап жатқанда, көп ішінен бір ақсақал адам шығып: «Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жамандықтың бәрін ұмытпауы керек, біз осы көрген күнімізді не деп атасақ болар?» деп сұрапты. Сонда тағы бір қария тұрып: мұның аты «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» болсын депті. Мұңын мәнісі не?

Жауап: Атамекен, мал- мүлкінен айырылып, жаяу – жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра - шұбыра табаны ағарып, азып – тозды деген сөз екен.

3. Жоңғар шапқыншылығынан босып, ел үдере көшкенде ол үйін жықпай, жұртта қалыпты-мыс.
Қалмақтың әскербасы бұған таңданып, көшпеген себебін сұрағанда, ол:
- Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұя салып еді, бұл бүкіл дүниежүзін топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда, содан қорғаған құс еді. Мен өз болашағымды қорғап қалған құстың ұясын бұзып, балапандарын қырып кете алмадым, -дейді.
Мұны естіген қалмақ қонтайшысы «бұл кісі әулие» екен деп, оның өзіне де, маңайындағы еліне де тимепті – міс. Бұл кісі кім? Бұл кісіні өз атымен атамай әлі күнге дейін қандай атпен қадірлейді?

Жауап: Төле би «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би»

Ал жаңа тақырыпқа көшпей жатып бірінші Сергіту сәті: «Кім жүйрік?» атты математикалық ойының ойнап шығамыз. Осы ойын жалпы XVI - XVII ғасырлардағы саяси оқиғаларды есімізге түсіреді.

Математикалық есептерді шешіп тарихи датаны тауып, сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.
1. 740 х 2 + 0 = 1480 (Бұрындық ханның билікке келуі)

2.  350 х 4 + 111 = 1511 (Қасым ханның билікке келуі)

3.  500 + 1200 - 187  = 1513 (Қасым хан Сайрам қаласын басып алды)

4. (8400 / 5) - 142  =  1538 (Хақназар Қасым ханның ұлы билікке келіп, Қазақ хандығы жерлерін қайта қалпына келтірді)

5.   438 + 230 + 930   =  1598 (Есім хан қазақ мемлекетіне билік етті)

6.  (1800 + 120) – (2200 - 296) = 16 ( яғни Мухаммед Хайдар Дулатидың парсы тілінде жазылып, қазақтар мен олардың хандықтары жайлы мәліметтерге толы «Тарих – и Рашиди» атты қолжазба кітаптары кеңінен тарады)

 

 

 

 

 



ІІІ. Жаңа сабақ жоспары

Эпиграф

“Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі,

Өткендерін ескерген -өскендіктің белігісі” .

1.     Материалдық және рухани мәдениетке сипаттама.

2.     Қазақ халқының баспанасы.

3.     Қазақ халқының ұлттық киімдері.

4.     Ұлттық қолөнері.

5.     Ұлттық музыкалық аспаптар мен жанрлар.

«Әр адамда өз анасынан басқа құдіретті төрт ана болу керек:
туған жері - түп қазығы, айбыны;
туған тілі — сатылмайтын байлығы;
туған дәстүр, салт-санасы тірегі, өміріне шуақ шашар үнемі;
ал туған тарихымыз қаншалықты еске алуға ауыр болса да, біз өз тарихымызды ұмытпай, еске алуымыз керек».

ХVІ – ХVІІ ғғ. қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ халқының мәдениеті - өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды.
Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата – бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.


Ал енді  Мәдениет дегеніміз не?  сұраққа жауап  береміз.
Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» «қала, қалалық»деген сөзінен енген.
Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).
Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы. Адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі.

                                                                                                                                       

Материалдық мәдениет

Рухани мәдениет

Ерте кездердегі ата-бабаларымыздың

пайдаланылған заттары (баспанасы, киім - кешегі, жиһаздары, қолөнер бұйымдары, сәулет өнері)

материалдық мәдениетіміз болып табылады.

 

 

Адам баласында  шаруашылыққа

байланысты күнкөрісінен туған

шығармалар (аңыз - әңгімелер, жыр,

даналық сөздер),                                                          

салт - дәстүр, мақал - мәтелдер,

дің, музыка туындылары  жатады.

 

 

 

Оқушылар, енді мұражайға саяхат жасаймыз.


Қазақ халқының мұражайына қош келдіңіздер!


1 - зал Қазақ халқының баспанасы. (Құндыз)
2 - зал Қазақ халқының ұлттық киімдері.(Диана)
3 - зал Ұлттық қолөнер.(Азамат)

4 – зал Ұлттық музыкалық аспаптар.(Ақансері)

Бірінші залмен таныстыратын Құдайберген Құндыз.  (Құндыз слайд, ролик  арқылы  тақырыпты түсіндіреді)
І. «Қазақ халқының  баспанасы” бөліміне хош келдіңіздер!

(Мұғалімнің қысқаша қорытындысы)
ІІ. «Қазақ халқының ұлттық киімдері” бөліміне хош келдіңіздер! (Таныстыратын Құсайн Диана)
Бүгінгі таңда ұлттық киімдерімізді қазіргі заманға сай дайындап, әлемдік деңгейде таныстырудамыз.

Ал енді Диананың сөзін қорытындылай келе қазақтардың киім-кешекке қатысты ырымдар мен тыйымдар мен таныстырамын.

·        Киім кию оң қолдан  басталады.

·        Киімді желбегей жамылып жүруге болмайды.

·        Көпшілік алдында жалаңаш – жалпы жүруге болмайды.

·        Өте ұзын немесе өте қысқа киім киюге болмайды.

·        Киім киердің алдында оны сілку керек.

·        Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды.

·        Шалбарды және етікті отырып киеді.

·        Киімнің жағасын басуға болмайды.

·        Жастық орнына шалбарды жастауға болмайды.

·        Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды.

·        Бас киімді босағаға емес, төрге іліп қояды.

·        Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды.

 (Мұғалімнің қысқаша қорытындысы)

ІІІ.“Ұлттық қолөнер” бөліміне хош келдіңіздер! (Таныстыратын Нурхан Азамат)
Қолөнер бұйымдарымен танысамыз.

Азаматқа рахмет атып сөзін қорытындылай,  тағы да бірнеші ыдыстарға қатысты  ырымдыр мен тыйымдар мен таныстырып өтемін.

·        Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болайды. Халық үғымында ашық қалған тағамды жын-шайтан жалап кетеді деп санайды.

·        Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.

·        Қазанды төңкеріп қойса, ырыс - несібе кетеді.

·        Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтарма йды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.
(Мұғалімнің қысқаша қорытындысы).

ІV.  Ұлттық музыкалық аспаптар мен жанрлар. Төртінші  залмен таныстыратын Айдарбеков Ақансері.

«Ұлттық музыкалық аспаптар мен жанрлар» бөліміне хош келдіңіздер! 

(Мұғалімнің қысқаша қорытындысы).
ІV. Жаңа сабақты бекіту


1. «Орнын тап» Сөздерді  қарастырып топқа бөлеміз.
(интерактивті тақтада сандықтың, ер тоқым және киіз үйдің суреттері тұрады,  әр сөздің қай топқа жататының көрсету керек).


2. Топтастыру


«Хандар» тобы   -   Үрмелі аспаптар (Саз сырнай, қос сырнай, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, сыбызғы, адырна, керней)

«Билер» тобы  -  Шертпелі аспаптар (Жетыген, шертер, 2-3 ішекті домбыралар, қылқобыз)

«Батырлар» тобы – Ұрмалы аспаптар (Данғыра, Дауылпаз,кепшік, шын, шындауыл, дабыл )

«Ханталапай» ойыны (сұрақтарға жауап).

Үш топтан үш оқушы шығып асықты шиіреді. Кімнің асығы алшы түссе сұрақ сол топтың мүшелеріне қойылады. Егер ол топ жауап бере алмаса, келесі топ мүшелері жауап береді. Ойын ары қарай жалғаса береді. Дұрыс жауап берген топқа әр жауабы үшін бір асықтан беріліп отырады. Асықты көп жинаған топ жеңіске жетеді.

1. Қазақ халқының ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы мәдениетінің даму ерекшелігі қандай?
2. Рухани мәдениет дегеніміз не? Оған мәдениеттің қай салалары жатады?
3. Қазақ ауыз әдебиетінің бай мұрасы ұрпақтан – ұрпаққа қалай жетті?
4. Жазба әдебиет мұрасынан қандай еңбектерді атай аласыңдар?
5. Халықтың күнтізбесінің ерекшелігі неде? «Жұлдызды әуе картасы» дегенді қалай түсінесің?
6. Қазақтар арасында ислам дінін кімдер таратты?
7. Материалдық мәдениет дегеніміз не?
8. Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар.
9. Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңдар.

VІ. «Дискуссиялық өрнек»
1. «Хандар» тобына:

Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Хан халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз етуге міндетті

+

 

2

Ханның уәзірі болған жоқ

 

+

3

Хан Шыңғыс ұрпағынан болуға тиіс

+

 

4

Хандық билік мұрагерлік жолмен берілген жоқ

 

+



2. «Билер» тобына:


Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Би- әділ, шешен, ақыл – кеңес бере алатын адам

+

 

2

Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті емес

 

+

3

Би – бірнеше рудан құралған Арысты басқарады

+

 

4

Би- жазалау құқығына ие болған жоқ

 

+

 

3. «Батырлар» тобына

 

Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Батырлар – халық жасағын басқарды

+

 

2

Батырлар арасында ханға берген антын бұзғандар жоқ

 

+

3

Батырлар – феодалдар тобына жатты

+

 

4

Батырлар хан алдында жауапты емес

 

+



Оқушының шығармашылық жұмысы
.
1. Мұражайдан алған білімдерің арқылы қазақ халқының материалдық мәдениетін шетелдік азаматтарға қалай таныстырар едіңдер?
ерілген тапсырмаға топтар бірігіп, бірін бірі тыңдап, сыни ойларын ортаға салып, ватманда жауабын дайындап, топ ішінен бір оқушы шығып қорғайды.

(2 минут ауқыт беріледі, әр топ пікіралмасып бір шешімге келеді)

 Рефлексия.

1)Қандай жаңа ұғымдармен таныстыныз?

2) Сіздер білген ұғымдар болды ма?

3) Нені түсінбедіңіздер?

4) Сабақтан не алдыңыз?
V. Қорытынды
“Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі,
Өткендерін ескерген - өскендіктің белігісі”.

Қазіргі таңда оқушылардың бойына ата-баба дәстүрі мен ел-халқының тарихын қастерлеуге, ал ең бастысы, отансүйгіштікті нығайту үшін ұлтының рухани-мәдени құндылықтарын сіңіру қажет.
«Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді. Ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын, тозбайтын, керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап, ұрпақ санасына шұғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты – ғылым мен мәдениет. Ендеше сол ата – бабаларымыздың тарихи - мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік» -деді еліміздің Президенті Н. Назарбаев өз сөзінде.

Бүгінде мұндай тоқтамға, яғни өз тамыры мен өткеніне, ана тіліне, ата дініне, діліне әлемнің біраз мемлекеті бет бұра бастады. Оның жолын әркім өзінше танып, өзінше бағамдауда. Солардың қатарында әлемдік қауымдастықтың назарына ілігіп, бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып үлгерген Қазақстан орта мерзімді мемлекеттік 2004-2006, 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдаған тұңғыш ел.
Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Өз еліңнің мәдени мұрасына ұқыпты қарау мен басқа мәдениеттің құнды элементтерін қабылдау – адамзат өркениеті дамуының сара жолы.



ҮІ. Үйге тапсырма
  «
Мәдениетім - мақтанышым» Эссе жазып келу.
ҮІІ. Бағалау


ХVІ – ХVІІ ғасырларда қазақ халқы мәдениетінің өркендеп, дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Әсіресе ХVІ – ХVІ ғғ Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізді.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті ХVІ – ХVІІ ғғ кеңінен өркендеді. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарған», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай» т.б. ХVІ – ХVІІ ғғ өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар, Үмбетей.
ХVІ – ХVІІ ғғ – қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды. Исламды таратушылар – Түркістан, Бұхара, Астарханның дінбасылары.


Тұрғын үй түрлері: киіз үй және шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үй. Жазғы үй түрлері: киіз үй және арба үстіне тігілген жылжымалы үй – күйме.
Қысқы киімдері:
күпі, шидем, ішік, тон, шалбар, жарғақ шалбар, тымақ.
Ұлттық тағам түрлері: ет, сүт, май, қымыз, шұбат, айран, қатық, құрт, ірімшік, жент.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

Бағалау критерийлері

Оқушының - аты жөні

Үй тап-сы

Жорға ойыны

Жаңа сабақты түсінуі(постер дайындау)

Сөзжұмбақ

шешу

Иә, жоқ тесті

Қосымша сұрақ

Ұпай

Баға

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока по истории Казахстана на тему:"ХVI --XVII ғасырлардағы Қазақ халқының материалдық мәдениеті.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

урок комбинированный, насыщен различными формами и приемами при опросе домашнего задания, широко применяется функции интерактивной доски. В процессе урока учащиеся знакомятся с культурой Казахстана в 16-17 века. Объяснение нового материала начинает учитель, а основные части новой темы с помощью слайдов знакомят учащиеся. широко применяется ИКТ, проектная и игровая технология. в начале урока учащихся делю на три группы, которые носят определенные названия и с которыми в последствии будут связаны их задания. задания различной сложности, при правильном ответе оценивается по 5 шкале. Далее при для активизации познавательной деятельности провожу игру "кто быстрее" , при котором учащиеся вспоминают материал пройденный на прошлых уроках.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 540 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Конспект учебного занятия по истории Приднестровского региона
  • Учебник: «История. Профессиональное образования. Часть 2», Артемов В.В., Лубченков Ю.Н.
  • Тема: § 57. Внешняя политика России во второй четверти XIX в.
  • 30.12.2020
  • 571
  • 3
«История. Профессиональное образования. Часть 2», Артемов В.В., Лубченков Ю.Н.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.08.2020 402
    • DOCX 38.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рожкова Татьяна Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рожкова Татьяна Алексеевна
    Рожкова Татьяна Алексеевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84203
    • Всего материалов: 224

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 417 человек

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек