Инфоурок Другое КонспектыРазработка урока на тему "Тұрақты тіркестер " (5 класс)

Разработка урока на тему "Тұрақты тіркестер " (5 класс)

Скачать материал

Тақырыбы: Менің Қазақстаным-менің болашағым

 

Білімдік мақсаты: Өз туған еліміз, жеріміз, мемлекетіміздің ұстап отырған

                               саясаты мен алға қойған жоспарын түсіндіру, сол

                               мақсатқа жету үшін өз үлесімізді қалай қосуға болатынын

                                айқындау, пікірлесу.

Тәрбиелік мақсаты: Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін еңбек етуді

                                 негізгі мақсат етіп қоя отырып, халық қамын ойлауға

                                 тәрбиелеу, туған халыққа , Отанға деген патриотизмге

                                 тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Елдегі болып жатқан жаңалықтардан хабардар

                                  болып, елдің дамуына үлкен үлес қосарлық азамат

                                  болып өсуге деген ынтасын, пікірін дамыту

Түрі: Лекция сабақ

Әдісі: Баяндама

Көрнекілігі: Газет-журнал материалдары

Пәнаралық байланыс Тарих,Әдебиет, Ән

Барысы: Сабақты ұйымдастыру.

 

     Елбасының мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары жөніндегі жылма-жылғы жолдауы саяси өміріміздің елеулі көрінісіне айналды. Еліміздің болашағы саналатын жастардың мүддесін ешқашан естен шығармай келе жатқан Елбасы оқу ақысын төлеу үшін қаржысыз қалған студенттерге қолдау көрсетіп, 11 мың грант және 40 мың несие бөлді. Осы игі іс нәтижесінде үздік оқитын мыңдаған студенттер бүгінде мемлеметтік білім грантын ақылы негізде оқитын жартылай жетім , мүгедек, көп балалы отбасынан шыққан бірнеше студенттер оқу ақысына жеңілдік алып,мемлекет тарапынан ұзақ мерзімді несиені иемденіп отыр. Мемлекет қашан да білім саласына бей-жай қарамаған.Сондықтан да жыл сайынғы Жолдауында еліміздегі білім алу жүйесін дамыту ісі алдыңғы кезектегі мәселе етіп қарастырылады.Елбасының қолға алған игі істері бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын»-деп А. Байтұрсынов айтқандай , Елбасымыздың  «Жастар – біздің болашағымыз» деп үлкен сенім артып, жасап жатқан еңбегінің зая кетпегендігінің дәлелі осы болар. Көз ашық, көкірегі ояу білімді азамат үшін болашақтың жолы әрдайым ашық.

 

        Қазақсатан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы өзге жолдаулардан ерекше. Жолдаудың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» деп аталуының өзі қазіргі бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындығын бастан өткеріп жатқан тұста жарияланды. Бұл дағдарыс алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын теледидардан көріп, баспасөз беттерінен оқып жүрміз Әрине, дағдарыс салқыны Қазақстанды да айналып өтпесі белгілі.Елбасының ұстанған сарапдал саясатының арқасында елімізде оң нәтижелер көрсетіліп, халықтың әл-ауқаты ,әлеуметтік –экономикалық жағдай жыл өткен сайын жақсарып келеді. Әсіресе, ертеңгі болашақ жас ұрпаққа және денсаулық саласына жасалынып жатқан қолдау мен көмек ерекше. Зейнеткерлердің зейнетақысы , ұстаздар қауымының жалақысы өсіп жатыр. Ендігі жерде студенттер стипендиясының көлемі артпақ. Ал Елбасының « Жүз мектеп, жүз ауружана» бағдарламасы жүзеге асырылып, жаңа мектеп пен ауруханалар салынып, алды пайдалануға берілуде . Осындай игі бастамалар , тың қадамдар Елбасының биылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында айрықша айтылып отыр.

 

Елбасымыздың биылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа арналған Жолдауында « Біз тәуелсіздігіміздің 20 жылдығының қарсаңында тұрмыз. Осы датаға орай бүкіл Қазақстанда кең ауқымды жұмыс өрістеуі керек» -деп атап көрсеткендей аққарылып жатқан игі шаралардың барлығы халықтың көңілінен шығып жатқандығы ел үшін атқарылып жатқан еңбектердің жемісі .

 

   Елбасы Н. Назарбаевтың қиын кезеңде ел азаматтарының бірін-бірі қолдауы керектігіне тоқталып, бірлікке ,ынтымаққа үндеуі тәуелсіздігімізді сақтаудың , оны жетілдірудің жолы екені ақиқат .Ел егемендігінің алғашқы жылдарында бұрынғы одақтық байланыстар үзілген кезде жұртшылық еңсесін басқан қиыншылыққа кезік ті .Бірақ бұған мойымаған бұрынғы бейқам  халқымыз нарықтық  қатынастардың  сындарлы  жолына  қадам  басты.Үкіметтің  дағдарысқа  қарсы шараларды  дер  кезінде  жүзеге  асырып  жатқандығына  өзіміз  куәміз.Халықтың  еңсесін  түсірмеу, әл-ауқатын  кемітпеу,  жұмызсыздықты  болдырмау  тұрғысында біздің «Шиелі  ауданында нақты  істер күнбе-күн  атқарылып  келеді. Аудан  халқының белсенді тобының басын құрайтын мектептерде дағдарысқа қарсы жігерлі шаралар, алдағы кезеңнің талаптарын қамтамасыз ететін жұмыстар жалғастырылып келеді. Тіршілік бар жерде талап та өсе түседі Олардың шешімін табу жолында аянбай еңбек ету баршамыздың парызымыз.

 

Әрбір елдегі , әрбір мемлекеттегі әр халықтың басынан өткерген маңызды оқиғалар ,тарихтар қойнауына уақыт өте келе тапсырылатыны баршамызға аян. Елбасымыз Н Назарбаевтың да Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы тарихтар тоғысынан айшықты бедері арқылы өз еншісін алатыны сөзсіз. Жолдауда еліміздің экономикасының, әлеуметтік саолаларының дамуының басым бағыттыры бойынша нақты бағдарламалар жасалады. Халқымыз әр Жолдаудан жағымды жаңалықтар күтуді әдетке айналдырып алды. Жоғарғы маңызға ие биылғы Жолдауда халықтың көңілінен шыққандығына баспасөз беттеріндегі жаппай талқылаулар мен қолдаулар легі дәлел бола алады. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» сәт ті жіберіп алмайық.

     

 

                             

Тақырыбы: Ата заң-мемлекетіміздің берік тұғыры

 

Білімдік мақсаты: Ата заң –Конституцияның шығу тарихы мен оның

                                  маңызы мен әділдігі,  қоғамдағы әр адамның құқығы

                                  жайлы әңгімелеу

Тәрбиелік мақсаты: Қоғамдағы барлық азаматтардың мүддесін, құқығын            қорғайтын әділ ата заңымызды оқып-үйрену

 мен құрметтеуге шақыру.

Дамытушылық мақсаты: Заң тармақатрын оқып үйреніп, жан-жақты білімдерін дамыту.

Түрі:

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: ҚР –ның негізгі заң актілері

Пәнаралық байланыс: Тарих, құқықтану

Барысы: Сабақты ұйымдастыру

 

   Биыл қабылданғанына он төрт жыл толған жаңа мазмұндағы Ата заңымыз көпұлтты еліміздің әлеуметтік-экономикалық ,саяси, мәдени, рухани бейнесін айшықтай түсіп, Қазақстан әлем таныған мемлекетке айналды.

          Жас мемлекетіміздің жаңа бейнесін жасауға қызмет ететін Конституциямыз барша қазақстандықтар үшін білім алуға ,еңбек етуге , салауатты өмір кешуге жол ашты, демократиялық , зайырлы қоғамның ұтымды үрдістері өмірімізге дендеп енді. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп,дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Ең бастысы, біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді. Ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан , теңдігін бекіткен, тату-тәтті тұрмысының негізі-ол еліміздің Ата Заңы-Конституциямыз.

        Бүгінгі қуатты да іргелі мемлекетке айналған еліміздегі барлық жетістіктерге Конституцияның арқасында қол жеткіздік

1995 ж 30 тамызда қабылданған Ата Заңымыз еліміздің игілігіне қалтқысыз еңбек етіп келеді.Бүгінде қоғамның барлық  түрмыс-тіршілігі заңмен ғана реттеліп, заң арқылы ғана шешіледі. Қоғамымыздың ең қымбат құндылығы –адам және оның өмірі делінген Ата Заңымызда. Ал азаматтарымызға қатысты орын алған заңсыздықтарды қалпына келтіру құқық қорғау органдарының оның ішінде прокуатураның басты міндеті.

Конституция мемлекеттің басты саяси –құқықтық құжаты және нормативтік-құқықтық ережелерінің өзара байланысып біріктірілген жиынтығы болып саналады . Бұл құжат сонымен бірге ең жоғарғы заң күшіне ие болу сипатымен де ерекшеленеді. Кез келген мемлекеттің өткен және қазіргі заманғы қоғамдық қатынасын саяси жүйесі мен режимін анықтап , оған баға беру үшін алдымен сол елдің басты құжаты –ел Конституциясы негізге алынады. Күшті мемлекеттің қалыптасуы мен орнығуын және оның одан кейінгі дамуының басым бағытын ұстанар жолын да ел Конституциясы айқындайды.

          Бүгінде біздің еліміз 1995 ж қабылданған Конституция бойынша өмір сүреді. Ол қабылданғаннан кейін Қазақстан өзінің одан әрі даму жолын түпкілікті таңдап алды. Сол бойынша үкімет Қазақстанды демократиялық зайырлы ,құқықтық және әлеуметтік мемлекетке айналдыруды өзіне басты міндет етіп алды.ал азаматтар Конституцияны және еліміздің заңдарын бұлжытпай орындауға жауапкершілікті өз мойындарына алды. Осындай өзара  міндеткерлік  Қоғам  мен  мемлекеттің  одан  әрі  нәтижелі  дамуына  тиянақты  негіз  қалыптастырады  және  біздің  болашаққа  сеніммен  қарауымызға  мүмкіндік  береді.

 

1995жылы  30тамызда  өткен  референдумға  қатысқан  Қазақстан  азаматтарының  89,14 пайызы  жақтап  дауыс  берген,халық  қабылдаған  Конститутцияны,оның  авторы  осы  халық  силаған  Президент-Мемлекет  Басшысы  болса  да,  енді  кері  қайтарылып  алына  алмайды.  Қазақстан Республикасының  Конститутциясына  Республика  Президентінің  өз  бастамасымен,Парламенттің  немесе   Үкіменттің   ұсынысымен  қабылданған  шешімі  бойынша  өткізілетін  референдум  өзгертулер мен толықтырулар енгізуі мүмкін.

     Ата заңның рухы    әрқашан да асқақ болады .Қазақстан қоғамының ұзақ жылдарға арналған өркенді дамуының бағытын нық айқындап берген Конституцияға біздің де айтар алғысымыз мол. Ата Заңымыз-Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі.

 

 

 

 

 

             Зиянды әдеттер және олардың алдын алу

 

Біздің  қоғамда  темекі  шегу  өлімнің  бірден-бір  жолы. Шылым  шегушілер  шекпейтіндеріне  қарағанда  жүрек  ауруларына  жиі  шалдығады. Жыл  сайын  темекі  шегуге  байланысты,  туындаған  жүрек  ауруынан  170  000

адам   көз  жұмады. Өкпе,  кеңірдек,  қуық  қатерлі  ісігі,  темекі  шегушілер  арасында  жоғары  көрсеткіште.Қатерлі  ісіктен өлгендердің  30пайызы 

( жыл  сайын  130  000)темекі  шегуге  байланысты.Эмфизема,  созылмалы  бронхит  сияқты  өкпенің  созылмалы  ауруы   темекі  шегушілер  арасында  темекі  шекпкйтіндерге  қарағанда  10есе  көп,

          Әйелдер  жүкті  кезінде  темекі  шексе,  ауыр  халге  душар  болады.

Ойластырылмай  жасаған  аборт,  сәбиді  айы-күні    жетпей  жатып    туылған  сәби   салмағының  төмендігі    көбінесе   темекі    шекпейтіндерге 

қарағанда   темекі  шегетін әйелдерде  жиірек  кездеседі.  Сигарет   шегу 

барысында  құрамында  4 000-дай  әр  түрлі  химиялық  заттар бар  түтін 

ішке  енеді, оның  кейбіреуі  канцерагенді  болады. Темекі  құрамындағы 

басқа  да,  токсиндер  мен  қоздырғыштар  көзді,  мұрынды  және  тамақты

тітіркендіреді. Темекінің  басқа  компоненті-моксиді  карбон  қандағы 

гемоглабинмен  қосылып,  карбоксигемоглобинмен  түзеді. Бұл  зат ағзаның

көмірсутегін  алуынажәне оны қолдануына кедергі  тудырады.

         Темекі  шегудің  жақын  арада  тигізетін  кері  әсері-

 -қан тамырлары  мен бастағы  ми  тамырларының  қысыоып  қалуы

 -қан  қысымының  жоғарылауы

-жүрек  соғуының  жиілігі

-темекі  түтінімен  мұрын-тамыр  қуысының  тітіркенуі

-қанға  улы  заттаң  қосылуы

-өкпеде   темекі  қойырпағының  шөгуі

-ауаның  улануы

Темекі  шегудің  ұзақ  уақыт  өткеннен  кейін  тигізетін  кері  әсері

-инфекция  кіретін  қақпаға  айналған  тістердің,   еріннің,  тілдің,  таңдай дың,  тамақ-кеңірдек  тканьдерінің  бұзылуы

-дәм  татудың  йіс  сезудің  жоғалуы

-бетке  әжімнің  ерте  түсуі  және  оның  қалыңдауы

-тіс  түсінің  өзгеруі  ауыздан   сасық  йіс  шығуы

-ағзаның  қарсыласу  күшінің  төмендеуі

-темекі  шегетіндердің  созылмалы  бронхиті

-өкпе  эмфиземасы

-жүрек-қан  тамыр  жүйесінің  өзгеруі

-асқазан-ішек  трактының  ауруы

-ерін,ауыз, қуысы,  өкпе,  асқазан,кеңірдек,тамақ,  қуық  қатерлі   ісігі

-рейно(гангрена)ауруы        

 

 

 

 

 

                        Алкоголь  дегеніміз  не?

 

Алкоголь  дегеніміз-бұл  қосындыларды  ашытудан  алынатын  есірткі. Ол  шарапта,  сырада, болатын  масаңдататын  элементтен  тұрады. Әр  түрлі

сусындар  үшін  түрлі    мөлшердегі  стакан   пайдаланатындықтан, 

1бокал  шараптағы  немесе  1кружка  сырадағы    алкогольдің  мөлшері

1стакан  арақтағы немесе 1 стакан коньяктағы алкогольмен тең. -12,5 куб см

       Алкоголь-күллі әлемге таралған  ертеден келе жатқан есірткі.

Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі смяқты.

         Алкогоь әдетте қанға араласады, одан әрі миға шабады. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Ол уды тазартқанда адам бауырына зор күш түседі. 1 стакан спиртті тазартқанға шамамен жарым сағат уақыт кетеді. Алкоголь адам өмірінде туындаған проблеманы уақытша ғана шешеді. Адам қаншалықты көп ішсе, соншалықты болып жатқанды бағалауы және өз әрекетән бақылауы төмен болады.   Адам сақтықты ұмытып және «күшейе бастайды»

Спиртті ішімдік адамның бақытсыздыққа ұшырау мүмкіндігін жоғарылатып мас болуға әкеліп соқтырады. Алкоголь адамның қабылдауымен айналасына әсеріне кедергі келтіреді. Осындай себептермен адам мас күйінде көлік жүргізуі төтенше қауіпті.

          Адам спирттік ішімдікті шамадан тыс ішкен кезде гастрит , жүрек аурулары, витамин жетіспеушілік және бауыр циррозы күрт асқынуы мүмкін . Алкоголь сонымен қатар ми клеткаларын , ойлау қабілетін бұзады. Алкоголь белгісіздікке ұрындырады . Жас ағзанаң өсіп, жетіліп келе жатқан кезеңінде алкогольді ішумен байланысты қауіпке ұрынуға бейім тұрады. Алкоголь жеке тұлғаны жойып қана қоймайды. Сонымен қатар оның айналасындағы адамдарға-отбасына, достарына әсер етеді.   Алклголь салынып ішуге ұрындырады. Спирттік ішімдікке тәуелді болудың физикалық және психологиялық жақтары бар . Алкоголизм – бұл алкогольді ішімдіктерді үнемі қолданумен, оны көтере алмаудың біртіндеп көтерілумен , ал егер алкоголь ішімдіктерін ішуді бірден тоқтатқанда адам ағзасы қызметінің бұзылуы мен аурудың біртіндеп тереңдеуімен сипатталатын ауру.  

Тақырыбы: Қос тойы қатар келген Қызылорда

 

Білімдік мақсаты: Қызылорда облысының 70 жыл мен Кызылорда

                             қаласының 190 жылдық мерейтойын атап өту ,

                             мерекелеу кезіндегі қол жеткен жетістіктер мен

                             тарихы жайлы әңгімелеу.

Тәрбиелік мақсаты: Туған жеріміз ,қаламызға деген құрмет пен

                               сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Дамытушылық мақсаты: Туған халыққа қызмет етіп, гүлденуіне

                       тұрмыс пен әл-ауқатының артуына өз үлесін қосу

                              үшін еңбек ету мақсатын қоя білуге шақыру.

Түрі: әдеби монтаж

Әдісі : Өлең, тақпақ , ойындар

Көрнекілігі: Сыр бойының тарихи тұлғалары суреттері мен   

қалаларының көрнекті жерлері  

Пәнаралық байланыс: Тарих, Әдебиет, Өнер

Барысы: Сабақты ұйымдастыру

 

          Қазақ елінің алғашқы астанасы , «ғарыш қақпасы»  «сүлейлер ордасы» «достық пен бауырластық мекені болған аймағымызда қатар келген қос мереке салтанатпен тойланды.

         « Біз бұл тойды ел игілігін арттыруға ,аймағымыздың экономикасын, өнері мен мәдениетін , білім мен азаматтардың денсаулығын одан әрі дамытуға, Отаншылдық пен елжандылық сезімдерін арттыруға бағыттай отырып мерекелеуді мақсат тұттық»-деп атап көрсетті облыс әкімі Б. Қуандықов

      Қазақ халқы тарихындағы Қызылорданың өзіндік орнын атап өткен ол мұнда ежелгі, орта ғасырлардағы , патшалық Ресей,Кеңес заманы мен Қазақстанның қазіргі тәуелсіздік дәуіріндегі қаһармандық беттері жазылғанына тоқталды.

         Бүгінгі күні облысымызды көркейіп –гүлденген , экономикасы дамыған, халқының әлеуметтік жағдайы жақсарған , болашағы зор аймақ –деп зор сеніммен айта аламыз. Бұл жетістіктерге ел егемендігі мен Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында қол жеткіздік –деп атап көрсетеді облыс басшысы.

        Енді бір жылдан соң Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететініміз қазақстан қоғамының саяси-демократиялық жетілуінің жарқын көрінісі.

 

 Жырым  сенсің,Қызылорда

Нәр алып  Сыр-ананың  ақ  сүтінен,

Тапқанмын  жүрегіме  жақсы  бір ем.

Жанымның  Сыр  деп  аққан  арнасымен,

Сұлу  жыр  сылаң  қағып  ақшы  кілең.

Көтеріл  кеудемнен  күй,ән  есіле,

Қылығын  Сыр-сұлудың  сал есіме.

Сырдағы серпілістің сырын айтып,

Жарасаң  болар еді  кәдесіне.

Кең әлем-Сыр  жұртының  жан жүрегі,

Күз  келсе  күріштікке  жан  кіреді.

Даласы дүбірлеген  күйге  толы,

Сыр  елі-жырдың  елі,  әннің  елі.

 

Қала бұл  тоғыз  жолдың  торабында.

  Өмірге  келмесем де  өзім онда,

  Ұғамыз,  біліп  өстік  сезім барда.

 Тарихы  толғандырып  талайларды,

Ізгі  істің басы  болған  Қызылорда.

Көтеріп Қожанов,  сәдуақасов  бастаманы,

Қуаттап  Мыңбаев,  Аралбаев,  басқалары,

Шет  қала  орысы  көп  Орынбордан,

Ап  келген  Ақмешітке  астананы.

Ақмешіт аталды енді-Қызылорда,

Бұл  қала  бұрғандайын  жүзің  оңға.

Құтылып  «киргиз»  деген  жалған  аттан,

«Қазақ»  боп  шыға  келдік  бағымызға.

 

Ертеңіне  елім  менің    сенімді

Ел  қылып  Республика  енші  беріп,

Жетпіс  жыл  шығарғалы  бізді  бөліп.

Ұлы  жолдың  бойында  Сырдың   елі,

Келеміз  еркіндікке  өсіп-өніп.

Қазекең  қазыналы  жерін  берді,

Айдынды  аққу   жүзген  көлін  берді.

Еліммен  бірге  жасап  Қызылорда,

Еркіндік  ертеңіме  сенім  берді.

 

 

 

 

Тақырыбы: Ұлт тілімен қасиетті

 

Білімдік мақсаты: Халқымыздың ана тілі  қазақ тілінің жағдайы мен сол

                                 ді жасаушы ,сол тілде небір асыл мұралар қалдырған

                                 шешендердің нақыл сөздерін талдап , түсіну

Тәрбелік мақсаты: Тіл қасиеттілігін танып, таза сөйлеп, тілді дамытуға

                                 өз үлесімізді қосуға . ата-бабалар жалғастығы тілді

                                 қадірлеуге шақыру

Дамытушылық мақсаты: Тіліміздің мол сөз байлын оқып-танып, меңгеру,

                                  шешен де шебер сөйлей білу мен сөздік қорын дамыту.

Түрі: Дебат сабақ

Әдісі: Пікірсайыс

Көрнекілігі: Нақыл сөздер

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих

Барысы: Сабақты ұйымдастыру

 

   Қай ұлттың, халықты алсақ та бәрінің өзіне лайық тілі болады. Халық өз тілін ең ардақты нәрсе деп санайды. Ана тілін сүйімеген адам өз елін де сүйіп жарытпайды ,-дейді қырғыз ақыны Сарноғаев

    Тілді жасаушы халықтың өзі. Тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ.Тіл-халықтың ұлттың кескін-келбеті.

     Қазақ тілі- дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі.

Қазақ тілінің байлығы-қазақ халқының ,қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек.

    Қазақ тілі- бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл.

Поэзияда Абай Ілияс сияқты ,прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.

   Халық тілінің мол байлығын жазба әдебиетінде бірінші рет мазмұнын байыта отырып, молынан пайдаланған адам-Абай Құнанбаев .Абай қазақ тілін мәдениеттің биік сатысына шығарып кеткен.

     Қазақтың әдеби тілі жасалуы жағынан да, қалыптасуы жағынан да тарихи көп кезеңді басынан өткізді. Қазақ әдеби тілі- бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасы. Әдеби тілді жасауға бүкіл қазақ халқы, оның алдыңғы қатарлы мәдени қайратерлері ат салысып келеді. Өйтені әдеби тіл-күллі қазақты біріктіреді, ұйымдастырушы, іске ,еңбекке, ерлікке жұмылдырушы әрі ілгері бастаушы ең өткір, ең жанды құралдың бірі. әдеби тіл қазақ мәдениетінің өсіп-жетілуіне, өркендеуіне жетекші болып келеді. Әдеби тіл дегеніміз-көркем әдебтеттің тілі ғана емес, ол- ғылымның барлық саласын қамтитын  халыққа өнер-білім беретін тәлім-тәрбие үйрететін баспасөздің тілі.

   Ана тілін ардақтап, мәпелеп,тәрбиелеп өсіру-ананың баланы мәпелеп ,тәрбиелеп өсіруі сияқты; ана тіліне ұқыпсыз, көңілсіз

қалай болса солай қараушылық-барып тұрған мәдениетсіздіктің белгісі.

      Ең алдымен билік орындары мемлекет тілінде сөйлемей тұрып ,күллі мемлекет өз тілінде сөйлемейді. Оның деңгейі қанша бастықтың, қанша шенеуніктің қазақша білмейтіндігімен анықталады. Өкіметтің өзі сөйлемейтін , өзі іс жүргізбейтін тілде қоғамдық ұйымдар мен комерциялық құрылымдардың сөйлей қоюы екіталай.Орыс отаршылдарының ықпалымен заманында екінші, үшінші дәрежелі тілге айналып қалған уақытта қазақ аспанына Ыбырай, Абай, сынды жұлдыздар шықты.

1905 ж 26 маусымда қазақ зиялылары бас қосып, Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасына  құзырхат жазады. Онда: «Қазақ даласына ағарту ісін дұрыс жолға қою үшін ,ауыл мектептерінде мемлекеттік тілмен бірге ана тілінде сабақ жүргізілсін. Қазақ тілінде газет шығару  керек» деген.

    Қазан төңкерісінен кейін ғана есін жиған халық ұрпағының қамын ойлап, қазақ мектептерін аша бастады. Алайда бұл істі істеген зиялылар қуғынға ұшырады. Қазақ мектептері жабылып, орыстандыру саясаты батыл жүргізілді.

      Кеңес Одағы ыдырап, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, оның дүниеге келтірген алғашқы заңдарының бірі- ана тілімізге өріс беру заңы болды. «Қазақ тілі» қоғамы құрылып, жер-жерде қазақ мектептері ашыла бастады. Ата заңға қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде енгізілді. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында республикамыздың түкпір-түкпірінде әр түрлі шаралар іске асырылуда. 22-қыркүйек Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың «Тілдер мерекесі» болып жарияланды.

     Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қоғамның барлық салаларында өз дәрежесінде дамып келеді.

 

 

 

 

Тақырыбы: Қылмыс қайдан шығады?

Білімдік мақсаты: Қазіргі кезде етек алып отырған қылмысты істер мен олардың жасалу себептері жайында, ондай теріс іс-әрекеттеррден бойды алыс ұстау үшін қандай адам бойында қандай қасиеттер болу керегі жайында әңгімелесу

Тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын ,халқын ,отбасын сүйетін, адамгершілігі мол, білімді азамат етіп өсуге тәрбиелу

Дамытушылық мақсаты: Қылмыстың шығу жолдарын,ол үшін үкімет тарапынан жазалану тәсілдерін меңгеру

Түрі: Пікірсайыс

Әдісі: Сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Мақал-мәтел, қанатты сөздер

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, құқық,

Барысы:Ұйымдастыру кезеңі

Қазіргі заманда теледидардан неше түрлі қылмыстық істерді естіп, көріп, біліп отырамыз. Әсіресе, ең көп кездесетіні-ұрлық-қарлық.

Ол бара-бара адам өлтіу ісіне дейін апарады. Осындай қоғамдағы тәртіптілікті бақылап, реттеп отыратын белгілі заң қағидалары бар. Әрбір адам сол тәртіп қағидаларын ұстанып, басшылыққа алып, тәртіпті , мәдениетті, салиқалы өмір сүруге құқылы. Қоғамдағы келеңсіз оқиғаларды , іс-әрекеттерді қадағалайтын орындар прокуратура мен сот органдары. Адам өмірге келген соң қоғамға,халыққа адал қызмет етіп, оқып, білім алып, сол алған мамандығымен қызмет етіп, қайтсем халқымның жағдайын бұдан да жақсартамын деген мақсат қоя білсе, сол мақсатына жету үшін еңбек етсе- адамзат алдындағы негізгі сара жолы осы мазмұнға бағытталса ешқашан теріс жолға түспес еді. Бірақ барлық уақытта адам арманы орындала бермейді

.Қоғамдағы теріс мінез-құлық , іс-әрекеттердің шығу себептері неден деп ойлайсыңдар?

Жаман мінез-құлықтарға нелерді жатқызамыз?

Ондай теріс мінездерді болдырмау жолдары қандай деп ойлайсыңдар?

Ата-бабалар өсиетінде, бабалар сөздерінде тәртіп, жаман қылықтар жайында қалай айтылған?

1-оқушы                        Ұятсыз-арсыз, еріншек,

Көрсеқызар ,жалмауыз

                                       Сорлы қазақ сол үшін

                                  Алты бақан алауыз,-дейді Абай Құнанбаев

2-оқушы                    Тәрбиелі-тәртіптің құлы

                                    Тәртіпті –елдің ұлы.

 

Тәртіпсіз ел болмайды

Тәртіпке бағынған құл болмайды – деген Б.Момышұлының атақты сөзі баршаға ортақ тәртіпке үлкен мән береді

3-оқушы

Тәртіп-адамдардың қоғамдағы келісімді іс-қимылын реттейтін тетік, соны іске қосу ережелерінің сөзсіз орындалуы мен барысын қадағалайтын қоғамдық құрал

4-оқушы

Қандай қоғм болса да, тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады.Отбасын, қоғамды,мемлекетті, олардың құраушы бөлшектерін тұтастыру арқылы ұстап тұратын нәрсе-тәртіп, егер тәртіп болмаса, олар ыдырап ке теді, бүтіндік, тұтастығынан айрылады.

5-оқушы

Тәртіп-өзін-өзі қадағалаудың ,өзін-өзі басқарудың көрінісі мен құралы. Бұл өз иланымыңмен, өз түсінігіңмен, өз ақылыңмен , саналы түрде істелмесе, сырттан таңылған, күштеу, зорлау, ретінде қабылданса, жағымсыз ауыртпалыққа немесе мәні жоқ құр бос сөзге айналады, еш нәтиже бермейді.

6-оқушы

Жақсы тәртіп әдетке айналса-ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса-қырсық –дейді Ғ.Мұстафин тәртіп туралы

Жеңілтек мінез-қылық, ойсыздық, сөзі мен ісінің татымсыздығы, жалған сөйлеу, менмендік, көреалмаушылық,мақтаншақтық, күншілдік, ішімдікке құмарлық –осының барлығы тәртіптің жоқтығынан, өзін-өзі қадағалаудың жоқтығынан, өз өміріне , ісіне салғырт қарағандығынан туындайды

Сондықтан әрбір бала өзінің болашағын жоспарлап, алдына мақсат ққойып, сол мақсатқа жету үшін еңбектену керек. Өз мемлекетіңе, халқыңа ,өз ата-анаңа пайда келтіретін іс етіп, адал қызмет етуді негізгі мақсат етіп қоя білу керек. Сол жолда кездескен небір қиындықтарды жеңе біліп, кздескен теріс қылықтардан бойыңды аулақ салып, өзіңнің әрбір ісіңе жауапкершілікпен қарап, тек имандылық ,адал жолмен жүру керек. Қорытынды:

Тәртіп көрген адам бала күнінде Өнерімен қуандырар түбінде.

Тақырыбы: Туған жерім-атамекенім

 

Білімдік мақсаты: Туған жері, атамекені ,туған елі, халқы деген ұғымдарды түсініп, сезіне білу , адал қызмет ету сияқты пікірлерін,көзқарастарын одан әрі нығайту

Тәрбиелік мақсаты: Өз туған еліне, жеріне халқына деген сүйіспеншілік, патриотизмге тәрбиелеу

Дамытушылық мақсаты. Шығармашылық қабілеттерін, өз пікірлерін анық, шебер айтып жеткізе білу қасиеттерін дамыту

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Өлең ,әңгіме құрау

Көрнекілігі: Суреттер, жыр, тақпақ

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, ән , тарих

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі  

    1-оқушы

Туған жер, атамекен туралы өлең-жырлар

Әкеміз, ағамыз құрған халықтың,

Аты-даңқы өшпесін деп,

Түркі халқы үшін

Түнде ұйықтамадым

Күндіз отырмадым

Қызыл қанымды төктім

Қара терімді ағыздым

Күш-қуатымды аямадым-деп біздің ата-бабамыздан бері келе жатқан ұлы дәстур-ол жерімізді , кіндік қан тамған Отанды, туған жерді жауға бермей қорғау,

2-оқушы

Қай адам болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбат ,ең қасиетті адам ең аяулысы-Анасына теңейді

3-оқушы

Отан-белгілі бір аумақта өзінің тарихи іс-қимылын жүзеге асырып жатқан бүкіл халық. Ол-халықтың өткені, бүгіні, келешегі. Ол- оның өзіндік мәдениеті, оның тілі, оның мінез-құлқы, Ол-сол халық жасайтын революциялардың ,тарихи секірістердің ,оның тарихи желілерінің тізбегі»-дейді данышпан жазушы Л.Н. Ломоносов

 

 

4-оқушы

Отан-белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалу үшін жанын пида қылып күресіп келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған топырағы, ,шаңырағы, ата-ана,  бала-шағасы, дос-жараны, жар-қосағы, ағайын-туысы, солармен бірге көретін қызығы мен бақытының тұрағы.

5-оқушы

Батырлар жырында жырланғандай  Атам күйеу болған жер

                                                             Анам келін болған жер

                                                             Кіндік қаным тамған жер-

деген жолдарда туған жерге деген шексіз махаббат баяндалады.

 6-оқушы Неміс ақыны Шиллер:

«Адамның толық бақытты болуы үшін аяулы Отаны болуы керек»

дейді

7-оқушы Отан үшін отқа түс-күймейсің    Б.Момышұлының сөзінде терң мағына жатыр. Қазақта өз елін, жерін жаудан қорғаған батыр ұл-қыздары көп , олар ата-бабаларының ерлік дәстүрін сақтап, туған елі үшін жандарын сарп етіп, өшпес даңқын шығарған

Қаратаудың басынан көш келеді

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді

Қарындастан айрылған жаман екен

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді-    Ән «Елім-ай»

8-оқушы

Халқымыздың қанына сіңген отаншылдық ,ерлік, намысшылдық дәстүрі кешегі сұрапыл соғыста ерекше көзге түсті емес пе?!

Отаншылдықтың түп тамыры біздің түп ата-бабаларымыз болатын сақ, ғұн, көк түріктердің тұлпар мініп, бөрілі байрақ көтеріп, жаумен шайқасып жерін сақтап қалған ерлігінде, қаһармандық рухында жатыр

9-оқушы Қазыбек бидің атақты сөзі.

Біз қазақ деген-мал баққан елміз, бірақ ешкімге срқтықпай ,жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпсын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басынан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай юілген елміз.

Қорытынды «Туған жер-алтын бесігім» тақырыбы бойынша ойтолғау жазып келу

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока на тему "Тұрақты тіркестер " (5 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

           Негізгі идея: Тұрақты тіркестер- сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркестер. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге, басқа сөзбен ауыстыруға келмейді. Тұрақты тіркес сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.

         Тапсырмалар: Топтық жұмыстар «Баламасын тап», «Кім көп біледі?», «Ажыратып жаза ғой», жеке жұмыс «Кері байланыс»

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 997 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2015 370
    • DOCX 101.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шауенова Ляззат Жумадиллакызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шауенова Ляззат Жумадиллакызы
    Шауенова Ляззат Жумадиллакызы
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 51613
    • Всего материалов: 32

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе