Главная / Классному руководителю / разработка мероприятии " Менің тұңғыш президентім Н.Ә. Назарбаев"

разработка мероприятии " Менің тұңғыш президентім Н.Ә. Назарбаев"

hello_html_m1dbceee9.gif

«Опытное поле орта мектебі» КММ







D:\эльвира\эльвира сабак\Фото\Фото0288.jpg





Бастауыш сынып мұғалімі: Серикбекова Э.А.











Менің тұңғыш Президентім.

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім. 
Мақсаты: 1. Оқушыларға қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолымен, туып-өскен ,оқып білім алған қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. 
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке ,патриоттық сезімге тәрбиелеу. 
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу. 
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар , нақыл сөздер. 

Барысы: 
I.Ұйымдастыру бөлімі. 
Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру. 
II. Менің тұңғыш Президентім. 
Ой қозғау.1. Балалар біз қай елде тұрамыз? 2. Елбасымыз кім? 
3.Еліміздің астанасы қай қала? 
-Балалар, енді қолымызды ұстап алақан жылуы арқылы 3 топ бір-бірімізге жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық. 
Еліме тыныштық тілеймін! Күніміз ашық болсын! 
Аспанымыз ашық болсын! Нанымыз көп болсын! 
Лебіздерің қабыл болсын ,балалар! 
Біздің Президентіміз –Н.Ә.Назарбаев . Мемлекет басқару ісі –машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел-ең бай мемлекет,халқы ең бақытты халық. 
Міне, балалар 1 –желтоқсан Президент күні. Осы Президент күніне арнап «Менің тұңғыш Президентім» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. 
III. Слайдпен жұмыс. Сұрақ-жауап. 
IY. Енді балалар Қазақстан, елбасы, ту,елтаңба ,Отан туралы білетін өлеңдерімізді,мақал-мәтелдерімізді ортаға салайық. 
1Аружан. Қазақстан дейтін менің бар елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін! 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп ,уанған, 
Бұл даланы көріп алғаш қуанған 
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! 






2 Али. Өзіңдікі –елің де Өзіңдікі –жерің де 
Өзіңді –өзің еткен бақ Тәуелсіздік –төрінде. 
3.Т.Аружан. Асқар тауда –сенікі Бақша-бауда сенікі. 
Қалтқысыз дос пенен Қатал жауда сенікі. 
4.Жанерке. Өзіңдікі –туың да, От пен ауа –суың да. 
Жаса,Қазақстан! Белді бекем буын да. 
5.Айзат. Тәуелсіздік жолында! Талай, талай тер тамған 
Билігіміз қолында- Еркіндігім -Елтаңбам. 
6. Арайлым. Құт,береке,шаңырақ, Орын алған ол төрден 
Қанатты қос арғымақ Екі жақты көмкерген 
7. Қ.Аружан. Айнымайды аспаннан Біздің тудың бояуы 
Оны халық қашанда Биікке іліп қояды. 
8.Т.Аружан. Көк байрақтың бетінде Қыран бүркіт қанатты 
Сол қырандай еркіндеп, Бала өседі талапты. 
9.Диас. Көк байрақ желбіре Асқақтап аспанда. 
Жас ұлан –ел бірге Сап түзе –жасқанба. 
10.Зере. Туға мойын бұрамыз, Елтаңба деп тұрамыз. 
Әнұран боп асқақтап тұр, Біздің елдің рәмізі. 
11.Адиля. Әнұраным,әнұраным, Айтар әнім ,сөйлер сөзім. 
Туған –жерім сағынарым, Мәңгі –бақи шырқалады. 
12.Інжу. Отанымның төрінде, Сарыарқаның өрінде. 
Ту ұстаған Астанам, Әсем қалам,бас қалам. 
Ән: Отан. 
13.Маржан. Тұратұғын болашақтың үні кеп, 
Тартылар күй айтылатын жыры көп. 
Ерекше бір еркіндік ,бауырла 
Басшымыздың бүгін күні деп. 
14.Рауан. Әнге толсын барлық қала ауыл бар, 
Қағылсын бір барабандар,дабылдар. 
Елбасының күнін ардақтау, 
Бәріміздің борышымыз бауырлар. 
15.Дарын. Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп. 
«Елім,жерім»деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады –ау кісілік! 
16.Мадина. Ауыр күнді артымызға тастауы, 
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. 
Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы. 
17.Е.Аружан. Елбасымыз саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші,ағайындар –бәріміз. 
«Ұлтым,елім»деп қайғырған ұлы жан, 
Сіз біздердің піріміз де,әніміз. 

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. 
Президентім,елбасы , аман болғай, 
Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым! 
Ән: Жас дәуірдің түлегіміз. 
Отан дейміз от жаққан жерімізді, 
Отан дейміз өсірген елімізді. 
Отан дейміз туған жер атамекен, 
Биік-тау, орман –тоғай көлімізді. 
Ұланымын елімнің, Боламын жігіт зор әлі. 
Қазақстан жалауын, Көтеремін жоғары. 
Т.Аружан. Желбірейді шалықтап, Қазақстан жалауы. 
Көкке қыран қалықтап, Қанат қағып барады. 
Ән тыңдау. Көк тудың желбірегені 
Ерасыл. Қазір елім –достықтың гүлстаны, 
Қуаныштың ,бақыттың ырыс-бағы. 
Мейрамдарын елімнің бірге тойлап, 
Мұнда сан ұлт қосылып туыстаған. 
Y.Бекіту. Сұрақ-жауап. 
1-желтоқсан қандай күн? 
2.Елбасымыз кім? 
Бәрі: Елбасы Нұрсұлтан, Қазақтың бір тума ұлысың. 
Бақытқа бастап халқыңды, Сыпайы сақтап салтыңды. 
Қазақтың ұлы Нұрсұлтан, Жаһанға жайдың даңқыңды.

разработка мероприятии " Менің тұңғыш президентім Н.Ә. Назарбаев"
  • Классному руководителю
Описание:

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім. 
Мақсаты: 1. Оқушыларға қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолымен, туып-өскен ,оқып білім алған қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. 


2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке ,патриоттық сезімге тәрбиелеу. 


3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу. 
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар , нақыл сөздер. 

Мақсаты: 1. Оқушыларға қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолымен, туып-өскен ,оқып білім алған қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. 


2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке ,патриоттық сезімге тәрбиелеу. 

 


3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу. 
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар , нақыл сөздер. 

 

Автор Серикбекова Эльвира Адилбековна
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 361
Номер материала 47343
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓