Главная / Иностранные языки / Разработка урока по казахскому языку на тему "Әбілхан Қастеев туындылары" (9 класс)

Разработка урока по казахскому языку на тему "Әбілхан Қастеев туындылары" (9 класс)

Название документа #U04d8.#U049a#U0430#U0441#U0442#U0435#U0435#U0432 #U0442#U0443#U044b#U043d#U0434#U044b#U043b#U0430#U0440#U044b 9-#U0441#U044b#U043d#U044b#U043f.docx


Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан

Калинов орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі:

Акентаева Алия Кайркеновна

Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев туындылары

9-сынып

Сабақтың мақсаты.

  1. Білімділік: Ә.Қастеев өмірі, туындылары туралы мағлұмат, суретші туралы білімдерін толықтыру; танымдық түрлі жұмыс түрлерін жүргізу.

  2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту, танм-білігін арттыру; сауаттылығын арттыру.

  3. Тәрбиелік: Ұлы суретшінің дарыны, адамгершілігі, отансүйгіштігі арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, олардың бойында осы қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекілігі: «Ә.Қастеев» суреті, сұрақ-жауап, интербелсенді тақта, сөзжұмбақ, суреттер

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, сурет, музыка.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сабағымызда кім жоқ? Ал, балалар, бүгінгі ашық сабағымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастайық! (Әнұран айтылады)


ІІ. Өткен сабақты «Ой қозғау стратегиясы» яғни сұрақ-жауап арқылы тексеремін.

  1. Әбілхан Қастеев деген кім?

-ҚР Халық суретшісі.

Дұрыс айтасың, М.Әуезов, Ш.Уәлиханов, С.Мұқанов сияқты қазақ тарихында оның алатын орны ерекше.

  1. Әбілхан Қастеев қай жылы дүниеге келді?

  • Ә.Қастеев 1904 ж 1 қаңтарда Талдықорған облысының (Алматы облысы) Жаркент ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген.

  1. Қай жылы Алматыға келіп білім алады?

-1929 ж Алматыға келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алады.

4. Тұңғыш көрмесі қашан өтеді?

-1942 ж Алматыда суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш көрмесі өтеді.

5. Қай жылы халық суретшісі атағын алады? 1944 ж ол қазақ халық суретшісі атанады.

6. Қай жылы қайтыс болады? Суретші 1973 ж 2 қарашада Алматыда қайтыс болады.



Ал, енді балалар, сендерге қалау райды қатыстырып 5-сөйлем құрап келу берілген еді. (2-оқушыға оқытамын)


ІІІ Жаңа сабақ

Слайд көрсету.

Балалар, бұл кім? Амангелді, Абай, мектепте, түркісіб, мұражайы, автодүкен, қазақ даласы. Сонымен оқушылар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай? «Әбілхан Қастеев туындылары».

Оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшыларын сайлап алайық.


Бірінші топ –Ұшқын Екінші топ – Жалын

Дәптерімізді ашайық, бүгінгі күнді жазайық.


1-тапсырма. «Сыңарын тап» деп аталады. Суретті қиып тастаймын. Оқушылар құрайды. (Абай, Амангелді)

Қалау райға сөйлем құрау керек. (барғым келді, айтқым келді)


2-тапсырма. «Кім жылдам?» деп аталады. Оқулықты ашып 2-тапсырманы орындаймыз. 1 топ басшысы 1 азат жолды, 2 топ басшысы 2 азат жолды оқиды. (оқып болған соң) Енді қағазда 1 бағанда туындылардың жылдары жазылады, 2 бағанға сол туындылардың аттарын толтырасыздар.


Амангелді (1970), Мектепте (1930), Түрксіб (1932), Абай (1945), Автодүкен (1963), Биік таулы мұз айдын (1954).


3-тапсырма. «Жалғасын тап» деп аталады? Мақал-мәтелдердің басы жазылады, аяқтау керек. Орысшаға аудару.

Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала- сорлы бала.

Атаңа не көрсетсең, алдыңа сол келер.

Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.


4-тапсырма. «Кім шапшаң?» 3-тапсырмадағы 10,11,12,13 суреттердегі Ә.Қастеев туындыларымен танысып, кімдер бейнеленгенін айтыңдар? Қалау райды қатыстырып сөйлем құраңдар.


5-тапсырма. «Ойлан тап». Ә.Қастеев туындыларының аттары жасырынған , соны сандардың көмегімен тауып ашыңдар.

  1. Жайлаудағы автодүкен

  2. Амангелді сарбаздары


6-тапсырма. Сөзжұмбақ.

  1. Рай түрі.

  2. Әбілхан Қастеев туындысы.

  3. Ә.Қастеев кім?

  4. Қайтыс болған жері

  5. Суретші дүниеге келген аудан.

  6. Әбілхан Қастеев туындысы

  7. Қай туындысы «Жайлаудағы ....»


7-тапсырма. Хронологиялық кесте.

жылдар

оқиғалар


1904 ж 1 қантар

Талдықорған облысының (Алматы облысы) Жаркент ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген.



1929 жылы

Алматыға келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алады.


1937 жылы

КСРО суретшілер одағына мүшелікке қабылданады.


1942 жылы

Алматыда суретшілер қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді.


1944 жылы

Қазақ Халық суретшісі атағын алады.


1973 ж 2 қарашада

Алматыда қайтыс болады.


ІҮ. Бекіту. Тест тапсырмалары арқылы

  1. ХІХ ғасырдағы реалистік кескіндеме мектебін қалыптастырған орыс суретшісі.

А) С.Герасимов

Б) А.Пластов

В) И.Савельев

Д) Н.Хлудов

2. Қалау райлы сөйлемді көрсет.

А) Менің болашақта Ә.Қастеев сияқты атақты суретші болғым келеді.

Б) Менің әкем – Суретшілер одағының мүшесі

В) Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді.

Д) 1928 жылы Семейде бейнелеу өнерінің көрмесі ұйымдастырылды.

3. Қалау райлы етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

А) –са,-се

Б) –ғы,-гі,-қы,-кі

В) –да,-де,-та,-те

Д) –қан,-кен,-ған,-ген

4. Ә.Қастеев кім?

А) дарынды ақын

Б) ҚР халық суретшісі

В) еңбек сіңірген әнші

Д) қолөнер шебері

5. Ә.Қастеевтің 1945 жылы салған суреті

А) «Бүркітпен аң аулау»

В) «Түрксіб»

Б) «Абай жайлауда»

Д) «Жамбылдың портреті»

Ү. Қорытындылау. Тақтаға кластер сызамыз.


Табиғат суреттері Абай Мектеп


Ә.Қастеев туындылары


Амангелді Таудағы мұз Жайлаудағы автодүкен


ҮІ. Бағалау.

Топ басшылары бағалайды.


ҮІІ. Үйге тапсырма.

4-тапсырма. «Түркісіб» туралы өз пікірін айту




Разработка урока по казахскому языку на тему "Әбілхан Қастеев туындылары" (9 класс)
  • Иностранные языки
Описание:

Люблю школу, люблю детей, обожаю преподавать и переживаю ни с чем несравнимые минуты радости, когда получаю отдачу! Когда дети с удовольствием приходят на урок, а после урока не хотят уходить. Хочу чтобы мои ученики торопились по утрам в школу с большим желанием, как и я в своё время бежала на уроки в свою родную школу.

Автор Акентаева Алия Кайркеновна
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров 693
Номер материала MA-064218
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы
Adventure
28.01.2016
Просмотров: 181
План
28.01.2016
Просмотров: 192