Инфоурок Другое Рабочие программыРазработка урока на тему "Ұқыпты бала - әдепті бала"

Разработка урока на тему "Ұқыпты бала - әдепті бала"

Скачать материал

Мектеп: №13 бастауыш мектеп                           

Мұғалім: Демиханова Акнур Урунбаевна

Тақырып:  Ұқыпты бала - әдепті бала

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: ұқыптылық, сыпайылық, кішіпейілділік

Сабақ мақсаты: Оқушылардың сыпайылық туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет  құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға кішіпейілділік, ұқыптылық туралы түсінік беру;

- оқушылардың айналасындағы адамдарға кішіпейілділікпен қарап, өмір суруіне ықпал ете отырып, сыпайылық қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды сыпайылыққа, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) 

слайд,өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

-         5 «Т» ережесін еске түсіру

-         Тыныштық сәті.    «Нұрға бөлену»

         Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

          Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

           Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

           Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

            Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

            Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

            Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

            Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.  

            Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

2. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

Үй тапсырмасына №18 тақырыптағы 81-84 беттегі Е. Өтетілеуовтың «Ұқыптылық» әңгімесін үйден оқу берілді.

Мәтінге қойылатын сұрақтар:

1.     Бекеттің атасы кім болып істейді?

2.     Үш дос қайда бармақшаы болып келіседі?

3.      Балалар жолға шығу үшін қалай дайындалды?

4.     Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?

5.     Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?

6.     «Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіңдер?

7.     Сендер өз уақыттарыңды қалай пайдаланасыңдар?

Ескерту

 

3. Дәйексөз.

«Ұқыптының уақыты мол»

М. Әлімбаев

       Қыз балаларға және ұл балаларға айтқызу. Дәйексөздің мағынасын ашу. Балалардың жауабын тыңдаған соң, мұғалім өзі толықтырып, қорытындылайды. Балалар  дәптерлеріне жазады.

 

4. Әңгімелеу

Оқушыларға «Әдептілік мектебі» тақырыбында видеоролик көрсетіледі. Видео соңында сұрақтар қойылады.

1.     Ұқыпты болу үшін қандай ережелерді сақтау керек?

2.     Тамақ ішер алдында не істеу керек?

3.     «Әдептілік-әдемілік» дегенді қалай түсінесіңдер?

4.     Әдепті баланың бойында қандай қасиеттер болу керек?

5.     Егер досың ұқыпсыз болса, оған қандай кеңес берер едіңдер?

 

84-бетте мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштарда берілген көп нүктенің орнына ұқыпты, ұқыпсыз сөздерін қойып оқуды тапсырамын.

 

6. Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөліп, 5 минут уақыт беріледі. Баяу музыка ойнап тұрады.

1-топ. «Ұқыпты болу ережелері» тақырыбында постер қорғау

2-топ. «Әдепсіз балаға хат» жазу

3-топ. «Ұқыптылық-істің көркі» тақырыбында төрт жол өлең шығару

 

1.     Топпен ән айту.

«Мен әдепті баламын»

Сөзі: У. Бекетов

Әні: И. Нүсіпбаев

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Қайырмасы:

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті, мен әдепті баламын!

 

Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,

Қашанда мен үлкендерге жол берем.

Абайсызда қалса біреу сүрініп,

Сол заматта сүйеніш боп қол берем.

 

Қайырмасы:

Тілін алып кішінің де кәрінің,

Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің.

Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.

 

7. Үй тапсырмасы.

1. Үй тапсырмасына №19 тақырыптағы 85-86 беттегі М. Гумеровтың «Дәме» әңгімесін үйден оқу.

2. Дәптердегі 2-тапсырма

 

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі  айтылған барлық  жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.

Сабақ аяқталды. Рахмет!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока на тему "Ұқыпты бала - әдепті бала""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Ұқыпты бала - әдепті балаСабақ мақсаты: Оқушылардың сыпайылық туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.Міндеттері:- оқушыларға кішіпейілділік, ұқыптылық туралы түсінік беру;- оқушылардың айналасындағы адамдарға кішіпейілділікпен қарап, өмір суруіне ықпал ете отырып, сыпайылық қасиеттерін дамыту; - оқушыларды сыпайылыққа, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 478 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.06.2020 289
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ларченко Ирина Валерьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ларченко Ирина Валерьевна
    Ларченко Ирина Валерьевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 70266
    • Всего материалов: 211

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 11 регионов