Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыРазработка на тему "Ас адамның арқауы" (9 класс)

Разработка на тему "Ас адамның арқауы" (9 класс)

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ас – адамның арқауы.

 Мақсаты: 1. Оқушыларды дастарқан басында сақталатын рәсімдермен, ырым – тыйымдармен таныстыру. Ұлттық тағамдарымыздың қасиетімен және ұлттық ыдыс – аяқтармен таныстыру.

2. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды, басқа да тағамдарды қастерлеуге, ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.

3. Оқушылардың мәнерлеп айту дағдыларын қалыптастыру, тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту. Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ыдыс – аяқ , ұлттық тағам суреттері, қанатты сөздер. « Тамақты тарта жесең, санаңды ашар, көп жесең, ұйқы басар». « Таспен атқанды, аспен ат ». « Дүниедегі байлықтың түрі көп, солардың ішіндегі ең негізгісі де осы нан байлығы ».

Сабақтың барысы:

Халық қуанышты да, қайғыны да дастарқан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастарқан басында шешілген. Сондықтан халық дастарқанды « Құттыхананың берекесі » деп қасиет тұтады.

  Дастарқаннан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.

 « Таспен атқанды аспен ат » деп халық бекер айтпаған. Себебі дастарқан дәмі – киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады дейді.Сонымен бірге дастарқан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той – тамашаға, ас – су беруге жайылады.Онда ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады. Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басында асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады. Ас ішу кезінде ауызды сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.  Дастарқан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.  Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылатын су жылы болу керек. Су құйдым да құманмен Қолына мен әкемнің Содан кейін оған мен Орамалды әпердім. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады. Тамақтанып болғаннан кейін дастарқан басындағы ең үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді. Тойға жайылған дастарқанға қойылатын ас тәртібі оған жиналған адамдардың достық, туыстық қатынастарына байланысты орындалады. Қазіргі тойларда дастарқан жаю – мәдениетті дәстүр. Онда астың барлық түрлері болады. Әсіресе жеміс пен көкөніс дастарқанның сәні.

Той – дастарқан, той үлгі Бай дастарқан жайылды. Атап – атап ас қойдық, Атаға деп бас қойдық. Жамбас қойдық құдаға Жал мен жая сыбаға. Қалақтай төс жездеге Қазы – қарта өзгеге.

 Балаларға – тортымыз, Барлық жұртқа құртымыз. Балмен піскен қауыршақ Балдай тәтті бауырсақ. Уыз, қаймақ тағы бар, Уылдырық табылар. Табан, сазан, майшабақ Табақ тарттық қайталап.

Қауын – қарбыз – көкөніс Қанша жидек, көп жеміс Қане, тойда тойыңдар Кәдеден соң ойын бар.

 II. Дастарқан басында сақталатын ырым – тыйымдар.

1. Ас жүрген жер – береке.

 2. Дастарқанға бірінші нанды әкеліп қояды.

3. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

4. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

 5. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

 6. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бұл жүзің сынып, көңілің жаман болсын дегенді аңғартады.

7. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.

8. Ас ішіп болған соң « тойдым » деуге болмайды, « қанағат » деу керек.

9. Дастарқаннан аттауға болмайды.

10.Ас үстінен аттама Астан үлкен емессің.

 11.Ертеңгі асты тастама Кешкі асқа қарама.

12.Өле жегенше Ағайынмен бөле же.

13.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.

14. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.

қ болу – масқара.

16.Жас балаға ұстатпайды бұғана Онда қортық өсер дейді бұл бала. Балаға бұғана ұстауға болмайды. Бойымыз өспей қалады.

III. Ас ішу тәртібі.

1.      Тарта жесең, тай қалар Қоя жесең, қой қалар, Қоймай жесең, не қалар. Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды. 2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек. 3. Тамақ ішіп отырып кітап оқуға, теледидар көруге болмайды. 4. Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті витаминдер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек. 5. Әсіресе, қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы. Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз, шұбат, құрт тағы басқалар жатады.

 

IV. Түрлі – түрлі тағамдар. 1. Алға жайып тұз – дәмін, Келтіреді үй сәнін. Ол халқымның ақ жаны, Жақсы дәстүр маржаны, Кең пейіл де арайлы Осы жерден тарайды. Бұл не? ( дастарқан ) 2. Беттескен қос табақ Ортасында бас табақ, Көз бен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша. Бұл не? ( таба нан ) 3. Өзі ащы Бірақ Дәмді етер асты. Бұл не? ( Тұз ) 4. Түсі аппақ Тысы қатты – ақ Екі түрлі уызы, Жесең тәтті – ақ. Бұл не? ( Жұмыртқа ) 5. Қос басы жұмыр, Жіңішке құбыр, Ішіне жиған, Дәмі де шымыр. Бұл не? ( Жілік майы ) 6. Аппақ су – дәмі тәтті, Ішсең сусын қандырады, Шөлдегенде қатты. Бұл не? ( Қымыз ) 7. Ең мықты дәрі, Жұрттың бәрі Аңсап ішер Бал татыр дәмі Ненің нәрі? ( Шұбаттың нәрі ) 8. Сұйық еті аппақ Бауырдай боп қатыпты Ішсең дәмі тәтті – ақ. Бұл не? ( Сүт пен айран ) 9. Мал төлдеп Әр ауыл Пісірді ақ бауыр. Бұл не? ( Уыз ) 10.Әжем уыстап сығып, Далада кептірген Қатты әрі тәтті Дәмін кім бар жеп көрген? Бұл не? ( Құрт ) 11.Аспан түстес сұйық Әркім ішер сұйық. Бұл не? ( Су ) 12.Бір жансыздың қаны бар, Тіл үйірген дәмі бар Шөлдесең іш, қанып ал. Бұл не? ( Кесе мен шай ) 13.Ұрмай – соқпай жылатады, Әркім бірақ ұнатады. Бұл не? ( Пияз ) V. Ыдыс – аяқ туралы жұмбақтар. 1. Төңкерсең күмбез сынды, Шалқайтсаң құдық сынды. Жиегінде қос құлағы бар, Тік көтерген үш бұтағы бар. ( Қазан ) 2. Иінінде құлағы, Ішінде бұлағы Көмейіне от салсаң, Ызыңдап тұрады. ( Самауыр ) 3. Отқа қойсаң елпілдеп Быж – быж етіп тұншығар Тақиясы селкілдеп, Танауынан су шығар. ( Шәйнек ) 4. Басы құдық – Сабы сырық. ( Ожау ) 5. Сабы бар, басы шатыр Табысын өлшеп әкеп Құдыққа тасып жатыр. ( Қасық ) 6. Өткір жүзді келеді, Өте қажет құрал ол. Тұтас затты бөледі, Ұсақтап та турар ол. ( Пышақ ) 7. Шеңберлі есігі бар Жүздеген тесігі бар. Ішіне кіргендердің Ұсағы жол табады, Ірісі тор қабады. ( Елеуіш ) 8. Мөлдір түрі Шеңбер түрі Аузы тарлау Шыны күбі. ( Құмыра ) 9. Балшықтан істеген ыдыс не? / Қымыра / 10.Күбіге құйып піскен не? / Қымыз / 11.Ұйытып қойып ішкенім не? / Айран / 12.Табаға салып жапқаным не? 13.Үйітіп қазанға асқаным не? / Бас – сирақ / 14.Кілегей шайқап алғаным не? / Май / 15.Сөреге кептіріп жайғаным не? / Құрт / 16.Тұзын көріп татқаным не? / Сорпа / 17.Келіге түйіп ақтадым не? / Тары /

2.      VI. Қорытынды .

Тамақтану - адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілігі. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам үнемі күш – қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Өткен кезеңнің данышпан адамдары: « Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз » деген екен. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз – аздан әр түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үнемі жұмыс атқарады, сондықтан уақтылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады. Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады, спортпен айналысады. Ретсіз тамақтану ( кейде ерте, кейде кеш ) көбінесе асқазан ауруына шалдықтырады. Белгіленген уақытқа сәйкес тамақ ішіп үйренсе, сол уақытқа сәйкес ас қорыту сөлдерінің бөлінуі қалыптасады. Бұл ағзаның жұмысын жеңілдетіп, астың жақсы қорытылуына жағдай туғызады. Тамақты ұйқыға дейін екі сағат бұрын ішу керек

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка на тему "Ас адамның арқауы" (9 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тамақтану - адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілігі. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам үнемі күш – қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Өткен кезеңнің данышпан адамдары: « Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз » деген екен. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз – аздан әр түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үнемі жұмыс атқарады, сондықтан уақтылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады. Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады, спортпен айналысады. Ретсіз тамақтану ( кейде ерте, кейде кеш ) көбінесе асқазан ауруына шалдықтырады. Белгіленген уақытқа сәйкес тамақ ішіп үйренсе, сол уақытқа сәйкес ас қорыту сөлдерінің бөлінуі қалыптасады. Бұл ағзаның жұмысын жеңілдетіп, астың жақсы қорытылуына жағдай туғызады. Тамақты ұйқыға дейін екі сағат бұрын ішу керек

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 620 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.07.2020 223
    • DOCX 18.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Чеботарев Сергей Андреевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Чеботарев Сергей Андреевич
    Чеботарев Сергей Андреевич
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91311
    • Всего материалов: 209

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 52 регионов

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе