Главная / Математика / Рационал өрнектерді көбейту және бөлу

Рационал өрнектерді көбейту және бөлу

Пән: Алгебра

Сыныбы: 7 сынып


Сабақтың тақырыбы: Рационал өрнектерді көбейту және бөлу.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: рационал өрнектерді көбейту мен бөлу туралы алған білімдерін тексере отырып бекіту.

Дамытушылық: қысқаша көбейту формулалары арқылы амалдарды ауызша есептеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: өзін-өзі тани білуге, еңбегін әділ бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: репродуктивтік әдіс, зерттеу әдісі, деңгейлеп оқыту әдісі.

Оқыту формасы: жекелік, деңгейлік тапсырма беру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, өзіндік жұмыс жазылған папкалар, плакат, интерактивті тақта, бағалау парағы.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А. Оқушымен амандасып, «өзін өзі тану» бағдарламасы негізінде оқушылармен танысу, оқушылардың бір-біріне тілек тілеуі, мұғалім тілегі: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» (Абай).

Б. Оқушылардың сабаққа толық қатынасуын, оқу құралдарының толық болуын тексеру.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Интерактивті тақта арқылы деңгейлеп берілген үй тапсырмасын әр топ оқушылары өздері тексеріп, өзін өзі бағалайды. (А тобы, Б тобы, С тобы)


  1. Мақсат қою кезеңі.

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлудің ережелерін сұрау, сол арқылы сабаққа мақсат қою.


  1. Білімді тексеру кезеңі.

Оқулықпен жұмыс.

Осы топтардың ішінен жылдам орындаған оқушы тақтаға шығады.


  1. Үйге тапсырма беру кезеңі.

Білімді тексеру кезеңіндегі шығарылған есептерді толығымен аяқтауды үйге тапсырамын.


  1. Білімді бекіту кезеңі.

Әр топқа тапсырмалар негізінде даярланған өзіндік жұмыс папкаларын тарату.

Жұмыс аяқталғаннан кейін А тобының жұмысын Б тобына, Б тобының жұмысын С тобына тексеру тапсырылады, ал С тобының жұмысын мұғалім тексереді.

Бұл уақытта А тобы оқушыларына конвертпен есептер таратылып, «Суретші» ойыны ойнатылады.


Білімдерін бағалау, сабақты қорытындылау.

Әр кезеңдер бойынша шығарылған есептер және қойылған сұрақтарға берілген фишкалардың саны есептеліп, соған сәйкес бағаланады, сабақ қорытындыланады.


Рационал өрнектерді көбейту және бөлу
  • Математика
Описание:

Данный урок предназначен для седьмого класса с казахским языком обучения. Цель урока - это закрепление знаний учащихся по теме "Умножение и деление рациональных уравнений"; развитие логического мышления; воспитание самостоятельности, работы в группе. На данном уроке учащихся делят на три группы. На уроке используются разноуровневый метод обучения. Учащимся раздаются задания разного уровня. Также учащиеся оценивают друг друга. На уроке используется интерактивная доска, дидактические материалы, учебник. Также учащиеся решают задачи на скорость. Каждая группа должна набрать наибольшее количество фишек.  

Автор Турсумбаева Асель Жанатбековна
Дата добавления 07.01.2015
Раздел Математика
Подраздел
Просмотров 567
Номер материала 42561
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓