Главная / Химия / Работа с неуспевающими на казахском

Работа с неуспевающими на казахском

Үлгермеуші балалармен жұмыс істеудің жолдары

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.

Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Үлгермеуші балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, үлгермеуші балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.

2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

3. Баланың үлгермеушілік белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.

5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Үлгермеуші оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Үлгермеуші оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.

Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:

- үлгермеуші оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;

- оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;

- үлгермеуші оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;

- үлгермеуші оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
- үлгермеуші оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;

Үлгермешілік себептері.

А. Бірінші ретте.

  1. Мектеп пен отбасында оқу-тәрбие ісінің толық жүрмеуі.

  2. Мектептен тыс ауқаттардың болмауы.

  3. Оқушының анатомиялық-физиологиялық жетіспеушілігі

Б. Екінші ретте.

  1. Нақты материалдарды ұғыну бойынша оқушының өзіндік проблемасы.

  2. Білім алу процестерінің әлсіз дамуы.

  3. Тырмысу қабілетінің әлсіздігі.

  4. Тәрбиенің жетіспеушілігі мен тәртіптің болмауы.

  5. Оқуға деген жағымсыз көзқарас.


Үлгермеушілікті анықтау әдістері.


« Педагогикалық консилиум» әдісі ұсынылады.


Негізі: Зерттеудің бір бағдарламасының болуы.

әрі қарай іс-әрекеттер кешені беріледі. :


  1. Мақсатқа бағытталған бақылау……

  2. Ата-аналармен, оқушымен, сынып белсенділерімен әңгімелесу.

  3. Оқушылардың ауызша және жазбаша жұмыстарын талдау.

  4. Диагностикалық жұмыстарды алу.

  5. Мектеп құжаттарымен танысу / журнал, күнделік, мед. карта/.


Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жоспары.


Оқушының педагогикалық және психологиялық мінездемесі.

Оқушының білмейтін тақырыптарының тізімі.

Жұмыс формалараы мен әдістері

Тапсырылатын тақырыптардың күнтізбелік кестесі

Бағалау

Ата-аналармен қарым қатынас

Сынып жетекшілерімен байланыс


Үлгермеуші оқушылармен жұмыс істеуші мұғалімдерге жадынама



Мұғалімнің үлгермеуші оқушылармен жұмысының нәтижелі болуы үшін: :

  1. Үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыс жоспарының болуы

  2. Ата-аналармен кездесіп сұхбаттасуы болуы

  3. Оқушы жеке тапсырма алатын болуы

  4. Көмек пен консультациялар берілсе

  5. Жақсы үлгеруші оқушының қасына отырғызылуы

  6. Жазба жұмыстары толық тексерілуі

  7. Сабақ оқу үрдісімен таныстырылуы

  8. Тоқсанына 5-6 рет тексерілуі

ҚАЖЕТ




Работа с неуспевающими на казахском
  • Химия
Описание:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.

Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Үлгермеуші балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, үлгермеуші балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

Автор Шукенов Адай Кайрашевич
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Химия
Подраздел
Просмотров 544
Номер материала 47518
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓