Главная / Технология / Құрақ мозайкасы. 8 сынып

Құрақ мозайкасы. 8 сынып

Сагиндикова Рымкуль Кыдыралиевна

Сабақтың тақырыбы: Құрақ мозайкасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: құрақ құрау және оның түрлері, шығу тарихы,

қолданылуы туралы мағлұмат беру. Елде болып жатқан

жаңалықтармен хабардар ету.

Дамытушылық: құрақ үлгілерін сызып, бояудың әдіс- тәсілдерін

меңгерту.

Тәрбиелік: өз халқының салт- дәстүрін құрметтей білуге,

үнемділікке, ұқыптылық пен талғампаздыққа, іскерлікке

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: құрақ көрпеше, нұсқау карта, интерактивті тақта,

түрлі- түсті қалам, бұйым суреттері.

Пәнаралық байланыс: тарих,география, геометрия, сурет, сызу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап арқылы жарыстыру, ой қорыту.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

а)оқушыларды түгендеу.

ә)құралдарын тексеру.

Сыныпты «Қаратау», «Астана» тобына бөлу, екі топқа оюлы қоржын беріледі.

II.Өткен сабақты пысықтау:

Қане, кім айтады қазір спорт түрінен қандай жаңалық болып жатыр?

Қазір Сочиде болып жатқан XXII –ші ақ олимпиада алауын қаладан қалаға кедергісіз жеткізу керек.

Әр қаладан дайындалған сұрақтарға толық жауап берілсе, алау келесі қалаға жеткізілген болып есептеледі.Дұрыс жауап берген топтың қоржынына тиесілі медаль салынып отырады.(слайд)

1.Кәсіпкер дегеніміз кім?

2.Кәсіпкерліктің принциптері.

3.Бәсекелестік түрлері.

4.Шығын дегеніміз не?

Сұрақтар ашылғанда құрақ мозайкасы шығады.

III.Жаңа сабақ.

-Қыздар, бүгінгі сабақты мына өлең жолдарымен ашқым келеді: (слайд)

Қолөнер құрақ құрау ою – өрнек,

Атты баптап, айып тұрман, қамшы өрмек

Салт – дәстүр ешкімге ұқсамаған

Қазақтар ғой байлаған жіпті күрмеп

Қазақтар қолөнерден кереметті,

Оюлап шығарған сырмақ пен текеметті

Қандай шебер қазақ қыздары.

Құрақты, оюларды дөңгелетті.

Ал, енді осы құрақ өнерімен шетелдерге көрме апарып бірнеше жүлдегер иесі болып жүрген кәсіпкер Ырза Тұрсынханқызы жайында көрініс көрейік.(видео)

Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Ертеде әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыздарына немересіне арналған құрақты – Отан болып құралып кетсін, өсіп өнсін – деген тілекпен жасаған.

Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар.(слайд) Соның ішіндегі төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, майда құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған.

Қазақ халқында құрақ құрау өнері XV-XVI ғасырдан бастап дамыған.

Құрақпен қазақ халқынан басқа өзге елдер де шұғылданады, бірақ оны әрқалай атайды. Орыс тілінде құрақ құрау өнері « Лоскутное шитье »деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Америкада әр түрлі ұлт өкілдер тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған.

Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:
1.Құрақ құрау (құрақ мозайкасы);
2. Жапсырмалау (аппликация).
Құрақтардан жасалған заттар өзінің ерекшелігімен, түстерінің әр түрлі болуымен бізді өзіне ерекше тартады. «Шебердің шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек.
АҚШ ,Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Мұндай қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бірқатар бұйымдар Қастеев мұражайына да қойылған. Қазіргі таңда құрақ құрау арқылы жаңаша түрде сәнді бұйымдар жасауға болады.
(слайд)Құрақтан жасалған бұйымдар: жастық тыс, көрпе (орыс, қазақ, ағылшын), дастарқан, майлық, ұстағыш қолғап, жапқыш, кілем, дорба, баскиім, киімдер, сувенир немесе аксессуар ретінде –сәнді сөмке, кошелек т.б.Сонымен қатар құрақ құрауды киімде де пайдалануға болады.

Мата таңдау барысында түстердің үйлесімділігіне мән беріледі. Барлық түстерді хроматикалық(кемпірқосақ түсіне боялған) және ахроматикалық(түссіз) деп бөледі: ақ, қара, сұр.Хроматикалық түсті жылы және салқын түстер деп бөледі.

Түстік шеңбер түстердің үйлесімділігі мен қарама- қарсылығын жасауға көмектеседі.

Дәптермен жұмыс.

Сабақтың тақырыбын жазу.Жаңа сөздерді жаздыру.(слайд)

Жаңа сөздер: «Лоскутное шитье», «Pachwork», «сашико», «мозайка»

Сабақты бекіту.

Ал, енді осы сабағымызға байланысты екі топты «Кім жүйрік» жарысымен жарыстыра отырып, Сочиге жеткізілген олимпиада алауын жағамыз.Берілген сұрақтарға жауап беріп, сатыдан сатыға өтіп, жоғарыда тұрған алауға бірінші жеткен топ олимпиада алауын жағу мәртебесіне ие болады. (слайд)

  1. Қазақ халқында құрақ өнері қай кезден бастап дамыған?

  2. Құрақтың неше түрі бар?

3. Құрақ дегеніміз не?
4. Орыс, Ағылшын , Жапон тілінде құрақ құрау қалай аталады?
5. Қандай құрақ бұйымдарын білесіңдер?

IV.Сарамандық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.(жұмбақ шешу арқылы қауіпсіздік ережесін айту).


Аузы менен көзі бар, Сүйретіп досын ертіп жүр. 
(ине)
Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық, Матаның күнде жейді басын қыршып, Матаның жеген сайын басын қыршып, Артынан түбіт тұрар қыл-қыбыршық.
(қайшы)
Бөлiнгендi табыстырып,

Бiрiктiрсе қабыстырып.

Жымдастырған жiгiт де,

Байқамайсың түгiн де.   (Желiм)

Кіріспе нұсқау.
Құрау технологиясы:
1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.
2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз.
3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз.
4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет-ретімен: - әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз.
Біз алдымен бұйымды жасау үшін алғаш жобасын сызамыз.
Ал, енді жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі-түсті қағаздан қиып алып, оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдейміз. Нәтижесінде түрлі-түсті әсем құрақтар пайда болады. 2- топтың дайындаған жұмыстарын қорғату.

Ағымдағы нұсқау:

1.Нұсқау бойынша жұмыстарын қадағалау.

2.Кемшіліктер болса түзету, көмектесу.

3.Қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту.
VI.Сабақты қорытындылау.

Әр ұлттың өзіне тән тіл өнері, дәстүрі болатынын, құрақ өнері жайлы білдік. Қандай өнер болса да оған шеберлік, іскерлік, білгірлік бір сөзбен айтқанда технологияны білу қажет.

Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі ысырап болса, өнердің бұл саласы да сол ысырапшылдыққа жол бермейді.

VII.Оқушылардың білімін бағалау.

Оқушылардың білімін,еңбегін, орындаған жұмыстарын, қоржындарына жинаған медальдарын санай отырып, сабақты бағалау.

VIII.Үйге тапсырма беру:

Құрақ үлгілерін дайындап келу.Құрал- жабдықтар әкелу.



Құрақ мозайкасы. 8 сынып
  • Технология
Описание:
  1. Теоретическая часть

 

  1. Переход к этапу урока осуществлен плавно, логично, связан с предыдущим
  2. Цели и тема урока названы
  3. Методика изложения нового материала:  педагогом применяется технология  интенсификации обучения на основе схемных и знаковых моделей учебного материала в рамках личностно-ориентированного обучения и воспитания
  4. Использовались таблицы, опорные и операционные карты. Все наглядные пособия носят качественный характер.
  5. Осуществлялись межпредметные связи с математикой, рисованием
  6. Материал излагался доступно, логично, убедительно, научно
  7. Имеет место проблемность обучения, профориентационная направленность изложения
  8. Учащиеся воспринимают материал с интересом, психологический климат на уроке положительный, создана ситуация успеха
  9. Внешний вид педагога, манера держаться, жесты, темп речи, знание материала соответствуют педагогической   этики
  10. Время, затраченное на этап –  (рационально
Автор Кульжанова Салтанат Сейтхановна
Дата добавления 14.03.2015
Раздел Технология
Подраздел Планирования
Просмотров 597
Номер материала 58021
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓