Әр жас аралас тобындағы даму сабағы тақырыбы: Үй жануарлары
Ержанова
Айнаш Амандыковна .
Үй
жануарлары
Саласы:
Қатынас
Бөлімі:
Тіл дамыту
Тақырыбы:
«Үй жануарлары»
Көрнекілігі:
Үй жануарлары және олардың төлдерінің суреттері, бейнетаспа.
Мақсаты:
Балаларға үй жануарлары: түйе,жылқы, сиыр, қой, ешкі және олардың төлдері
туралы түсінік беру. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану дағдысын
дамыту. Төрт түлікке деген қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.
Себепті
қызығушылықты ояту кезеңі.
Балалар
музыка әуенімен залға кіреді. Амандасады. Дөңгеленіп «Шаттық шеңбері»құрады.
Тәрбиеші:
Қане, бәріміз бірге:
Біз тағы да біргеміз,
Сөгілмейді іргеміз.
Құшып күннің шуағын,
Көрісеміз куанып.
Тәрбиеші:
Балалар, осы сендер қонаққа барғыларың келе ма? Біз бүгін ауылға ата мен әжеге
қонаққа барамыз. Ауылға немен барамыз? Машинаға сыймаймыз.
Балалар:
Автобуспен
(Автобусқа
отырып, бейнетаспадан үй жануарларының көрінісін тамашалайды.)
Ұйымдастыру
ізденіс кезені.
Балалар:
Сәлеметсіздер ме?!
Ата
мен әже: Амансыңдар ма, ботақандарым.Қош келдіңдер!
Отырыңдар. (Көрпеге келіп жайғасады)
Әже:
Құлындарым, сіздер жолда келе жатқанда не көрдіңдер?
-
Мына суреттердегі жануарлар мен төлдердің атауын айтып беріңдерші.
(Балалар
өз еріктерімен жауап береді)
Әже:
Жануарлардың атауын бәрің де біледі екенсіңдер. Бұл жануарлардың барлығын бір
сөзбен төрт түлік деп атайды. Атасы, мына қошақандарыңа қандай өсиет айтасың?
Ата:
Ботақандарым, мен сендерге «Түліктің пайдасы» өлеңін атйп берейін.
Түйе – байлық,
Қой – мырзалық,
Ешкі – жеңілдік,
Жылқы – сәндік,
Сиыр – ақтық.
Малды
тебуге, ақты төгуге болмайды.
Тәрбиеші:
Енді бәріміз орнымыздан тұрып, сергіп алайық.
Сергіту
сәтті: Қарының да тоқ бүгін,
Қарғып басар шоқты кім?
Секең-секең етесің,
Секірмеген жоқ күнің.
Әже:
Енді бізге тақпақ айтып беретіндерің бар ма?
Бала:
Дәмін татса тәттінің,
Ұмытады сақтыгын.
Тұмсыгымен түртеді,
Конфет сұрап ақ құлын.
Бала:
Жарасын төл кәдеге,
Жемісіңді кәне же.
Ол қошақан тек маған,
Мен «қошақан» әжеме.
«Бүлдіршін
тілегі», (бала): Саулық қоймын сегіз тап,
Сегізін де семіз тап!
Құла бием құлын тап,
Құлын тапсаң құнан тап!
Бөкен жүнді бөрте ешкім.
Әукем, алып бұзау тап,
Әукесі оның салпылдап,
Өгіз болсын атандай!
Әумин!
Әже:
Өте жақсы. Білімді екенсіңдер.
Ата:
Құлындарым, қазір біз «Төлдерін табыстыр» деген ойын ойнаймыз.
Шарты:
Жануарлардың қасына өздерінің қолдарындағы төлдердің суретін дұрыс орналастыру.
Тәрбиеші:
Балалар, енді біздер қалаға бөбек жайымызға қайтайық.
Әже:
Айналайындар, мені де ала кетіңдер, қалаға баратын едім. Ал, мынау ауылдың
дәмі, бөбек жайға барған соң басқа топтағы балаларға берерсіңдер. (Балалар
автобусқа жайғасады).
Ғажайып
сәт.
Ата:
Тоқтаңдар! Ой, ұмытшақ басым-ай. Біз кеше әжең екеуміз
сендерге сыйлық сатып әкегенбіз.Бұл ертегі кітапты тәрбиешілерің топқа барған
соң оқып береді. Аман болыңдар, қонаққа келіп тұрыңдар.
(Автобусқа
отырып «Қошақаным» әнін хормен орындайды.)
Іс-әрекеті
бағалау кезеңі.
Тәрбиеші:
Әже, бөбекжайымызға қош келдіңіз!
Әже:
Ал, құлындарым, ата-аналарың ауылдан не көріп келдіңдер десе не айтасыңдар?
Балалар:
Сиыр, қой, жылқы, ешкі, түйе, бұзау көрдік.
Әже:
Өте жақсы.
Тәрбиеші:
- Енді тобымызға барайық. Әже, сіз де біздің топқа жүріңіз.
Балалар:
Сау болыңыздар!
Күтілетін
нәтиже:
Бала
білуі керек: Үй жануарлары мен олардың төлдерінің
атауын.
Баланың
түсінігі болуы керек: Үй жануарларынан тамақ,
киім алынатыны, көлік болатыны туралы.
Бала
жасай бүлуі керек: Үй жануарларының төлдерін дұрыс тауып
табыстыру. Үй жануарлары жайлы тақпақ, ән айту.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.