Инфоурок Математика Другие методич. материалы"Жүзден жүйрік" математический конкурс

"Жүзден жүйрік" математический конкурс

Скачать материал

                Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

I жүргізуші: Адамның дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар, өз ойын, пікірлерін білдірген.

Қазақ халқының ойшыл ақыны А.Құнанбаев «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ, еліңе, халқыңа пайдаң тисін», - деді.

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп аңсаған ағартушы педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа өмірінде  ғылым мен білімді өзінен кейінгі жастарға насихаттады.

II жүргізуші: Білімнің маңызын Елбасымыздың  Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық деп айтып отыр. «Білімді азамат – ел ертеңі» (нақыл сөз) «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» (мақал) «Білім мен даналық – адам көркі» (Ә.Науани) «Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі – Білім» (Ж.Дантон) т.с.с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен халықтың нақыл сөздері бекерден-бекерге айтылмаса керек.

I жүргізуші: Ғылыми – техникалық прогресс, ғылымның басқа салаларының дамуы жаралытыстану ғылымының құрылымын анықтау үшін математикалық білім алу ерекшелігіне қызығуды арттыруда математиканың, физиканың орасан зор маңызы бар. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын оқушылардың білімге қызығушылығын арттыратын математикалық «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды бастаймыз.

II жүргізуші: Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, маз асызданбайды. әр уақытта да батымды. Ендеше ортаға білімді тұлпарларымызды шақырамыз.

Ойынға 4-оқушы қатысады. Ойынды бастамас бұрын қазылар алқасын сайлап аламыз.

(Содан кейін әр оқушыға сипаттама беріледі. Сипаттама беріліп болғаннан соң әр оқушы өз девиздерін айта кетеді).

1-оқушы: Достықта-досқа жан тәнімен берілу, өмірде – сенімді тірек.

2-оқушы: Білім + еңбексүйгіштік + жолы болу + жетістік.

3-оқушы: Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп.

4-оқушы: Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

Шарты: 15 сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтарға тез арада жауап беру керек.

Дұрыс жауаптар 10 балдық жүйемен бағаланады.

1.     1 кг тас ауыр ма? 1кг мақта ауыр ма? (тең)

2.     Себетте 5 алма бар еді. 5 алманы 5 балаға таратып бергенде, 1алма себетте қалыпты. Сонда қалай болғаны? (1 балаға себетімен берген)

3.     Бірнеше үйректер ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, екеуі алдында, біреуі артында, біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз-қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек)

4.     50-ді ½ бөліп, 3-ті қосқанда нәтижесі қандай? (103)

5.     Жіңішке  сымның көлденең қимасының ауданы қалай анықталады?

6.     Математикадан бақылау жұмысында берілген есепткерді шығарған қыздар саны сыныптағы ұлдардан санымен бірдей болады. Сыныптағы қыздар саны көп пе, ұлдар саны көп пе?

7.     Тұшпара әзірлеу үшін 200 г етке 1,5 ст. ұн қосылады. 1 кг еттен тұшпара әзірлеу үшін қанша ұн қажет? (7,5ст.)

8.     Термоэлемент деген не? Не үшін пайдаланылады? (Жылу әсерінен электр тоғын өндіруші. Төменгі кернеулі ток туындайды.)

9.     Кюри  температурасы нені білдіреді? (бір күйден екінші күйге ауысу температурасы. Мысалы: судан – буға, будан – суға)

10. Жарық жылдамдығын табудың тәсілдері? ( Ремер, Майкельсон, радиолокация тәсілдері)

11. 17-ні 21-ге көбейтудің қандай оңай тәсілі бар? (17*21=357; 1) 7*1=7; 2) 7*2+1=15; 3) 1+2=3)

12. Екі әкесімен екі баласы 3 апельсин тауып алды. Теңдей ғып бөлгенде әрқайсысына 1 апельсиннен тиді. Бұл қалай болғаны? (атасы, баласы, немересі)

13. Ұзындығы 135 см сымды бір бөлігі  екінші  бөлігінен екі есе үлкен етіп, екі бөлікке бөлген. әр бөлктің ұзындығын тап. (45 см, 90 см)

14. Тауда 7 ағаш, әр ағаштың түбінде 7 ін, әр інде 7 түлкі, әр түлкіде 7 күшік. Барлығы неше күшік бар? (2401)

15. Екі санның қосындысы 8-ге айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар? (5 пен 3)

II кезең. Тіл-өнер.

I жүргізуші: Әр ғылым математика дамығанда ғана дами алады немесе «Математика – барлық ғылымдар атасы» - деп тегінге айтылмаса керек.

II жүргізуші: «Ақын жанды болмасам, математикте болмаған едім» - София Ковалевская айтқандай, біздің тарландарымыз да өздерінің қазақша, орысша және ағылшынша шеберліктерін көрсетеді.

Шарты: Жұмбақ, мақал-мәтел не өлең айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударады. Әр аударма он ұпай.

1.     Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір бірден інісі бар. Отбасында барлығы неше бала бар? (8: сегіз, восемь,eight)

2.     Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10: он, десять, ten), (100: жүз, сто, hundred)

3.     Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі кг, двенадцать, twelve)

4.      Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, оның екеуін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды? (екі, два, two)

5.     Бойы екі қарыс, сиып жатыр 25 арыс. (Сызғыш, линейка, rule)

6.     Бөлмеде 7 майшам жанып тұр. Сен жанындағы біреуін өшірдің, қаншасы қалды? (бір, один, one)

7.     Жеті жүз тесік, жалғыз – ақ есік. (ау,трал, net)

8.     Бір үйде тұрады екен елу батыр, үй сыртына сүйкенсе-ақ өліп жатыр. (сіріңке, спички, matgh)

9.     Қос құлақты, жүз тісті,

Жүзден бір-ақ із түсті. (ара, пила, saw)

III кезең. Қасиетті жетілік.

I жүргізуші: Табиғаттың тылсым сыры көп.Көшпенділер ұғымында күннің өзі жеті бөлікке бөлінген. Таң сәрі, сәске (кіші сәске, ұлы сәске), түс, бесін (кіші бесін, ұлы бесін), қызыл іңір.

Аптада 7 күн бар. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктер. Қазақ халқында 7 саны киелі болып саналады. Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7-ші  күні жасалады. Білімдар кісіні «жеті жұрттың тілін біледі» дейді.

 Көкті жеті қабат, жерді жеті қат деп есептейді. Тіпті, «жұт жеті ағайынды» деген сөздің өзі де тұрмыстық жағдайдан келіп туындайтын байланыс.

II жүргізуші: Тәуке ханның «Жеті жарғысы» мен «Жеті қазына» деген атаулардағы жетілік санның тектен-тек туындамағандығы айқын. Басқа – басқа, қауіп-қатерден аман қалған адам үшін жеті шелпек пісіріліп жатуы да немесе садақаға 7 түрлі нәрсе таратылуы да наным-түсініктен  ғана тумаған құбылыс екен. «Жетіге келгенше, жерден таяқ жейтін» нәрестеге өсе келе «қазақтың жеті атасын білменген – жетесіз» деген даналық тұжырым жасауы ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен шыққан.

I жүргізуші: Сонымен, «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деп білім тұлпарларын «Қасиетті жетілік» ойынына шақырамыз.

Шарты: әрбір сайыскер кезектесіп ұяны ашып, сұраққа жауап береді. Жауап берген оқушы келесі ұяны ашады. Ұяшықтағы сұрақтар.

Физика пәні бойынша:

1. Қандай жағдайда ғарыш кемесін материалдық нүкте ретінде қарастыруға болады?

а) Кеме орбита бойымен ұшқанда;

б) Кеме старт бойында тұрғанда;

в) Екі ғарыш кемесі түйісуі кезінде.

2. Велосипедшінің жылдамдығын 36 км/сағ, оған қарсы соққан желдің жылдамдығы 4 км/сек. Велосипедшінің байланысқан санақ жүйесінде желдің жылдамдығы қандай?

а) 40 км/сағ     в) 70 км/сек

б) 4 м/сек        г) 14 м/сек

3. Ұялы телефонды ойлап тапқан физик ғалым кім?

а) В.Рентген            в) Ж.Алферов

б) Мария Кюри       г) Дж.Томсон

4. Ата-бабаларымыз ертеден келе жатқан әдет бойынша бір нәрсенің ұзындығын немесе қалыңдығын өлшегенде  «шынтақ елі», «бір елі», «кере қарыс», «сынық сүйем» деген қол өлшемдерін пайдаланады.

 Сұрақ: Осы өлшемдердің біреуі ата-бабаларымыздың бөлшек ұғымын білдіреді. Ол қайсысы?

а) шынтақ елі;    в) кере қарыс

б) бір елі;            г) сынық сүйем

5. Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрышты ата.

а) параллелограмм      в) ромб

б) трапеция                г)тік төртбұрыш

6. Астрономия – Жерден басқа жалғыз серігі бар планета?

а) Шолпан            в)Плутон

б) Марс                 г)Уран

7. ах+вх+с=0 квадрат теңдеудің дискриминантын есептеуге арналған формула.

а) d2-ас           в) d=b2+4ac

б) d=4b2+ac        г) d=b2 – 4ac

8. Арнайы сұрақ.

9. Арнайы сұрақ.

IV кезең. Көкпар – тапқырлық бөлімі.

I жүргізуші: Математика мен физикада түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылуының өзіндік сыры, себеп-салдарлары бар. Мысалы: әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевскаяның математикаға қызығушылығы былай туындаған екен.

   Бірде ата-анасы Софияның бөлмесіне түсқағаз жабыстырады. Жетпей қалған түсқағаздың орнына математика кітабының бір бетін жабыстырған екен. Сол беттегі математикалық өрнекті күнде көріп жүрген қыздың математикаға дегенқызығушылығы артып, артынан дүние жүзіне белгілі математик – ғалым болған екен.

 II жүргізуші: Ал Архимед сұйық ішіндегі денені кері итеруші күш көлемі дененің көлеміндей сұйықтық салмағына тең екенін қалай тапқаны туралы мынадай аңыз  бар емес пе?

Гиерон патша Архимедке алтын тәж жасаған ұстаның адалдығын сынауды тапсырған. Тәждің салмағы оны жасауға берілген алтынның салмағындай болса да, патша алтын мен басқа арзанырақ металдың қоспасы деп күдіктенген. Тәжді бұзып –жармай, оның ішінде қоспасы бар-жоғын білуді Архимедке тапсырған. Архимедке тәж затының тығыздығын табу керек еді. Егер сол тығыздық судың тығыздығынан 19,3 есе артық болмай, одан кем болса онда тәж таза алтыннан жасалмаған болады.

Себебі алтынның көлемі дәл сондай судан 19,3 есе артық еді. Бұл мәселені шешу Архимедке оңай түспеді.

 Бір күні моншаға барып, толтыра су құйылған ваннаға түскен. Сонда оның ойына кенеттен әлгі мәселенің шешуі келген, өз табасына қуанған Архимед «Эврика,эврика!» яғни «таптым,таптым!» деп айқайлап жіберген. Архимед тәждің салмағын алғаш ауада, одан соң суға батырып тұрып өлшеген. Сондағы салмақтың айырымы бойынша ол көлемі тәждің көлеміндей судың салмағына тең кері итеруші күшті тапқан. Міне, тапқырлық деп осыны айт.

I жүргізуші: Енді біздің білімдар балаларымыздың тапқырлығын көрейік.

1. Жылудың өмірдегі пайдасы мен зияны.

2. Өмірде математика керек пе, керек емес пе?

3. Қағазды доғаларды пайдалана отырып қию. Ешқандай қиық түспеу керек (тұтас түсу керек). Алынған қиыққа адам тұтас сыйып кету керек.

V кезең. Жорға.

I жүргізуші: Біздің қолданыстағы санау жүйесі 10 цифр арқылы жазылып, қолданылатын ондық санау жүйесі. Мұның өзі адам ертеден он саусақты санап, әдеттенгендіктен алынған. 10 дөңгелектенген сан, 10-ға, 100-ге көбейту жеңілге түсетін болған. Ондық санау жүйесі Үндістанда, VI ғасырда пайдаланған. Ондағы цифр қазіргіге қарағанда өзгешелеу болды. Мұхаммед Әл-Харезмидің (783-850) IX ғасырдың басында жазылған «үндіше есептеу» еңбегі арқылы арабтарға, Еуропаға, ондан барлық елдерге тараған.

II жүргізуші: Сен білесің бе? 13 санының неліктен «жаман сан» немесе «шайтан сан» деп атаған. Себебі, бұрын ондық санау жүйесіне басқа он екілік санау жүйесі де болған. Себебі 12 санның бөлгіштері көп болған ғой (1,2,3,4,6,12). Іс жүзінде он екі саны ыңғайлы деп, он үш саны қолайсыз «жаман сан» деп есептелген.

Діни уағызда Иса пайғамбардың 13 шәкіртінің бірі сатқын болып шыққан екен. Содан 13 саны адамзат санасында жайсыз сан болып қалған.

I сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1.     Ең алғашқы әйел математик. (С.Ковалевская)

2.      «Эврика» кімнің сөзі? (Архимед)

3.     а22=с2 кімнің теоремасы (Пифагор)

4.     Төрт қабырғасы тең тіктөртбұрыш (квадрат)

5.     Квадраттық функцияның графигі (параболла)

6.     Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

7.     Катет қандай үшбұрышта болады? (тікбұрышты үшбұрыш)

8.     Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер. (айқас )

9.     Түбір астындағы 225- тең... (15-ке)

10. Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)

11. «Ноль» қай елден шыққан? Мағынасы. (латын,мисса,ешқандай, ештене емес)

12. Үшбұрыштың негізгі элементтерін ата, олар нешеу? (үш қабыға, үш бұрыш барлығы 6)

13. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең? (3,14)

14. табиғи жарық көзі (күн)

15. Мектепте оқытылатын «геометрия» пәнінің негізін салушы (Евклид)

16. Тең қабырғалы үшбұрыштың анықтамасы (үш қабырғасы тең үшбұрыш)

17. координаталық түзуден санақ басына дейінгі қашықтық (модуль)

18. Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған, грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым (Аристотель)

19. Кобейту және бөлу танбаларын енгізген кім? (Г. Лейбниц)

20.  Сандар туралы ғылым – бұл барлық ғылымдардың ішіне кіреді. Кімнің сөзі? (әл-Фараби)

II сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1.     3-ші дәрежелі функцияның графигі (кубтық параболла)

2.     барлық қабырғасы тең параллелограмм (ромб)

3.     Гипотенуза қандай үшбұрышта болады. (тікбұрышты үшбұрыш)

4.     Жарты түзудің басқаша аты (сәуле)

5.     үшбұрыш бұрыштарының қосындысы (180)

6.     Қиылыспайтын түзулер ( параллель)

7.     түбір астындағы 625 тең ... (25-ке )

8.     Аксиома дегеніміз не? ( мағынасы күмәнсіз тұжырым)

9.     «геометрия» сөзі қайдан шыққан, мағынасы. (гео-жер, метр-өлшеу)

10. Үшбұрыштың қосалқы элементтерін ата. Олар нешеу? (3биіктігі, 3 медианасы, 3 биссектрисасы – 9)

11. Натурал санның мағынасы қандай? ( табиғи сан)

12. «Фигура» сөзінің мағынасы (түр,кескін, бейне)

13. жасанды жарық көзі (от, сіріңке, шам, факел, шырақтар)

14. Квант теоремасының негізін салушы кім? ( неміс ғалымы Макс Планкс)

15. Пифагор теоремасын айт.

16. Теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасы (2 қабырғасы тең үшбұрыш.)

17. модуль дегеніміз не? (координаталық түзу бойындағы нүктенің санақ басына дейінгі қашықтық)

18. Математикаға коордтнаттар әдісін енгізген француз математигі әрі физигі (Р.Декарт)

19. «Қосу» және «азайту» таңбаларын енгізген кімдер? (Я.Видман, Л. Да Винчи)

20. «Жақсы өлшеу туралы ғалым – бұл геометрия» (П.Рамус)

Кеш соңында жеңімпаз анықталып, қазылар алқасы кеш қорытындысын жаиялайды. Кешке белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жүзден жүйрік" математический конкурс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

                Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

I жүргізуші: Адамның дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар, өз ойын, пікірлерін білдірген.

Қазақ халқының ойшыл ақыны А.Құнанбаев «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ, еліңе, халқыңа пайдаң тисін», - деді.

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп аңсаған ағартушы педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа өмірінде  ғылым мен білімді өзінен кейінгі жастарға насихаттады.

II жүргізуші: Білімнің маңызын Елбасымыздың  Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық деп айтып отыр. «Білімді азамат – ел ертеңі» (нақыл сөз) «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» (мақал) «Білім мен даналық – адам көркі» (Ә.Науани) «Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі – Білім» (Ж.Дантон) т.с.с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен халықтың нақыл сөздері бекерден-бекерге айтылмаса керек.

I жүргізуші: Ғылыми – техникалық прогресс, ғылымның басқа салаларының дамуы жаралытыстану ғылымының құрылымын анықтау үшін математикалық білім алу ерекшелігіне қызығуды арттыруда математиканың, физиканың орасан зор маңызы бар. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын оқушылардың білімге қызығушылығын арттыратын математикалық «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды бастаймыз.

II жүргізуші: Білімді адам еш нәрседен қорықпайды

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 675 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2015 360
    • DOCX 66 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айжарықова Жәмила Рамазанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айжарықова Жәмила Рамазанқызы
    Айжарықова Жәмила Рамазанқызы
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6525
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: умножение и деление

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 56 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1210 человек из 84 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Математика" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 55 регионов

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 25 регионов

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе