Главная / География / "Жаңа сабақ-жаңа әдіс" (баяндама)

"Жаңа сабақ-жаңа әдіс" (баяндама)

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЗГЕРІС –ЗАМАН ТАЛАБЫ

ШҚО, Риддер қаласы

«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәні мұғалімі Касымбаева Жанаргул Разхановна



         





Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деген еді. Ендеше бәсекеге қабілетті туған тілін, елін, жерін сүйетін, өз ойын еркін жеткізе алатын құзыретті тұлға тәрбиелеу-қазіргі заман талабы.

Мектептегі басты тұлға мұғалім екендігі белгілі. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен ауыстыруға болмайтындығын халықаралық тәжірибелер көрсетіп отыр. Демек, мұғалім біліктілігі, бұл еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел ұстаздар ғана тәрбиелеп шыға алады. Және біздің бүгінгі жылдан-жылға алға басқан қоғамымыздың ең көкейтесті мұраттарының бірі болып отырған, білімді педагог кадрларды әзірлеу және қалыптастыру мәселері, соның ішінде ұстаздар біліктілігін жүйелі арттырып отыру жолдары енгізілуде. Заман ағымынан қалмай өз білімімді жетілдіру үшін 3 денгейлік бағдарлама курысынан мен де өтіп келдім. Курстың бірінші кезеңінде біліктілікті арттыру курстарында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы жұптық, топтық жұмыстарда ынтымақтаса отырып білім алдық. Бұл курсқа келгеннен кейін жеткен табысым-жақсы адамдармен пікірлескенім. Өте жақсы, мінезге бай, білімді адамдарды кездестіргенім. Менің жүрегіме жақсы үнмен, жан-жақтылығымен әсер еткен трелерлеріміз Майра Какеновна мен Салтанат Жұмажановна болды. Топ тренерлерінің басқаруымен, көшбасшылығы, кәсіби шеберлігінің арқасында теориялық білімімізді шыңдап, бір-бірімізбен өзара тәжірибе алмасып, бағдарламаның негізгі идеясын меңгердік.

Курсқа келген соң жан-жақтан келген әріптестеріммен пікірлесуім, тақырыптарды талқылауымыз маған әртүрлі ой салды. Күндегі әр өткен сабақ, одан туындайтын әр алуан проблемалар, әркімнің әртүрлі көзқарастары көп ойларға жетеледі. Мысалы: «Инклюзивті білім беру» атты тақырып маған қатты әсер етті, бұл тақырыптан кейін көп ойға келдім, «өмірдің мәнін қаншалықты ұқтым, денсаулықтың қадірін біліп жүрмін бе» деген сұрақтарға жауап іздедім. «Мінсіз мұғалім қандай болу керек ?» деген сұрақ қойылғанда да көп мүдіріп, жауабын іштей ойладым.Тренерлер қойған сұрақтары мен ұсынылған тапсырмалары ойға түрткі болды. Өзімізді оқушының орнына қою арқылы білім алып жатқанымыз - оқушының ішкі жан-дүниесін жақсы түсінуге, қалай оқу керектігін үйретуге үлкен әсер етті.

Ойға түйгенімізді тәжірибеде оқушыны қалай оқытқанда оқыту табысты болатыны туралы ойланып, алдағы іс-әрекетімізді жоспарлауға мүмкіндік берді. Білімдегі жаңа теориялық әзірлемелер зерделеніп, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жаңа жоспар, тың күш, толыққан білімімізбен өзгеріс енгізуде мектепке құлшыныспен келдік. Мектепке келген бетте әріптестерімнің мені өте жақсы көңіл күймен қарсы алғаны, қандай бізге деген жақсы жаңалықтарың бар?- деп мені айнала қоршап бірінен кейін бірі сұрақтар қойып, қызығушылық танытқандарының өзі мені алдағы жұмысыма бір серпіліс берді. «Өзгерістерді енгізуімді әріптестерім қалай қабылдар екен?», «Оқушылармен осы жұмысты алып кете аламын ба?» деген күдікті ой тұрғаны жасырын емес. Бұл күдікті мектеп әкімшілігі, әріптестер, мектеп ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау көрсетуі, мектеп психологімен сұқбатының әсер етуімен еңсеріп, сенімділігімді арттырды.

Мектептегі тәжірибе кезінде іс-тәжірибеме өзгерстер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым дей аламын. Өзгерс дегеніміз-жаңа тәсілдер. Өз тәжірибеме енген жаңа тәсілдің бірі –тренинг. Тренинг сабағымның жоғары дәрежеде өтуіне үлкен көмегін тигізді деп ойлаймын. Тренинг –оқушы назарын жаңа сабаққа аударуда маңызды тәсіл. Сабақ бастамас бұрын тренинг өткізу оқушыларға жағымды, оң әсер етті. Ең бастысы оларға ұнады. Ынтымақтастық орнату мақсатында «Жақсы тілек», «Әсем күлкі, ақтілек», «Мен саған сенемін...», «Менің бүгін көңіл күйім...» тренингтерін ұйымдастырдым. Бұл тренингте оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып сабақты жақсы көңіл күймен бастады. «Бүгін қандай тренинг өткізесіз?» деп әр сабақ сайын менен басқа тренингтер күтіп отыратын болды. Сабақта өткізген тренинг сабағымның жақсы көңіл-күйде басталуына, ортасында, ұйымдастырғанда сабаққа деген ынтасының артуына, соңында жақсы көңіл күйде тарауына үлкен ықпал тигізді.

Мектептегі практиканың алғашқы кезінде сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін алғашқы сабағымды өткіздім. Сабағымды бірінші сергіту сәтінен бастадым. Топ бойынша оқушыларды өзен, көл, шығанақ, бұғаз деп санау арқылы төрт топқа бөліп отырғыздым. Топтық жұмыс жүргізу үшін топ ережесін құрдырттым. Сынып алғашында топ ережесінің не екенің түсінбеді. Топпен жұмыс істегенде сыныпта артық шу, артық күлкі маған кері әсер етті. Мен ескерту жасап ұрсқан жоқпын, тақтадағы өздері жазған ереже арқылы реттеп отырдым. Мысалы: «Ермақан, сен ереженің қай тармағын бұзып отырсың» деп айттым. Сонда оқушы ережеге қарап, өз-өздерін мұғалімнің ескертуінсіз реттеп отырды.Кейіннен оқушылар ережені өздері пайдаланғандығын байқадым. Ары қарайғы топтық жұмыста оқушылар бір-бірін тыңдап, бірге жұмыс жасай білуді үйренді. «Бүгін топқа қалай бөлінеміз?» деген сұрақтарды оқшылардың аузынан есту маған жақсы көңіл күй сыйлап, жұмысыма деген сенімімді арттыра түсті. Сабақ соңында топ арасында бәсекелестік емес, достық-қарым қатынас пен жақсы көңіл күйді байқадым. Сырттай бақылап тұрған адамға сыныпта орнаған психологиялық ахуал сезіліп тұрады.Сыныптың топтық жұмысқа қызығушылығы арттқан сайын, әр сабаққа тиянақты дайындық, шеберлік қажет болды. Сабақ соңында оқушыларға рефлекция жасатып отырдым. Рефлекцияда оқушыларға топтың жұмыстың ұнағанын, кейбір оқушылардың өзіндік мені оянғанын жасса, енді біреулері бүгінгі сабаққа дұрыс қатыса алмадым, себебі постер қорғауға өз үлесімді қоса алмадым деп ашып жазған. Бұл менің тәжірибемен енген жаңалықтың бірі болды.

Жаңа сабақты меңгертуде де оң өзгерстер болды. Әр сабаққа мақсат құрып, күтілетін нәтижені анықтап, олардың барысында не арқылы бағаланатынын көрсетіп отырдым. Бұрынғы сабақтарымда оқушыларға сабақтың мақсатын айтпайтынбыз, қазіргі әдісім жаңа сабақты меңгерту жолдарына бағыт-бағдар беріп отыру. Мысалы : ертенгі өтетін сабағыммен таныстырып, алдын ала үйге беріп жібердім. Жаңа сабақ бойынша ізденіп келулерін тапсырдым. Жаңа сабақты оқушылар менің көмегімсіз жан-жақты ашып, өздері түсіндірді. Сабақтың мақсатын өздері құруға тырысты. Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше ізденуіне, жақсы нәтижеге жетуіне, бірігіп оқып үйренуіне үлкен септігін тигізді.

Топта жұмыс істеуде диологтік әдістің маңыздылығы өте зор екендігін сабағымда аңғардым. Мен осыған дейін баланың ойын еркін, ашық жеткізуіне мүмкіндік бермей кедергі келтіріппін. Орташа оқитын оқушыға сұрақ қойып, кідірсе, «басқа айтатындарың бар ма?» деп жақсы оқитын оқушылардан сұрап, орташа оқитын оқушыға ойлануға мүмкіндік бермеген кездерімде болды. Топтық жұмыста бұрынғы сабақта үндемей отыратын оқушыларым, постер қорғауда, сурет салу, құнды пікір айту, сыни тұрғыдан талдауда өздерін көрсете алды, өзіндік көзқарас пайда болды. Топтық жұмыстың тиімділігі тапсырмалар орындаған кезде көрініп тұрды. Әр оқушы өзінің де пікірі құнды екенін, топтың жетістігіне өзінің де үлес қосқанын сезінетіндігін, өзіне деген сенімділіктің артқаны байқалды. Топтық жұмыста әр түрлі бағалаудың түрлерін қолдандым.



Бағалау–«жақын отыру» деген мағына білдіреді. «Бағалау- одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин» [1., 56 ]. Тәжірибе барысында оқыту үшін бағалаудың бірнеше тәсілдерін үнемі, үзбей қолданып отырдым. Ондағы мақсатым оқушыларды өзіне- өзі баға қоюды шынайы түрде жүргізуге баулу, өзін басқа оқушының әрекетімен, қабілетті оқушының білімімен салыстырып, өзінің қаншалықты деңгейде білетіндігіне сыни көзқарастарын қалыптастыру, берілген білімді қалай қабылдау керектігін үйрету болды. Оқушылар үнемі топпен отырғандықтан топ басшысын өздеріне сайлатып, жұппен бағалатып және өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасадым. Топтардың бір-бірін бағалатуым жақсы көрініс берді. Оқушылардың іс-әрекетін мадақтап, қолдап, ынталандыруда «Екі жұлдыз бір пікір», «Басбармақ» әдістерінің тиімділігін сәтті шыққанынан байқадым. Нәтижесінде оқушылар топтың бірлесіп істеген жұмысының нәтижелі болуына атсалысып, белсенділіктері артты.

Өз тәжірибемізден осы қолданған топтық таныстырылымдар кейін оқушылармен жұмыста да тиімді болатынына көзімді жеткіздім. Топтық жұмыста оқушылар бір-бірінің қатесін тауып, түзетуде бір-бірімен қарым-қатынасқа үйренеді. Топтық, жұптық жұмыстар, диалогтік зерттеушілік, әңгіме-дебат әдістерінің тиімділігін байқадым. Бұл өзгерісті тәжірибеме енгізуім мен үшін жаңалығым болды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012 ж.






"Жаңа сабақ-жаңа әдіс" (баяндама)
  • География
Описание:

            Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деген еді. Ендеше бәсекеге қабілетті туған тілін, елін, жерін сүйетін, өз ойын еркін жеткізе алатын құзыретті тұлға тәрбиелеу-қазіргі заман талабы.

         Мектептегі басты тұлға мұғалім екендігі белгілі. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен ауыстыруға болмайтындығын халықаралық тәжірибелер көрсетіп отыр. Демек, мұғалім біліктілігі, бұл еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел ұстаздар ғана тәрбиелеп шыға алады. Және біздің бүгінгі жылдан-жылға алға басқан қоғамымыздың ең көкейтесті мұраттарының бірі болып отырған, білімді педагог кадрларды әзірлеу және қалыптастыру мәселері, соның ішінде ұстаздар біліктілігін жүйелі арттырып отыру жолдары енгізілуде. Заман ағымынан қалмай өз білімімді жетілдіру үшін 3 денгейлік бағдарлама курысынан мен де өтіп келдім. 

Автор Касымбаева Жанаргул Разхановна
Дата добавления 05.01.2015
Раздел География
Подраздел
Просмотров 913
Номер материала 35212
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓