5 А сынып Математика
Математикадан сыныптан тыс іс-шара "Қызықты сағат"
"Қызықты сағат"
Математикалық сайыстың мақсаты:
1. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу.
2. Математика
пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар: 5А сынып
оқушыларынан 2 команда(6 оқушыдан).
Командаға қажетті құралдар:
• Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж
• Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.
Ойын ережесі:
Ойынға 6 оқушыдан 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау. Турларда
әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер
команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды.
Команда
мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау
қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.
С Ц Е Н А Р И І
- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!
- Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
- Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле
отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және
мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.
- Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.
-
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
- Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте
ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп
сақталғаны жөн.
- Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма?
Жанкүйерлер, дайынсыздар ма?
- Сайысты бастайық!!!
-Енді
бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:
І. «
Алғырлар » тобы:
Ұраны:
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Шақырып жарыстарға сан-салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады!
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
Бір сыныпта оқимыз бәріміз де,
Достың сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұртың таңырқасын бәрі бізге.
« Тапқырлар » тобы:
Ұраны:
Жарыс десе жанамыз,
Осындай алғыр достар кез-келгенде,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
Құрметтеп алғырларды ой-саналы
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
1
ТУР
Капитандар сайысы
ІІ
тур. «Ұйқыашар» сайысы
ІІІ
тур. «Тіл-өнер сайысы»
ІV
тур. «Құпия сырын аш»
Оның
биіктігі 150м. Авторы-Норман Фостер.Ғимараттың іші бірнеше табиғи ландшафтпен
безендірілген. Ішінде аквапарк, бассейн, сауда ойын -сауық орталары бар. Бұл
не?
Жауабы: Хан-шатыр .
Оның
биіктігі 97м. Бұл ел ордасы Алматыдан Астанаға көшкен жылдың соңғы екі цифрына,
1997 жылға сәйкес келеді.Ол өзінің сыпайы сұлулығымен, сәулеттік сымбатымен
адамды тарта түседі. Ол металдан, әйнектен және темірбетоннан жасалған. Оның
үстінде жерден 77м биіктікте үстінгі ауданы 1553 шаршы метрге
тең Алтын шар орналасқан. Бұл не?
Жауабы: Астана –Бәйтерек кешені
V
тур. «Озық ойлы оқушы»
VІ
тур. «Ойлан, тап» (сөзжұмбақ шешу)
25
|
15
|
17
|
11
|
19
|
27
|
21
|
23
|
13
|
Сабақты
қорытындылау.
Қ.Рысқұлбеков
атындағы
№33
орта мектебінің
математика
пәнінің мұғалімі
Мусина
А. З.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.