Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Ынтымақты отбасы" ашық тәрбие сағаты

"Ынтымақты отбасы" ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Ынтымақты отбасы

Мақсаты: Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт- дәстүрі туралы білімдерін байқау.
Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,оқушыларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке ата аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге  тәрбиелеу.


Әдісі: Ата – аналар мен балалармен сайыс түрлері өтеді.
Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал- мәтелдер жазылған плакаттар. «Менің  отбасым» тақырыбындағы  шығармалар көрмесі  және слайдтар таныстырылады.

Барысы:

«Қарт пен бала әңгімесі»   (аңыз  әңгімеден  қойылым)

          Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:-

           Ата, мені де ала кетесіз бе?- дейді.

Қарт:-Балам, мен 47 мектепте болғалы жатқан «Ынтымақты отбасы » атты тәрбие сағатына  бара жатырмын. Сен әлі жассың, - дей бергенде:

Бала:- Ата маған сұрақ қойыңызшы, - деді бала.

Қарт:--Балам, үйдің алтын қазығы кім?

Бала:-Ата, үйдің алтын қазығы – бала.

Қарт:--Жоқ балам, үйдің алтын қазығы –АНА. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғанышың, інің сүйенішің, қарыңдасың қанатың екенін ұмытпа.

Бала:   Ата,  әке  сонда кім?

Қарт: «Әке-асқар тау,ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ»деген. Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.

 

 

 

 

Мұғалім: «Отбасы –шағын мемлекет » деген сөз бар. Ынтымағы келіскен,түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ –мемлекетіміздің құт берекесі. Атамыз қазақ  «Бала –адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы-бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.

Ана-бала, бала-ана бір ұғым

Бір –бірінсіз жоқ олардың бақыты

Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын

Екеуінің өтсін бірге уақыты

Ана –  бала көздің ақ пен қарасы

Бір-бірінсіз таусылмайтын шарасы

Әр ананы арманына жеткізер,

Әр баланың ақылы, ары санасы

дегендей бүгінгі сайысымызға оқушыларымыз ата- аналарымен келіпті.

Олай болса бүгінгі 5а сыныбында  өткізілгелі отырған «Ынтымақты отбасы» сайысына хош келдіңіздер.
Бүгінгі сайыскерлерімізді қош
аметпен ортаға шақырамыз.

1. Әмірхановтар   жанұясы.
2.   Рахимовтар   жанұясы.
3.  Төлеуішовтер  жанұясы.
4.  Жұмағұловтар   жанұясы.
Әділ қазы алқаларын таныстырып өтсек.
1. Ата – аналар комитеті  төрайымы   Тоғысова Айна
2.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары   Ботамқұлова А.Б
3. Бастауыш сынып  мұғалімі  Жетібаева Ж.


Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады.
І – бөлім . «Кел, танысайық!» Отбасы өз- өзін таныстыру

ІІ – бөлім. «Ойланайық, пікірлесейік» Сұрақтарға жауап беру, яғни жан – жақты білім деңгейін,  сөйлеу мәдениеті, ұлттық тәрбиені меңгеруін байқау.

III –  бөлім.  «Шешімін  тап»  видеоролик  талдау

IV–  бөлім. «Көңілді  сайыс»

V–  бөлім. «Халық тәлімі-тәрбие бастауы»(ситуациялық сұрақтар)

VI–  бөлім. «Өнерлінің  өрісі кең»

Сайыс түрлері бес балдық жүйемен бағаланады.

Мұғалім:

І бөлім.  Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.


ІІ – бөлім. «Бақытты отбасы қандай ? - деген    тақырыпқа  жоба  қорғау.

Сайыскерлерге плакат, фломастерлер  таратылып ойлануға  бес минут беріледі. Жанұяның бір мүшесі қорғайды.

Әділқазыларға  сөз беріледі
Мұғалім:

 «Мақал айтсаң –жол көрсеттің, мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» демекші, енді  залдағы ата аналармен  оқушылармен отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу ойыны  жүргізіледі.

Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,
Қайың жұрттың міншіл келеді.
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.
Тату үйдің тамағы тәтті.
Ана- бәйтерек, бала- жапырақ.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

Ағаның үйі – ақ жайлау.

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.
Қонақ жаман болса, үй иесі қыдырады,
Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.

Жақсы сөз сүйсіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.

Ата-балаға сыншы

 Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.

Ата-анаң бар болса, бала кезде жар болсын.

Атаңа не істесең, алдыңа сол келер

Атаңа не қылсаң ,балаң соны қылар

Ананың сүті бал, баланың тілі бал
  III –  бөлім. «Шешімін тап».  Сайыскерлерге «Бір келіншек және отбасы» бейнекөрініс  ұсынылады. «Бақытсыз отбасының » себептерін анықтау

ІV – бөлім. «Көңілді жарыс»
 А)
Әкелер ләңгі тебу    бір минут  уақыт  беріледі.

 Б) Аналар  «скакалка секіру » бір минут  уақыт  беріледі.

 В) Балалар «Менің отбасым» тақырыбында сурет салу екі минут беріледі.

Мұғалім:

Білем деме балам

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам ,

дүниеде жоқ шығар.

Көп білуге ұмтылған-

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған

Көп нәрсені тоқиды.-дей келе келесі тәлім-тәрбиесі мол сайысымызды бастаймыз.

Әділқазыларға  сөз беріледі .

Ата аналар туралы өлең тақпақтар айтылады.

V –  бөлім «Халық тәлімі-тәрбие бастауы» (ситуациялық сұрақтар)
1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
3.
Мектептен  келген балаңыз. «Мен ертең мектепке  бармаймын , апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4. Мектептен  келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін мектепте   ..... деп әңгімесін бастап жатыр еді. Мамасы : «Сенің де басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.

Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?

5. Әке мұғалім сізді мектепке келсін деді? Мен мұғалімге дөрекі сөйледім.

6. Ана мен математикадан есепті сіз шығарып берсеңізде екі алдым?Апай есеп дұрыс шығарылған деді

7. Әке, мамам мен ойнауға жібермей жатыр,сабағыңды оқы дейді.Мен оқи -оқы шаршадым,оқығым келсе де миыма қонбайды.Айтыңызшы мамама.

8.Мама, сыныптағы балаларда қымбат ұялы телефон бар , маған да алып берші .

Ата аналарға  сұрақтар  беріледі.

VI   – бөлім. «Өнерлінің өрісі кең» Өз өнерлерін көрсету.  (Топтың өнерін тамашалау ән ,би т.б.)

 Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатар жолында



Жүргізіуші: Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес,  жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз.

1.Қорытындылау

2.Марапаттаулар. Жүлделер:  “Ынтымақты  отбасы”

                                                      “Өнерлі  отбасы”

                                                      “Көңілді отбасы ”

                                                      “Салауатты  отбасы”

Мұғалім: Құрметті  ата аналар бүгінгі  мерекеге сынып  оқушылары  сіздерге  арнап “Анашым - әкем” әнін орындайды. (Хор)

Соңынан  оларға  жүрекке  жазған  тілектерін сыйлыққа ұсынады.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар,  оқушылар! Сіздер бүгін «отбасы сайысын» көріп тамашаладыңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке , ынтымақ тілеймін. Мектеппен жиі байланыста болыңыздар!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ынтымақты отбасы" ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Ынтымақты отбасы "  тәрбие сағаты

Бұл тәрбие сағатына сыныбымнан 4 отбасы қатысты. Олар:

 

 

 

1. Әмірхановтар   жанұясы.
2.   Рахимовтар   жанұясы.
3.  Төлеуішовтер  жанұясы.

4.  Жұмағұловтар   жанұясы.

Мақсатым: Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт- дәстүрі туралы білімдерін байқау.

Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,оқушыларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке ата аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге  тәрбиелеу.


Әдісі: Ата – аналар мен балалармен сайыс түрлері өтеді.
Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал- мәтелдер жазылған плакаттар. «Менің  отбасым» тақырыбындағы  шығармалар көрмесі  және слайдтар таныстырылды.

Тәрбие сағаты сайыс түрінде өтті.Соңында төмендегі жүлделер берілді: 

“Ынтымақты  отбасы”

 

 

 

                                                      “Өнерлі  отбасы”

                                                      “Көңілді отбасы ”

                                                      “Салауатты  отбасы”

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 146 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.12.2014 2107
    • DOCX 59.5 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бердибекова Аманкул Тастемировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 60735
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 799 человек из 74 регионов

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 21 региона

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов