Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ынтымақтастық және топтық жұмыстың тиімділігі" тақырыбында аудандық семинар өттік

"Ынтымақтастық және топтық жұмыстың тиімділігі" тақырыбында аудандық семинар өттік

Скачать материал

         

        

 

                                                               Оңтүстік Қазақстан облысы  

             Созақ ауданы

Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінің

                                    І деңгейлі сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі  

                                            Абиш Ақерке Қуандыққызы    

        

 

 

Ынтымақтастық және топтық жұмыстың  тиімділігі

 

Білекке сенген заманда

Ешкімге есе бермедік,

Білімге сенген заманда

Қапы қалып жүрмелік,-деп бабаларымыз айтып кеткендей күннен күнге қарыштап дамып бара жатқан әлемдік үдерістен шет қалмау үшін еліміздің білім беру жүйесін дамыту, жаңа сапалық деңгейге көтеру – бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.  Осыған орай Жыныс ауылындағы Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінде наурыз айының  5 күні Оқытудағы Кембридж  тәсілі  негіздерінің  аудандық  мектептер арасында желілік қоғамдастық құру, Кембридж ұсынып отырған бағдарлама жайлы мәлімет беру, оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы ХХІ ғасыр мұғалімінің өзгеру қажеттілігін мойындауға жетелеу, оқу-тәрбие үдерісінде   жаңа  әдіс-тәсілдерді  тиімді пайдалану арқылы білім беру мен білім алуды жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу мақсатында   «Ынтымақтастық оқу мен топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбында семинар өтті.    Семинарға  аудан мектептерінен 69 мұғалім келіп қатысты.

Суретте семинарға қатысушы әдіскерлер мен мұғалімдер тобы

       

           Семинарды аудандық әдістемелік кабинет  меңгерушісі Н.Дүйсенбек қатысушыларға сәттілік тілей отырып, ашып берді. Мектеп директоры Г.Момбекова қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі және бағдарлама бойынша бүгінгі семинарда көрсетілетін жұмыстарға шолу жасады. Ары қарай «Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыстың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап, мектептегі оқыту үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдердің қалай енгізіліп, оған мұғалімдердің қалай атсалысып жатқандығы туралы таныстырып өттім.Менің әріптесім ІІ деңгей бағдарламасын оқып келген бастауыш сынып мұғалімі М.Абилова өз деңгейі бойынша атқарып жатқан жұмыстары бойынша «Lessоn study. Іс-әрекеттегі зерттеу» тақырыбындағы таныстырылымын көрсетті.

        Семинардың негізгі бөлімі бойынша үлгі сабақтар көрсетілді. «Lessоn study» жоспары бойынша белгіленген үш деңгейдегі (А-жоғары, В-орта, С-төмен ) оқушыларды іс-әрекет барысында зерттеу мақсатында 8 «А» сыныбында тізбектелген үш сабақ, 4 «А» сыныбында екі сабақ  көрсетілді. Бұл тәлім алушылар математика пәнінің мұғалімі Г.Еспаеваның «Бізді қоршаған әлемдегі қызықты геометриялық фигуралар» тақырыбындағы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Р.Орынованың «Chokan Valikanov explorer» тақырыбындағы, ІІІ деңгейлі сертификатталған химия пәнінің мұғалімі Н.Кекілованың «Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы» тақырыбындағы, тәлім алушы бастауыш сынып мұғалімі Э.Қалмұратованың дүниетану пәнінен «Туыстық қатынастар» тақырыбындағы, ІІ деңгейлі сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі М.Абилованың қазақ тілі пәнінен «Сан есім» тақырыбындағы сабақтары.  І деңгейлі сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі А.Абиш 1 «Ә» сыныбында математика пәнінен «Есептер шығару» тақырыбында,

ІІ деңгейлі сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі М.Абилова ана тілі пәнінен «Әдепті бала» тақырыбында, ІІІ деңгейлі сертификатталған мұғалімдер қазақ әдебиеті пәнінен Б.Мырзабекова 7 «А» сыныбында С.Мұратбековтың «Жусан иісі» тақырыбында, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Шоңғараев «Валейбол ойынының ережелері» тақырыбында, бастауыш сынып мұғалімі Ж.Тойбаева 3 «А» сыныбында қазақ тілінен «Етістікті қайталау» тақырыбында,

 

 

 

тәлім алушылар бастауыш сынып мұғалімі Ұ.Бердісүгірова математика пәнінен  4 «Ә» сыныбында «Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу» тақырыбында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Аққұлиева қазақ әдебиетінен 10«А» сыныбына «Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында ашық сабақтар өтті.

       Ашық сабақтар аяқталған соң  коучингтер өткізілді. Жоғарғы сынып мұғалімдерімен «Сын тұрғысынан ойлау арқылы сыни ойлауын жетілдіру» тақырыбында І деңгейлі сертификатталған желілік қоғамдастықтың мүшесі,  І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта  мектебінің  директоры  Ш.Өмірбекова, ал мен бастауыш сынып мұғалімдерімен «Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыстың тиімділігі» тақырыбында өткіздім. Коучингтерден мұғалімдер жаңа форматтағы оқыту тәсілдері жайлы біршама мәліметтер алып, шеберлік қорларын толықтырды деп ойлаймын. Семинар соңында аудандық білім бөлімінің бас маманы  Ж.Төлегенов пен  әдіскер З.Бөкенова семинарды ұйымдастырған мектеп ұжымына алғысын білдірді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай: «Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білу» үшін мектеп оқушыларының терең білім алып,  саналы да саламатты болып шығуына бұл семинардың қосар үлесі мол болды.

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семинар  «Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?» деген тақырыптағы коучингтен басталды. «Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Неліктен біз олардан қажырлы еңбек етуді, ескіше көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды  сұраймыз?Себебі - алғашқыда мұғалімдікке неліктен келген болсаңыз, сол себепті өзгересізСіздің табыс көзіңіз ешқашан жай жұмыс болған емескөбіне ол миссия, міндет, сондықтан сіз өзгересіз. Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішіненмұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен сіз өзгересіз. Неліктен өзгеру қажет? Себебі мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және  танымалдықтан да артық екендігін ұғынып, мұғалім болу туралы шешім қабылдадыңыз. Сіз істегендеріңіздің ұзақ нәтижесі бар екенін білесіз. Әлем өзгергендіктен, сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан да өзгеру қажет екендігіне мұғалімдердің көзі жетті. Абиш Ақерке семинарға қатысушы мұғалімдерге өзі оқып келген Деңгейлі бағдарламаның  барлық мұғалімдердің оқыту тәжірибесін өзгерту үшін НЕ істеу қажеттігі мен осы өзгерістерді ҚАЛАЙ енгізу керектігі туралы негізгі идеяларымен таныстырды.

Сондай-ақ өз мектебіміздегі осы өзгерістердің алғашқы қадамдары қалай жүргізіліп жатқандығы туралы да айта келіп, атқарылып жатқан жұмыстардың дәлелі ретінде жинақталған құжаттарға шолу жасады. Бұдан ары бірнеше сыныптарда жаңаша әдіс-тәсілдермен жүргізіліп жатқан оқыту тәжірибелерінен көрініс ретінде ашық сабақтар көрсетілді. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімі М.Абилованың, ағылшын тілі мұғалімі Р.Орынованың, математика пәнінің мұғалімі Г.Еспаеваның, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Шоңғараевтың сабақтары жоғары бағалауларға ие болды. Семинардың соңында І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі мен  Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі арасында «Сүгір Әліұлы» желілік қоғамдыстығы  құрылды. Қоғамдастықтың мақсаты екі мектептің мұғалімдерінің арасында тәжірибе алмаса отырып, сабақ берудегі жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану деңгейін арттыру және сол арқылы құзіретті, рухани-адамгершілігі мол, қоғамда өзін анықтай алатын тұлғаны қалыптастыру жолында бірлесе жұмыс жасау болды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай: «Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білу» үшін мектеп оқушыларының терең білім алып,  саналы да саламатты болып шығуына бұл семинардың қосар үлесі мол болды.

 

 

 

 

          

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ынтымақтастық және топтық жұмыстың тиімділігі" тақырыбында аудандық семинар өттік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

Ынтымақтастық және топтық жұмыстың  тиімділігі

 

Білекке сенген заманда

Ешкімге есе бермедік,

Білімге сенген заманда

Қапы қалып жүрмелік,-деп бабаларымыз айтып кеткендей күннен күнге қарыштап дамып бара жатқан әлемдік үдерістен шет қалмау үшін еліміздің білім беру жүйесін дамыту, жаңа сапалық деңгейге көтеру – бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.  Осыған орай Жыныс ауылындағы Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінде наурыз айының  5 күні Оқытудағы Кембридж  тәсілі  негіздерінің  аудандық  мектептер арасында желілік қоғамдастық құру, Кембридж ұсынып отырған бағдарлама жайлы мәлімет беру, оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы ХХІ ғасыр мұғалімінің өзгеру қажеттілігін мойындауға жетелеу, оқу-тәрбие үдерісінде   жаңа  әдіс-тәсілдерді  тиімді пайдалану арқылы білім беру мен білім алуды жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу мақсатында   «Ынтымақтастық оқу мен топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбында семинар өтті.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 104 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2014 708
    • DOCX 9.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әбіш Ақерке Қуандыққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әбіш Ақерке Қуандыққызы
    Әбіш Ақерке Қуандыққызы
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 8
    • Всего просмотров: 13547
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе