Главная / Другое / "Құқық негіздері" пәні бойынша ОӘК

"Құқық негіздері" пәні бойынша ОӘК



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РИДДЕР АГРАРЛЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

0510000«Іс қағаздарын жүргізу және мұра ғаттану» мамандығы бойынша

«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ»

пәнінен

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ






Жалпы гуманитарлық пәндер

комиссиясының отырысында бекітілген

Хаттама № « » 2011ж

Комиссия төрайымы

Л.И.Разживина



Әзірлеген: оқытушы Ж.Б.Шегирова



Риддер, 2011



Шегирова Ж.Б. 0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша «Құқық негіздері» пәнінен өздігінен білім алуға арналған оқу әдістемелік құралы / Риддер қ., 2011ж

________________________________________________________________

Осы оқу әдістемелік құрал 0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша 2 курс күндізгі оқу бөлімінің білім алушыларына дәрістік сабақтарын ұйымдастыруға және өздігінен білім алуға көмек көрсету құралы қызметін атқарады.

Оқу жоспарының болуы, пәннің әдістемелік және мазмұндық қамсыздануы, дәрістердің болу, білімін тексеруға арналған сұрақтар мен тесттер пәнді меңгеруді жеңілдетеді.

________________________________________________________________


Риддер аграрлы – техникалық колледжінің жалпы гуманитарлық пәндер комиссиясының отырысында бекітілген

20___жылғы « » хаттама


________________________________________________________________









Мазмұны



1

Әдістемелік нұсқама

4

2

Пәннің тақырыптық жоспары

6

3

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

7

4

1 сабақ «Мемлекет пен құқықтың пайда болу тарихы»

8

5

2 сабақ «Құқық түсінігі, жүйесі, көздері»

13

6

3 сабақ «Конституциялық құқық. ҚР Конституциясының негізгі қасиеттері»

18

7

4 сабақ «Әкімшілік құқық»

22

8

5 сабақ «Азаматтық құқық»

29

9

6 сабақ «Азаматтық мәмілелер»

35

10

7 сабақ «Еңбек құқығы»

42

11

8 сабақ «Қылмыстық құқық»

46

12

9 сабақ «Отбасылық құқық»

51

13

10 сабақ «Экологиялық құқық»

68

14

11 сабақ «Кәсіпкерлік құқық»

79

15

12 сабақ «Халықаралық құқық»

87

16

Бақылау сұрақтары

96

17

Тест сұрақтары

98

18

Глоссарий

104










ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА


Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, біліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар матриалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пне құқық туралы оқып білу, адамның әлеуметтені, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің, құқықтық санасының, құқықтың мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.

Қазақстан мемлекеті – бүгінгі таңда президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық мемлекет. Қоғамның демократизациялануы, яғни құқықтық мемлекетті құруға бағыт жастар арасында құқықтық сананың қалыптасуынан және көптеген жылдар бойы адамзатпен жинақталған құқықтық құндылықтарды терең зерттеуден басталады.

Курстың мақсаты:

- студенттерді құқық әлеміне жетелеу;

- алуан түрлі оқыту тәсілдерінің көмегімен студенттерге мемлекет және құқық, мемлекеттік- құқықтық құбылыстар мен үрдістер , әр түрлі құқық салалары туралы қажетті білім беру;

- студенттердің саяси және құқықтық мәдениетінің қалыптасуына ықпал жасау;

- студенттердің өз құқықтарын біліп, заң талаптарын орындап құқықтық мемлекет құруға белсенділіктерін арттыру


Пән туралы түсініктемесі болуы тиіс:

  • Мемлекет пен құқықтың пайда болу тарихы туралы;

  • Құқықтың қолдану саласы туралы;

  • Адамдардың құқықтары туралы жалпы декларациясы туралы;

  • Конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, қылмыстық, отбасылық, экологиялық, кәсіпкерлік, халықаралық құқықтарының қарастыратын мәселелері.


Білуі тиіс:

- мемлекет пен құқықтың туындау, дамуы және қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын;

- құқық түсінігін, жүйесі мен көздерін, ұғымдарын, олардың әлеуметтік маңызын;

- ҚР Конституциясының негізгі қасиеттерін;

- заңды мінез-құлық, заң бұзушылық, жауаптылық ұғымдарын


Істей білуі тиіс:

- арнайы әдебиеттермен еркін жұмыс істеу (Кодекстермен);

- кез келген баптың диспозиция, гипотеза, санкциясын табу;

- құқықтық санаттармен ойлау;

- қазіргі кезеңдегі алуан түрлі қоғамдық - саяси құбылыстарға еркін талдау жасау.

- өз еркімен нақты жәйттер бойынша құқықтық санаттарды, негізгі институттарды қолдана отырып, зерттеудің арнайы амал, тәсілдерін пайдалана отырып мемлекеттік - құқықтық құбылыстарға дұрыс баға беріп ойлану.


Дайындалу бойынша нұсқаулар:


  • Ұсынылған жоспар бойынша тақырыпты таңдаңыз;

  • Сабақтың мақсатын оқып соған қарай білім алуға тырысыңыз;

  • Жоспар бойынша тақырыпты оқып шығыңыз;

  • Тақырып бойынша нені білу керектігін анықтаңыз;

  • Жиі қолданылатын терминдер мен сөздерге назар аударыңыз;

  • Дәрістің соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз





Пәннің тақырыптық жоспары





Бөлімдер мен тақырыптардың атаулары

Наименование разделов и тем

Оқу уақытының (сағат) саны

Количество учебного времени (час)

Барлығы

Всего

Соның санында:

В том числе:

Теориялық

Теоретических

Тәжірибелік

Практических

1

Мемлекет пен құқықтың пайда болу тарихы

2

2


2

Құқық түсінігі, жүйесі, көздері

2

2


3

Конституциялық құқық. ҚР Конституциясының негізгі қасиеттері

2

2


4

Әкімшілік құқық

2

2


5

Азаматтық құқық

2

2


6

Азаматтық мәмілелер

2

2


7

Еңбек құқығы

2

2


8

Қылмыстық құқық

2

2


9

Отбасылық құқық

2

2


10

Экологиялық құқық

2

2


11

Кәсіпкерлік құқық

2

2


12

Халықаралық құқық

2

2



Барлығы

24

24












Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Нормативтік-құқықтық актілер:

  1. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы (1948)

  2. Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы Декларациясы (1966)

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы (30.08.1995)

  4. Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы Заңы, 1998ж

  5. Қазақстан Республикасының кәсіпкершілік туралы Заңы, 1998ж

  6. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы Заңы, 1991ж

  7. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заң, 28.09.95ж

  8. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі

  9. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (1999ж)

  10. Қазақстан республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі (1999)

  11. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі

  12. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі , 13.12.1997ж

  13. Қазақстан Республикасының еңбек кодексі (2007)

Негізгі әдебиеттер:



    1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Оқулық. Алматы. Жеті жарғы , 1999ж

    2. Ибрагимов Х.Ю. ҚР Әкімшілік құқығы . Алматы: «Данекер», 2000ж

    3. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998- 192 бет.

    4. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Г.Ф.Поленов, Алматы, 1999ж

    5. Таранов А.А. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауапкершілік.–Алматы. Жеті Жарғы, 1997, 110б

    6. Литовченко Л.Г. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы.

    7. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Оқу құралы ( жалпы бөлім) – Алматы: «Данкер», 1999ж

    8. Ө.Қопабаев, Қ.Айтқожин, Н.Қыдырқожаева. Құқық негіздері. Оқулық.. Алматы: «Мектеп» , 2006ж



1 сабақ

Тақырыбы: Мемлекет пен құқықтың пайда болу тарихы

Мақсаты: Мемлекет пен құқықтың пайда болуы теориялары, одан әрі дамуы туралы білім алу

Түсінігі болуы тиіс:

Алғашқы қауымдастық, ежелгі адамдардың қарым-қатынастары туралы;

Мемлекет пен құқықтың даму жолдары туралы.



Білуі тиіс:

Мемлекет, құқық ұғымын:

Мемлекеттің пайда болу теорияларын

Құқықтың пада болу теорияларын



Қолданылатын терминдер мен сөздер: мемлекет, құқық, даму, алғашқы қауымдастық,

Тақырыпты оқу жоспары

  1. Мемлекет пен құқықтың пайда болу

  2. Мемлекеттің пайда болуы мен дамуы.

  3. Құқықтың дамуы



Тапсырма : сұрақтарға жауап беріп , дәрісті мазмұндаңыз

1. Мемлекет пен құқықтың пайда болу


Мемлекет пен кұкық әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты. Ғылыми болжам бойынша, жер шары бұдан 4—5 миллиард, алғашқы адамдар мөлшермен 2 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын ең ежелгі адамдар бұдан 1 млн. жыл бұрын коныстана бастаған деген деректер бар. Біздің заманымыздан 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы адамдардың, яғни біздің ата-бабамыз деп болжалатын «ақылды адам» (хомо сапиенс-homo sapiens) қалыптасуы аяқталды. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздан бұрынғы 4-5 мың жылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үңдістанда, Қытайда дүниеге келді. Сонда 35 мың жыл аралықта адамдар мемлекетсіз өмір сүрді деген болжам айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда адамдардың қандык туысқандық белгілері мен бірігіп еңбек ету, өмір сүру әрекетінің негізіңде, тобыр, топ

болып өмір сүрген, мемлекеттің пайда болуына дейінгі аралық алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде мемлекет пен құқық әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынас жасы үлкеңдердің, туысқаңдардың, көсемдердің, ру, тайпа басшыларының, ақсақалдар кеңесінің беделімен, ықпалымен реттеліп отырылды.

Мемлекеттің пайда болу үрдісінің негізінде адамдардын қажеттіліктерді қанағаттандырудан туындайтын іс-әрекеттерінің сан түрге бөліну және көбею заңы жатыр. Еңбекті не іс-әрекеттің осындай сан-салаға таралуы қоғамдағы адамдар арасындағы еңбек бөлінісіне, кәсіптің қалыптасуына, мамандықтың тууына, біліктіліктің, дағдының, әдеттің, ептіліктің, іскерліктің, шеберліктің, машыктылықтың жетілуіне әкелді. Осының нәтижесінде еңбектің белгілі бір түрімен айналысатын адамдардың үлкен топтары калыптаса бастады (аңшылар, малшылар, егіншілер, қолөнершілер т.б.). Адамдар арасында әлеуметтік тенсіздік біртіндеп ұлғая түсіп, коғам барынша күрделеніп оны басқаруды қалыптастырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің, бай мен кедей сияқты таптардың қалыптасуы, көшпеліліктен отырыкшылыққа ауысу, аумақтың анықталуы сияқты құбылыстар мемлекеттің пайда болу қажеттілігін туғызды. Жоғарыда айтылған әлеуметтік факторлармен қоса мемлекеттің пайда болуының демографиялық, психологиялық, антропологиялық, геосаяси, жағрапиялық, этникалық т.б. сияқты факторлары бар.


  1. Мемлекеттің пайда болуы мен дамуы.


Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:

1)    Малшылық

2)    Жер игеру

3)    Өндірістік

4)    Саудагерлер тобы

Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

         Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.

         Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:

1.   Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:

         1) Ірі су каналдарын жасау;

         2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;

         3) Құрғақшылықпен күресу.

Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.

Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:
-     ірі ирригациялық жүйелерді жасау;

-     оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;

-      барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады.

Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.

Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.

Афины мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.

Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты.

Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.




  1. Құқықтың дамуы


Құқық екі жолмен дамыды.

Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.

         Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

         Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

         Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. (Форма Аквинский)

         Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.

         Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

         Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы – монарх. (Аристотель, Конфуций)

         Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.

Шартты теория - халық пен оны басқарушылардың арасындағы азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, кауіпсіздігін қорғау, бірлікте,татулықта туру туралы келісім шарт жасасудың нәтижесінде пайда болды деп есептейді (Т,Гоббс,Ж.Ж.Руссо)

Марксистік теория б-ша мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің және бір -біріне қарама қайшылықтағы таптардың шығуынан пайда болды дейді( К.Маркс, Ф.Энгельс)

Зорлық,күштеу теориясы б- ша мемлекет өзінің ішінде руларды, тайпаларды, тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында мәжбүрлеу, күштеу әдістерін қолданады, сөйтіп күштеудің арқасында мемлекет пайда болады дейді(Л.Гумплович, Е.Дюринг)

Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі  “әдет”  заңына бағынып келген.

Құқықтық норма ұғымы. Норма дегеніміз – бір қатынасты ретеп, басқаратын ереже.

Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

         Құқықтық нормалардың белгілері:

1.    Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісін

Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.

3.    Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.

4.    Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

5.    Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.


Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.



Сұрақтарға жауап беріңіздер:


  1. Ғылыми болжам бойынша алғашқы адамдар жер бетін неше жыл бұрын мекендеген?

  2. Мемлекеттің пайда болу теорияларын атағыз

  3. Құқықтың пайда болуы немен тікелей байланысты?

  4. Құқықтың жаму жолдарын атаңыз




2 сабақ


Тақырыбы: Құқық түсінігі, жүйесі, көздері


Мақсаты: Құқықтың негізгі ұғымдары мен санаттарымен танысу, құқық туралы жалпы түсініктеме алу


Түсінігі болуы тиіс:

Құқықтың белгілері туралы;

ҚР қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің сатысы туралы.


Білуі тиіс:

  • Құқық ұғымын;

  • Құқық салаларын;

  • Құқық инстиуттарын;

  • Құқық нормаларын;

  • Құқықтың қайнар көздерін;

  • Заң мен заңға негізделген актілерді.


Қолданылатын терминдер мен сөздер: құқық, құқық жүйесі, нормативтік құқықтық акт, заң


Тақырыпты оқу жоспары

  1. Құқық түсінігі, белгілері

  2. Құқықтың жұйесі

  3. Құқықтың қайнар көздері (негіздері)


Тапсырма : дәрістің соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз және берілген нормативтік құқықтық актілерді сатысы бойынша орналастырыңыз


Дәріс


1.Құқық түсінігі, белгілері


Құқық - қоғамдык катынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, камтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формальды аныкталган заңдык нормалар жүйесі.

«Құкықты кім жасайды және ол кімге кызмет етеді?» деген сұраққа жауап беруге талпынудан құқықтың мәні білінеді. Қүқыктың мәнін түсіндірудін екі жолы қалыптаскан: таптык,, жалпыәлеуметтік. Кұқыктың таптық мәні - құкыкты қоғамдағы экономикалық жағынан басым, үстем болып отырған таптың еркі деп түсіну. Кұқықтың жалпыәлеуметтік мәні - құкықты коғамды ұйымдастырып,

татулықта, бірлікте ұстап отырған және адамдардың барлык топтарынын еркі деп түсіндіру.

Кұқықтың белгілері жалпы және ерекше болып екі топқа бөлінеді. Құқықтың жалпы белгісіне мемлекеттің-тарихи табиғаты жатады, яғни кұкық белгілі бір тарихи кезенңнін, накты бір коғамдық қатьшастардың жемісі. Құқықтың ерекше белгілері: нормативтілігі, жүйелілігі, жалпы міндеттілік сипаты, формальды айқындылығы, рәсімділігі, бір тұлғаға ғана бағытталмағандығы, бір әрекетті еместігі, мемлекетпен байланыстылығы.

Құқықтың нормативтілігі дегеніміз рұқсат берудін, тыйым салудың және міңдеттеудің шегін аныктайтын құқық нормасында мінез-құлықтың жалпы көлемін бекіту.

Құқық тек кана карапайым нормалардың жиынтығы емес, керісінше бір-бірімен тұтас байланыстағы мінез-құлық ережелерінің жиынтық жүйесі. Аталған жүйенің негізін баптарына баска зандар мен құқыктық нормалар баптары карама-кайшы келмейтін Конституция немесе басты зандар құрайтын байланысты құқықтың жүйелілігі деп айтамыз.

Құқықтың жалпы міндеттілік сипаты, онын нормаларының талаптарын коғамнын барлык мүшелері еріктерімен сақтап, орындауға тиістілігінен көрінеді.

Құқықтың нормалары мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде бекітіледі, яғни формальды түрде айқындалады.

Құқықтық нормативтік актілердің, заңдардын кабылдану, іске асырылу және орындалу тәртібінің белгіленген рет-жосыктылықпен реттелуі құқықтың рәсімділігі деп аталады.

Қүқық тек бір гана тұлга емес, адамдардын үлкен топтарының, халыктың, ұлттың, тұрғындардың ортақ мүдделерін іске асыруға, күкыктарын корғауға бағытталуы оның келесі ерекшелігіне жатады.

Құкыктын нормалары бір сәттік емес, керісінше өзінін күшін жойғанша үнемі күшінде болатындығы құқықтың бір әрекетті

емес белгісіне жатады.

Құқықты мемлекет белгілеп, айкындайтындықтан, ол тек кана

мемекетпен тығыз байланыста болады.


2. Құқықтың жұйесі


Құқық бөлшектерінің ұйымдастырылу және өзара байланысу тәртібін көрсететін ішкі құрылымын құқықтың жүйесі деп атаймыз.

Құқық жүйесі төмендегідей бөлшектерден тұрады:

  • Құқық салалары – өзінің сипаты жағынан бірдей болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың барынша іріленген жиынтығы (конституциялық, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық, экологиялық)

  • Құқық институттары – құқықтың белгілі бір саласының шеңберіндегі нормалардың жиынтығы (сайлау институты, меншік институты, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату институты)

  • Құқық нормалары – нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі (диспозиция, гипотеза, санкция)


3. Құқықтың қайнар көздері (негіздері)


Жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген, мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс-құжатты нысанда көрінетін нормалардың жиынтығы құқықтың дерек (қайнар) көздері деп аталады. Құқықтың дерек көздерінен құқықтың нысандарын (формаларьн)айыра білу керек. Біріншіден, құқықтың дерек көздері әрқашан құқыктық нысан түрінде институттал-ған, ал құқық нысаны құқық шығару (құқык кабылдау) іс-әрекетінің нәтижесі. Екіншіден, адамдардың мінез-кұлығын құқықтың нысанына сіңген құқық ережелері анықтайды, реттейді.

Құқық негіздерін: материалдық, идеалдық және заңдық деп жіктейді.

Материалдық құқықтық негіздер – мұның тамырлары қоғам дамуының объективтік мұқтаждықтарында, экономикалық қатынастарында жатады.

Идеалдық құқықтық негіздер – бұларға заң шығарушының қоғам дамуы мұқтаждықтарын идеологиялық тұрғыдан жете түсінуі жатады

Заңдық құқықтық негіздер – бұған мемлекеттің өзі шығарған немесе таныған, сөйтіп оларға жалпыға бірдей міндетті ресми –құқықтық түр беріп, баянды еткен құқық нормалары жатады.

Заң әдебиетінде төменгідей құқық негіздері атап көрсетіледі.

Құқықтық дәстүр (құқықтық әдет-ғұрып)

Нормативтік кесім

Соттық үлгі (сот преценденті)

Шарт (соның ішінде әкімшілік)

Сот практикасын байыту

Ғылыми құққытық доктрина


Құқықтық әдет-ғұрып – құқық нысандарының ежелгілерінің бірі, ол- ұзақ мерзімдік қайталанулар барысында дағдыға айналған, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын мінез-құлық ережелері («кекті қанмен жуу», «жанға-жан», «қанға-қан»)

Сот үлгі ісі (сот прецеденті)- мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті күші бар деп мән берген, ұқсас істерді шешуде үлгі бола алатын, соттың нақты іс бойынша қабылдаған шешімі.



Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп жақтардың жасасқан шешімі. Мұның өзі жалпыға бірдей міндетті болады және мемлекет кұшімен кепілдендіріледі.


Нормативтік-құқықтық акт – мемлекеттің құзырлы органдары қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті заңды нормалары болатын ресми құжат. Нормативтік-құқықтық актілер заңдылық күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер деп бөлінеді


Заң- ең жоғары заңдылық күші бар нормативтік-құқықтық акт, мұны заң шығарушы ең жоғарғы орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды

Заңдар конституциялық және ағымды болып жіктеледі.

Заңға негізделген нормативтік-құқықтық актілер – мемлекеттік атқарушы-орындаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар заңды орындау мақсатында қабылданады.

Заңдар:

  1. Конституция

  2. Конституциялық заң

  3. Жай заңдар

  4. Заңды күші бар жарлықтар


Заңға негізделген актілерге жататындар:

  • Президенттің Жарлықтары;

  • Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;

  • Министірліктер, ведомстволар, комитетердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы, бұйрықтар;

  • Жергілікті атқару органдарының нормативтік актілері;

  • Жергілікті нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелерінің актілері.


Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің сатысы.

  1. Конституция – жоғарғы күші бар заң

  2. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар

  3. ҚР Конституциялық заңдары мен Қр Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтары;

  4. ҚР Кодекстері

  5. ҚР Заңдары, ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары;

  6. ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;

  7. ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары;

  8. ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;

  9. Министірлер мен орталық мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық бұйрықтары, қаулылары;

  10. Мәслихаттар, әкімдектер мен әкімдердің нормативтік құықтық шешімдері


Сұрақтарға жауап беріңіз:


1. Құқық дегеніміз не? Қандай құқықтарды білесіздер?

2. Заң дегеніміз не? Мысал келтіріңіз

3. Құқықтың саласына мысал келтіріңіз

4. Құқықтың дерек көздерін атаңыз

5. Сот үлгісі дегеніміз не?


Берілген заңдарды заңдылық күшіне қарай орналастырыңыздар

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2005ж

  2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңы. Алматы: Юрист, 2005ж

  3. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық Заңы. Алматы: Юрист, 2005ж

  4. ҚР Азаматтық Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсанындағы №269 –ХІІІ (Жалпы бөлім) . Алматы: Юрист, 2005ж

  5. Әкімшіілк құқықы бұзушылық туралы қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155- ІІ Кодексі. Алматы: Юрист, 2005ж

  6. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы күрес туралы» ҚР 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-І Заңы . Алматы: Юрист, 2005ж

  7. ҚР Президентінің «Алкоголизм, нарокмания және токсикология ауруларымен ауратындарды күштеп емдеу» туралы 1999 жылғы 7 сәуірдегі жарлығы

  8. ҚР Үкіметінің «Қол жүктерін, ауыр жүктерді, почта, ұшақ борттарындағы жлаушылардың өздерін жеке тексеруден өткізу кезіндегі бақылау тәртібі» туралы 1996 жылғы 10 маусымдағы Қаулысы






3 сабақ

Тақырыбы: Конституциялық құқық. ҚР Конституциясының негізгі қасиеттері


Мақсаты: Конституциялық құқық негіздерімен танысу. Негізгі ұғымдарды түсіну, Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері, сайлау жүйесі, ұғымы , қағидаттары, сайлау органдары туралы білім қалыптастыру


Түсінігі болуы тиіс:

Конституциялық құқықтың маңызы мен рөлі туралы;

Адамның конституциялық құқықтары туралы.


Білуі тиіс:

  • Конституциялық құқық ұғымын;

  • Конституция ұғымын ;

  • ҚР Контситуциясының қалыптасу кезеңдерін;

  • ҚР сайлау жүйесін.


Қолданылатын терминдер мен сөздер: Конституция, мемлекет, егемендік, сайлау жүйесі, адам құқықтары


Тақырыпты оқу жоспары

  1. Конституциялық құқық : ұғымы, пәні. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. ҚР қоғамдық құрылымының конституциялық негіздері

  3. ҚР сайлау жүйесі, ұғымы, қағидаттары, сайлау органдары


Тапсырма : дәрістің соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз


Дәріс

    1. Конституциялық құқық : ұғымы, пәні. Қазақстан Республикасының Конституциясы

Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдык катынастар маңызды болғандыктан, конституциялық кұкық, Қазақстан күқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституииялык кұқық коғам мен мемлекет құрлысының негізгі кағидаларын құкықтық формада бекітеді; екіншіден, конституциялык қүкык барлык қоғамдық үрдістерді баскарудың жалпы негіздерін аныктайды; үшіншіден, конституциялык құқықтың нормалары қүкықтық актілердің түрлерін, оларды

қабылдайтын органдарды, актілердің заңдық күштерінің ара салмағын аныктайтындықтан, конституциялық құқыктын нормалары құқықтық жасалу үрдісін реттейді.

Конституциялык құқык ғылымы коғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарынын қүрамдас бөлігі. Конституциялык құқық ғылым болғандыктан онын өзіне тән оқытылатын пәні, зертгейтін объектісі, әдісгері, деректік негіздері бар.

Конституциялык құқық тұлғанын құқық мәртебесі мен Қазақстан Республикасы мемлекетгік құрылысын реттейтін күкықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың саласы. Сондықтан мемлекеттің құрылымына, адам мен мемлекет арасындағы катынасқа, мемлекеттік билікті іске асыру мен ұйымдастыруға байланысты қоғамдык қатынастар конституциялық құқыктың оқытатын пәні.

Конституциялық құқықтың әдістері:

1) міндеттеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі; 3)руқсат беру әдісі; 4) мойындау әдісі.

Сонымен, конституциялық құқық дегеніміз Казақстан Республикасы конституциялык құрылысының, адам мен азаматтың мәртебесінің, мемлекет кұрылымының, мемлекеттік билік органдары жүйесінін, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқарудың негіздерін реттейтін, құқық нормаларының жиынтығынан тұратын құқыктың бір саласы.

Қазақстан Республикасы Конституциясы.

Конституция латыншадан соnstitutio — аударғанда бекіту, орнату деген мағына береді.

Заң ғылымында Конституцуия деп мемлекет пен адамның, азаматтардың өзара қатынастарын, мемлекеттік органдар жүйесінің ұйымдастырылуы мен іс-әрекетін, қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік құрылымды бекітетін жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.

Конституцияның қалыптасу кезеңдері

Бірінші кезең – 24 сәуір 1990жыл

Конституциялық сипаттағы ең алғашқы акт 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР –нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация болды

Екінші кезең – 1991 жылғы 10 желтоқсан

Үшінші кезеңі – 1993 жылғы 28 қаңтар

Төртінші кезеңі – 30 тамыз 1995 ж

Бесінші кезең – 7 қазан 1997 жыл

Алтыншы кезең - 21 мамыр 2007 ж



  1. ҚР қоғамдық құрылымының конституциялық негіздері

Әр мемлекеттің өзіндік ерекшелігін көрсететін мемлекеттік құрылысы болады. Мемлекеттің құрлысы Конституцияда бекітіліп заңдылық күшке ие болады

Конституциялық құрлыстың бөлшектері:

  1. Егемендік

  2. Басқару түрпішіні

  3. Халықтық билік

  4. Мемлекттің зайырлы сипаты

  5. Құқықтың үстемдігі

  6. Мемлекеттің әлеуметтік сипаты

  7. Бірыңғай (унитарлық) мемлекет

  8. ҚР идеологиялық және саяси әралуандылық мойындалады

  9. ҚР Конституциясы адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат құндылық деп мойындайды

Конституция бойынша ҚР ең басты құндылығы адам, оның құқықтары, бостандықтары, мүдделері.

Адамның құқығы – өмір сүру, еркін болу, бақытқа ұмтылу, жеке басына қол сұқпау секілді адам туғанда бірге пайда болатын, жаратылысты, ажырамас құқықтар мен бостандықтар жиынтығы

Адамның құқықтары:

  • Жеке бастарының құқықтары ( өмір сүруге 15б, жеке бас бостандығына 16б , қадыр-қасиетіне қол сұқпауға 17б, жек өміріне, өзінің және отбасының құпиясына, абыройы мен ар-намысына қол сұғып, атына кір келтірмеуге 18б, сөз және шығармашылық бостандығына 20б, көшіп-қону, тұратын жерін таңдау бостандығы 21б ар-ождан бостандығына 22 б, тұрғын үйге қол сұғылмайды 25б

  • Саяси құқықтар мен бостандықтар ( бірлесу бостандығы 23б, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, шерулер өткізуге 32б, мемлекеттік басқару існе араласуға 33б, саулау және сайлануға)

  • Экономикалық құқықтар мен бостандықтар(меншік құқығы 26б, мұрагерлік құқық, кәсіпкерлік іс-әрекет еркіндігі)

  • Әлеуметтік құқықтар ( тынығу құқығы 24б, неке, отбасы, ана мен әке және баланың қорғалу құқығы 27б, әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы 28б, денсаулық сақтау құқығы 29 б, білім алу құқығы 30б

  • Мәдени құқықтар (19б – ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар)






  1. ҚР сайлау жүйесі, ұғымы, қағидаттары, сайлау органдары

Сайлау жүйесі дегеніміз сайлау органдарын құрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртібі қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастырудың тәртібі

Сайлау жүйесінің түрлері:

  1. Тепе-тең

  2. Мажоритарлы (50пайыздан артық дауыс жинаған кандидат жеңеді):

  1. Артық басымдылық

  2. Салыстырмалы басымдылық

Сайлау құқығы қағидаттары:

  1. Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы қағидаты

  2. Тең сайлау құқығы

  3. Төте сайлау құқығы

  4. Жанама саулау құқығы

  5. Жасырын дауыс беру

  6. Сайлау бостандығы

Сайлау органдары:

  1. Орталық сайлау комиссиясы

  2. Аумақтық сайлау комиссиялары

  3. Округтік сайлау комиссиялары

  4. Учаскелік сайлау комиссиялары



Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Қандай қоғамдық қатынастар конституциялық құқық саласының мәнін құрайды?

  2. Қандай нормативтік құқықтық актілер ҚР конституциялық құқығына дерек болады?

  3. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінің құрылымдарына қандай элементтер кіреді?

  4. Мемлекеттің қандай органы заң шығарушылық билікті жүзеге асырады?

  5. ҚР-ның жоғарғыы атқарушы органы қалай аталады?

  6. ҚР-нда сот төрелігін қандай органдар іске асырады?





4 сабақ

Тақырыбы: Әкімшілік құқық


Мақсаты: әкімшілік құқығы пәнімен танысу. Негізгі ұғымдарды түсіну, әкімшілік қызметтің негізгі талаптары мен ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру


Түсінігі болуы тиіс:

Әкімшілік құқықтың маңызы мен рөлі туралы;

Әкімшілік құқықтық қатынастар туралы


Білуі тиіс:

  • Әкімшілік құқық ұғымын;

  • Әкімшілік құықтық нормаларын;

  • Әкімшілік құқықтың субъектілерін;

  • Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымын;

  • Әкімшілік жауапкершілік ұғымын, жауапкершілікті жеңілдететін; ауырлаттаын, болдырмайтын жағдайларын.


Қолданылатын терминдер мен сөздер: Әкімшілік құқық, әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік,


Тақырыпты оқу жоспары

  1. Әкімшілік құқық ұғымы

  2. Әкімшілік- құқықтық нормалар

  3. Әкімшілік- құқықтық қатынастар

  4. Әкімшілік құқықтың субъектілері

  5. Әкімшілік құқық бұзушылық

  6. Әкімшілік жауапкершілік


Тапсырма : дәрістің соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз



  1. Әкімшілік құқық ұғымы

Әкімшілік құқық – ол мемлекеттік басқарудағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауаптылықты белгілейтін ҚР-ның қолданыстағы құқығының саласы.

Әкімшілік құқық мәні атқарушы өкмет органдарының (Үкімет, министірліктер, әкімдер) мемлекеттік басқару аясында өз міндеттері мен қызметтерін тікелей жүзеге асыруына байланысты қоғамдық қатынастардың жиынтығын құрайды. әкімшілік құқықпен реттелген қоғамдық қатынастарды


әрқашан басқару билігінің өкілеттігі берілген атқарушы өкімет органы қатысуы қарасытырылады.

Атқарушы өкімет органдарының иелігінде заңды құралдары болады, сол арқылы азаматтардық құқықтары мен бостандығын, меншінгін қорғайды. Қоғамдық және мемелекеттік басқарудың өкілетті органдары, сондай-ақ әкімшілік соттар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген шараларды қолданады.

Әкімшілік құқық іс жүзінде құқықтық реттеудің барлық әдістемелерін пайдаланады. Әкімшілік құқықтық нормалар мен қоғамдық қатынастарға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді әдістеме деп түсінеміз.

Әкімшілік-құқықтық әдістерге мыналар жатады:

  • тапсырма беру – бұл сұбъектінің әкімшілік құқыпен белгілеген қандай да бір нақтылы әрекетті жасау міндеті

  • рұқсат ету – бұл құқық шеңберінде субъектіге қандай да бір әрекет жасауға немесе өз қалауы бойынша оны жасаудан қалыс қалуға рұқсат бері

  • тыйым салу- бұл заңмен тыйым салынған әрекеттерді жасауға тыйым салу.

Әкімшілік құқыққа нұсқама беру және тыйым салу әдістемелері тән. Өйткені атқарушы өкіметтің заңды билік өкілеттілігін иеленген органы әкімшілік-құықытық қатынастарға міндетті түрде қатысушы болып табылады. Атқарушы өкімет органдарының мұндай өкілеттіктері әр алуан заңдылық үлгіде: орындалуға міндетті бұйрықтар шығарумен, құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза берумен және т.б іске асырылуы мүмкін.


    1. Әкімшілік- құқықтық нормалар


Әкімшілік- құқықтық нормалар – бұл мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез құлықтың мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелері. Әкімшілік құқықтық норомалармен тиісті мінез-құлықтың белгілі бір нұсқасы беріледі, яғни норомаларда белгіленген шарттарды сақтау кезінде ерік беріледі (рұқсат етіледі), яғни белгілі бір әрекеттерді жасауға тиым салынады..

Әкімшілік- құқықтық нормалар , негізінен, атқарушы өкімет органдарының ұйымдастырылуын және қызметін реттеуге есетелінген. Олар осы органдардың құрылымын, олардың билігінің өкілетті көлемін, қызмет тәртібін және т.б белгілейді.

Әкімшілік-құқықтық нормалар мазмұны бойынша екі түрлі болады:

  1. материалдық

  2. іс жүргізушілік

Құқық сұбъектілерінің тәртібіне ықпал ету әдістемелері бойынша:

  1. міндеттейтін

  2. тыйым салатын

  3. уәкілдендіретін

Мақсаттылық міндеті бойынша:

  1. реттелетін

  2. қорғалатын


Әкімшілік- құқықтық нормалар әкімшілік құқықтың көздері болып табылатын нормативтік-құқытық актілерге берілген. ҚР-нда әкімшілік құқықытың төменгідей негізгі көздері қолданылады:

  1. ҚР Конституциясы – мемлекеттің Негізгі заңы (30 тамыз 1995ж)

  2. ҚР Заңдары . Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс, « Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»

  3. Мемлекеттік органдар нақтылы мәселелерді реттеу үшін қабылдайтын заңға сәйкес нормативті актілер (мемлекет басшысының Жарлықтары мен өкімдері, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің қаулылары, министірліктердің бұйрықтары, әкімдердің шешімдері.


    1. Әкімшілік- құқықтық қатынастар


Әкімшілік- құқықтық қатынастар – бұл мемлекеттік басқару саласында қоғамдық қатынастарды әкімшілік құқық нормаларымен реттеу. Әкімшілік-құқықтық қатынастарға, ең алдымен, олардың айрықша билігі табиғатынан тұратын ерекшеліктері өзіне тән болып келеді. Бұл құқықтық қатынастар өзінің мәні жөнінен өкімет пен бағыныштылардың қатынастарында құралған билік қатынастар болып табылады.

Екіншіден, әкімшілік- құқықтық қатынастрады басқарушылық қызметі үдерісінде атқарушы өкімет органдарының өкілеттіліктерін іске асыра отырып, мемлекеттік басқару саласында мемлекет мүдделерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

Үшіншіден, әкімшілік- құқықтық қатынастардың ерекшілігі мынада, оның тараптарының бірі әрқашан билеуші өкілеттіктер берілген атқарушы өкімет органдары және олардың лауазымды тұлғалары болып табылады (ведомстволардың басшылары, әкімдер және басқалары).

Төртіншіден, әкімшілік- құқықтық қатынастар құқық сұбъектісінің қалауына қарамастан туындауы мүмкін. Мысалы; әкімшілік құқық бұзушылық жасалған фактісі анықталған кезде, өкілетті лауазымды адам оның қарсылығына қарамастан құқық бұзушына жауаптылыққа тарту жөнінде іс жүргізуді қозғайды.

Әкімшілік- құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына нормалары тиісті құқық субект иелері арасында құқықтық қатынастардың туындауын байланыстыратын әкімшілік құқық нормалары мен белгіленген жағдайлар – заңды фактілер негізі болып табылады.

Әрекеттерн мен оқиғалар заңды фактілер болып табылады. Әрееттер құқық сұбъектілерінің ерік білдірулері сияқты заңды және заңсыз болуы

мүмкін. Заңды әрекеттер заңның талаптарына сәйкес келеді. Азаматтың атқарушы өкімет органдарына өтініш беруі осындай әрекеттің мысалы болып табылады. Заңсыз әрекеттер әкімшілік құқық нормаларының талаптарын бұзады. Оған тәртіптік және әкімшілік құқықбұзушылық жатады. Оқиғалар, әрекеттерге қарағанда субъектілердің еркіне байланысты болмайды. Оларға, мысалы, адмның тууы, өлуі, табиғи апаттар фактілері жатады.


    1. Әкімшілік құқықтың субъектілері


ҚР жеке тұлғалары (азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар), мемлекеттік органдар мен мекемелер, мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және т.б әкімшілік құқық субъектілері бола алады. Ол үшін олар құқықтық қабілеттілікті еуленіге, яғни әкімшілік- құқықтық қатынастарға енуге, мемлекеттік басқару саласында құқығы болуға тиіс.

Жеке адамның әкімшілік құқықытқ жағдай, мемлекеттік басқару саласындағы құқығы мен бостандығы Конституциямен және заңнамамен белгіленеді .

ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес әрекет ету қабілетіне жеке тұлға үшін азаматтық кәмелетке- 18 жасқа толғанға ғана толық көлемде қол жеткізіледі. Бірақ заңда арнайы көрсетілген жағдайларда әрекет етудің толық қабілетіне кәмелетке толғанға дейін де қол жеткізілуі мүмкін.

Сондай-ақ шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар әкімшілік құқық субъектілері бола алады. Ортақ құқтар мен міндеттер бірге олардың арнайы құқықтық мәртебесі болады және заңға сәйкес тұрақты тұратындарға және уақытша келгендерге бөлінеді. ҚР-нда оған рұқсат алған және ішкі істер органдары тұруға рұқсат берген тұрақты құжаты барлар, тұрақты тұрушы шетелдіктер болып табылады. Басқаша заңды негіздегі қалған азаматтар уақытша тұратындар болып саналады.

Мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының Президенті, Үкімет, орталық атқарушы органдар (министірліктер, агенттіктер), ведомстволар, жергілікті атқарушы органдар әкімшілік құқық субъектілері болып танылады.

әкімшілік құқық субъектілері арасында атқарушы үкімет органдар айқындаушы рөл атқарады. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында атқарушы Үкімет жүзеге асырады, ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне жетекшілік етеді.

Үкімет Республикалық бюджетті жасайды0 оның орындалуын қамтамасыз етеді, парламент мәжілісне заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын жүзеге асырады, мемлекеттік меншікті басқарады, министірліктердің, ведомстволардың және жергілікті атқару органдарының қызметіне басшылық жасайды.

Министірліктер , агенттіктер мен ведомстволар мемлекеттік басқарудың тиісті салалырнда (денсаулық сақтау, білім беру мен ғылым, қорғаныс) басшылықты жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар әкімшілік құқықтық субъектілер болп табылады. Мемлекеттік басқару саласында: жергілікті бюджетті жасау және оның орындалуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқару)

Әкімшілік құқық сұбъектілері қатарына мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттік емес ұйымдар (шаруашылық серіктестіктері, АҚ, ЖШС) жатады.

Мұндай кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілік құқықтық субъектілігі олар заң органдарына тіркелген сәттен туындайды.

Сондай ақ қоғамдық ( коммерциялық емес) бірлестіктер (саяси партиялар, кәсіптік одақтар, қоғамдық қозғалыстар мен қорлар, діни бірлестіктер) әкімшілік құқық субъектілері болып табылады. Оларды да азаматтар ортақ мақсаттарға: саяси, экономикалық және өзгеде құқықтарын және бостандықтарын қорғауға, азаматтардың өз әрекетін дамытуға, қол жеткізу үшін ерікті түрде құрады. Қоғамдық бірлестіктердің әкімшілік құқықтық субъектілігі олардың жарғылары заң органдарында тіркелген сәттен туындайды.


    1. Әкімшілік құқық бұзугшылық


Әкімшілік құқық бұзушылық – кінәлі адамның әрекет немесе әрекетсіздігі түрінде көрінетін мінез- құлық актісі болып табылдаы. Міндеттерін белсенді түрде орындамау, тыйым салынғанды бұзу ( өз бетімен құрылыс салу) әрекет ету болып саналады. Әрекетсіздік – міндеттерін енжарлықпен орындамау ( мысалы, салық қызметі органдарының заңды талаптарын орындамау)

Құқыққа қарсылық адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің нормаларын бұзатын әрекет жасауына немесе әрекетсіздігінде болмақ. Кәнәлілік адамның қасақана немесе адайсызда әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын білдіреді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі іс-әрекеттің қоғамға зиян келтіруінде.

ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІЛІК БЕЛГІСІ БОЙЫНША ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСҚА ЖАҚЫН АЛАЙДА ОЛ ҚЫЛМЫСПЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІЛІКТІҢ ТӨМЕНГІ САТЫСЫНДА ТҰРАДЫ

Құқық бұзушылық субъектісі – бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен қорғалатын қоғам мен мемлекет өмірінің әр түрлі салаларындағы қоғамдық қатынастар.

Құық бұзушылықтың объективті жағы әкімшіілк құқық бұзушылықтың ішкі жағын құық бұзу объектісіне бағыттаған құқыққа қарсы іс-әрекеттің өзін (әрекет немесе әрекетсіздік) және жасалу жағдайларын сипаттайды.

Жеке немесе заңды адам әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі болуы мүмкін. ӘҚБ Кодексінің 32 бабына сәйкес әкімшілік құық бұзушылық жаусау уақытында 16 жасқа толған жеке тұлға әкімшілік жааптылыққа тартылады. Көзделген құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есі кем жағдайда немесе психиканың өзге де сырқатты жай-күйінің салдарынан болған жеке адам әкімшілік жауптылққа тартылмайды.

Жасы 16 дан 18 жасқа дейінгі адам құқы бұзушылық жасаса, істің нақтылы жағдайлары мен жеке адам туралы мәліметтерді ескере отырып, оған ӘҚБ Кодексінің 9 тарауында елгіленген кәмелетке толмағандарды қорғау жөніндегі шаралар қолданылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған кәмелеке толмаған адамды әкімшілк құқық бұзу ісін қарайтын орган оған заңда көрстілген тәрбиелік ықпал жасау шараларын қолдана отырып, оны әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін. Мысалы, ӘҚБ Кодексінің 76- бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға мынадай тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін:

1)аңды түсіндіру

2) ата- аналарын немесе олардың орнындағы адамдардың немесе мамандандырылған мемлкеттік органның қадағалауына беру

3) келтірілген зиянды реттестіру міндетін жүктеу

4) бос уақытын шектеу және оның іс-әрекетіне ерекше талаптар қою.

Әкімшілік құқықтың субъективті жағы – бұл құқық бұзушының өзі жасаған құқыққа қарсы әрекетіне немесе әрекетсіздігіне және мүкін болатын салдарына психикалық көзқарасы. Құқық бұзушылықтың кінәсі абайсыздық түрінде көрініс табады. Егер құқық бұзушы өз әрекетінің құқыққа қарсы сипатын саналы түрде түсінсе, оның зияндығын алдын ала біле тура, салдарының болатынына жол берсе немесе оларға немқұрайды қараса, әкімшілк құқық бұзушылық қасақана жасалған болып табылады.

Егер құық бұзушы өз әрекетінің зиянды зардаптары болуы алдын ал білсе, бірақ оған жеткіліксіз негіздермен оларды болдырмауға ұшқалақтыққа салынса немес оларды алдын-ала болжай алмаса, әкімшілік құқықбұзушылық абайсызда жасалған болып танылады. Сонымен, жеке адам соның кнәсінен болғаны анықталған құқық бұзушылық үшін ғана әкімшіілк жауатылыққа тартылады.


    1. Әкімшілік жауаптылық


Әкімшілік жауаптылық - әкімшілік құқық бқзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген жаза беру шаралары тәртібінен көрініс табатын заңды жауаптылық түрі.


Әкімшілік жауаптылық төмендегідей ерекшеліктерге ие болады:

  • кінәлі адамға әкімшілік жаза еру әкімшілік құқық бұзушылыққа мемлекеттің жаза беруі болып таылады

  • әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды тәрбиелеу және құқық бұзушының өзін де, сонлдай ақ басқа адамдарды да жаңа құқық бұзушлықтың алдын алу мақсатында қолдангылады.

  • Адамның абыройын түсіруді, жеке басына жапа шектіруді, жеке адамның іскерлік беделіне нұқсан келтіруді өзіне мақсат тұтпайды..

Әкімшілік жауаптылық мақсаттары әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген заңнама міндеттерінен туындайды. Олар жеке адамның құқытары мен бостандықтарынан, қоршаған ортаны, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріндегі әкімшілік құқықұзушылықтың алдын алады.

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (ӘҚБ) әкімшілік жауаптылық мәселелрін реттейтін негізгі құқытық акт болып табылады. Кодекстің жалпы бөлімінде әкімшілк жаупкершілік институтының негізгі ережелері баяндалған, ао Ерекше бөлімнде оны жасағаны үшін берілетін жазалардың нақты түрлерін көрсете отырып, әкімшілк құқы бұзулардың тізбесі берілген.

Жеке немесе заңды тұлға ӘҚБ нормаларын бұзатын және әкімшілік жаза беру түрінде жауаптылыққа тартылатын әкімшілік құқық бұзушылығы, яғни құқыққа қарсы әрекетті немесе әрекетсіздігі әкімшілік жауаптылыққа негіз болып табылдаы.




Бақылау сұрақтары:


  1. Әкімшілік құқығына анықтама беріңіздер, оның субъектілері?

  2. Әкімшілік құқықтық қабілеті мен әрекет ету қабілетіне анықтама беріңіздер?

  3. Әкімшілук құқық субъектілерін атаңыз

  4. Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз не?

  5. Әкімшілік құқық бұзушылыққа түсініктеме беріңіз



5 сабақ

Тақырыбы: Азаматтық құқық


Мақсаты: Азаматтық құқық түсінігі. Азаматтық құқықтың пәні, мақсаттары мен қағидаттары. Азаматтық құқықтарды қорғау. Азаматтық құқықбұзушылықтың субъектілері. Жеке және заңды тұлға түсінігі. Жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. Заңды тұлғалардың түрлері


Түсінігі болуы тиіс:

Азаматтық құқығының қолдану аясы туралы;

Азаматтық құқықтық қатынастар туралы.


Білуі тиіс:

  • Азаматтық құқық ұғымын;

  • Азаматтық құқық қабілеттілігі ұғымын;

  • Азаматтық әрекет қабілеттілігі ұғымын.


Қолданылатын терминдер мен сөздер: Азаматтық құқық, мүлік, мәміле, азаматтық


Тақырыпты оқу жоспары

  1. Азаматтық құқық: жалпы сипаттама

  2. Азаматтық құқықтық қатынастар

  3. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері

  4. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері


Тапсырма : дәрістің соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз


Дәріс


  1. Азаматтық құқық: жалпы сипаттама

Азаматтық құқық – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік – аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс – әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Республикасы құқығының бір саласы. Тауар – ақша, қатысушылардың тендігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жатпайтындық , әрі басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.

Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздармен, т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар – ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық жағдайында тауар – ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады.

Азаматтық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды: 1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және; 2) мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді.

Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық, өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін.

Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъетілерлің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты тойындайды.


  1. Азаматтық құқықтық қатынастар.


Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір – бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:

біріншіден, азаматтық құқықтарын қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір – бірінен тәуелсіз, осынысымен басқа құқықтық қатынастардан айырмашылығы бар; екіншіден, азаматтық құқықтық қатынастар даңда көрсетілген не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болады; үшіншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі шешуші рөл атқарады; төртіншіден, азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен тәсілінің өзгешелілігі.

Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздеріне заңды фактілер жатады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда кезделген негіздерден, сондай – ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланыста азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7 – бабына сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер:

1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай – ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;

2) заңдарға сәйкес азаматтық – құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;

3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;

4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;

5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;

6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан;

7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;

8) заңдар азаматтық – құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.


  1. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері.


Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъетілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай – ақ әкімшілік – аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке және азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.

Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей, ортақ деп танылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол тұлған кезден басталып қайтыс болған оң тоқтатылады. Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз: азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп – тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай – ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат (ойдан шығарылған есімді) пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата – анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады.

Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.

Азаматтың әрекет қабілеттілігі дегеніміз азаматтың өзінің іс – қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық қабілеттіліктің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген деген сияқты түрлері бар.

Алты жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сонымен бірге, жүйке ауруы немесе ақыл – есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді.

Жартылай әрекет қабілеттілігі 6 – 14 жасқа дейінгі балаларға тән. Азаматтық заңнамалар бойынша олар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата – анасы, асырып алушылары немесе қорғаншыларға жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасау құқылы.

Он төрт он сегіз дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі бар деп мойындалады. Бұл жастағы азаматтар мәмілелерді ата – анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістерін және өздерді жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай – ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы.

Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі бар деп мойындалады. Бұл жастағы азаматтар мәліметтерді ата – анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінге кәмелетке толмағандар

өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай – ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы.

Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеуі немесе ол құқықтан айыруы мүмкін. Он төрт жастан но сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар осы баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәліметтер бойынша дербес жауапты болды және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін осы Кодекстің ережелері бойынша жауап береді.

Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады. Бұл жерде мынандай бір сәтті есімізге салып кеткеніміз жөн. Егерде заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық ісжүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелер жасауды, сондай – ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады.


4 Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері.


Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүліккі): заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір – қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық қықығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері. Қатынастардың негізі материалды игіліктердің болуы және болмауына байланысты қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді. Мүліктік қатынастар мүліктік, материалды игіліктер сипатында болатындықтан, олардың экономикалық мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға адамның, азаматтың өмірі, денсаулығы, еркіндігі, бостандығы, қауіпсіздігі, ар – ожданы, намысы, аты – жөні т.с.с. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады. Мүліктік, материалды игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан екіншілеріне көшуі, қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші біреуге берілмейді, көшпейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Азаматтық құқық ретінде нені түсінеміз?

2.Азаматтық құқықпен реттелген жеке құқықтық қатынастардың сипаттамасы қандай?

3. Азаматтық-құқықтық қатынастар дегеніміз не?

4. Жеке және заңды тұлғалар дегенді қалай түсінесіздер?

5. Заңды тұлғалардың түрлерін атаңыздар, әрбіреуіне түсініктеме беріңіздер

5. Әрекет қабілеттілігі құқық қабілеттілігінен қандай айырмашылықта болады?




6 сабақ

Тақырыбы: Азаматтық мәмілелер


Мақсаты: Азаматтық мәмілелер түсінігі, белгілері, түрлері туралы білім қалыптастыру. Міндеттеме ұғымы, түрлері, орындалу тәсілдері туралы түсініктеме беру


Түсінігі болуы тиіс:

Азаматтық мәмілелердің қолдану аясы туралы;

Азаматтық құқықтардың қорғалуы туралы.


Білуі тиіс:

  • Мәміле ұғымын, түрлерін;

  • Міндеттеме ұғымын, түрлерін, орындалу тәсілдерін


Қолданылатын терминдер мен сөздер: Мәміле, конклюдентті мәміле, міндеттеме, айыппұл, кепіл


Тақырыпты оқу жоспары

  1. Мәміле ұғымы, белгілері;

  2. Мәміленің түрпішіндері;

  3. Мәміленің түрлері;

  4. Міндеттеме: ұғымы, түрлері, орындалу, тәсілдері;

  5. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері;



Тапсырма : дәрістің соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз


Дәріс


  1. Мәміле ұғымы, белгілері


Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін белгілі бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәселелер жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 147 – бабында көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немес тоқтауға бағытталған әрекеттер.

Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар: біріншіден, мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет. Оның нріктілігі азаматтық құқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсаты жоқ әрекет – қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден, мәміле, көп жағдайда, заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет; үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматтық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.


  1. Мәміленің түрпішіндері.


Мәміле ауызша, жазбаша не болмасы конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу (әрекетсіздік) сияқты түрпішіндерде болады.

Мәміленің ауызша түрпішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәміле жазаушылардың еркі тараптардың бір – бірімен ауызша келісімене негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін. Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі уаызша жасалуы мүмкін. Ауызша мәміле адамның мінез – құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

Жазбаша мәмілелер: 1) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттен басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында; 2) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түрпішінде жасалуы тиіс; 3) заңдарда немесе тпраптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиіс.

Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға тиіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсиммимелік көшірме, электрондық цифрлық колтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі.

Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңістіріледі.

Заңдармен және тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиіс.

Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып, куәландыруға тиіс.

Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін.

Мәміленің конклюдетті түрпішіні мысалы жетон, билет немесе әдеттегідей қабылдаған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Мәміле адамның мінез – құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Сонда, адамның мәміле жасауға деген еркі айқын көрініп тұруын, мәміле жасайын деген ниетінің байқалып тұруы арқылы мәміленің жасалуы конклюдетті мәміле деп аталады. Мысалы банкоматқа корточканы салып ақша алу, көшеде телефон – автоматқа карта салып сөйлесу, қоғамдық көліке кіргенде жол ақысын төлеп билет алу сияқты әрекеттерді жатқызуға болады.

Үндемеу (әрекетсіздік), заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерді мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.

  1. Мәміленің түрлері.


Азаматтық құқық саласында мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Мысалы мәміле жасауға араласатын тараптардың санына байланысты бір жақты, екі жақты және көп жақты деген мәмілелердің түрлерін корсетуге болады.

Заңнамалар мен тараптардың келісімі бойынша мәміле жасау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәмілені бір жақты мәміле деп атаймыз. Бір жақты мәміледе басқа жақтардың (тараптардың) келісімі, еркі міндетті емес. Бұндай мәмілелерге азаматтың өзіне берілген белгілі бір құқықтан бас тартуы, берілген сенімхаттың мерзімінің бітуі, өсиет т.б. жатқызуға болады.

Екі жақтың да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле екі жақты мәміле деп аталады. Екі және одан да көп тараптардың еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көп жақты деп аталады. Қазіргі кезде екі не одан да көп тараптар жасайтын мәміленің түрін шарт деп атайды. Сонымен


екі немесе одан көп адамның азамттық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.

Бір жақ екінші жаққа көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мәміле делінеді. Көрісінше болса ақысыз мәміле.

Мәміленің жасалу уақытына байланысты нақты (заттық, мүліктік) және келісімді (консенсуалды) мәміленің түрлері бар.

Мәміленің талабына байланысты белгілі бір заттың, мүліктің берілуіне байланысты жасалатын мәміленің түрін нақты мәміле дейді. Мысалы, бұндай мәмілеге жүк тасымалдау туралы шартты айтуға болады. Жүк жіберушінің жүкті тасымалдаушыға беруі аталған мәміленің жасалғандығын көрсетеді.

Келісімді (консенсуалды) мәміленің жасалуы үшін сол мәмілені жасау туралы тараптардың өзара келісімге келуі жеткілікті болады. Бұған мысал ретіндесауда-сатық шартын келтіруге болады. Аталған мәмілені жасау үшін мүлікті не затты беріп, оның бағасын, құнын төлеу міндетті емес. Бұл әрекетті жақтар шарттың орындалуы барысында іске асырады. Тараптар ең алдымен мүлікті не затты бір – біріне сату жөнінде өзара келісіп қойса, мәміле жасалды деп есептеледі. Мысалы, бір азамат екінші бір азаматқа өзінің пәтерін сатамын, ал анау аламын деп сөз байласса не шарт жасаса мәміле жасалды делінеді. Ал ақшасын төлеп, пәтерді алу сөз байласудан кейін орындалады.

Мәміленің негізінің маңыздылығына байланысты каузалды және абстрактілі мәмілелер болады.

Каузалды мәміле негізіне байланысты туатындықтан соған тәуелді болады. Сондықтан негізінің жойылуы бір жақты мәміленің әрекет етуінің заңды көшім жояды. Мысалы, сатып алушы сатып алынатын тауардың жарты құнын төлеп қойды, бірақ сатушы тауарды таба алмады. Сатушы сатып алушыдан тауардың қалған бағасын талап етуіне негіз жоқ, сондықтан, бұл жерде мәміленің негізі болып тауардың берілуі не сатып алушыға жеткізілуі табылады. Ондай негіз жойылып еді, мәміле өзінің заңдық күшін жойды.

Абстрактілі мәміліде, керісінше, мәмілінің негізі есепке алынбайды, егер мәміле сол мәмілені жасаушының түпкілікті еркін білдірсе. Мысалы, сатып алушы сатып алынған тауардың құнына сәйкес сатушыға вексел беріп, соңынан, тауар сапасыз балып шықса, вексель қайта қайтарылмайды және вексель вексельді ұстаушы не векселді төлеуші үшін болашықта векселге деген құқықтарын жоймайды.

Мерзіміз және мерзімді мәмілелер болады. Мерзімсіз мәміледе оның күшіне ену не күшінің аяқталуы мерзімдері көрсетілмейді. Сондықтан бұндай мәмілелер жасалған сәтінен бастап күшіне енеді. Мерзімді мәміледе, мәміленің күшіне кіретін уақыты ғана не болмаса мерзімінің аяқталатын уақыты ғана немесе екі мерзімі де қатар көрсетілуі мүмкін.

Егерде мәміледе тараптардың құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылу мерзімі көрсетілсе ол кейінге қалдырылған мерзім делінеді. Ал, керісінше міәміле жасалған сәтінде күшіне еніп, оның күшін жоятын уақыты көрсетілген мерзім жойылатын мерзім деп аталады.

Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу – басталмауы белгісіз мән – жайға байланысты етіп қойса, бұндай мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалатын шартты мәміле деп есептеледі.

Нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының заңдары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда- саттық жүргізуге қатысатындармен жасалатын мәмілелер биржалық, мәмілелер деп аталады.


  1. Міндеттеме: ұғымы, түрлері, орындалу, тәсілдері.


Міндеттеме дегеніміз бір адамның (борышқордың) басқа адамның (несие берушының) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан бас тартуы. Бірақ несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті.

Міндеттемелер зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады. Сонымен бірге міндеттемелер төмендегідей ісқимылдарың негізінде туындайды: 1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмәлелерден, сондай – ақ зңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден; 2) заңдарға сәйкес азаматтық – құқықтық жағдайларды туғызатын әкімщілік құжаттардан; 3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімімен; 4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде; 5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде; 6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан; 7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан; 8) заңдар азаматтық – құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

Міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда – іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.


  1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері.


Міндеттемені орындау, заңдар да немесе шартта көзделген айып төлету, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа да әдістер арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Аыйп төлеу туралы талап бойынша несие беруші оған келтірілген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалады. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады.

Айып төлеу мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы пайызбен белгіленеді.

Мәндеттемеге сәйкес несие берушінің (кепіл ұстаушының) борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заңдарда белгіленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлік тиісілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар міндеттемені атқаруының осындай әдісі кепіл деп танылады.

Кепіл ұстаушының кепілге салынған мүлік, кімнің пайдасына сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлінгені үшін, егер жоғалу немесе бүліну кепіл ұстаушы жауап беретін себептер бойынша болмаса, сақтандыру өтемінен сол бұрынғы негізде қанағаттандырылуға құқығы бар.

Кепіл шартқа сәйкес пайда болады. Кепіл заң құжаттарының негізінде, егер заң құжаттарында қандай мүлік және қандай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілде жатқан деп танылатыны көзделсе, оларды көрсетілген міндеттемелердің пайда болуы кезінде де туындайды.

Кез келген мүлік, соның ішінде айналымнан алып тасталған заттар, несие берушінің жеке басымен тығыс байланысты талаптар, атап айтқанда алименттер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және заң құжаттарымен оларды басқа тұлғаға беруге тыйым салынған өзге құқықтар, заттар мен мүліктік құқықтар (талаптар) кепіл мәні бола алады.

Егер шартта немес заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, кепіл талапты оның нақты қанағаттандырылатын кезіндегі көлемді сыйақыны (мүддені) қоса алғанда, орындау мерзімі өткізіп алу арқылы келтірілген шығындардың өтелуін, айып (айып – пұл, өсім) салуды, кепілге салынған мүлікті ұстау жөніндегі қажетті шығындарды, сондай – ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамасыз етеді.

Кепіл түрлері:

а. Ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Кәсіпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлі үйдегі пәтерлер, көлік құралдары, ғарыш объетілері, айналымдағы тауарлар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Бөлінетін

жемістер бөлген кезден бастап үшінші жақтың құқықтарының объетісі болмайтын жағдайда ғана олар ипотека мәні бола алады. Кәсіпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлі үйдегі пәтерлер, көлік құралдары мен ғарыш объетілері ипотекасы осындай объектілерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарда тіркелуге тиіс.

ә. Кепілзат – кепілге салынған мүлікті келіп беруші кепіл ұстаушының иелігіне беретін кепіл түрі. Кепіл ұстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепіл ұстаушының құлпы салынып, мөрі басылып, кепіл салушыды қалдырылуы мүмкін. Кепіл мәні кепіл туралы куәландырылатын белгілер салынып (анық кепіл), кепіл берушінің иелігінде қалдырылуы мүмкін.

б. Құқықтарды кепілге салу кезінде иеліктен айырылуы мүмкін мүліктік құқықтар, атап айтқанда, кәсіпорындарды, құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды жалға беру құқықтары, шаруашылық серіктестік мүлкіндегі күлеске құқық борыштық талап қою, авторлық, өнертапқыштық және өзге де мүліктік құқықтар кепіл мәні болып табылады. Жер учаскесіне құқықтарды, сондай – ақ өзге табиғи ресурстарға құқықтарды кепілге беруге, жер және өзге табиғи ресурстық заңдарда белгіленген шектер мен ережелер бойынша жол беріледі. Мерзімдік құқық оның әрекет жасау мерзімі біткенге дейін ғана кепіл мәні бола алады. Кепіл құқығының борышқоры кепіл туралы хабардар болуға тиіс. Егер кепілге салынатын құқық құжатпен расталатын болса, кепіл шарты құқық белгілеуші құжатты беру арқылы ресімделуі мүмкін.

Кепілдік және кепіл болушылық.

Кепілдік бойынша кепілдік беруші, заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді.

Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді.

в. Кепіл болушылық немесе кепілдік шарттарының негізінде кепілдік және кепіл болушылық пайда болады. Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілдік немесе кепіл болушылық шартының жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.

Кепілпұл. Ұағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома кепілпұл деп танылады. Кепілпұл жазбаша нысанда жасалады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.



Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Мәміле ұғымы мен белгілерін атаңыз

  2. Мәміленің жазбаша мен ауызша түрлерінің ерекшелігі неде

  3. Мерзімді және мерзімсіз мәмілеге түсініктеме беріңіздер

  4. Міндеттемеге түсініктеме беріңіз

  5. Міндеттемелердің орындалуын қандай әдістер қамтамасыз етеді



7 сабақ

Тақырыбы: Еңбек құқығы негіздері

Мақсаты:

Еңбек, еңбек құқығының қағидаттары, жүйесі, еңбектік құқықтық қатынастар, жеке және ұжымдық еңбек шарттары, еңбек даулары туралы білімдерін қалыптастыру


Түсінігі болуы тиіс:

Еңбек Кодексінің баптары туралы

Еңбек заңнамасының қолдану аясы туралы


Білуі тиіс:

  • Еңбек құқығы ұғымын, әдістерін, белгілерін;

  • Еңбек қатынастарын;

  • Әлеуметтік серіктестік.


Қолданылатын терминдер мен сөздер: еңбек, еңбек құқығы, еңбек қатынастары, әлеуметтік әріптестік, шарт


Тақырыпты оқу жоспары


1.Еңбек құқығы:пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері.

2.Еңбек – құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік.


Тапсырма : дәрістің соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз


Дәріс



1.Еңбек құқығы:пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері

Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Еңбек дегеніміз адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.Еңбектің барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады.

Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.

Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті , жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы.Еңбек құқығының негізгі мақсаты – жұмыс беруші мен

жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.

Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады.Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласында материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.

Құқықтың басқа салалары сияқты еңбек құқығының әдістері еңбектік құқықтық қатынастарға және сонымен тығыз байланысты басқада қатынастарғы ықпал ететін тәсілдерден, амалдардан және құралдарынан тұрады.Еңбек құқығы әдісі – еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшеліктерін барынша жалпылыма көрінісі.Еңбек құқығының әдісі құқықтық реттеу қандац тәсілімен іске асырылады деген сауалға жауап береді.Еңбек құқығы әдістері құқықтық нормаладан көрініс табады.

Еңбек құқығы әдістерін мұндай белгілерімен:

1)еңбектік құқық қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқада қатынастарды реттейтін императивтік және диспозитвтік нормалардың қосындысымен;

2)еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындасамен;

3)әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілеттерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастырды реттеуде әлеуметтік - әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен;

4)жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығымен саралап жіктелінуі;

5)еңбек дауларын шешудің ерекше тәрібін бекітуімен сипатталады;



2.Еңбек – құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік.


Әлуметтік әріптестік дегеніміз атқарушы билік органдары өкілдерінің жұмыс берушілер мен қызмеикерлер өкілдерінің мүдделері келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі. Әлеуметтік әріптестер арасындағы жасалатын өзара келісім арқылы жүзеге асырылады. Келісім (бас), салалық (тарифтық), аймақтық – республикалық, салалық және аймақтық деңгейде қызметкерлердің еңбек жағдайларын , жұмыс пен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу мазмұнын және тараптардың олар бойынша міндеттемелерін анықтайтын, әлеуметтік әріптестер арасында жасалатын құқықтық акт.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:


1)әлеуметтік және еңбектік қатынастарын және соларға байлынысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау ;

2)қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін объективті түрде ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

3)қызметкерлердің еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, олардың әлеуметтік қарғалуын жүзеге асыру;

4)барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестестер арасындағы консультациялар мен келіс сөздер процесіне жәрдемдесу;

5)ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу;


Әлеуметтік әріптестік мынанжай қағидаттарға негізделеді:

1)тараптар өкілеттігі;

2) тарптардың тен құқықтығы;

3) талқылау үщін енгізілетін мәселелер тізбесін таңдау еркіндігі 4)міндеттемелер қабылдаудың еріктілігі және тараптардын оларды орындауға міндеттілігі ;

5)тараптардын мүделеін құрметтеу;

6)әлеуметтік әріптестердің Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының халық аралық шартты мен міндеттемелерін сақтауы;

7)тараптардың,олардың өкілдерінің келісім бойынша қабылдаған міндеттемелерді өздерінің аінәсінен орындамағаны үшін жауаптылығы болып табылады.

Республикалық денгейде Қазақстан Республикасының үкметі жұмыс берушілердін республикалық бірлестіктері және қызметкерлердің республикалық бірлестіктері арасында Бас келісім жасалады.Бас келісім-

Қазақстан Республикасының үкметі,жұмыс берушілердін республикғалық бірлестіктері және қызметкерлердін республикалық бірлестіктері өздерінін құзіреті шегінде жасасатын, аймақтық және салалық келісімдер ұжымдық шарттар жасау кезінде ескерілетін, республикадағы әлеуметтік –еңбек қатнастарын және солармен байланысты эканомикалық қатнастарды реттеудін жалпы қағиғаттарын белгілейтін құқықтық акт.


Келісімдердің мазмұны.

Келісімдерде: қолданылу мерзімі туралы; орындалуына бақылау жасау тәртібі туралы; келісімге өзгерістер мен толықтырулар еңгізудің тәртібі туралы; тараптардың өздеріне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауапкершіліктері туралы ережелер қамтылуға тиіс.Бас келісімнің мазмұнын Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбектік қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін республикалық үщ жақты комиссия әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары немесе олардың біреуі ұсынған Бас келісімнің жобаларын негізге ала отырып айқындайды. Мысалы 2005 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының үкметі,

кәсіподақтар және жұмыс берушілер арасында 2 жылға арналған үш жақты Бас келісімге қол қойылады.Бас келісімде еңбек қатынастарының , еңбек пен қамтамасыз етудің және әлеуметтік кепілдіктер , еңбектік қорғау, денсаулық салаларына байланысты мәселелер қарастырылады.


Бақылау сұрақтары:


1. Жұмыс беруші, заңды тұлға дегеніміз кім?

2. Еңбек Кодексі қашан қабылданды?

3. Еңбек шарты деген не, оған қандай шарттар жатады?

4. Еңбек шарты қандай мерзімге жасалуы мүмкін?

5. Еңбек шарты қалай тоқтатылады?

6. Еңбек шартының ұжымдық еңбек шартынан айырмашылығы?

7. Еңбек жағдайлары дегеніміз не?

8. Жұмыс уақыты қалай белгіленеді?

9. Демалыс уақытына нелер жатады?

10. Еңбек даулары қалай шешіледі?

































8 сабақ

Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері

Мақсаты:

Қылмыстық құқық пәні, мәні, жүйесі, қылмыс ұғымы, абайсызда немесе қасақана жасалған қылмыс, жазалу тәртібі, жауапкершлікке тарту немесе бостау тәртібі туралы түсінігі болуы тиіс


Түсінігі болуы тиіс:

Қылмыстық кодекстің жалпы сипаттамасы туралы

Қылмыстық кодекстің қолдану аясы туралы


Білуі тиіс:

  • Қылмыстық құқық пәні, қағидаттары, жүйесін;

  • Қылмыс ұғымын, түрлерін;

  • Қылмыстық жауапкершілік, жазаны жеңілдететін мән- жайларды.


Қолданылатын терминдер мен сөздер: қылмыс, жаза, жауапкершілік, қасақан, абайсызда,


Тақырыпты оқу жоспары


  1. Қылмыстық құқықтың түсінігі.

  2. Қылмыстық- құқықтық қатынастар

  3. Қылмыстық- құқықтық жауапкершілік


Тапсырма : дәрістің соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз


Дәріс


  1. Қылмыстық құқықтың түсінігі.


Кез келген құқық саласы күнделікті өмірде түындап жатқан қоғамдык қатынастарды реттеу мақсатында пайда болған .

Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.

Ммелекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады.

Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттік құзыретті органдары (тергеу, прокуратура, сот) жатады. Аталған субъектілердің өзара құқытары мен міндеттері осы қатынастың мазмұнын құрайды.

Қылмыстық құқықтың жүйесі жалпы және рекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімде ерекше бөлімнің баптарын дұрыс түсініп, қолданудың жалпы ережелері мен институттары, тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселелер, қылмыстық заңнаманың міндеті, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері, жаза тағайындау, жаза мен қылмыстық жауапкершілктен босату мәселелері көрсетіледі. Ерекше бөлімде қылмыс және оның белгілері деп саналатын әрекеттерді көрсететін нормалардың жиынтығы шоғырланған.


Қылымыстық құқықтың қағидаты:

  1. Заңдылық қағидаты – қылмыстық әрекет пен жаза тек қан қылмыстық заңмен анықталуы керек

  2. Азаматтардың заң және сот алдында теңдігі қағидаты

  3. Кінәлі тұлғаны ған қылмыстық жауапкершлікке тарту

  4. Әділеттілік қағидаты – соттар жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, сотталушының жеке басының, оның қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағанан кейінгі мінез-құлығы ерекшеліктерін, қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайлары, отбасы жағдайларын ескере отырып жаза тағайындаулары қажет.

  5. Ізгілік қағидаты – адамды адам, кісі ретінде тану , оның ар-ожданын, намысын, қадір-қасиетін, бақытқа, жақсылыққа ұмтылуын сыйлау, мойындау.


Қылмастық құқық-қылмыс жасалған сәттен бастап мемлекет пен қылмыс жасаушы тұлғаның арасындатауындаған қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Бірақ қымыстык құқық жоғарыда айткан қатынастарды , мүдделерді қорғайды. Айталық, меншіккеқатысты қатынастарды реттеу, яғнименшіктіқалай иелену, оған билік ету, оны қалай пайдалану керектігі, азаматтық құқықтың ісі болса, біреу ол мүлікті рұқсатсыз алып кетсе, оны ққорғау қылмыстық құқықтың міндеті.

Демек, қылмыс жасау сәтінен бастап мемлекет пен қылмыс жасаушы тұлғаның арасында туындаған қатынастарды реттейтін, сол сияқты өзге құқық салаларымен реттелмеген кейбір қоғамдық қатынастарды қорғайтын ережелердің жиынтыгын қылмыстық құқық деп атаймыз.

Ол осы жолда қандай әрекеттер қылмыс болып табылатындығын, олар үшін жазалар қолдану керектігін, қандай жағдайларда тұлға жаза мен жауаптылықтан босатылатындығын қарастырады.

Жоғарғы анықтамаданқылмыстыққұқықтыңмідеттері шыгады.

Қылмыстық құқықтың неғізғі үш міндеті бар: олар қорғау , алдын-алу, тәрбиелік.


Қылмыстық заң. Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайтын зандардың бірі ғана емес, бірегейі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодедексі 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.



2. Қылмыстық- құққытық қатынастар

Қылмыстық іс-қыймылдардың, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында қалыптасады.

Қылмыстық Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.

Қылмыстың төрт белгісі бар:

  1. Қоғамдық қауіптілігі

  2. Құқыққа қарам-қайшылығы

  3. Кінәлілігі

  4. Қылмыстық жауаптылығы

Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады.

Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмысты қжауапкершілкке тарталыды.

Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақан жасалған қылмыс деп танылады.. егер адам өз әрекетін қоғамға қауіпті екендігін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенні немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе жән осы зардаптың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады..

Егер адам өз әркетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болйын тілемесе, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.

Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.

Қылмыс секілді қоғамды ққауіпті әрекеттің объективті және субъективті белгілерінің қылмыстық заңмен бекітілген жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыстың құрамы дейді..

Қылмыстың құрамы- белгілі бір қылмыстық іс-қимылдың тек типтік белгілерін бекітетін нормативті санат.

Қылмыстың құрамына мыналаренеді: қылмыстың объектісі, қылмыстың объективті жағы, қылмыстың субъектісі, қылмыстың субъективті жағы.

Қылмыстық кодекс бойынша қылмыс келесі түрлерге бөлінеді:

  • Онша ауыр емес қылмыс

  • Ауырлығы орташа қылмыс

  • Ауыр қылмыс

  • Ерекше ауыр қылмыс


Қылмысты болдырмайтын мән-жайлар


Кейбір жағдайларда қылмыс жасаған кезде, сол қылмыстың құрамы, оның қоғамдық қауіптілігі сияқты белгісі бола отырса да іс-қимыл қылмыс деп танылмайын мән-жайлар болады. Ондай мән-жайларға:

  1. Қажетті қорғану

  2. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру

  3. Аса қажеттілік

  4. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру

  5. Орынды тәуекел ету

  6. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу

  7. Бұйрықты немесе өкімді орындау


3.Қылмыстық- құқықтық жауапкершілік


Қылмыспен күресу барысында мемлекет әртүрлі әдістер мен шаралар қолданады. Сондай әдістердің бірі – жаза.

Жаза- өзіндік ерекшеліктері мен алдына қойған мақсаттары бар, мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық кодекстің 38 бабына сәйкес жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайндалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Жасалған қылмыстың ауырлығы мен қоғамдық қауіптілігіне байланысты мынандай жазаның негізгі түрлері қолданылады:

  1. Айыппұл салу;

  2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

  3. Қоғамдық жұмыстарға тарту;

  4. Түзету жұмыстары;

  5. Әскери қызмет бойынша шектеу;

  6. Бас бостандығынан шектеу;

  7. Қамау;

  8. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау;\бас бостандығынан айыру

Сонымен қатар қосымша жазалар қолданылуы мүмкін:

  1. Арнаулы, немесе әскери құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан немесе мемлекеттік наградаларынан айыру;

  2. Мүлік тәркілеу


Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату:

1) шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65 бап)

2) қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (66 бап)

3) жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (67 бап)

4) жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68 бап)

5) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ( 69 бап)



Сұрақтарға жауап беріңіздер :

  1. Қылмыстық құқық дегеніміз не? Ол қоғамдық қатынастарды реттей ме, әлде қорғай ма?

  2. Қылмыстық заңның басқа заңдардан айырмашылығы неде?

  3. Диспозицияның санкциядан айырмашылығы неде?

  4. Қылмыстың объектісі, субъектісі, субъективті жағы, объективті жағы дегеніміз не?

  5. Қылмыс құрамы деген не?

  6. Қылмысты болдырмайтын мән-жайларды атаңыз

  7. Қылмыстық жазалау және оның түрлері?

  8. Қылмыстық жауапкершілік дегеніміз не?

  9. Жеке адамға қарсы қылмыстардың түрлерін атаңыз?





9 сабақ

Тақырыбы: Отбасылық құқық

Мақсаты:

Отбасы, неке, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, мүліктік құқықтары мен міндеттері, баланың құқықтары, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, алиментті қатынастар, патронат, мұра және мұрагерлік ұғымдарын түсіндіру


Түсінігі болуы тиіс:

Отбасы мүшелерінің құқықтары туралы;

Патронат туралы;

Отбасылық жағдайлардың құқықтық реттелуі туралы.


Білуі тиіс:

  • Отбасы, неке ұғымын;

  • Ата-ана мен баланың құқықтары мен міндеттерін;

  • Алименттік қатынастарды;


Қолданылатын терминдер мен сөздер: неке, отбасы, бала құқығы, ата-ана, ерлі-зайыпты, патронат, мұрагерлік


Тақырыпты оқу жоспары


  1. Неке, некеге тұру ұғымы

  2. Некені тоқтату, бұзу.

  3. Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік емес құқықтары мен міндеттері.

  4. Ерлі – зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.

  5. Баланың құқықтары.

  6. Ата – аналардың құқықтары мен міндеттері.

  7. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары. Ата – аналармен балалардың алименттік міндеттемелері.

  8. Патронат.


Тапсырма : дәрістің соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз


Дәріс


  1. Неке, некеге тұру ұғымы


Неке дегеніміз ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды тұғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда

белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Ал отбасы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобын айтамыз.

Неке азамттық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарында ресімделгенде заңды деп танылады және белгілі бір құқықтық салдарлар туғыза алады. Шіркеулерде, мешіттерде некені қиюға заң тыйым салмайды, бірақ олардың құқықтық күші жоқ.

Некеге тұру үшін заң некеге тұрудың жағымды және жағымсыз жақтарын белгілейді. Неке тұрудың жағымды жақтарына: некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі жатады.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321 – І Заңнының 10 – бабына сәйкес неке жасы еректер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу оны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендету мүмкін. неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата – аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата – аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Неке тұрудың жағымсыз жақтарына некеге тұруға жол бермейтін жәйектер кіреді. Некеге тұруға: 1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың; 2) тікелей ата – тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата – аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немелерінің), ата – анасы бір және ата – анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы – інілер мен апалы – сіңілілердің (аға – қарындастардың); 3) асырап алушылар мен асырып алғандардың; 4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл – есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.

Некеге тұруға тілек білдіруші адамдарға медициналық, сондай – ақ медициналық – генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультация беру мен тексеруді мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері және некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана жүргізіледі. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.

Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай – ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. ерекше мән – жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән – жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.


2.Некені тоқтату, бұзу.


Неке ерлі – зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар – ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. Сот қайтыс болды деп жариялған немесе сот хабар – ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды.

Некені бұзу. Неке ерлі – зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай – ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.

Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір – біріне мүліктік және өзге де талаптар қойматын ерлі – зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі. Ерлі – зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі – зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі – зайыптылардың екіншісін: 1) сот хабар – ошарсыз кеткен деп таныса; 2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; 3) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.

Некені сот тәртібімен бұзу: 1) осы заңның 16 – бабының 2 – тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі – зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы; 2) ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде; 3) егер – зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса; 4) ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі.

Егер сот ерлі – зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке сот тәртібімен бұзылады.

Ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі – зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі – зайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болып шықса және ерлі – зайыптылар (олардың біреуі) некені бұзуды талап етсе, неке бұзылады. Екі жақтың өзара некені тоқтату туралы ерікті келісімі болған жағдайда некені бұзу сот шешімімен кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі.

Некені сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі – зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған балалар өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқжат жұбайын асыруға қаражат төлеу тәртібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі – зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісім ұсына алады.

Егер ерлі – зайыптылардың арасында осы боптың 1 – тармағында аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай – ақ ол келісім балалардың немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса, сот: 1) неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата – анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға; 2) балаларды асыруға алимент ата – аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын белгілеуге; 3) ерлі – зайыптылардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге; 4) екінші жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асыру қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті.

Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот мүлікті жеке іс жүргізіліп бөлу туралы талапты жеке істе қозғауға құқылы.

Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайда – соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады. Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жердегі, сондай – ақ неке қию мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына жолдауға міндетті. Ерлі – зайыптылардың азаматтық хал актілерін жазу органында некенің бұзылғаны туралы куәлік алған дейін жаңадан некеге тұруға құқығы жоқ.


3.Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік емес құқықтары мен міндеттері.


Ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды. Ерлі – зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең

міндеттер атқарады. Ерлі – зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді тандауда ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі – зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі – зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп – жетілуіне және олардың әл – ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

Ерлі – зайыптылардың мүліктік емес жеке құқықтары. Некеге тұру кезінде ерлі – зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ ретінде өздерінің біреуінің тегін тандап алады не ерлі – зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі – зайыптылардың береуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді. Ерлі – зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі – зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.

Сонымен, ерлі – зайыптылардың мүліктік емес қатынастарына: айналысатын ісін, кәсібін, мамандығын, тұратын жерін, аты – жөнін, тегін тандау еркі жатады. Аналық, әкелік, баланы тәрбиелеу, білім беру, отбасының тағы басқа мәселелерін ерлі – зайыптылар өзара ақылдасып, бірігіп шешеді. Ерлі – зайыптылар отбасындағы өздерінің қатынастарында бір – бірін сыйлауға, өзара көмек көрсетуге, отбасының біріктігін нығайтуға, отбасы мүшелерінің, балалардың денсаулығы сақтауға, олардың өсуіне дұрыс жағдайлар туғызуға міндетті.


  1. Ерлі – зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.


Ерлі – зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі – зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі – зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі – зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі – зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі – зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай – ақ арнаулы нысаналы мақсат жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай – ақ ерлі – зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі – зайыптылар некеде тұрған кезенде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі – зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі – зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі – зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.

Ерлі – зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезенде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып – күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.

Ерлі – зайыптылардың әрқайсысының меншігі. Мыналар ерлі – зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады: 1) некеге тұрғанға дейін ерлі – зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік; 2) ерлі – зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі; 3) қымбат заттар мен басқа да сән – салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі – зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім – кешек, аяқкиім және басқалар). Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі – зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сотолардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін.

Егер некеде тұрған кезенде ерлі – зайыптылардың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі – зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салынын жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және с.с.) анықталса, ерлі – зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін.

Ерлі – зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі – зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады.

Нарықтық экономиканың отбасылық құқықтық қатынастарға енгізген жаңалықтарының бірі некелесушілер, отбасын құрушы ерлі – зайыптылар некеге отырумен қатар өзара неке шартын жасасуға құқықтары бар. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі – зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады.

Неке шарты некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс.

Неке шарты бойынша ерлі – зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерлі – зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі – зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге құқылы. Неке шарты ерлі – зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін.

Неке шартында ерлі – зайыптылар өзара күтіп – бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін, бір – бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі – зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сондай – ақ неке шартына ерлі – зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.

Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін.

Неке шарты ерлі – зайыптылардың құқық қабілетін немесе әрекет қабілеттелігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды; ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды, ерлі – зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайды көздей алмайды; ерлі – зайыптылардың береуін өте қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе неке – отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алдмайды.

Неке шарты ерлі – зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немес бұзылуы мүмкін. неке шартын өзгерті туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.


  1. Баланың құқықтары.


Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата – анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.

Баланың өз ата – анасы тәрбиелеуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан – жақты өсіп – жетілуіне, оның адамдық қадір қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар. Ата – анасы болмаған жағдайда, оларды ата – ана құқығынан айырған жағдайда және ата – ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын, белгіленген тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.

Баланың ата – анасымен және басқа да туыстарымен қарым – қатынас жасау құқығы. Баланың ата – анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға – інілерімен, апа сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым – қатынас жасауға құқығы бар. Ата – анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата – анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиіс. Ата – анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым – қатынас жасауға құқығы бар. Ата – анасы әр түрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата – анасымен қарым – қатынас жасауға құқығы бар. Қысыл – таяң жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну, емдеу мекемесінде болу және т.с.с.) ұшыраған баланың заңда белгіленген тәртіппен өзінің ата – анасымен және басқа да туыстарымен қарым – қатынас жасауға құқығы бар.

Баланың өз пікірін білдіру құқығы. Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай – ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тындалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті. Мысалы, баланың аты мен тегін өзгерту, ата – ана құқықтарын қалпына келтіру, асырап алуға баланың келісімі, асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі, бала асырап алғандарды асырауға алынған баланың ата – анасы ретінде жазу, бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар адамдар, бала асырап алудың күшін жоюдың салдары, патронат белгіленетін бала (балалар) осындай жағдайлар барысында қорғаншы және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған баланың келісімімен ғана шешім қабылдай алады.

Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар. Балаға ат ата – анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады, аты – жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі.

Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның кәмелетке толмаған балаларының әкесінің аты – жөні өзгереді, ал кәмелетке толған балалардың әкесінің аты – жөні бұл туралы өздері арыз берген жағдайда өзгертіледі. Баланың тегі ата – анасының тегімен айқындалады. Ата – анасының тегі әр түрлі болған жағдайда балаға ата – анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата – анасының телегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін. Баланың атына және (немесе) тегіне қатыста ата – ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.

Егер әкесі белгіленбесе, баланың аты анасының көрсетуі бойынша қойылады, әкесінің аты – жөні баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі – анасының тегі бойынша беріледі. Егер ата – анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты – жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды.

Баланың аты мен тегін өзгерту. Ата – анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған балалардың тегі өзгереді. Бала он алты жасқа толғанға дейін ата – анасының бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың мүдделерін негізгі ала отырып, баланың атын, сондай – ақ оған берілген текті басқа ата – ананың тегіне өзгертуге рұқсат беруге құқылы. Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздеріне туған кезде берілген тектерін сақтап қалады.

Егер ата – анасы бөлек тұрса және бала бірге тұратын ата – анасының біреуі оған өзінің тегін бергісі келсе, азаматтық хал актілерін жазу оганы бұл мәселені баланың мүдделеріне қарай және ата – ананың екіншісінің пікірін ескере отырып шешеді. Ата – ананың тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата – ана құқығынан айырылған, әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай – ақ ата – ана баланы асырап – бағу мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз жалтарған ретте оның пікірін ескеру міндетті емес.

Егер бала бір – бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса және әкесі заңды тәртіппен белгіленбесе, азаматтық хал актілерін жазу органы, баланың мүдделерін негізге ала отырып, оның тегін анасының осындай өтініш жасаған кездегі соның тегіне өзгертуге рұқсат етуге құқылы. Он жасқа толған баланың атын және (немесе) тегін оның келісімімен ғана өзгертуге болады.

Баланың ұлты. Баланың ұлты оның ата – анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата – анасының ұлты әр түрлі болса, ол баланың қалаулы бойнша оған жеке басының куәлігі немесе паспорт берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата – анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін.

Баланың мүліктік құқықтары. Баланың Заңда белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің ата – анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алуға құқығы бар. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиесілі сомалар ата – анасының (олардың орындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі және оны олар баланы асырап – бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды.

Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен алған кірістерді, мүлікті, сондай – ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікті меншіктенуге құқығы бар. Өз еңбегінен кіріс алған бала, егер ол ата – анасымен бірге тұрса, отбасын асыру жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы.

Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 22 және 23 – баптарымен белгіленеді. Баланың ата – ана мүлкіне меншік құқығы болмайды, ата – ананың баланың мүлкіне меншік құқығы болмайды. Бірге тұратын балалар мен ата – аналар бір – бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады. Ата – аналар мен балалардың ортақ меншік құқығы пайда болған жағдайда олардың ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы азаматтық заңдарда белгіленеді.

Баланың қорғалу құқығы. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата – анасы (олардың орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады. Кәмелетке дейін заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылған кәмелетке толмаған адамның өз құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар.

Баланың ата – анасының (олардың орнындағы адамдардың) тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде ата – анасының (олардың біреуінің немесе олардың орнындағы адамдардың) баланы асырап – бағу, тәрбиелеу, оған білім беру жөніндегі міндеттерін орындамауы кезінде немесе тиісті дәрежеде орындамауы кезінде не ата – ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын теріс пайдалану кезінде бала қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда – сотқа өзінің құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға құқылы.

Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған ұйымдардың лауазымды адамдарды мен өзге де азаматтар ол жөнінде баланың іс жүзінде тұратын жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Мұндай мәліметтерді алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.


  1. Ата – аналардың құқықтары мен міндеттері.


Қазақстан Республикасының 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған №321-І «Неке және отбасы туралы» Заңының 60 – 66-баптарында ата – аналардың отбасындағы құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Ата – аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері (ата – ана құқықтары) тең болады. Ата – ана құқықтары балалары он сегіз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай – ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады. Кәмелетке толмаған ата – аналардың баласымен бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар.

Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ана – аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және (немесе) әке болуы анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата – ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата – аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата – аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата – ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді.

Кәмелетке толмаған ата – аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай – ақ олардың он төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуын анықтауды талап етуге құқығы бар.

Ата – аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. Ата – аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата – аналардың басқа да барлық адамдарғақарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата – аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.

Ата – аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата – аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар. Балалрдың тәрбиесі мен білім алуына қатысы барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата – аналар шешеді. Ата – аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Ата – аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата – аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата – аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата – аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.

Ата – ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама – қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата – аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс. Ата – ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата – аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір – қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау құқықтары мен мүдделеріне нұқсн келтіре отырып жүзеге асыратын ата – аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.

Баласынан бөлек тұратын ата – ананың баласымен қарым – қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы бар. Бала бірге тұратын ата – ана, егер мұндай қарым – қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата – анасымен қарым – қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс. Ата – аналар бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата – аналарының келісімімен белгіленеді.

Келісім болмаған жағдайда ата – аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата – аналардың әрқайсысына, аға – інілері мен апа – сіңлілеріне (қарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата – аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата – аналардың әрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата – аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы және т.с.с.) ескереді.

Ата – аналар баладан бөлек тұратын ата – ананың ата – ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы. Егер ата – аналар келісімге келе алмаса, ата – аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді. Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата – анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады. Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата – ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады.

Баласының бөлек тұратын ата – ананың өз баласы туралы тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар. Ақпарат беруден ата – ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкін. ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.


  1. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары. Ата – аналармен балалардың алименттік міндеттемелері.


Ата – аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап – бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі мен нысанын ата – аналар дербес айқындайды. Ата – аналар «Неке және отбасы туралы» Заңның 20-тарауына сәйкес өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап – бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасауға құқылы.

Егер ата – аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап – бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап – бағуға арналған қаражат (алимент) ата – аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Ата – аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап – бағуға алынбағанда және сотқа талап – арыз берілмегенде қоғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата – анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата – аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға – ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің – төртпен бірін; екі балаға – үштен бірін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мәнжайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

Ата – аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап – бағуға міндетті. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетін кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып белгілейді.

Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата – аналарын асырап – бағуға және оларға қамқолық жасауға міндетті. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата – аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады. Әрбір баладан өндіріп алынатын алимент мөлшерін сот ата – аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынастарында белгілейді.

Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот, балаларының бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата – ананың нңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы. Егер сот ата – аналардың ата – ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса, балаларының өздерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата – аналарын асырап – бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін. балалары ата – ана құқықтарынан айырылған ата – аналарына алимент төлеуден босатылады.

Ерлі – зайыптылардың бір – бірін асырап – бағу жөніндегі міндеттері. Ерлі – зайыптылар бір – бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі – зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент төлеуге қажетті қаражаты бар жұбайдан: 1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының; 2) жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелінің; 3) ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайының бала он сегіз жасқа толғанға дейін; 4) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып – күтіп отырған, сондай – ақ 16 жасқа толғаннан мүгедек балаға І – ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.

Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы. Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге: 1) жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы бұрынғы әйелінің; 2) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып – күтіп отырған, сондай – ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға І – ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының; 3) неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар.

Алименттің мөлшері мен оны неке бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына берудің тәртібі бұрынғы ерлі – зайыптылардың арасындағы келісім бойынша белгіленуі мүмкін.

Отбасының басқа мүщелерінің алименттік міндеттемелері. Ағалары мен апаларының өздерінің кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз, кәмелетке толған інілері мен сіңлілерін (қарандастарын) асырау жөніндегі міндеттері.

Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері мен сіңілілерінің (қарандастарының) өз ата – аналарынан қаражат алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған ағалары мен апаларынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған ағалары мен апаларына да, егер олар өздерінің еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларынан, жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата – анасынан көмек ала алмаса, осындай құқық беріледі.

Немерелерін асырап – бағу жөніндегі атасы мен әжесінің міндеттері. Өздерінің ата – аналарынан көмек алуы мүмкін болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған, көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Өздерінің жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата – анасынан көмек ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған немерелерге да осындай құқық беріледі.

Өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайының (бұрынңы жұбайынан) қажетті қаражат ала алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж аталар мен әжелер өдерінің алимент төлеуге қажетті алимент талап етуге құқылы.

Кәмелетке толмаған балаларға нақты тәрбие беруді, асырап – бағуды жүзеге асырушы, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж адамдар, егер олар өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, олар өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарамды тәрбиеленушілерінен көмек беруді сот тәртібімен талап етуге құқылы. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт асырап – бағып, тәрбиелесе, сондай – ақ өздерінің тәрбиеленушілерін тиісті түрде асырап – бақпаған және тәрбиелемеген болса, сот тәрбиеленушілерді нақты тәрбиеленушілерін асырап, бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы.

Өгей ұлдар мен өгей қыздарын тәрбиелеп, асырап – баққан, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шешенің, егер өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан асырап – бағуды сот тәртібімен талап етуге құқылы. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелеп, асырап – бақса, сондай – ақ олар өздерінің тәрбиелеу және асыру міндеттерін тиісті түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесі мен өгей шешесін асырап – бағу міндеттерінен босатуға құқылы.

Қорғаншылық және қамқоршылық. Ата – анасының қайтыс болуы, олардың ата – ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата – ана құқықтарының шектелуі, ата – анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата – аналардың ұзақ уақыт болмауы, ата – аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата – аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай – ақ ата – аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі.

Қорғаншы және қамқоршы органдар ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебін алуды жүргізеді және ата – анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән – жайларын негізге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын тандайды, сондай – ақ оларды асырау, тәрбиелеу және білім беру жағдайларына одан әрі бақылау жасауды жүзеге асырады. Қорғаншы және қамқоршы органдардан басқа ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметіне жол берілмейді.

Ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар асырап алынып, отбасына тәрбиеленуге, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат шарты бойынша, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде, жетім балаларға немесе ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі (тәрбие, емдеу және басқа да) мекемелерге берілуге тиіс.

Қорғаншылық және қамқоршылық ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және білім беру мақсатында және әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілетті шектеулі кәмелетке толған адамдардың балалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.

Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға, сондай – ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл – есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді. Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың шешімімен өлді немесе хабар – ошарсыз кеткен деп танылған кәмелетке толмаған адамның, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілетті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне тағайындалады. Егер қорғаншылық қамқоршылық белгіленген адамның басқа жерде мүлкі болса, онда осы мүлікті басқару үшін қорғаншы органдар мүліктің тұрған жерінде қорғаншы тағайындай алады.

Қамқоршылық он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, сондай – ақ спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді. Денсаулығының жай – күйіне байланысты өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі мүмкін.

Аудандық (қаладық) атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады. Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады, ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады.

Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың және оны тәрбиелеуге үміткер адамның (адамдардың) тұрмыс жағдайларына зерттеу жүргізуге және зерттеу актісін сотқа табыс етуге міндетті. Қорғаншы және қамқоршы органдар өздерінің міндеттерін осы органдар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ереже негізінде жүзеге асырады.


  1. Патронат.


Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негізгі болып табылады.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап – бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешінің құқықтары мен міндеттерін, патронат тәрбиешіге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттерін, сондай – ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуі тиіс.

Бала патронат тәрбиешіге аталған шартпен белгіленген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу және тәрбиелеуге алынған балалар санына қарай берілетін жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт: 1) дәлелді себептері (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жан – жалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша; 2) баланы асырап – бағу, тәрбиелеу және білім беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша; 3) бала ата – анасына қайтарып берілген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

Патронат тәрбиешілер тәрбиеге алынған балаға (балаларға) қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады. Оларға осы заңның 108 – бабында көзделген талаптар қойылады. Патронат тәрбиешілерді іріктеп алуды қоғаншы мен қамқоршы органдар жүзеге асырады. Шарт бойынша оны патронат тәрбиешілерге беру үшін баланы (балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы мен қамқоршы органмен келісім бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.

Ағалы – інілерді, апалы – сіңлілерді (қарындастарын) ажыратуға жол берілмейді, бұған олардың мүдделеріне сай келетін жағдайлар қосылмайды. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келісімімен ғана берілуі мүмкін.

Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне тиесілі алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай – ақ тұрғын үй – жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй – жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй – жайы болмаған кезде, тұрғын үй зандарына сәйкес оған тұрғын үй – жай берілуіне құқығы бар.

Қорғаншы және қамқоршы орган патронат тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмірі мен тәрбиесіне қалыпты жағдай туғызуға жәрдемдесуге міндетті, сондай – ақ патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) асырап – бағу, тәрбиелеу және оған білім беру міндеттерін орындауға бақылауды жүзеге асыруға құқылы.


Сұрақтарға жауап беріңіздер:


  1. Неке дегеніміз не?

  2. Некеге тұру тәртібі туралы баяндаңыз

  3. Неке қандай жағдайларда бұзылады, тоқтатылады?

  4. Баланың құқықтарын атаңыз

  5. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін атаңыз

  6. Патронат дегеніміз не ?

  7. Қорғаншылдық пен қамқорлыққа түсініктеме беріңіздер

  8. Алименттік қатынастар қандай кездерде пайда болады?




10 сабақ

Тақырыбы: Экологиялық құқық


Мақсаты: экологиялық құқық пәнімен танысу. Негізгі ұғымдарды түсіну, Экологиялық мәселелер , экологиялық заңдар туралы білім қалыптастыру


Түсінігі болуы тиіс:

Экологиялық мәселелер, және оларды шешу жолдары туралы

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы


Білуі тиіс:

  • Экологиялық құқық ұғымын;

  • Экологиялық құық әдістерін, қағидаттарын, жүйесін;

  • Экологиялық заңдарды.



Қолданылатын терминдер мен сөздер: экология, қоршаған орта, табиғат, экологиялық мәселелер


Тақырыпты оқу жоспары

  1. Экологиялық құқық: ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі

  2. Экологиялық мәселер: түрлері, шешу жолдары

  3. Экологиялық заңдар

  4. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық


Тапсырма : дәрістің соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз



  1. Экологиялық құқық: ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі


Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелік салаларының негізгі тіректерінің бірі ұғымдар мен санаттар болып табылады. Мысалы экологиялық құқық негіздерімен оқып танысу барысында «экология» , «қоршаған орта» , «қоршаған ортаны қорғау», «табиғи ресурстар», «табиғат пайдалану» т.б. осы сияқты атуларды кездестіруге болады. Сондықтан солардың негізгілерінің мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге болады.

Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834 – 1919) енгізген. Экология – тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым – қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта – табиғи объектілердің, өзара қарым – қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай – ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай – күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс – қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұғымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді. Қоршаған ортаның ластауы – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай – ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері. Сондықтан адамзаттан табиғатты барынша тиімді, сапалы, үнемділікпен пайдалану талап етіледі. Ал табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы. Табиғи ресурстар – бұл қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері.

Экологиялық құқықтық нысаны (объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың оқытатың пәні: 1) қоршаған табиғи ортаны қорғау; 2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану; 3) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады.

Экологиялық құқықтық әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты, практикалық және теориялық жағынан игерудің амал – айлаларының жиынтығы. Әдетте құқықтық нормалардың орындалуы үшін адамдардың мінез – құлығына әсер етудің әкімшілік – құқықтық және азаматтық – құқықтық әдістері қолданылады. Аталған әдістер экологиялық құқық саласында да пайдаланылады.

Әкімшілік – құқықтық әдістер құқықтық қатынастардың субъектілерінің тең емес, билік етушілер мен оған бағынушылар қатынасынан туындайды (бастық, директор және бағыныштылар, полиция және құқық бұзушы).

Азаматтық – құқықтық әдіс құқықтық қатынастың субъектілерінің заң алдында өзара тендігіне негізделген (экологиялық құқық бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың тең жауаптылығы). Сонымен бірге императивті және диспозитивті әдістер қолданылады. Императивті экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілерінің құзыретін белгілегенде оларға алдын ала көрсету, жазу, тыйым салу нормалары қолданылады. Диспозитивтік әдіс ол экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілері өзара ұсыныс, санкция, рұқсат беру сияқты амалдардың негізінде әрекет жасауы.

Экологиялық құқықтың қағидаттары. Қағидат – құқықтық – нормативтік материяның қабырғасы, негізгі бастамасы бола отырып, құқықтық реттеудің әдістерінің бағытын, мақсатын, міндетін, қазіргі таңдағы экологиялық заңнамалардаың мәнді сипатын, экологиялық қатынастардың дамуының объектівті заңдылықтарын көрсетеді.

Экологиялық құқықтың мынандай қағидаттарын көрсетуге болады: 1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру; 2) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік – экономикалық міндеттері мен проблемаларын тендестіре отырып шешу; 3) экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру; 4) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланған үшін кезек – кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру енгізу; 5) биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету; 6) қошаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы; 7) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау; 8) халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін – өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы; 9) халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатынасы, жаһандық және ұлттық экологиялық мәселелер, табиғатты құқықтық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорлары мен байлықтарын ұтымды пайдалану мен қайта өндіру ұғымдары, Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының қалыптасу тарихы, экоқұқықтың пәні, әдістері, қағидалары, экоқұқықтың деректік көздері, табиғат қорларына, байлықтарына меншік құқығы, экологиялық пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу мен басқару, экологиялық бақылаудың ұйымдастырушылық – бақылау нысандары, қоршаған табиғи ортаға әсер етудің бағасы және экологиялық сараптама, экологиялық мониторинг және табиғи – қорлық кадастр, экологиялық заңнамалардың бұзылғаны үшін жауаптылық сияқты мәселелерді қарастырады.

Ерекше бөлім жерді, суды, ауаны, орманды, жер қойнауын, жануарлар, өсімдіктер дүниесін пайдалану және қорғаудың, экологиялық құқық бұзушылық және жауаптылықтың экологиялық – құқықтық тәртіптері оқытады.


  1. Экологиялық мәселер: түрлері, шешу жолдары


Бүгінгі таңда адамзат табиғатты игеруде, ғылым мен техниканың дамуында ғаламат табыстарға жетті. Екінші жағынан өркениеттің дамуымен қатар биосфераның тұрақсыздануы және қоршаған ортаның, табиғи жүйелердің тозу қаупі туындап отыр. Соның салдарынан барынша шиеленіскен жаһандық, ұлттық және жергілікті экомәселелер қалыптасты. Оларды шешуге тек қана қазақстандықтардың ғана емес, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.

Экологиялық мәселелер. Жаһандық экологиялық мәселелер:

  1. Климаттың өзгеруі; 2. Озон қабатының бұзылуы; 3. Биоәртүрлілікті сақтау (өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әртүрлілігін); 4. Жердің шөлейттенуі және тозуы.

Ұлттық экологиялық мәселелер: 1. Семей, Арал; 2. Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер; 3. Су ресурстарының сарқылуы және ластануы; 4. Байырғы ластанулар; 5. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер; 6. Әскери – ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері.

Жергілікті эколгиялық мәселелер: 1. Әуе бассейнінің ластануы; 2. Радиоактивті ластану; 3. Бактериологиялық және химиялық ластану; 4. Химиялық ластану; 5. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар; 6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

  1. Климаттың өзгеруі. «Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі мәселен болып табылады және қоршаған ортаның жай – күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді. Жыл сайын атмосфераға бірнеше мың тоннадан астам улы, иісті газ (СО2), азот тотығы (NO), күкірт (S) шығарылады. Солардың 10 пайызын ғана өсімдіктер сіңіреді. Қос тотықты күкірттің азот тотығында шоғырлануы қышқыл жауын тудырады. Мысалы көмір қышқыл газының (О2) пайда болған уақытынан бастап осы күнге дейін 20 пайызға, ал жыл сайын оның көбеюі 0,2 пайызға өсуде. Көмір қышқыл газы жанудың нәтижесінде пайда болады. Оның көздері, таратушысы – жылу станциялары, металлургия заводтары, көлік құралдары. Осындай күрделі физико – химиялық қоспалар «қызу әсерін тудырады». «Қызу әсері» ауа ыстығының көтерілуіне, ол ауа – райының, климаттың өзгеруіне әкеледі. Әлемдік мұқит суының көтерілуіне, соңғы 100 жылда 10 – 12 см көтерілсе, «қызу әсері» оны 10 есе күшейтуі мүмкін.

Аталған экологиялық мәселелерді шешу үшін қандай шаралар қолданылып жатыр? Қызған газдардың шығарындыларын қысқарту мақсатында Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияның Киото хаттамасына қол қойды. Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тарабы болады.

Экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвенстицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістің энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шағарындыларына квоталар сату жөніндегі перспективаларды ашады.

  1. Озон қабатының бұзылуы. Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады. 1973 жылдан бергі байқаулар Қазақстанның үстіндегі озон қабатының қалыгдығы 5 – 7 пайызға азайғанын көрсетті. Адамдардың барынша шоғарланған аумақтарында озон қабаты 3 пайызға жұқарған. Озон (О3) қабатының 1 пайызға жұқаруы тері ісік ауыруымен ауырушылардың санын 6 пайызға ұлғайтады. Қолданылған шаралардың нәтижесінде әлемде 1986 жылдың деңгейімен салыстырғанда озон бұзғыш заттардың (ОБЗ) мөлшері 10 есеге азайды. Озон бұзғыш заттарға негізінен (ОБЗ) флерон, фреон, хлор, көміртек, автокөліктер бөліп шығаратын улы химиялық заттар жатады.

Озон қабатын бұзу қатерін жоюдың негізгі жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ-ды пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауіпсіз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш – жігердің табыстылығына көз жеткізу үшін тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу. Сондай – ақ ОБЗ-ды пайдаланатын кәсіпорындардың қызметін лицензиялау жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ОБЗ-ды пайдалану қызметімен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстіндегі озон қабатының жай – күйін зерделеу жөнінде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуді бастау, сондай – ақ жаңа технологияларды енгізу жолымен ОБЗ-ды пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет болады. Осы іс – шараларды жүргізу нәтижесінде ОБЗ-ды шығарындысы қысқарып, ол жердің озон қабатын сақтауға септігін тигізетін болды.

  1. Биоәртүрлілікті сақтау. Қазақстанның экожүйесі орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іс жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлерінің жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың аландатар жәйі деп танылды.

Биоәртүрлілікті іс жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады.

Биотүрлілікті сақтаудың неғұрлым тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9 пайызын құрайды, бұл биологиялық әртүрліліктің экологиялық теңгерімін сақтау үшін тым жеткіліксіз және 10 пайызды құрайтын әлемдік стандарттардан төмен. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейін ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4 пайызын құрайды. Республика аумағының небәрі 4,2 пайызын алатын Қазақстанның барлық адамдарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру. Орман – оттегін бөліп шығарудың негізгі көздерінің бірі. Реактивті ұшақ АҚШ-тан Еуропаға дейін 50 – 100 тоннаға дейін оттегін құртады, оны 10 мың гектар орман қалпына келтіре алады. Дүние жүзінде жыл сайын 11 млн. га, минут сайын 20 га, өркениет тарихында орманның 2/3 жойылған.

Биоәртүрлілікті сақтау үшін Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс – қимыл жоспарын әзірледі.

  1. Жердің шөлейттенуі және тозуы. Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66 пайызы түрлі деңгейде шөлейттену үрдістеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кіріс шамамен 300 миллиард теңгені құрайды. БҰҰ мәліметті бойынша қазіргі таңда жылына 23 млн. гектар жер шөлейттенеді екен.

Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлейттенуі мен тозу мәселесі шаң – тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткізуі нәтижесінде біртіндеп трансшекаралық мәселеге айналуы мүмкін.

2004 жылдың барысында шөлейттенудің көлемі мен құрғақшылықтың теріс әсерінің алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлерді және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіруге, ресурстық базаны сақтауды және/немесе қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу мен енгізуге, сондай – ақ шөлейттенумен күрес процесінде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен күрес жөнінде бағдарлама әзірлеу және бекіту қажет. Бағдарламаның негізгі нәтижелері шөлейттену үрдістерін болдырмау және жердің тозу ауқымын қысқарту, шөлейттенумен күрестің экономикалық тетіктерін енгізу, ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігін арттыру болмақ.

Ұлттық экологиялық мәселелер:

Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал). Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне нақтылы қатер болып табылады.

Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің және ерте қартаю көрінісінің жоғары деігейі байқалуда. Арал өңірі экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елді мекен) әсіресе әйелдер және балалар арасында асқазан – ішек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетінеуі мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуды. 1960 жылдан бастап Арал теңізі деңгейі 17 метрге, көлемі 75 пайызға кеміген. Теңіз өзінің бұрынғы жағасынан 100 – 150 шақырым кетіп, 33 мың шаршы шақырым жағалау жалаңаштанға. Кейбір мәліметтерге қарағанда жыл сайын Аралдан желдің күшімен 100 тоннаға дейін тұз ұшып, Еуропаға, Солтүстік мұзды мұхитқа дейін жеткен.

Елдің ішкі қауіпсіздігіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтік – экономикалық және экологиялық жағдайын кешенді талдау жөнінде іс – шаралар жүргізу, оның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне баға беру, экологиялық талаптарды әзірлеу және аумақтардыэкологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерінің салдарларын ескере отырып, сауықтыру – оңалту іс – шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға дейін халықтың ішкі көші – қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзірленуі қажет.

Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер. Ғалымдардың есебі бойынша балық уылдырығының жойылуына 1 кубометр суға жайылға 10 грамм мұнай жетіп жатыр. Мұнайдың әрбір тамшысы судың бетінде көлемі 30 диаметрлік лай, қабыршық – қаршыққа айналады. Осындай әрбір тамшының салмағы 0,5 – 0,8 грамм. Оттегінің үлкен екі көзі бар – өсімдіктер (40 пайыз) және әлемдік мұхиттар (60 пайыз). Сондықтан, осындай мұнайдың қабыршықтары дүние жүзілік мұхиттағы тіршіліктің жойылуына, әсіресе оттегін үлкен мөлшерде бөліп шығаратын балдырлардың жойылуына, нәтижесінде оттегін жұтып, көмір қышқыл газын бөліп шығарытан бір жасауында (клеткалы) алтын түсті зиянды балдырлардың көбеюіне әкеледі. Бұл балдырлар өте тез дамып көбейеді. Әдетте олардың ұзындығы 10 шақырымға, қалыңдығы 35 м, күндік қозғалыс жылдамдығы 25 шақырым. Өзінің жолындағы тіршілік атаулының барлығын жояды. Бұндай балдырлар Скандинивияның оңтүстігінде, Солтүстік теңізінде байқалуда.

Қазақстан үшін Каспий теңіз қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты туындайтын экологиялық мәселелер алаңдатады. Кейбір деректерге сүйенсек теңіздің мұнаймен ластануына байланысты 2000 жылы 50 мыңдай итбалық (тюлень) өлген. Профессор М. Дайыровтың пікірінше жыл сайын өндірілетін 300 млн. тонна мұнайдың біз үшін құны 45 млрд. доллар болуы мүмкін. оның 15 млрд. доллары мұнайды өндірген шығынды жабуға кетсе, биологиялық шығындар да сондай мөлшерде, нәтижесінде мұнайдан түскен 15 млрд. таза пайда Каспийдің құрып кеткен балық қорына барабар екен. Бұл мұнай өңдірудің салдарынан жойылған жануарлар мен өсімдіктерді қоспағанда. 200 мың гектар топырақты қабат зиян шеккен. Мұнай кәсіпшілігінің нәтижесінде топырақтық зиян шегу терендегі 5 – 10 метрге жеткен. АҚШ ғылымы Х. Беннеттің айтуынша терендегі 2 – 3 см. жеткен топырақтың бұзылуын қайта қалпына келтіру үшін 200 ден 1000 жылға дейін уақыт керек екен.

Сондықтан, 2005 жылдың аяғына дейін теңіз және жағалау маңы экожүйелеріне залал келтірместен көмірсутегін өндірудің мүмкін болатын шекті деңгейін айқындау жөніндегі арнаулы зерттеулерді жүргізу, геодинамикалық мониторингті іске асыру, иесіз мұнай ұңғымаларын және басқа да байырға ластануларды жою, ілеспе газды алауларда жағуды және мұнай құбырлары мен радиоактивті ластанған жабдықтарды рұқсат алынбай көмуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдау көзделеді.

Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын көрсетеді. Экономиканы экологияландандыруды жүзеге асыру үшін ресурс үнемдейтін технологияларды дамыту және экологиялық «лас» өндірістің үлесін азайту, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторингтің және статистиканың табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландырудың экономикалық тетіктерін жетілдіру арқылы барлық әзірленетін мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу қажет.

Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың және қоршаған ортаның тиісті сапасын қолданудың негізі болады.


3. Экологиялық заңдар


Экологиялық құқықтық нормативтік актілердің ішінде халықаралық құқықтық нормативтік актілер ерекше орын алады. Олар Қазақстан Республикасы зандарынан заңдық күші жағынан жоғары. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 – бабы3 – тармағында «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайда басқа реттерде, тікелей қолданылады» делінген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 – бабы 3 – тармағы: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай – ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін». Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабы 1-тармағы: «Мемлекет адамның өміп сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды». Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабы: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті». Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Климаттың өзгеруі жөніндегі Рио-де – Жанейрода (Бразилия) 1992 жылы 11 маусымда қол қойылған БҰҰ-ның Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылғы 12 наурыздағы ҚР Президенті Жарлығымен, 1997 жылы 11 желтоқсанда климаттың өзгеруі БҰҰ-ның Үлгілік конвенциясына қосымша Киото хаттамасына (Жапония) Қазақстан қол қойды. 1985 жылы 22 наурызда Венада (Австрия) озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қол қойылған еді. «Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қосылуы туралы» 1997 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан осы конвенцияға қосылды. 1997 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы заңы бойынша Қазақстан «ОҚБ заттар туралы» Монреаль хаттамасына қол қойды. 2003 жылы 10 ақпанда Қазақстан «Қауіпті қалдықтарды трансшекералық тасымалдауды бақылау туралы» Базель конвенциясына қосылды. 1991 – 2005 жылдар аралығында Қазақстан барлығы 20-ға тарта экологиялық сипаттағы әр түрлі халықаралық нормативтік құқықтық актілерге қол қойды. Бұл аталған халықаралық құқықтық нормалардың барлығы Қазақстан Республикасы заңдарынан заң жағынан күші жоғары.

Егемендік пен Тәуелсіздік жарияланған уақыттан бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды. Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», 1998 жылы – «Радиациялық қауіпсіздік туралы» Заңдар, ал 2002 жылы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұғымды пайдалану саласында Президенттің «жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы – Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.

Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындату және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс – қимылдың ұлттық жоспарларын әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау – инспекциялық жұмыс жолға қойылды.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160-І Заңы. Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін үшін қошаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

«Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының № 2350 Заңы. Осы заң Қазақстан Республикасының қарамағындағы аумақта, соның ішінде теңіздегі және ішкі су тоғандарындағы аумақта мұнай операцияларын жүргізген кезде туындайтын қарым – қатынастарды реттейді.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 2828 Заңы. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жайындағы заңдардың міндеттері – Қазақстан Республикасының мүдделерін және оның табиғи ресурстарын қорғау, Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау, жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының бірдей дамуына жағдай жасау, жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында жүргізуді реттеу болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы.


  1. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық


Заңды жауаптылық дегеніміз құқыққа қарсы жасаған әрекеті үшін құқық бұзушыға қолданылатын, белгілі бір мүліктік және жеке сипаттағы зиян шектіретін мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық дегеніміз мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы құзыретті, құқық қорғау органдары және басқа да құзыретті субъектілер мен экологиялық құқық бұзушының арасындағы сол бұзушыға жаза қолдану жөніндегі қарым – қатынас.

Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылықтың түрлері. Экологиялық құқық бұзушылық өзінің құрамына қарай әкімшілік және тәртіптік теріс қылық немесе қылмыс болуы мүмкін. жасалғаны үшін әкімшілік, тәртіптік және қылмыстық сияқты жауаптылық туындайды. Сонымен қатар, келтірілген залал, зиян, нұсқан үшін азаматтық – құқықтық және материалдары жауаптылық туады.



Сұрақтарға жауап беріңіздер:


  1. Экологиялық құқығы пәні нені зерттейді?

  2. Экологиялық құқықтың қағидаттарын атаңыз

  3. Жаһандық экологиялық мәселелрді атаңыз

  4. Ұлттық экологиялық мәселлерді атаңыздар

  5. Жергілікті экологиялық мәселелрді атаңыз

  6. Экологиялық құық бұзушылыққа қарсы жауаптылықтың түрлері













11 сабақ

Тақырыбы: Кәсіпкерлік құқық

Мақсаты:

Кәсіпкерлік құқық туралы жалпы мәлімет алу: ұғымы, әдістері, қағидаттары. Кәсіпкерлік нысандарымен танысу


Түсінігі болуы тиіс:

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік туралы

Кәсіпкерлік саланы реттейтін нормативтік-құқықтық актілер туралы


Білуі тиіс:

  • Кәсіпкерлік құқық ұғымын, жүйесін, қағидаттарын;

  • Кәсіпкерлік құқықтың субъектілерін;

  • Кәсіпкерлік ұғымын, түрлерін, бір-бірінен айырмашылығын.


Қолданылатын терминдер мен сөздер: кәсіп, кәсіпкер, заңды тұлға, жеке тұлға, акционерлік қоғам, серіктестік, шаруашылық


Тақырыпты оқу жоспары


  1. Кәсіпкерлік құқық ұғымы, әдістері, қағидаттары, жүйесі

  2. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері

  3. Кәсіпкерлік ұғымы, түрлері

  4. Шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық).

  5. Шаруашылық серіктестік.



Тапсырма : дәрістің соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз


Дәріс


  1. Кәсіпкерлік құқық ұғымы, әдістері, қағидаттары, жүйесі


Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа қатыныстарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды: а) кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық емес (мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар) қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады.

Кәсіпкерлік құқықтың әдістері.

Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқытық субъектілері бір-бірімен зеңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті тапсырма беру,белгілеу әдістері пайдаланылады. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті құқықтық ексімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не заңды ұйымның кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтірілетін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете лады. Бұндай мемлекеттік құзыретті органдар тарапынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс - әрекетінің барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуы мүмкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік қатынастардың барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.

Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) кәсіпкерлік істің еркіндігі- кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар; 2) кәсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлық меншік түрлері мен түрпішіндерінің құқықтық (задық) тендігі; 3) бәсеке еркіндігі және монополияны тежеу;4) кәсіпкерлік істің негізі мақсаты пайда табу;5) кәсіпкерлік іс барысындағы заңдылық;6) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу.

Кәсіпкерлік құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөліміне:

1)кәсіпкерлік құқыққа кіріспе;2) шет елдердің сауда құқығы;3)кәсіпкерлік құқықтық қатынастар;4)банкроттық;5)республикалық және коммуналдық меншікті мемлекетсіздендіру, жекешелендіру;6) кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу;7) кәсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық; 8)кәсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін қорғау;9)экономиялық қауіпсіздіктің құқықтық салалары сияқты қатынастар жатады. Ерекше бөлімі: монополистік әрекетті құқықтық реттеу;өнімдердің, қызмет көрсетудің сапасын құқықтық қамтамасыз ету; баға мен тарифтерді құқықтық реттеу; несие мен қарыз беруді құқықтық реттеу.

Кәсіпкерлік құқықтың деректік негіздеріне Конституция, Конституциялық заңдар, халықаралық шарттар мен келісімдер, заңдар, президенттің, Үкіметтің, Парламенттің жергілікті атқару органдарының актілері жатады.


  1. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері


Кәсіпкерлік құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және аумақтық- әкімшілік бөлімдер жатады. Субъектілердің әрекет қабілеттілігі болуы шарт. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, соңдай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұгалар болып ұғынылады.

Азаматтар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады. Мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін: 1) жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланатын; 2) кәсіпкерлік қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу жергілікті жердегі салық органдарында не ауылдық әкімшілікте жүргізіледі.

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде тіркеледі. Өз қызметінің негізгі мақсатты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.


  1. Кәсіпкерлік ұғымы, түрлері


Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік іс- мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы жүзеге асырады.

Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік- азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметті.

Жеке кәсіпкерлік өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік деп екіге бөлінеді.

Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай - ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар жатады: 1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі- зайыптылар кәсіпкерлігі; 2) шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік 3) кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.

Жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады.


  1. Шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық).


Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылық өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай ақ сол өнімді ұқсату және өткізумен тығыз байланысты жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шаруашылық шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық) деп танылады.

Фермерлік шаруашылықтың (шаруа шаруашылығының) түрлеріне:

1) кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа шаруашылығы;2) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермерлік шаруашылық;3) бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жай серіктестік түрінде ұйымдастырылған фермерлік шаруашылық болып табылады. Қазақстан Республикасының заң актілерімен шаруа шаруашылығының (фермерлік шаруашылықтың) басқа да түрлері жатқызылуы мүмкін.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мыналар жатады: өзіндік кәсіпкерлік субъектілері; микробизнес субъектілері; шағын кәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі бизнес субъектелері. Жеке кәсіпкер: 1) еңбек заңдарына сәйкес жалдау бойынша алатын азаматтармен шарттар (келісімшарттар), сондай-ақ еңбек ұжымдарынның талабы бойынша ұжымдық шарттар жасауға; 2) жалдамалы қызметкерлер өздерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтарға бірігуіне кедергі жасамауға; 3) жалданып жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақыны заң актілерінде белгіленген ең төменгі мөлшерде кем емес деңгейде төлеуге; 4) қолданылып жүрген ережелер мен нормаларды басшылыққа ала отырып экологиялық қауіпсіздікті, еңбек қорғауды, қауіпсіздік техникасын, өндірістік гигиена мен санитарияны қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға; 5)салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дер кезінде және толық төлеуге және мемлекеттің алдында басқа да қаржы міндеттемелерін орындауға; 6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға жататын салаларда қызметіне, арнайы келісім (линцезия) алуға; 7) Қазакстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.

Заңды тұлға құрмай және заңды тұлғаның белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өзіндік кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі ортамаша саны 10 адамға дейінгі заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді.

Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің жалпы құны алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкер субъектілері болып табылады.

Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 250 адамға дейінгі және жыл бойғы активтерінің жалпы құны үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан астам немесе активтерінің жалпы құны бір жыл ішінде үш жүз жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі бизнес субъектілері болып табылады.

Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне: заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер; толық серіктестік; коммандиттік серіктестік; жауапкершілігі шектеулі серіктестік; қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; өндірістік кооператив жатады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынға таза табылынысты қатасушыларына үлестірмейтін ұйым заңды тұлға бола алады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын занды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.


  1. Шаруашылық серіктестік.


Жарғылық капиталы құрылтайшылардың(қатысушылардың) үлесіне(салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі серіктестік,қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкемен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.

Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен(толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің(салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестік(коммандиттік) сенім серіктестігі деп танылады.

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектелуі серіктестік деп танылады.

Қатысушылары серіктестік міндеттемелер бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады.

Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес(не өзгедей түрде) негізгі ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады.

Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы,басырмақ) заңды тұлғаныкі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады. Кооператив мүшелері екеуден кем болмауға тиіс.

Мемлекеттік кәсіпорындарға: 1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген; 2) оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады.

Мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу құқығына негізделген және оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органның шешім бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. Мемлекеттік кәсіпорынның органы уәкілдік берілген мемлекеттік орган тағайындайтын және оған есеп беретін басшы болып табылады.

Құрылтайшы бекітетін шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.

Жедел басқару құғымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын қазыналық кәсіпорын деп танылады. Қазыналық кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылады.

Коммерциялық емес ұйымдар. Басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Прзидентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметің және облыстар (республикалык маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен мемлекет құрған және егер заң актілеріңде қосымша қаржыландыру көздері белгіленбесе, тек мемлекеттік бюджеттің немесе Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкі бюджетінің (шығыстар сметасының) есебінен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттік мекемеден танылады. Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету құқығы белгіленген тәртіппен берілген мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

Қазақстан Республикасында қоғамдық бірілестіктер болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың зандарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері танылады.



Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Кәсіпкерлік құқық нені зерттейді?

  2. Кәсіпкерлік құқықтың дереккөздерін атаңыз

  3. Жеке тұлға, заңды тұлға дегеніміз кімдер?

  4. Кәсіпкерлік дегеніміз н және оның қандай түрлері бар?

  5. Жеке кәсіпкерліктің түрлерін атаңыз

  6. Мемлекеттік кәсіпкерліктің түрлерін атаңыз

  7. Фермерлік шаруашылықтың түрлерін атаңыз





































12 сабақ

Тақырыбы: Халықаралық құқық

Мақсаты:

Халықаралық құқық туралы жалпы мәлімет алу: ұғымы, әдістері, қағидаттары. Кәсіпкерлік нысандарымен танысу


Түсінігі болуы тиіс:

Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары туралы;

Халықаралық құқықтың нені реттейтіндігі туралы


Білуі тиіс:

  • Халықаралық құқық ұғымын, жүйесін, салларын;

  • Халықаралық құқықтағы субъектілерді;

  • Халықаралық келісімшарттар түрлерін.


Қолданылатын терминдер мен сөздер: кәсіп, кәсіпкер, заңды тұлға, жеке тұлға, акционерлік қоғам, серіктестік, шаруашылық


Тақырыпты оқу жоспары


  1. Халықаралық құқық түсінігі, пәні, жүйесі, салалары

  2. Халықаралық құқықтағы субъектілер

  3. Халықаралық келісімшарттар


Тапсырма : дәрістің соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз


Дәріс


  1. Халықаралық құқық түсінігі, пәні, жүйесі, салалары


Халықаралық  құқық - бұл халықаралық  құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық  құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық-  құқықтық  қағидалар мен нормалардың жиынтығы.                        

Халықаралық  құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің  пәні болып табылатын  қатынастарды  екіге бөлуге болады:

а) мемлекеттер арасындағы  қатынастар;

б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші  ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық  құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық  қатынастардың  негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық  құқық мемлекететр арасындағы  құқық ретінде қалыптасқан болатын.

Бірақта, халықаралық  құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет  болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың  ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің  сферасына көшті.

Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық  қатынастар:

а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;

б) халықаралық  ұйымдар арасындағы;

в) бір жағынан мемлекететр, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан жеке және заңды тұлғалар арасындағы;

г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы.

Халықаралық бұқаралық құқық және халықаралық  жеке құқық бар.

Халықаралық  бұқаралық құқық- халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы  саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді.

Халықаралық жеке құқық – мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер) мен жеке тұлғалар (азаматтар)  арасындағы халықаралық жобадағы  жеке сұрақтар (авторлық құқық, мұрагерлік құқық, отбасы-неке сұрақтары)  бойынша туындаған  қатынастарды реттейді.

Халықаралық  құқық – бұл ерекше құқық жүйесі болып табылады. Ғылым және оқу пәні болып табылады.

Халықаралық  құқық құқық жүйесі ретінде  барлық мемлекететрдің, барлық адамзаттың иглігі болып табылады, ол барлығына біреу. Бірақ та халықаралық  құқық ғылымы  барлық мемлекеттерге бірдей бола алмайды. Әрбір мемлекеттте өзінің  халықаралық  құқық ғылымы болады,мысалы, халықаралық  құқықтың қазақстандық  ғылымы.

Халықаралық  құқық, кез келген мемлекеттің  ұлттық құқығы сияқты  салаларға бөлінеді. Халықаралық  құқықтың салалары халықаралық  қатынастардың  белгілі  бір тобын  реттейді  және халықаралық –құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы,  Халықаралық  қауіпсіздік құқық саласы халықаралық   пен қауіпсіздікті  қамтамасыз етудегі  қатынастарды реттейді; Халықаралық  ұйымдар құқығы  халықаралық ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібін реттейді.

Халықаралық құқықта мынадай салалар қалыптасқан:

1) Халықаралық  құқық субъектілік құқық;

2) Халықаралық  ұйымдар құқығы;

3) Халықаралық  гуманитарлық құқық;

4) Халықаралық  теңіз құқығы;

5) Халықаралық  әуе құқығы;

6) Халықаралық  ғарыш құқығы;

7) Халықаралық  атом құқығы;

8) Халықаралық  экономикалық құқық;

9) Халықаралық  қылмыспен күрес құқығы;

10) Халықаралық  келісімшарт құқығы;

11) Халықаралық  қоршаған ортаны қорғау құқығы;

12) Халықаралық  қауіпсіздік құқығы.

Халықаралық-құқықтық институт – бұл халықаралық қатынастардың түрін реттейтін халықаралық нормалардың жиынтығы, мысалы,  Халықаралық  гуманитарлық құқықтағы - азаматтық институт, Халықаралық  келісімшарт құқығындағы  - келісімшарттың жарамдылығы институты.

Халықаралық  құқық Халықаралық  қатынастарда  үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады.

Үйлестіруші қызметінің мазмұны – мемлекет өзі үшін әртүрлі сфераларда белгілі бір  мінез-құлық  стандарттарын белгілейді.

Реттеуші қызмет – белгіленген ережелер мен стандарттарды мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді.

Қорғаушы қызмет – мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар.

Халықаралық  құқықтың дипломатиядан, мемлекеттің сыртқы саясатынан  айырмашылығы бар.

Халықаралық  құқық – мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау  керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия – сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы,  ал сыртқы саясат – бұл  өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық  аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары.

Халықаралық  құқықтың қайнар көздері – бұл халықаралық  -құқықтық нормаларды  көрсететін формалар.

Оның 4 түрі бар:

1) Халықаралық  келісімшарт;

2) Халықаралық – құқықтық әдет – ғұрыптар;

3) Халықаралық  конференциялар мен мәжілістердің Қорытынды Актілері;

4) Халықаралық  ұйымдардың резолюциялары.

 

 

  1. Халықаралық құқықтағы субъектілер

 

Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы.               Халықаралық құқықтың субьектісі- субьективті құқық пен міндет берілген халықаралық-құқықтық қатынастардың қатысушылары.

Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады

1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады.

2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді  құрылымдар. 

Халықаралық  құқықтың субьектілерінің ерекше тобы - жеке тұлғалар.

Ерекше құқықтық жүйесі ретінде халықаралық құқық ерекшелігі халықаралық құқықсубьектілік ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды. 

Жалпы алғанда, халықаралық құқықсубьектілікті – тұлғаның халықаралық құқықтың субьектісі бола алатындай заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады.

Халықаралық құқық субьектіліктің мазмұнын осындай субьектінің халықаралық-құқықтық нормалардан туындайтын  негізгі құқықтары мен міндеттерін құрайды. Халықаралық құқық субъектілік  өз табиғаты бойынша  фактілі және заңды  болып бөлінеді, және де осыған сәйкес  алғащқы және туынды  халықаралық құқықтың субъектілері болады.

Халықаралық құқықтың алғашқы  субьектілері ( мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық-құқықтық  құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады.

Егемендік (мемлекеттік немесе ұлттық) оларды халықаралық құқықтың басқа субьектілерінен тәуелсіз етеді және олардың халықаралық қатынастарға жеке қатысу мүмкіндігін алдын-ала анықтайды. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілерінің құқықсубьектілігін белгілейтін нормалар жоқ, бірақ олардың құрылған сәттен бастап құқықсубьектілігінің болатынын бекітетін нормалар ғана бар.

Халықаралық құқықтың егеменді емес (туынды)  субьектілерінің құқық субьектілігінің заңды қайнар көзі  болып олардың - құрылтай құжаттары болып табылады. Бұндай құжаттар халықаралық келісімшарт түріндегі халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері қабылдайтын және бекітетін олардың жарғылары болып табылады. Туынды халықаралық құқықтың субьектілерінің құқықсубьектілігі шектеулі, сондықтан да олардың құқықсубьектілігінің көлемі мен мазмұны халықаралық құқықтың алғашқы субъектілерінің ерік-жігеріне байланысты болады.

Халықаралық құқықтың субьектілерінің ішкі мемлекеттік құқықтың субьектілерінен ажырататын белгілері болады:

1) Халықаралық құқықтық нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы;

2) Ұжымдық құрылым болып табылады [мемлекет билік және басқару аппарат; күресуші халық - ел ішінде және халықаралық қатынастарда оны білдіретін - саяси орган. Халықаралық ұйымдар - тұрақты әрекет ететін органдары; Биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруда халықаралық- құқықтың субьектілері салыстырмалы түрде тәуелсіз және бір-біріне бағытынышты емес. Әрқайсысының өзінің халықаралық мәртебесі бар және халықаралық қатынастарға өз атынан қатысады].

3) Халықаралық нормаларды әзірлеуде және қабылдауда қатысатын қабілеттілігі бар. Келісімшарттың құқық-әрекет қабілеттілік халықаралық құқық субьектіліктің маңызды элементі. Халықаралық құқықтың субьектілері халықаралық-құқықтық нормалардың адресаттары ғана емес, сондай-ақ оларды шығаратын (тудыру, құрастыру) тұлғалар болып табылады. Халықаралық құқықтың субьектілері – сонымен бір уақытта халықаралық құқықтың саласы – халықаралық келісімшарт құқығының субьектілері болып табылады.

Осы аталған үш элементтің болуы (халықаралық құқықтың  нормалардан туындайтын құқықтар  мен міндеттердің болуы, ұжымдық құрылым түрінде болуы, халықаралық құқықтық нормаларды құруда тікелей қатысуы) қандайда бір құрылымды халықаралық құқықтың субьектісі деп санауға болады.

Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі болып табылады. Халықаралық құқық субъектілік мемлекетке өзінің өмір сүру кезінен бастап тән.

Үкімет аралық емес халықаралық ұйымдар, (дүниежүзілік  кәсіподақтар  федерациясы), ереже  бойынша, заңды және  жеке тұлға  қрылды  және  «шетелдік  элементі бар» қоғамдық  бірлестіктер  болып табылады. Осындай ұйымдардың Жарғылары үкіметаралық ұйымдардың Жарғыларымен  айырмшылығы халықаралық келісім шарт болып табылады. Бірақта бұндай ұйымдар үкіметаралық  ұйымдарда кеңес беруші халықаралық мәртебесі берілуі мүмкін, мысалы, БҰҰ-да және оның арнайы  мекемелерінде, осылай, парламитарлық одақ  БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде бірінші категориялы мәртебеге ие. Бірақта үкімет аралық емес ұйымдар халықаралық құқық нормаларын  жасай алмайды және де үкмет аралық ұйымдардан айырмашылығы, халықаралық құқықтық  субъектіліктің барлық элементтері болмайды.

Халықаралық үкіметаралық ұйымдарда егемендік болмайды, өз территориясы, тұрғыны  мемлекеттің өзге де атрибуттары болмайды. Олар халықаралық құқыққа сәйкес келісімшарт негізінде егеменді субъектілерінен құрылады және құрылтай құжаттарнда бектілген нақты құзырлықтары болады. Осы құрылтай құжаттарға қатысты 1969 ж. халықаралық келісім шарт құқықғы туралы Вена Конвенциясы әрекет етеді.

Халықаралық ұйымдрдың негізгі қатынастары:

1. Халықаралық нормаларды құруға қатысу құқықғы;

2. Нақты биліктік өкілеттіктерді ұйым органдарының пайдалану құқығы; соның ішінде орындалуы міндетті шешім қабылдауға құқық;

3.Ұйымға және оның қызметкерлеріне берілген артықшылықтармен  иммунитеттерді пайдалану құқығы;

4. Қатысушылары арасындағы  дауларды қарастыру құқығы;

1991ж. 14.06. «Қазақ КСР-дегі валюталық реттеу» Заң, Қазақ КСР Президентінің жарлықтарының, министірлер кабинетінің бірқатар жарғыларының  шығарылуы.

Халықаралық құқықта субъектті объективті қасиеті болып:

1. Егемендік;

2. Дербес  келісім-шарттық  тәжірибе;

3. Шет мемлекеттермен  дипломатиялық  және  консулдық  өкілдіктермен  алмасуы;

4. Егеменді  мемлекеттің  халықаралық  ұйымдардың  қызметіне  қатысуы;

Осындай  қасиеттер  Қазақ  КСР да болды,  ортақ  халықаралық  құқықтық  субъектілікте  көрінді. Тек  1991 ж.   бастап  егеменді  Қазақстан  тікелей  құқықтық  субъектілікке   ие  болады.  Ал  бұл ҚР-сына  дербес халықаралық  мәртебе, халықаралық  құқық негізінде  қ  мен   м,  халықаралық құқықтық  шығармашылықтың  қатысушысы  болуға  мүмкіндік  берді.

ҚР халықаралық құқықтық субъектілігі   үші  егемендік  қажет  болды.  Егемендік -  мемлекетке   ішкі  және  сыртқы  қатынастарда  тәуелсіз  саси  ұйым  болуға  мүмкіндік  береді:

 

 

  1. Халықаралық келісімшарттар

 

Халықаралық  келісімшарт – оның  субъектілерінің арасындағы  құқық пен міндеттерді белглейтін, солар үшін заңды міндетті халықаралық  - құқықтық нормаларды тудыру туралыанық көрсетілген келісім. Халықаралық құқықтың субъектілерінің келісімдерінің 1-ші стадиясы – келісімшарттың мәтінін құрастыру және келісу; 2-ші стадиясы келісімшарттың мәтінінде көрсетілген ережелерді заңды міндетті түрде мақұлдау. Халықаралық  келісімшарт (келісім, пакт, конвенция) халықаралық құқықтың ең негізгі қайнар көзі ретінде танылады. Келісімшарт, ереже бойынша,  жазбаша формада болады. Оның мәтінінің астына қолдар қойылып оны мөрмен бекітеді.

Халықаралық  әдет-ғұрып – ұзақ уақыт қолданудың нәтижесінде әдетке енген және мемлекеттердің санкциялауы нәтижесінде міндетті болып табылатын мінез құлық ережелері.  Ол халықаралық құқықтың да, ұлттық құқықтың да қайнар көзі болып табылады.

Ұлттық құқықта азаматтардың, адамдар топтарының және мемлекеттің күнделікті  жай ережелерді сақтай отырып  әрекет етуінен, әдеттегі әрекеттерінен әдет-ғұрып туындайды және оларға жалпыға міндетті статус беріледі.

Ал халықаралық құқықта мемлекеттердің өздері бір-бірінің арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық әдет-ғұрыптарды  тудырады. Осыған байланысты, халықаралық құқықта  халықаралық байланыс жасаған кезде  мемлекететрдің  мінез-құлықтарының  бірыңғай нормаларын белгілейтін бір орталық жоқ немесе болған емес, сондықтан халықаралық қатынастарды келісімшарттық реттеуде  кемшіліктер болуы мүмкін. Осыған байланысты,  әдет-ғұрыптар және салт –дәстүрлер ІМҚ қарағанда халықаралық құқықта  өте зор маңызы бар. Келісімшарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде  салыстырмалы түрде  жақын арада бекіді. Мемлекеттердің өзара қатынастарының даму тарихында  әдет-ғұрып халықаралық құқықтың  бірден-бір маңызды қайнар көзі болып табылады. Бұл тұжыоырым еуропа және азия елдері үшінде ақиқат.  Дипломатиялық, сыртқы сауда қатынастары негізінен әдет-ғұрыптардың көмегімен реттелгенін халықаралық қатынастардың тарихы куәландырады. Ежелгі кезден бастап  халықаралық байланыстарды  жүзеге асыруда  бірнеше рет  қолданылған мемлекеттердің әрекеттерінен  халықаралық қатынастар сферасында  мемлекеттердің  мінез- құлқын реттейтін  кәдімгі ережелер қалыптасты. Оларды  сақтаудағы  мемлекеттің үнсіз келісімі, оларды ұзақ уақыт қолдану, олардың заңды күшін  мақұлдау туралы міндетттемені  өзіне қабылдау  нәтижесінде олар халықаралық құқықтың қайнар көзінің  күшіне ие болды.Олар халықаралық сауда әдет- ғұрыптары деп  деп аталады және   тарапардың   екеуімен  де  орындалатын болады.

Келісімшарт және  әдет- ғұрып  қазіргі халықаралық құқықтың  негізгі қайнар көзі болып табылады.

Қазіргі уақыттағы  халықаралық қатынастарда  халықаралық құқықтың  қ.к. ретінде  халықаралық  конференциялар мен  мәжілістердің қорытынды  актілері  пайдаланылады.

Халықаралық құқықтың  қайнар көзі ретінде  халықаралық-  құқықтық нормалар көрсетілген  конференциялардың және   мәжілістердің  актілері болып табылады. Мысалы,  Европадағы қауіпсіздік  және ынтымақтастық  мәжілістің құжаттары; Веналық қорытынды құжат, 1989 ж., 1990 ж Копенгагенде  болған  мәжілістің құжаты, 1986 ж. Стокгольмде  болған  қорытынды құжат.

Барлық осы   құжаттарда  халқаралық құқықтың   субъектілерінде  мінез-құлық ережелері  бар.  Мысалы, СБСЕ –ның  қорытынды актісі  халықаралық құқықтың  негізгі  қағидаларының ережелерін  дамытты, Европадағы  сенімділікті  нығайту  шараларын белгііледі,  СБСЕ –нің  Стокгольмдік  документі  сенімділік  шараларының    қатарын қатарын кеңейтті.

Осы  көрсетілген  актілер  халықаралық құқық болып табылмаса да  міндетті заңды қажеті бар.

Осы құжаттар  мінез-құлық ережелерімен қатар оларды сақтауда  бақылау және тексеру  қарастырылған.

Халықаралық құқықтық  нормаларды   тудырудың  жаңа  әдісі – халықаралық органдар мен ұйымдардың  резолюцияларын қабылдау. Халықаралық  ұйымдардың  резолюциясының  заңды күші олардың уставтарымен анықталады. Уставтарына сәйкес көптеген ұйымдардың   (рекомендательный)  ұсыну сипатында болады.

1991 жылы  16 желтоқсанда Қазақстан  Республикасының  жоғары сотының  қаулысына  сәйкес  «Конституциялық  заңды іс  жүзіне  енгізу тәртібі туралы», «Қазақстан  Республикасының  егеменді мемлекет туралы» республикасының сәйкес  заңнамалары мен  басқа да  нормативті  актілер қабылдағанға  дейін СССР-дің  заңнамаларының  нормалары қолданылуы  мүмкін,  себебі, олар   Қазақстан  Республикасының   заңнамаларына  және басқа актілеріне  қайшы  келмейді.

Келісімшартты  нормативті актілерден  мына   ерекшеліктерімен ажыратылады:

1) Келісімшартпен қарастырылатын  мінез-құлық  тәртіп ережесін  тек қана  оның  қатысушылары орындауға  міндетті;

2) Келісімшарт  тең  құқықлық мүмкіндіктері бар  субъектілер арасында  қалыптасқан  қатынастарды реттейді.

Әкімшілік  келісімшарт  әкімшілік құқықтық  қатынастардың  заңды  формасы  болып табылады.

Ол келісім шарт болуы мүмкін:

1) Әкімшілік қатынастарды  реттеу қажет;

2) Міндетті субъект ретінде мемлекеттік  басқару  органы  болатынын білу  қажет;

3) Мемлекеттік  басқару  органдарының  атқарушы  басқару  функцияларын (қызметін) жүзеге  асыру;

4) Басқару  органдарының  құзырлығын (компетенциясын)  анықтайтын  құқықтық  нормалармен  қарастырылған  нәтижеге  жетуге  бағытталған  тараптардың  келісімі  болу керек;

5) Заңды  факт ролінде кіру қажет, соның  күшінде  ӘҚҚ-с туындайды, өгереді  және  жойылады.

Құқықтық құбылыс  ретінде  ӘҚ-тың   ҚК – дерін  ары қарай оқып зерттеуді  және  терең игеруді қажет  етеді. 

1993 ж. 13  тамызда  шығарылған, ол Қазақстан Республикасындағы  акционерлік қоғамдармен Инвестициялық  қорлардың   құнды қағаздарын  шығару  және тіркеу  туралы  инструкция  бекіткен.

ҚР  Конституциялық  Кеңесі  (Конституционный  Совет  РК) заң  шығарумен  қатар кез  келген  нормативті  актіні  Конституцияға  сәйкес емес  деп  тануға  және  осы  Нормативтік  актінің  негізінде  туындағанбарлық құқықтық қатынастардың барлығының күшін жоя алады. Сондықтан Конституциялық Кеңестің нормативті қаулылары ӘҚ-тың ҚК болып табылады.

Жоғарғы соттың нормативті қаулыларын ӘҚ-тың ҚК-деріне жатқызуға болады егер осы қаулылар мыналарға қатысты болса:

a) Әкімшілік  істерді  қарастырудағы  практиканы  жинақтап  қорытса;

в) Әкімшілік  заңнаманың  құқық  қолдану  практикасын  жетілдірсе;

Әкімшілік құқықтың ҚК–нормативті актілерінің -заңды күшінің дәрежесі бойынша классификациясы осындай. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан  территориясындағы қалыптасқан практикаға сәйкес. Әкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде   халықаралық актілер танылады, мысалы, 1966 ж. 16 желтоқсанда шыққан азаматтық және саяси  құқықтар туралы халықаралық пакт және 1948ж. 10 қыркүйекте шыққан  адам мен азамат құқығының  жалпыға ортақ декларациясы. 

 







Сұрақтарға жауап беріңіздер :

  1. Халықаралық құқық нені зерттейді?

  2. Халықаралық құқықтың салларын атаңыз

  3. Халықаралық құқықтың қайнар көздерін атаңыз

  4. Халықаралық құқықтың субъектілері қандай түрлерге бөлінеді?

  5. Халықаралық құқық субъектілерінің белгілерін атаңыздар

  6. Халықаралық келісімшарт дегеніміз не?

  7. Халықаралық келісімшарт пен ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің айырмашылығы бар ма?

























Бақылау сұрақтары

  1. Мемлекет пен құқықтың пайда болу теорияларын атаңыз

  2. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері. Негізгі ұғымдары, қолдану аясы, қабылдау рәсімі.

  3. Құқық дегеніміз не? Құқықтың қандай салаларын білесіздер?

  4. Заң дегеніміз не? Мысал келтіріңіз

  5. Қандай қоғамдық қатынастар конституциялық құқық саласының мәнін құрайды?

  6. Қандай нормативтік құқықтық актілер ҚР конституциялық құқығына дерек болады?

  7. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінің құрылымдарына қандай элементтер кіреді?

  8. Мемлекеттің қандай органы заң шығарушылық билікті жүзеге асырады?

  9. ҚР-ның жоғарғы атқарушы органы қалай аталады?

  10. ҚР-нда сот төрелігін қандай органдар іске асырады?

  11. Әкімшілік құқығына анықтама беріңіздер, оның субъектілері?

  12. Әкімшілік құқықтық қабілеті мен әрекет ету қабілетіне анықтама беріңіздер?

  13. Азаматтық құқық ретінде нені түсінеміз?

  14. Азаматтық құқықпен реттелген жеке құқықтық қатынастардың сипаттамасы қандай?

  15. Азаматтық-құқықтық қатынастар дегеніміз не?

  16. Жеке және заңды тұлғалар дегенді қалай түсінесіздер?

  17. Заңды тұлғалардың түрлерін атаңыздар, әрбіреуіне түсініктеме беріңіздер

  18. Әрекет қабілеттілігі құқық қабілеттілігінен қандай айырмашылықта болады?

  19. Меншіктің қандай түрлерін білесіздер, атап анықтамасын айтыңыздар?

  20. Қандай жағдайда адамды меншік иесі деп атай аласыздар?

  21. Меншік құқығына ие болу туралы айтыңыздар?

  22. Меншік құқығын ерікті тоқтатау тәртібі қандай?

  23. Жұмыс беруші, заңды тұлға дегеніміз кім?

  24. Еңбек Кодексі қашан қабылданды?

  25. Еңбек шарты деген не, оған қандай шарттар жатады?

  26. Еңбек шарты қандай мерзімге жасалуы мүмкін?

  27. Еңбек шарты қалай тоқтатылады?

  28. Еңбек шартының ұжымдық еңбек шартынан айырмашылығы?

  29. Еңбек жағдайлары дегеніміз не?

  30. Жұмыс уақыты қалай белгіленеді?

  31. Демалыс уақытына нелер жатады?

  32. Еңбек даулары қалай шешіледі?

  33. Қылмыстық құқық дегеніміз не? Ол қоғамдық қатынастарды реттей ме, әлде қорғай ма?

  34. Қылмыстық заңның басқа заңдардан айырмашылығы неде?

  35. Диспозицияның санкциядан айырмашылығы неде?

  36. Қылмыстың объектісі, субъектісі, субъективті жағы, объективті жағы дегеніміз не?

  37. Қылмыс құрамы деген не?

  38. Қылмысқа дайындалу деген не?

  39. Қылмысты ұйымдастырушы деген кім?

  40. Қылмыстық жазалау және оның түрлері?

  41. Қылмыстық жауапкершілік дегеніміз не?

  42. Жеке адамға қарсы қылмыстардың түрлерін атаңыз

  43. Отбасыдағы алименттік қатынастар туралы айтып беріңіз

  44. Некені бұзу негіздері?

  45. Неке - отбасылық дауларды шешу реті.

  46. Экологиялық құқық дегеніміз не? Оның әдістері, қағидаттары?

  47. Экологиялық мәселелерді атаңыз? Оларды шешу жолдары

  48. Кәсіпкерлік құқық дегеніміз не?

  49. Меншіктің қандай түрлерін білесіздер?

  50. Халықаралық құқық туралы не білесіздер?





Тест сұрақтары


1. Адам құқықтарының жалпыға бірдейдекларациясы қай жылы қабылданда?

А) 1945;

Б) 1948;

В) 1949;

Г) 1950 .


2. Қазақстан Республикасының азаматын азаматтығынан айыруға бола ма?

А) ия, мемлекетке опасыздық жасаса;

Б) аса ауыр қылмыс жасаса;

В) ҚР Президенті шешім қабылдаса;

Г) айыруға болмайды


3. Азаматтыққа қабылдау мәселесін кім шешеді?

А) Парламент;

Б) Үкімет;

В) Президент;

Г) Сот


4. ҚР өлім жазасы қолданылады ма?

А) рұқсат етілген;

Б) жоқ;

В) тыйым салынған;

Г) ерекше жағдайда ған рұқсат етіледі


5. Өмір сүру құқығы қай құқыққа жатады?

А) азаматтық;

Б) саяси;

В) әлеуметтік-экономикалық;

Г) мәдени


6. Балалардың құқықтары туралы Конвенцияға Қазақстан қашан қосылды?

А) 1990;

Б) 1991;

В) 1992;

Г) 1996

7. Балалар неше жасқа дейін кәмелетке толмаған болып есептеледі?

А) 12 жас;

Б) 14 жас;

В) 16 жас;

Г) 18 жас


8. Құқық қабілеттелік қай кезден басталады

А) туғаннан;

Б) 10 жастан;

В) 14 жастан;

Г) 18 жастан


9. Саяси құқыққа қайсысы жатады?

А) меншікке ие болу;

Б) сайлау және сайлану;

В) әлеуметтік көмек алу;

Г) некеге тұру


10. Мәдени құқыққа не жатады?

А) білім алу;

Б) әлеуметтік көмек алу;

В) партияға мүше болу;

Г) өмір сүру


11. Құқық бұзушылық және даулы құқықтарды қорғау үшін сотқа шағымдану түрі қалай аталады?

А) наразылық;

Б) шешім;

В) анықтау;

Г) талап-арыз


12. Заңда жауапкершілктің ауыр түрі қалай аталады

А) қылмыстық жауапкершілік;

Б) әкімшілік жауапкершілік;

В) тәртіптік жауапкершілік;

Г) мүліктік жауапкершілік


13. Қасақана қылмысқа не жатады?

А) абайсызда кіс өлтіріп алу;

Б) арнай даярланып кісі өлтіру;

В) өзін қорғау арқылы кісі өлтіру;

Г) біреудің талап етуі арқылы өлтіру


14. Қылмыстық жауапкершіліктен кім босатылады?

А) әйел адам;

Б) жасөспірім;

В) есі дұрыс емес адам;

Г) шетелдің азаматы


15. Рецедивист деген кім?

А) кісі өлтірген адам;

Б) ұрлық жасаған адам;

В) қылмысты неше қайтара жасап әдетке айналдырған адам;

Г) түрмеге бір рет отырып шыққан адам


16. Соттың шешімі неше күненн кейін күшіне енеді?

А) 20 күннен кейін;

Б) 1 айдан кейін;

В) сот үкімі оқыла салып;

Г) 10 күннен кейін


17. Машинасымен абайсызда адамды қағып өлтірген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатыла ма?

А) босатылады;

Б) жоқ босатылмайды;

В) ескерту жасалады;

Г) айыппұл төлетеді


18. Қылмыстық жауапкершілктің бұлтартпау қағидасы дегеніміз не?

А) адамның өзі мойындап келуі;

Б) қылмысты жасап жатқа нжерде қолға түсуі;

В) қылмыс жасауға оқталуы;

Г) қылмысты сол адам жасады деп басқа адамнан шағымның түсуі.


19. Мыналардың қайсысы қылмыстық жауапкершілікке жатады?

А) біреуді балағаттау;

Б) жұмысқа себепсіз шықпай қалу;

В) мемлекетке үлкен шығын келтіру;

Г) баласының тәрбиесіне мән бермеу


20. Қылмыстық кодексте қылмыс неш е топқа бөлінеді?

А) 2;

Б) 3;

В) 4;

Г) 6


21. Кәмелетке толмаған балаларды ұрлыққа үйретіп, ақпарат беріп, көмектесіп ұрлық жасатқан адам қылмыстық жауапқа тартыла ма?


А) жоқ, тартылмайды;

Б) иә, тартылады;

В) жартылай тартылады;

Г) әкімшілік жазаға тартылады


22. Қылмысқа қатысушылар неше топқа бөлінеді?

А) 3;

Б) 4;

В) 6;

Г) 2


23. Жергілікті өкілді органды атаңыз
А) Жергілікті атқарушы орган;
Б) Үкіметтің құрамына кіреді;
В) Президенттің әкімшілігінң құрамына кіреді;
Г) Сенаттың комитеті


24.ҚР-ның қылмыстық құқықтың қайнар көзіне не жатады?

А) Азаматтық кодекс ;
Б) Қылмыстық кодекс;
В) Еңбек кодексі;
Г) Азаматтық процессуалдық кодекс

25.ҚР Парламентінің төменгі палатасы мәжілісінде қанша депутат бар?

А) 107;
Б) 101;
В) 105;
Г) 99


26.ҚР Парлaментінің жоғарғы Палатасында қанша депутат бар?

А) 39;
Б) 37;
В) 47;
Г) 35;
Д) 41


27.ҚР Парламентінің құрылымы

А) Сенат және Мәжіліс;
Б) Министрліктер;
В) Әкіматтар;
Г) Үкімет;
Д) Президент және сенат


28.Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы қандай?

А) унитарлы ;
Б) федерация ;

В) конфедерация ;
Г) достастық ;
Д) республика


29.Қазақстан Республикасының Егемендік туралы декларациясы қашан қабылданды?

А) 25 қазан 1991ж;
Б) 16 желтоқсан 1991;
В) 25 қаңтар 1991ж;
Г) 25 тамыз 1990ж;
Д) 25 қазан 1990ж


30.Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына үміткер қай жастан бастап сайлана алады?

А) 25 жастан бастап сайлана алады;
Б) 30 жастан бастап сайлана алады;
В) 35 жастан бастап сайлана алады;
Г) 40 жастан бастап сайлана алады;
Д) 20 жастан бастап сайлана алады


31.Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мүшелері саны:

А) жеті мүшеден;
Б) алты мүшеден, өкілеттік мерзімі бес жыл;
В) Үш мүшеден, өкілеттік мерзімі бес жыл;
Г) тоғыз мүшеден, өкілеттік мерзімі бес жыл;
Д) бес мүшеден, өкілеттік мерзімі бес жыл;


32.14 жастан 16 жасқа дейінгі жұмысшыға жұмыс уақытының қандай ұзақтығы белгіленеді?

А) аптасына 24 сағаттан көп емес;
Б) аптасына 16 сағаттан көп емес;
В) аптасына 20 сағаттан көп емес;
Г) аптасына 36 сағаттан көп емес;
Д) аптасына 10 сағаттан көп емес


33.Президенттің актілері түрлері:

А) Үкім;
Б) Жарлық;
В) Шешім;
Г) Қаулы;
Д) Бұйрық


34.Сенат қанша жылға сайланады?

А) Төрт жылға;
Б) Бес жылға;
В) алты жылға;
Г) Жеті жылға;
Д) Үш жылға

35.Үкімет қай билікке кіреді?

А) парламент;
Б) сот;
В) атқарушы;
Г) Заң шығарушы;
Д) Облыстық сот

36.Шетел мемлекеттерінде ҚР азаматтарының некесі қайда қиылады?

А) шетел мемлекеттерінің шіркеуінде;
Б) ҚР елшілігінде;

В) шетел мемлекеттерінің шіркеуінде;
Г) тек қана ҚР аумағында;
Д) БҰҰ филиалында

37.Толық материалдық жауаптылық туралы жазбаша жасасу үшін заңдарда белгіленген жас мөлшері

А) 18 жас;
Б) 21 жас;
В) 17 жас;
Г) 15 жас;
Д) 16 жас

38. Жұмысқа қабылдау кезіндегі ең максималды сынақ мерзімі

А) 2 ай;
Б) 1 ай;
В) 4 ай;
Г) 3 ай;
Д) 6 ай

39.Жеке адам әкімшілік жауаптылыққа қай жастан бастап тартылады?

А) 16;
Б) 18;
В) 20;
Г) 21;
Д) 7

40. Меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі:

А) қылмыс;

Б) қоғам;

В) кәсіпкерлік;

Г) кінә;

Д) құқық




ГЛОССАРИЙ



Ауыр қылмыс - жасалғаны үшін қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 10 - бап)



Ауырлығы орташа қылмыс - жасалғаны үшін қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай - ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет (1997 жылғы 16 шілдедегі№ 167 ҚР ҚК 10 - бап)



Әкімшілік айыппұл - әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі 6ip мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘК,БтК 48 - бап)


Әрекет – адамның қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі.


Әрекетсіздік - адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.


Бала - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам («Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-I ҚР3 52 - бап)



Бас бостандығынан айыру - бас бостандығынан айыру сотталушыны колония - қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі тузеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен окшаулаудан тұрады (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 48 - бап)


Бәсеке - нарық субъектілерінің дербес жасаған ic - әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін жарыстастығы («Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі №173 ҚРЗ 1 – ба


Еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағатгандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап


Еңбек дауы - ҚР еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)


Еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет корсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)


Еңбек қатынастары - ҚР еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндетгерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)


Еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Еңбек кодексте, ҚР заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)


Жаза - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы.


Жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі («Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 ҚРЗ 1-бап)


Құқық нормасы- нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі («Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 ҚРЗ 1-бап)



Қылмыс – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз


Қылмыстық құқық -  жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.


Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі.


Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынатсар.


Қылмыстың субъективтік жағы – бұл қылмыстың ішкі мәнін, мазмұны


Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау және т.б.) қылмыстық жауатылыққа адам 14 жастан тартылады.


Мемлекеттік баж - уәкілді берілген мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.


Салық - белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.


Төлемақы - мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланған кезде төленетін төлем.


Халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)


Халықаралық  келісімшарт – оның  субъектілерінің арасындағы  құқық пен міндеттерді белглейтін, солар үшін заңды міндетті халықаралық  - құқықтық нормаларды тудыру туралыанық көрсетілген келісім


Шетел азаматтары - ҚР азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттік азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар ҚР шетел азаматтары болып танылады («ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 ҚРЗ 2-бап)


Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.


Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.


Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.







"Құқық негіздері" пәні бойынша ОӘК
  • Другое
Описание:

Осы оқу әдістемелік құрал 0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша 2 курс күндізгі оқу бөлімінің білім алушыларына  дәрістік сабақтарын ұйымдастыруға және өздігінен білім алуға көмек көрсету құралы қызметін атқарады.
Оқу жоспарының болуы, пәннің әдістемелік және мазмұндық қамсыздануы, дәрістердің болу, білімін тексеруға арналған сұрақтар мен тесттер пәнді меңгеруді жеңілдетеді. Бұл оқу әдістемелік кешенді оқытушының жүмысында  және  студенттерге де қолдануға болады, сабақта болмай қалған жағдайда өздігінен білім алуға көмектеседі

Автор Шегирова Жанар Бакытбековна
Дата добавления 05.01.2015
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 3842
Номер материала 31873
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓