Главная / Классному руководителю / "В традициях родной земли"

"В традициях родной земли"

В традициях родной земли


Цель: формирование духовно-нравственной личности через обычаи и традиции казахского народа.


Задачи:

- Приобщение учащихся к культурному наследию и достоянию казахского народа;

-Способствовать формированию качеств доброты, верности, преданности, гордости, патриотизма;

-Побудить детей к более глубокому изучению наследий своей страны, своего края, города.


Оборудование:

  1. Круглый стол с бауырсаками, сладостями

  2. Проектор


Мұғалім:

Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар және қадірлі қонақтар!

Мы собрались сегодня вместе, чтобы выразить бескрайнюю любовь к нашей Родине и глубокое почтение к обычаям и традициям родного края.


Чтец:

Туған жер, Қазақстан, Туған ана,

Атымыз сенен бөлек аталама

Күншуақ сенің ыстық мейіріңе

Тасың да тебіренбей жата ала ма


Чтец:

Өзіңдікі Елің де,

Өзіңдікі Жерің де.

Өзіңді-өзің еккен бақ-

Тәуелсіздік төрінде!

Асқар тау да сенікі,

Бақша-бау да сенікі.

Қалтқысыз дос пенен

Қатал жау да сенікі

Өзіңдікі тауың да,

От пен ауа, суың да.

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буың да.


Мұғалім:

Издревле любое большое дело начиналось с благопожелания, так давайте мы получим бата у аксакала

Ақсақал:

Бата бердім, бақ тіледім,

Ақ дастархан басында.

Я,Құдайым, мен тіледім,

Бастарына бақ берсін!

Шаңырағың биік болсын,

Босағаң берік болсын,

Еш жамандық болмасын,

Дастархан байлығын берсін,

Деніңе саулығын берсін!


Ведущий:

Қазақстан – қазақ халқының қасиетті атамекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Біздің қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы көнеден келе жатқан асыл қазынамыз. Оны келер ұрпаққа жалғастыру біздін міндетіміз.

Қазақта әр нәрсенің өз ерекшелігі, дәстүрлі атаулары, ұғымдары бар. Әрбіріне жеке тоқталсақ деймін.

Қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеуге орай оқушыларға жұмбақтар жасырайық.


Жұмбақтар

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған.

( Атаң)

Аймалайды «Күнім» деп

Мейірімді жүзі күлімдеп.

«Тәтті-ақ» дейді немере,

«Бал шырындай үнің» деп.

Ол кім

( Әжең)

Мұғалім:

Балалар біз қазақ орталығында отырмыз, осында қандай қазақ халқының өнерлері бар. Аспаптар-домбра, қобыз, қылқобыз, шаңғауыз, сырнай, сазсырнай. Киіз үй, кілем, текемет, ожау, астау, самауыр, төркөрпе, жастық, үстел, саңдық, кебеже, күбі, бесік. Киім өнері- бөрік (Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай-бөрік киген кісілер), тымақ, қамзол, шапан, такия. Ұлттық тағамдар-бауырсақ, ірімшік, қымыз, айран, шұбат.


Б.Момышұлы:

«Домбыра –қазақтың қасиетті дүниесі, өзің тарта алмасаң да, қадірлей біл! Себебі баланың бойында халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызына жарымаған көтерім қозыдай болады.Оны қастерлемеген адам, қазақтың баласы туған халқының жанын


білмейді.Ол халықтың жанн түсінбеу тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді.Ендеше ізгілікке барар жол бастауы-халық музыкасы»


Күй:

«Балбырауын» (Құрманғазының күйі)- Баширов Марат исполняет


Мұғалім:

Балалардың дәстүрлері өте көп, соны айтып берініз:

Шілдехана салт

Кіндіккесер

Бесікке салу

Қырқынан шығару

Тұсаукесер

Ат қою

Кекіл

Базарлық

Байғазы

Тілашар

Асату

Сүйінші

Шашу

Сыбаға

Жеті ата


Ведущий:

Ата салтым-асыл мұрам,ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.


Көрініс: «Ақсақал мен баланың сәлемдесуі»


Ақсақал:

Ассалаумағалейкум, «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» демекші, қалың қалай, балам?

Бала:

«Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң иесі ұялады» деуші еді, келіңіз төрге шығыңыз, қонақ боп кетіңіз.

Ақсақал:

« Қонағын сыйласа төрге шық » деген, төрге шығайын.

Бала:

«Жат асына қарайды, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз, ала отырыңыз.

Ақсақал:

Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын».

Бала:

«Досыңның тамағын қасыңдай іш» демекші, ала отырыңыз.

Ақсақал:

Ой, рахмет! «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам» дейді ғой.Алла разы болсын.

Бала:

«Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше». Осылай таныс-біліс болу да ғанибет қой, ата.

Ақсақал:

«Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл» дейді қазақ. Есімің кім болады, балам?

Бала:

Есімім – Берекет. «Көрген жерде ауыл бар» , келіп тұрыңыз.

Ақсақал:

«Кел демек бар, кет демек жоқ» қой қайтайын.

Бала:

«Қонағыңнан атын алма, алғыс ал» . жолыңыз болсын.

Ақсақал:

«Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін шал ерке» деуші еді аталарымыз, сөзімді көңіліңізге ала көрмеңіз.

Бала:

«Кәрі, кәрінің сөзі- дәрі» деген, о не дегеніңіз ?!

Ақсақал:

«Таз таранғанша той тарқар» , қайтайын.

Бала:

«Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» деген, келіп тұрыңыз.


Мұғалім:

Ребята, давайте вспомним всех наших великих мыслителей, учителей, чья жизнь и деятельность является для нас всех ярким примером для подражания.


Слайды на экране:

Как великий учитель Абай, Шакарим уделял большое значение воспитанию подрастающего поколения.

«Основой для хорошей жизни человека должны стать честный труд, совестливый разум, искреннее сердце. Вот три качества, которые должны властвовать над всем. С малых ногтей воспитывать в людях чувство-высокой порядочности, самоуважения, что помогло бы изжить в себе животные инстингты, искоренить пагубные вожделения».

Абай: « Милосердие, добрата, умение принять чужого за родного брата, желая ему благ, которые пожелал себе-все это веление сердца. И любовь-это желание сердца. Язык, повинуясь сердцу не солжет»,

Алтынсарин: «Долг каждого человека из нас – принести посильную лепту на пользу своей родине».

Ученье даст вам счастье.

Оно озарит, как свет,

Каждое ваше желанье

Яркий оставит след...

Ученье схоже с алмазом.

Сила его растет

К грамотному человеку

Булат на поклон идет


Мұғалім:

Ребята, хочется надееться, что вы продолжите дело великих людей нашей земли, станете патриотами своей Родины.


Чтец:

Гостеприимством славятся казахи,

Так было испокон веков,

Обычай народа таков есть:

Найдет здесь гость пищу,

И надежный кров!

Пусть даже юрта не богата,

Ведь гость для каждого казаха – это свято!


Мұғалім:

Еще одна великая сила воспитания нравственных качеств таится в степной традиции-гостеприимство. И сейчас мы вам поведаем легенду, повествующую о том, как зародился казахский обычай « Қонақасы»


Инсценировка легенды

Давным-давно, в те времена, когда еще было совсем мало людей на свете, жил премудрый старец, который приручил диких верблюдов, лошадей, коров, коз и стал первым скотоводом в казахских степях.Было у него три сына (выходят три сына).Добрые сыновья во всем повиновались отцу, и с великим усердием пасли, охраняли стада, табуны и отары.

Совсем одряхлев, старик призвал к себе сыновей и сказал:

- Скоро умру, дети. Оставляю вам, все что нажил трудом и умом. Разделите мой скот на четыре равных стада, возьмите себе каждый по стаду и продолжайте с успехом дело отца. Изберите лучшие пути для кочевок, любите и умножайте скотину, живите дружно и учите добру свое потомство.....

Поклонились сыновья отцу, поблагодарили за дар, но прежде чем выйти из юрты, обратились к нему с вопросом:

-Не ослышились ли мы, родитель наш, и верно ли поняли твой наказ? Нас трое, а ты распорядился разделить скот на четыре части.Кому ты оставляешь четвертую часть.

Умирающий ответил:

-Четвертую часть скота я оставлю вашему гостю. Пусть всякий, кто нуждается в пище и в крове, кто по желанию или по нужде войдет в ваше жилище, найдет у вас приют, ласку и обильное угощение.И если гость ваш из скромности станет отказываться от пищи и питья, скажите ему, что он ест и пьет свое, а не ваше, ибо в вашем достоянии есть и его доля.

Миновали века. Распростронились люди по степи.Род старшего сына образовал старшую орду, среднего среднюю, младшего-меньшую. Много переменилось в жизни с тех пор.Но во все века, годы и дни крепок был в степи обычай гостеприимства. Кто бы ни заходил среди дня и ночи в жилище казаха ждали привет и почет, мирный отдых и щедрое хлебосольство «Қонакасы».


Мұғалім:

Что же скажет нам аксакал?

Аксакал: Казахская мудрость гласит «Не напоив гостя чаем, не спрашивай о деле»


Мұғалім:

Ұлттық ойындар. Ойыннның түрі де мазмұны да сан түрлі болады. Ол адамды тапқырлық, іскерлік, ептілік, адамгершілік, жолдастыққа баулиды. Ал бала жасынан қимыл-қозғалысқа құмар (балалар ойын ойнайды)


Мұғалім:

Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміз көнермейтіндігін еске салып ұлттық мұраны қайта жаңғырту.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салтының жанаршысы болатындығына сенемін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!





"В традициях родной земли"
  • Классному руководителю
Описание:

  Формирование духовно-нравственной личности через обычаи и традиции казахского народа.

  Приобщение учащихся к культурному наследию и достоянию казахского народа; Способствовать формированию качеств доброты, верности, преданности, гордости, патриотизма; Побудить детей к более глубокому изучению наследий своей страны, своего края, города.

Данная разработка делалась для нахождения новой информации. С ней присутсвуют игры а также различные сцены.

Также присутвствуют диалоги, стихи истории. и другоя интересная информация.

Автор Жандосова Нагийма Ильясовна
Дата добавления 08.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 310
Номер материала 44029
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓