Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Тәуелсіз елім-тірегім!" (3 класс)

"Тәуелсіз елім-тірегім!" (3 класс)

Скачать материал

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім-тірегім»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.

2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.

 3. Патриоттық тәрбие беру.

 Ашық сабақ көрнекілігі: «Тәуелсіздік – тұғырым» атты қабырға газеті, лозунгі, Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, плакаттар, буклет, үнтаспа, суреттер, т.б.

 Сабақ түрі: Әдеби-көркем монтаж.

Ашық сабақ әдісі: Топпен жұмыс.

Жоспар: 1. Тарихи шолу а) Тәуелсіздік жолында ә) Желтоқсан жаңғырығы 2. Тәуелсіз Қазақстан Ашық сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Музыкалық сәлемдесу.  «Көк тудың желбірегені»

Сабаққа әзірлеу.

Мұғалім: Бүгінгі өтетін ашық сабағымыздың тақырыбы: 16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім – тірегім».

Мұғалім: Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі.Ендеше қазақ елі туралы білетінімізді ортаға салайық.

 1-оқушы. ХV ғасырдың ортасында көшпелі Өзбек мемлекетінің құрамынан, яғни Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан Қазақ тайпалары Керей мен Жәнібек сұлтандардың басқаруымен дербес Қазақ хандығын құрды.

2-оқушы. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Ең қатерлісі ХVI-XVIII ғасырлардағы жоңғарлардың шапқыншылығы болды.

 3-оқушы. 1723 жылы қаннен-қаперсіз елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел үдере көшіп, дүние-мүлік, мал, жанына да қарай алмай босып кетті, тіпті, бесіктегі бала, қария кемпір-шалдарға дейін жұртта қалып қойған кездері де болды. Қазақ халқының бұл босуы тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Ақтабан шұбырындыда 1 миллион адам, яғни сол кездегі халықтың 40 пайызы қырылды. Ән: «Елім-ай» тыңдау

4-оқушы. Әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйытқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Баян батыр, Көкжал Барақ секілді көптеген батырлар Қазақ халқын қазақтың ханы – Абылай ханның ақ туының астына біріктіріп, жоңғар шапқыншылығынан толық азат етті.

 5-оқушы. XVIII ғасырда Қазақ хандығының тәуелсіздігіне қатер төндірген тек қана Жоңғар хандығы ғана болған жоқ. Оңтүстіктен Хиуа, Қоқан, Бұқар хандықтары көз алартса, Батысы мен Солтүстігінде қалмақтар, башқұрттар, казак орыстар үнемі шапқыншылық жасаумен болды.

 7-оқушы. Қазақ халқын аман алып қалу үшін осындай қысылтаяң кезде Әбілқайыр бастаған Қазақ сұлтандары, билері мен бір топ батырлары Ресей империясының құрамына кіре бастады. Сөйтіп, Қазақ халқы тәуелсіздігінен айырыла бастады.

8-оқушы. 1986 жылғы 16 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10.00-да бар-жоғы 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, Қазақ халқының наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.

Желтоқсан оқиғасынан үзінді көру.

9-оқушы. Осы 17-18 желтоқсан күндерін қарапайым ауыл азаматы Лесбек Омаров былай деп жырлайды: Қасқалдақ ұшып көлінен, Шүрегей келіп қонған күн. Қыранды қуып көгінен, Қарғалар билік алған күн. «Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп, Қазаққа күйе жаққан күн. Қақаған күннің ызғары, Сүйектен өтіп кеткен күн. Қаракөз Қазақ қыздарын Омондар бастан тепкен күн, Озбырлық күшпен тұншығып, Үміттің оты өшкен күн. Жанына таппай бір дауа Ер қайрат қыршын кеткен күн.

 Ән: «Қара бауыр қасқалдақ» тыңдау

Желтоқсан оқиғасының құрбандары туралы слайд көрсету. Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.  Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға-апаларымыз – Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.  «Ақтық сөзің не?» деген Бүгін қойды сот сұрақ Айтайын оны халқыма, Жоқ пиғыл менде жасымақ. Қорлай да беріп қайтадан, Титыққа орыс жетпесін. Туған жердің намысы Бөтен қолда кетпесін. Салт-санадан айрылып, Арақтан ұрпақ азбасын, Қызғаныштан тозбасын, Қолдаушысыз болмасын, Барлық ұлтпен тең болып, Ешкімнен көңлің қалмасын. Ендігі жерде басыңнан, Бірлік пен бақ таймасын. Осы айтылған ақтық сөз, Туың болсын әрдайым. Мойныма алып жаланы, Мен болайын құрбаның.

Ән: «Желтоқсан желі»

10-оқушы. Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

 Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

11-оқушы. Тура келіп тарихи бір орайға

Тәуелсіздік түсті деме оңайға.

 Бастан өткен «Шұбырынды ақтабан»,

Не көрмеді Қазақ елі соны ойла.

12-оқушы. Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.

 Көк байрақты, елтаңбалы, әнұранды,

Қазақ елі – егеменді, сан ұлты бар.

Қорытынды сөз: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін! Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін! Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш-жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет! Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат-ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіз елім-тірегім!" (3 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 177 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.12.2014 396
    • DOCX 15.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Косжанова Шамшия Маралбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Косжанова Шамшия Маралбековна
    Косжанова Шамшия Маралбековна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6765
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 548 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 773 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 825 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 183 человека из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 385 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек