Главная / Классному руководителю / "Туған тіл - сатылмайтын байлық"

"Туған тіл - сатылмайтын байлық"

Туған тіл-сатылмайтын байлық

Қандай ұлыт пен ұлыс болмасын, олардың әрдайым сатылмайтын байлығы – туған ана тілі. Елдің тәуелсіздігінің басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық патриоттық сезімі мен ұлттық мәдениеті. Ана тілі – елдің болашағы мен өткенін айқындайды. Әр елдің мемлекеттік тілі сол елдің тарихымен тығыз жанасып байланысады. Мәселен, қазақ тілі, қазақтың қоңыр дыбыс домбырасымен үндесіп жатады. Туған тілінің қадір –қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттық рухына, баға жетпес байлығына балайды. Тіл атадан балаға беріліп, ұлттық дәстүрді сақтайтын ата – бабадан қалған - асыл мұра. Сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігін алудағы жолда күресу үшін күш берген, патриоттық сезім сыйлап, бірге ғұмыр кешкен – қазақтың айбынды туған тілі.

Сонау XIII-XVI ғасырларда Асан қайғы, Жиренше шешендеріміз, XVIII ғасырда Төле би, Қазбек би, Әйтеке би қазақ тілінің құдіретінің арқасында «шешен» атанып, ел арасында танымал болды. Шытырман дауларды білек күшімен емес, ақыл – ой мен қызыл тілдің көмегімен әділ шеше білді. Ханның әділетсіздігін дәріптеп, құлдардың жағдайын өлең шумақтарымен ашына суреттеді. Бұдан-ақ қазақтың тілге бай, шешен, жүйрік ойлы, суырыпсалма ақындықтарын байқауға болады. XX ғасырларда да қазақтан ұлтжанды, тілін сүйетін талай ер азамат шыққан. Қамшының сабындай қысқа ғұмырын қазақ еліне, қазақ тіліне арнаған ақындардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Ол «Ұлт тілінен басқа қымбат нәрсе болмасқа тиісті» деп түйінді ойын білдірген. Ұлы ақын кейінгі ұрпағына қасиетті ана тілін қастерлеуді аманат етіп кеткен. Ақынның туған тіліне деген сүйіспеншілігі аса ерекше.

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.

«Жарық көрмей жатса да», сол ана тілінің болашағына «таза, терең, өткір, күшті, кең тілінің» әсте өшпес - өлмесіне барынша сеніп кеткен. Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаев халықтың әдебиеттік тілін қалай жасаудың жолын көрсетті. Сол кездері қазақтың тілін шұбарлататын иран, парсы, араб тілдері жазбаға араласа бастап еді. Жас Абай өзі де сол тілдерге әуестене бастайды. Бірақ, бері келе бұл аламыш тілдің керексіз шұбарланғанынан арылады. Абай шығармаларын өзінің туған тілінде жазды. Бар қасиетті, қадірлі нәрді, ажар кестені, толық сипатты өз халқының тілінен табады.

Бала тәрбиесіне келгенде Мағжан қазақ отбасында «Бесік жыры» шырқалса деп арман еткен. Ұлттық рухани құндылықтарды бойына молынан сіңіріп өскен ақын ұлттық тәрбиенің бастауы бесік жырынан басталатынын «Бесік жыры» өлеңімен дәлелдейді.

... Сәулем , ерке,

Күні ертең

Толарсың сен-ай...

Сұлу сүйрік,

Жорға , жүйрік

Тайға мінерсің...,-деп, сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен баласына жетеді. Өз ұрпағын бесік жырын айтып өсірген әжелері бар отбасы болмаса, көпшілік жас аналар өз ана тілінде бесік жырын әлі де айта алмас. Бесік жыры айтылып, отбасында тіл шұбарланбаса қазіргі жастар ана тілінде таза да, шешен сөйлеуші еді. Бір ғасыр бұрын Мағжан көтерген тіл мәселесі әлі де қазақ халқының аса күрделі проблемасы болып отыр. Қазіргі таңда ана тілімізді елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне үйретумен бірге, өзіміздің қандастарымызды да өз ана тілінде сөйлету керек болып отыр. Қазақ мектептері, балабақшалар ашылып жатыр. Біршама алға басу болғанымен, өз ана тілінде таза сөйлеп кеткендер шамалы. «Бәрі де отбасынан басталады» демекші, тілдің жөнін жөргектен бастаған жөн.

Ал екінші бақытым –тілім менің,

Жас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей - кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.-деп,

Мұқағали атамыз айтып кеткендей, туған тіліміз халқымыздан кейін екінші орында. Ұлы ақындарымыз тілді дамыту жолында үлкен сын мен күреске түсті. Себебі ұлттың өшуі, тілдің өшуінен басталады.Соның бәрі тек келешек ұрпақ бір-бірімен ана тілінде еркін тілдесіп, ата-бабаларын ұмытпауда болды.

Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді.Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміз 2003 жылы 15 қарашадағы жарылығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болған соң,ұлттық тілімізді, ділімізді білу париоттықтың белгісі.Өзге ұлттың тілдерін жетік меңгерсеңде, өз тіліңді біліп, құрметтеу Отан алдындағы парызың.

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Осы өлең шумағындай менде өз тілімді,ана тілімді ардақтап,құрметтеп Қазақстан Республикасының дамуына, көркеюіне өз үлесімді әрқашанда қосып отырамын.Осындай тілі бай, елі бай елде тұрғаныма өте мақтанамын да шаттанамын! Туған тілім – сатылмайтын байлық екенін мен өмір бойы дәлелдеймін!

Новоишим №2 орта мектебі

Тақырыбы: «Туған тіл-сатылмайтын байлық»

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Секенова А.М

2014-2015 оқу жылы

"Туған тіл - сатылмайтын байлық"
  • Классному руководителю
Описание:

                               Туған тіл-сатылмайтын байлық

Қандай  ұлыт  пен  ұлыс  болмасын,  олардың  әрдайым  сатылмайтын байлығы –  туған  ана  тілі.  Елдің  тәуелсіздігінің  басты  белгісі – оның  ана тілі,  ұлттық  патриоттық  сезімі  мен  ұлттық  мәдениеті. Ана  тілі – елдің болашағы  мен  өткенін  айқындайды. Әр  елдің  мемлекеттік  тілі  сол  елдің тарихымен  тығыз  жанасып  байланысады.  Мәселен,  қазақ  тілі,  қазақтың қоңыр  дыбыс  домбырасымен  үндесіп  жатады.  Туған  тілінің  қадір –қасиетін  біле  білген  халқымыз  оны  ұлттық  рухына,  баға  жетпес байлығына  балайды. Тіл  атадан  балаға  беріліп,  ұлттық   дәстүрді сақтайтын ата – бабадан  қалған  -  асыл  мұра. Сан  жылдар  бойы  еліміздің тәуелсіздігін  алудағы  жолда  күресу  үшін  күш  берген,  патриоттық  сезім сыйлап,  бірге  ғұмыр  кешкен – қазақтың  айбынды  туған  тілі.

    Сонау  XIII-XVI   ғасырларда  Асан  қайғы,  Жиренше  шешендеріміз,  XVIII ғасырда  Төле  би,  Қазбек  би, Әйтеке  би  қазақ  тілінің   құдіретінің арқасында  «шешен»  атанып,  ел  арасында  танымал  болды.  Шытырман дауларды  білек  күшімен  емес,  ақыл – ой  мен  қызыл  тілдің  көмегімен әділ  шеше  білді. Ханның  әділетсіздігін  дәріптеп, құлдардың  жағдайын өлең  шумақтарымен  ашына  суреттеді. Бұдан-ақ  қазақтың  тілге  бай, шешен,  жүйрік  ойлы, суырыпсалма  ақындықтарын  байқауға   болады.  XX ғасырларда  да  қазақтан  ұлтжанды,  тілін  сүйетін  талай  ер  азамат  шыққан. Қамшының  сабындай  қысқа  ғұмырын  қазақ  еліне, қазақ  тіліне  арнаған ақындардың  бірі – Мағжан  Жұмабаев.  Ол  «Ұлт  тілінен  басқа  қымбат нәрсе  болмасқа  тиісті»  деп  түйінді  ойын  білдірген.  Ұлы  ақын  кейінгі ұрпағына  қасиетті  ана  тілін  қастерлеуді  аманат  етіп  кеткен.  Ақынның туған  тіліне  деген  сүйіспеншілігі  аса  ерекше.

                         Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

                        Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.

«Жарық  көрмей  жатса  да», сол  ана  тілінің  болашағына  «таза,  терең, өткір,  күшті,  кең  тілінің» әсте  өшпес - өлмесіне  барынша  сеніп  кеткен.   Ұлы  ақынымыз   Абай   Құнанбаев  халықтың  әдебиеттік  тілін  қалай жасаудың  жолын  көрсетті. Сол  кездері  қазақтың  тілін  шұбарлататын иран, парсы, араб  тілдері  жазбаға  араласа  бастап  еді. Жас  Абай  өзі  де  сол тілдерге  әуестене  бастайды.   Бірақ,  бері  келе  бұл  аламыш  тілдің  керексіз шұбарланғанынан   арылады.   Абай  шығармаларын  өзінің  туған  тілінде жазды.  Бар  қасиетті,  қадірлі  нәрді, ажар  кестені,  толық  сипатты  өз халқының   тілінен  табады.

     Бала тәрбиесіне келгенде Мағжан  қазақ отбасында «Бесік жыры» шырқалса деп арман еткен.  Ұлттық рухани құндылықтарды бойына молынан сіңіріп өскен ақын  ұлттық тәрбиенің бастауы бесік жырынан басталатынын «Бесік жыры» өлеңімен дәлелдейді.

... Сәулем , ерке,

Күні ертең

Толарсың сен-ай...

Сұлу сүйрік,

Жорға , жүйрік

Тайға мінерсің...,-деп, сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен баласына жетеді. Өз ұрпағын бесік жырын айтып  өсірген әжелері бар отбасы болмаса, көпшілік жас аналар өз ана тілінде бесік жырын әлі де айта алмас. Бесік жыры айтылып, отбасында тіл шұбарланбаса қазіргі жастар ана тілінде таза да, шешен сөйлеуші еді. Бір ғасыр бұрын Мағжан көтерген тіл мәселесі әлі де  қазақ халқының аса күрделі  проблемасы болып отыр.Қазіргі таңда ана тілімізді елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне үйретумен  бірге, өзіміздің қандастарымызды да өз ана тілінде сөйлету керек болып отыр.  Қазақ мектептері, балабақшалар ашылып жатыр. Біршама алға басу болғанымен, өз ана тілінде таза сөйлеп кеткендер шамалы. «Бәрі де отбасынан басталады» демекші, тілдің жөнін жөргектен бастаған жөн.

Автор Секенова Аягуз Майрашовна
Дата добавления 22.12.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 715
Номер материала 9878
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓