Главная / Физкультура / "Толағай" отбасылық сайыс сценарийі

"Толағай" отбасылық сайыс сценарийі

«Мен, сен және ол – біз саламатты ел!»


1 Қарғалы орта мектебінің

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі

Мырзакулов Муратбай Ж.


«Толағай» отбасылық сайыс


Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық

Ойындарды орындата отырып,

Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Салауаттану- адам жанының да,

Тәнінің де тазаруы, денсаулығының

Жақсыруы, салауатты өмір салтын

Ұстануға, қайсарлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Түрі: Эстафеталық ойын


Өтетін орны: Мектеп спорт залы


Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, серітпе жіп т.б


Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Кіріспе сөз

3. Спорттық жарыс

4. Қорытынды


Мұғалім сөзі:

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға

Болмасаңда ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда


Құрметті мұғалімдер және ата-аналар, оқушылар, бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға кош келдіңіздер!

Көңілді жарысқа 5 «а», 5 «б» сынып оқушылары мен ата аналарымыз қатысады.

Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Отбасы мүшелерін шақырамыз.


Қарсы алыңыздар

.

«Жас Ұлан» тобы. Топ Басшысы: Азимханов Бағлан Е.

Мүшелері: Аманжолова Соня О.

Ердихан Бақдаулет Б.


Топтың ұстанымы: Жүзден жүйрік танылады сайыста,

Ұмтыламыз біз ешкімнен қалыспай.


Келесі сайыскерлерімізді қарсы алыңыздар.

«Жас Қыран» тобы. Топ Басшысы: Амирхан Аманжол

Мүшелері: Хавдолда Гаухар

Аманжол Маханбет

Топтың ұстанымы: Қыран болып самғаймыз,

Жарыстан еш қалмаймыз!


«Толағай» отбасылар сайысы – еліміздегі

отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізгелі отыр.

Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.


Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!


Сайысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ – қазы алқасымен таныстырып кетейік.

  1. Оқу ісінің меңгерушісі. Рысқалиева Р.Ш.

  2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Рожаева А.Г

  3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Жылжақсынов Қ.К


Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады


Сайыстың Бағдарламасы:

  1. Баскетбол добын жерге соғып, жүріп себетке салып келу

  2. Теннис қалақшасымен, теннис шаригін кедергілер арасымен алып жүріп, мәреден айналып келу.

  3. Белгіленген мәреге (скакалкамен) секіртпе жіппен, секіріп жүгіріп барып, шарды үрлеп жарып, қайтып орнына келу керек.

  4. Допты аяқ арасына қысып, мәреден айналып келу керек.

(кенгру ойыны)

  1. Мергендік (нысана көздеу) сайысы

  2. Топ мүшелері бірге обручті киіп, кедергілер арасымен мәреден айналып жүгіріп келу керек

  3. Арқан тартыс


Өнерге биік сенеміз,

Думанға қызық келіңіз

Әділ қазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз- деп Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі


Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақытысың денің сауда

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.


Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет!


Сау болыңыздар!

"Толағай" отбасылық сайыс сценарийі
  • Физкультура
Описание:

«Толағай» отбасылар сайысы – еліміздегі

отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізгелі отыр.

                   Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Сайыстың мақсаты:  оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану- адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсыруы, салауатты өмір салтын          ұстануға, қайсарлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

Автор Мырзакулов Муратбай Жаймаганбетович
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Физкультура
Подраздел
Просмотров 749
Номер материала 49317
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓