Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Тіл дамыту" сабағының жұмыс дәптерінің үлгісі 2сынып Кембридж тәсілі бойынша сабақ үлгілері

"Тіл дамыту" сабағының жұмыс дәптерінің үлгісі 2сынып Кембридж тәсілі бойынша сабақ үлгілері

Скачать материал

№1 сабақ

________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________

 Сурет бойынша әңгіме құра

-          Суретте кімдер бейнеленген?

-          Отбасы туралы не білесіңдер?

-          Сендер аналарыңа қалай көмектесесіңдер?

-          Құраған әңгімеңе қандай ат қояр едің?

Мақал

Ас – адамның арқауы.

Отан отбасынан басталады.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

№2 сабақ

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Егіздер мен шаруа

ертегі

Ерте заманда бір падишахтың үйінде көптен күткен егіз ұл бала дүниеге келеді. Күндер өте берді, егіздер сымбатты сұлу жігіттерге айналады. Күндердің бір күнінде падишахтың балаларының тәбеті жоғалады. Олар не тамақ, не сусын іше алмайды. Падишах бұған өте қайғырады. Себебі падишахтың қоластындағы емшілердің бірде-біреуі бұның себебін ашып айта алмайды.Егіздерге ешкім көмектесе алмайды. Балалары әкесінен басқа елге барып емделуге рұқсат сұрайды. Еш шарасы қалмаған әкесі рұқсат береді. Егіздер жолда кетпен мен қатқақ жерді шауып жатқан шаруаны көреді. Олар: -    Құрметті ата, сіз бізге қай мемлекетте тәбет ашатын дәрі бар екенін айтпас па екенсіз? – деп сұрайды шаруадан. - Ондай дәрі бар, - дейді шаруа. – Тек менің жұмысым көп. Мен мына жерді тегістеуім керек. Сендер маған көмектессеңдер мен сендерге ондай дәріні тауып беремін! Егіздер бірден келісті. Шаруа кетпенін егіздерге беріп, өзі үйіне кетеді. Дәрі табылатынына қуанған егіздер қара суға түсіп терлеп, кеш батқанша бірін-бірі алмастырып еңбек етті. Шаруа үйіне келіп, әйеліне үлкен қазан ьолы палау жаса. Сәбізің аз болса, шалқан турап сал, -деп тапсырма береді. Кешкісін шаруа  егіздерді үйіне алып келеді. Олардың алдына буы бұрқыраған бір шара палауды қояды. Егіздер алдарындағы палауды барлық тәбетімен бір де бір дән қалдырмай жеп қояды. – Ата сіз  мына палауға қандай сиқырлы дәрі қостыңыз? Палау өте дәмді болыпты, - деп сұрайды егіздер. – Шынымды айтсам, бұл палауға ешқандай дәрі қосқаным жоқ. Барлық дәрі сендерге қалдырып кеткен кетпенде болатын – деп жауап береді шаруа. Әңгіменің мәнісін түсінген егіздер ауылдарына қайтып келеді.

Тапсырма: Ертегіні түсініп оқы

 

 

 

 

№3 сабақ

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тыйымдар мен ырымдар


- Жуған қолды сіліксе, ырыс-несібе кетеді.
- Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болып саналады.
- Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл да әдепсіздік белгісі.
-Біреуге қарап ерін шығаруға, үлкен адам алдында аяқты созып отыруға, адамға қарай түшкіруге, түкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды, бұл қылықтардың бәрі де әдепсіздік болып саналады.
-Адамға қарап керілмейді, әдепсіздік болып саналады.
-Жатқан кісінің үстінен аттамайды.
 -Кемтар адамға күлуге болмайды. Кемтар адамға күлсең, өз басыңа келеді.
 -Екі езуді керуге болмайды, себебі бұл әдепсіздік болып саналады.
-Тырнақты тістесе, ырыс-несібе кетеді.
-Итті, мысықты тебуге болмайды.
- Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтанда дастарқанға алдымен нан қойылады.

Суреттен қандай ой түйдің?

№4 сабақ

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Әтеш пен түлкі

Ертеде бір қартайған әтеш өмір сүріпті. Ол түлкінің табанына талай рет түсіпті. Бірақ үнемі бір айласын тауып, түлкіден аман құтылып кете беріпті. Сөйтіп ол бірде ауыл сыртында дән теріп, жер шоқып жүрген кезінде түлкінің өзіне қарай жасырына жақындап келе жатқанын көріп қалады.

Қашып кетуге ауыл алыс болады. Әтеш жалма-жан ұшып қасында тұрған ескілікті шегіршін ағашына барып қонады. Түлкі ағаштың түбіне жетіп келіп:

-Пәлі, әтеш! Сен мені көре сала ағаш басына қонғаның не?, - дейді. Ал әтеш оған:

-Немене, мен сені жүгіріп барып құшақтай алады деп пе едің?, - деп жауап қайтарыпты. Сонда түлкі:

-Мә-ә, сен шыныменен ештеңе білмейсің бе? Падишах барлық көшелер мен базарларға жыршыларын жіберіп, оларға: «Менің бүкіл мемлекетімдегі бірде-бір тірі пенде, бірде-бір аң әлсізді жәбірлемейтін болады. Келешекте бөрілер мен қойлар бір бұлақтан су ішіп, қырандар мен кептерлер бір ұяда өмір сүретін болады» деп жар салуға әмір етіпті. Сен де енді жерге түс, бері кел, екеуіміз бірге қыдырайық, - дейді.

-Екеу – ара емес, топ болып қыдырған жақсы. Сәл шыдай тұр, анау келе жатқан жыртқыштар да жетсін құйындай жүйткіп. Сосын бәріміз бірге қыдырамыз, - деп жауап береді қораз. Сол сәтте түлкі тұрып:

-Ол неткен жыртқыштар? Қандай жыртқыштар? – деп сұрапты.

-Бөрілерге ұқсайды, құлақтары да, құйрықтары да ұзындау көрінеді.

-Мүмкін олар бөрібасар иттер шығар?

-Сірә, солай болар! Түлкі иттер шығар деп ойлайды да алды-артына қарамастан зыта жөнеледі. Ал қораз:

-Сен неге қашасың?, - деп соңынан айқайлай қуады.

-Менің иттермен істес болғым келмейді.

-Сен падишах барлық жыртқыштарға әлсіздерді жәбірлемеңдер деп әмір етті дегенің қайда?

-Өйткені, ол кезде иттер дала кезіп кеткен еді, шахтың нұсқауын естімеген болар. Олар менің етімді талап жейді.

Түлкі осылай деп ғайып болды.

 

Тапсырма: Ертегі мазмұнына сурет сал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№5 сабақ

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Мұғалім ол біздің!

М.Әлімбаев


Білімнің кілтіндей
“Әліппе” ұстатқан,
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда,
Жаманнан безуге,

Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Атам да сыйлайтын
Атамның тұстасы,
Папам да сыйлайтын
Ауылдың ұстазы.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің

Тапсырма: Өлеңді жаттап ал

Мақал

Күш білімде, білім кітапта.

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

Кітап пен ғылым —тілсіз мұғалім.

№6 сабақ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«Алтын күз» тақырыбына шығарма жаз

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

№7сабақ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ойдан ребус құр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Менің арманым тақырыбына ой толғау жаз

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

№8 сабақ

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



ТҮЙЕ

– Төрт түліктің біріміз,

Түйе деген түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Ойсылқара» –

Піріміз.

ЖЫЛҚЫ

– Төрт түліктің біріміз,

Жылқы деген түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Қамбар ата» –

Піріміз.

СИЫР

– Төрт түліктің біріміз,

Сиыр деген түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Зеңгібаба» –

Піріміз.


 

 


ҚОЙ

– Төрт түліктің біріміз,

Қой деген біз түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Шопан  ата» –

Піріміз

ЕШКІ

– Төрт түліктің біріміз,

Ешкі деген түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Сексек ата» –

Піріміз.


 

Төрт түліктің пайдасы
 

 

 


                                                                                                                                                                                                                                                            

 


№9 сабақ

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сөздерге дыбыстық талдау жаса

Қалампыр,суретші,оюлар,уақыт,қияр__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сурет бойынша әңгімеле

№10 сабақ

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жыл қайыру

Қазақша жыл басы наурыз айының 22 - нен( күн мен түннің теңелген кезі) басталады. Бұл күнді халқымыз ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ атап, шаттыққа толы той - думан, мерекеге айналдырған.
Жыл қайыру деп - уақытты «он екі жыл - мүшел»жүйесімен есептеуді айтады. Он екі жыл бір айналғанда, бір мүшелге тең болған.


1 Тышқан
2 Сиыр
3 Барыс
4 Қоян
5 Ұлу
6 Жылан
7 Жылқы

8 Қой
9 Мешін
10 Тауық
11 Ит
12 Доңыз


 

 

 

№11 сабақ

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Ай неге жалаңаш қалды

Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.

  - Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.

    Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.

  Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.

  Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.

 

Ертегіні түсініп оқы

 

Айға сипаттама бер, суретті боя

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

   Ай -    _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

№12 сабақ

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өтірік өлеңдер


Мен ұйықтап жатқанда

Үстелімдегі қаламым,

Жаңа әдіс ойлап тапқан ба,

Сызыпты тұрқын қаланың.

Өтектедім бөркімді,

Көрмеге қойдым толқынды.

Шегірткені ерттедім,

Шер арыстан ерткенім.

Жүк тасыдым қарғамен

Кәдуілгі арбамен     

 

№13 сабақ

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Кірпі мен жылан

Қыста суықтан әбден тоңған кірпі жыланның ініне келіп, есігін тықылдатады. Ол жалынышты үнімен: - Мені ая! Ініңе кіргіз, қыстап шығайын, - дейді. Жылан кірпіні аяп кетіп, тар үйіне кіргізіп алады. Бірақ көп ұзамай қателескенін түсінеді. Өйткені кірпінің тікені оған тіптен жайсыз еді. Ол енді кірпіге: -Екеуімізгі менің інім тарлау екен. Сыйыспаймыз ғой деймін дейді. Інді басып алған кірпі теріс қарап, сыртын береді. Енді оның арқасындағы инелері жыланды тіптен түйрей түседі. – Менің өзіме бұл жер ұнайды. Егер мен көршілігім ұнамаса, басқа орын тауып ал. - дейді кірпі. Сөйтіп бейшара жылан, інін тастап басқа жерден орын іздеуге мәжбүр болыпты.

Ертегіні түсініп оқы

 

Тапсырма

Кейіпкерлерге мінездеме бер

 

Кірпі

 

Жылан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№14 сабақ Диктант

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

№15 сабақ

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұмбақтар шешу

Жұмбақтардың шешуін тауып, қалаған жауабыңның суретін сал


Ұшында бір тамшы
Уы бар сұр қамшы.
                                        (                  )
 
Шыңдары шырқау
Көшіп жүр бір тау.
                                        (               )  
Бес балаға бір бешпент,
Бірге киіп,
Бір шешпек.
                                        (                  )
 
Қарнында бір көлдің балығы
Немесе жандының алыбы.
                                         (                 )

Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз.
                                                                
 
Сақталады алты ай жаз
Сандығымда сары аяз.
                                         (                 )                        
 
Жаздай тынығады,
Қыстай зымырайды.
                                        (                 )
 
Үтікке міндім,
Мұхитта жүздім.
                                         (                )

Естілгенмен құлаққа,
Көрінбейді бірақ та.
                                        (               )
 
Қалпағыңа ие бол,
Алып қашып жүрер ол.
                                         (           )
 
Таң ата үйге толады,
Кеш бата жоқ болады.
                                        (                  )
 
Бөлмемнің көзі,
Көрмейді өзі.
                                   (                     )



 

 

 

 

№16 сабақ

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________    

Киіз үйдің түрлері мен құрылысы

Киіз үй - тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.

Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді..

Киіз үй негізгі 3 бөліктен құралады:

1. Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері).

2. Киіздері (ши де осыған кіреді).

3. Бау-шулары (баулары мен басқұр, арқандары).

Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:

1. Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл - киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерде отырмайды.

2.Сол жақ (кіргенде оң жақ) - үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.

3. Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.

4. От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

№17 сабақ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Жеті саны туралы не білесің?

 

 


Жеті қазына:
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл, білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Жүйрік тазы.

 

 

 

Жеті күн:
1. Бүгін
2. Ертең
3. Бүрсігүні
4. Арғы күн
5. Ауыр күн
6. Соңғы күн
7. Азына

1. Дүйсенбі
2. Сейсенбі
3. Сәрсенбі /сәтті күн/
4. Бейсенбі
5. Жұма /қасиетті күн/
6. Сенбі
7. Жексенбі.

 

 

Жеті жоқ:
1. Жерде өлшеуіш жоқ
2. Аспанда тіреуіш жоқ
3. Таста тамыр жоқ
4. Тасбақада талақ жоқ
5. Аллада бауыр жоқ
6. Аққуда сүт жоқ
7. Жылқыда өт жоқ.

 

 


 Жеті ата:

1.Ата

2.Әке

3.Бала

4.Немере

5.Шөбере

6.Немене

7.Шөпшек

 

Өзіңнің жеті атаңды жаз

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

№18 сабақ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қотыр торғай

Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырса, қотырының қатпарланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті. Торғай ашуланып:

– Қап бәлем, сені ешкіге айтпасам! — деп, ешкіге келіп:

– Ешкі, ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің? Ешкі:

– Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жатырмын. Торғай:     

– Қап бәлем қасқырға айтпасам!

– Қасқыр, қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің? Қасқыр:

– Оны жемек түгіл, өзім байдың жабағысын жеп, тауыса алмай жатырмын. Торғай:

– Қап бәлем, сені жылқышыға айтпасам!

– Жылқышы, жылқышы, ана қасқырды неге ұрып алмайсың? Жылқышы:

– Оны ұрып алмақ түгіл, өзім ұйқым қанбай жүр. Торғай:

– Қап бәлем, сені байға айтпасам!

– Бай, бай, ана жылқышыңды неге ұрмайсың? Бай:

– Оны ұрмақ түгіл өзім қоспамды түгесе алмай жатырмын. Торғай:

– Қап бәлем, сені тышқанға айтпасам!

– Тышқан, тышқан, байдың қоспасын неге жемейсің? Тышқан:

– Оны жемек түгіл, өзім інімді қаза алмай жатырмын. Торғай:

– Қап бәлем, сені балаларға айтпасам!

– Балалар, балалар, ана тышқанды неге ұрып алмайсыңдар? Балалар:

– Оны ұрмақ түгіл, өзіміз асығымызды ойнай алмай жатырмыз. Торғай:

– Қап бәлем, сендерді кемпірге айтпасам!

– Кемпір, кемпір, ана балаларды неге ұрмайсың? Кемпір:

– Оларды ұрмақ түгіл, өзім жүнімді сабай алмай жатырмын. Торғай:

– Қап бәлем, сені құйынға айтпасам!

– Құйын, құйын, кемпірдің жүнін неге ұшырмайсың?

Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшырыпты, кемпір келіп балаларды ұрды; балалар тышқанды ұрып жіберді; тышқан байдың қоспасын тесті, бай жылқышыны ұрды; жылқышы қасқырды ұрып алды; қасқыр ешкіні жеді; ешкі шеңгелдің сылдырмағын жеді. Сөйтіп, қотыр торғай өшін алды.

 

Ертегіні түсініп оқы

 

 

 

 

 

 

 

№19 сабақ

Қыс қызығы тақырыбыны шығарма жаз

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

№20 сабақ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Түлкі, тасбақа, кене

 

Баяғы  заманда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене – үшеуі жолдас болып  келе жатса, бір жерде  бір уыс тары  жатыр екен. Үшеуі ойласып:

-          Мұны тұқым  қылып, жерге  егіп, көбейтіп, бөліп алайық,- дейді.Түлкі бір жарды  көріп:

-         Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер, – деп, көлеңкені саялап, жатып алады.

Тасбақа  байғұс жер  тырналап, кене сорлы  тарыны жиып, егіп әлекке түседі. Сөйтіп, көп бейнет шегіп, піскен соң ол тарыны орып алады. Бастырғанда бір аяқ тары болады. Біреуі барып, түлкіні шақырып келеді. Түлкі келе сала:

-        Бұл тарыны  үшеумізге  бөлуге  болмайды. Үшке бөлгесін бұл әрқайсымызға қаншадан тиеді дейсің. Онан  да үшеуміз жарысып, қай озғанымыз алайық, – дейді.

-      Мақұл! – деп, үшеуі бір жерге  келіп,  қатарласып тұрады.Түлкі:

-      Ал кеттік! – деп, жөней бергенде, кене  түлкінің башпайына жабысып, бірге кетеді. Түлкі өліп-өшіп, барынша жүгіріп келіп, қырманға отыра бергенде, кене:

-    Ай, сорлы мені басып өлтіресің бе? – дейді.

-    Ой, сен қашан келдің? – дейді түлкі.

-    Сен бағана «Ал кеттік!» дегенде-ақ мен келіп   қалғанмын!-дейді кене.

Екеуі дауласып жатқанда, аузы-мұрны қан-қан болып, тасбақа  келеді. Келе сала:

-      Ойбай, түлкі, мен бір бәле көріп  келдім! Жаңа сендердің артыңнан  екі қарагер аты бар, қара бүркіті бар  және  екі тазысы бар екі адам келіп, жаңағ  қасыңдағы түлкі жолдасынды тауып бер деп, менің аузы-мұрнымды қан қылды.Сонда да айтқаным жоқ, осы жаққа қарай келе жатыр, – дейді.Түлкі:

-       Айналайындар-ай, мені айта көрмеңдер! Мына тарыны екеуің тең бөліп ал, мен сендерге  риза болайын. Олар келсе: «Білмейміз қайда кеткенін» деңдер, – деп, тұра жөнеліпті.

Сөйтіп, тарыны  тасбақа мен кене  бөліп алыпты. 

 

Түлкіге сипаттама бер

түлкі                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№21 сабақ

            ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Суретті ретімен әңгімелеп бер. Әңгімеге ат қой

№22 сабақ

Туған өлке тақырыбына эссе жаз

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

 

 

№23 сабақ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Мақал-мәтелдер жаттайық

 

Кісі елінде сұлтан болғанша, 
Өз еліңде ұлтан бол.
Өз елім, өлең төсегім.

Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.

Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.

Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.

Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.

Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.

Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.

Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.

Ырыс алды ынтымақ.

Бірлік болмай тірлік болмас.

Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Тірлік, тірлік түбі бірлік.

№24 сабақ

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұмбақтар шешейік

1. Тиіп кетсе жырлаған, дауысы көпке ұнаған.

(                          )


2. Бір кітаптың парағы, күнде азайып барады.

(                      )


3. Таудан биік, теңізден терең.

 (                          )


4. Жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді.

 (                                  )


5. Өзім сөзден тұрамын, аяқтаған ойды құрамын.

(                                     )

 

 

 

Өзің білетін жұмбақты жатқа жаз

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№25 сабақ    Ойлан, тап!

 

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұбын тап

              

Артық суретті тап

 

 

Ребусты шеш

                                ,,....              ...,                       ,......

      л

                 №26 сабақ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Қасқыр мен егінші

 

Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан касқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: «Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығынды, мені   қабыңа    салып,    арқалап   жүре    бер»,— дейді.
  Қасқыр жылап тұрған соң, егінші адам қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар мылтық, қылышын жарқылдатып жетіп келеді. Кісіден сұрайды:
—Қашып     бара    жатқан     қасқыр     көрмедің    бе?— деп.
 Кісі:
— Жаңа бір қасқыр анау шоқайдан қашып өтті, тезірек ұмтылыңдар,— дейді. Аңшылар асып кеткеннен кейін, егінші қаптың аузын шешіп, қасқырға:
— «Жөніңе жүре бер, маған да бір жақсылық етерсің»,— дейді. Қасқыр қуанып секіріп шығып, егіншіге:
— «Мен сені жеймін, қарным ашты»,— деп тап-тап береді.
  Егінші байғұс сасқалақтап:
—  Ай, қасқыр, бұның қалай, мен сені өлімнен құтқарып алып қалып едім, жақсылыққа жамандық ете  ме  екен, олай  болса төрелетейік, қайсымыздікі жөн екен,— дейді.
  Екеуі керісіп тұрғанда қаңғырып бір жағынан түлкі келеді. Бұлар түлкіге оқиғаны бастан-аяқ айтып шығады. Түлкі:
— Жоқ сөзді айтпаңыздар, менен басқа біреу естісе күліп жүрер, дорбаға үлкен қасқыр сыйды дегенге нанбаймын, барып тұрған өтірік,— дейді.
  Қасқыр мен кісі «бұл рас» деп керісіп болмайды. Түлкі қасқырға:
—  Қапқа   кірмей   сенбеймін,— дейді.  
  Қасқыр   сендірмекші боп қапқа кіргенде, түлкі егіншіге:
— «Байла қаптың аузын, енді қимылдайтын   кезің  келді,   қане   мен   көрейін,  күздігүні   егінді қалай соғып жүрсің?»—дейді.
  Егінші құралын алып, қасқырды ұра бастайды. Түлкі:
— Енді қаптың аузын аш,— дейді.
  Қасекең алды-артына қарамастан шыға жөнеледі. Артынан түлкі:
— «Көптен бері істемеген бір әділ төрем еді»,— деп сақ-сақ күліпті.
  Сөйтіп, егінші байғұс түлкінің айласымен ажалдан құтылыпты.

 

Ертегіні түсініп оқы

 

 

 

№27 сабақ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Наурыз

Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.Наурыз- күні жаңарудың, өсудің, түлеудің басы. Наурыз күні — имандылық мереке. Алдына келген атанның құны болса да кеш.

 Наурыз — көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс пен мошылық бастауы.

Наурыз мерекесі — мейірімділік, қайырымдылық мейрамы.

 

Тапсырма

Суретте бойынша әңгімеле

Көктемда алғаш шығатын гул қалай аталады? суретін сал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№28 сабақ

Құстар біздің досымыз тақырыбына шығарма жаз

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

№29 сабақ

 

 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

 

Сурет бойынша әңгімеле

 

 

Тазалық сөзіне дыбыстық талдау жаса

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

№30 сабақ    Шығармашылық тапсырмалар

 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сәйкестендір

 

      

 

 

Қаршығалы сөзінен басқа сөздер құра

 

Мысалы: Қар, ақ ........

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Суретшінің қатесін тап

№31 сабақ Өздік жұмыс

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қу түлкі

Жолбарыс  бір  түлкіні   ұстап   алады.  Түлкі   құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
-Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін,— дейді.
  Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
— Мүмкін емес,— дейді.
—  Сенбесең,  менімен  бірге  орманға  жүр.   Ондағы   барлық аңдардың  менен  қалай қорқатынын  өз  көзіңмен  көр, — дейді түлкі.
    Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
— Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?— деп мақтанады.
—  Я, сен шынында да айбарлы екенсің,— деп алданған жолбарыс жайына кетеді.

 

Тапсырма

Ертегіні түсініп оқы

Орман, қожалық сөздеріне дыбыстық талдау жаса

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Э.Венн диаграммасын толтыр

                                             Түлкі                                  Қасқыр                                                                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№32 сабақ    

          _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қарттың ұлына өсиеті

                      Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:
 - Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке:
 -  Неғып отырсың? - дейді. Жігіт:
 -  Жәй отырмын, - деп жауап береді. Шал:
 -  Шыныңды айт! - деп қыса бастайды. Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал:
 -  Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, - дейді.

Жігіт:
 -  Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, - дейді. Шал:
 -  Қандай өсиет айтып еді? - дейді. Жігіт:
 -  Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», - деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым.  Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», - деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», - деп еді.  Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, - дейді. Шал тұрып жігітке:
 -  Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал» - дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» - дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» - дегені еді. «Ас ішсең бал же» - дегені: «Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады» - дегені еді, - деп, қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті. 

Ертегіні түсініп оқы

Тапсырма

Өсиет дегенді қалай түсінесің?

Бай ұлына қандай өсиет айтты?

 

«Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады» деген мақалдың мағынасын аш

Осыған ұқсас басқа білетін мақалыңды жаз

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

№33 сабақ  Әңгіме құру

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сурет бойынша әңгімеле

 

 

Қандай ой түйдің?

Жеке бас тазалығы туралы  өзің не білесің?

 

«Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбына шағын әңгіме жаз

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

 

 

№34 сабақ    

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Адамгершілік қасиет тақырыбына ой толғау жаз

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мақалдарды жаттап ал


Адамгершілікке арналған үш сауап бар:

Шөлге құдық қазған бір сауап,

 Өзенге көпір салған бір сауап,

Жолға ағаш еккен бір сауап

Өзін ғана ойлаған,

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

 Адамдықтың белгісі.





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тіл дамыту" сабағының жұмыс дәптерінің үлгісі 2сынып Кембридж тәсілі бойынша сабақ үлгілері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

     Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат бір сөзбен айтқанда - оқушылардың қазақша сөйлеу компетенттілігін қалыптастыру.Осы мақсатта  оқушылардың  білім деңгейін жетілдіру және сөздік қорларын дамыту негізінде бастауыш сыныптарда «Тіл дамыту» пәні енгізілді. Ол оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық компетенцияларын қалыптастырудан басталады. Ал мұның бәрі  оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім барысында қалыптасады. Ұсынылып отырған бағдарламада оқушылардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету мақсатында әдемі жазуға дағдыландыруға арналған тапсырмалар түрлері берілген. Берілген тапсырманы деңгейіне қарай орындайды. Тапсырмаларды орындау барысында әр сабақ сайын сол тақырып бойынша нәтижелері оқушы портфолиосына салынып отырады.  Оқу нәтижесінде оқушылар өтілген материал шеңберінде  тілдік қарым-қатынасқа түсе алады, яғни  жағдаятқа  байланысты сөйлеп, сол тақырып төңірегінде өз көзқарасын білдіре алумен қатар, қойылған сұраққа жауап беріп, өздері де сұрақ қоя алады. Мұндай деңгейге жету үшін үлкен сөздік қор жинақтау, қазақ тілі грамматикалық категорияларын білу аз, оқушылар қазақ тілін практикада қолдана  алу дәрежесіне жетулері керек.

 

Міндеті:

 

  1. Өз ойларын қорытып әңгімелеуге үйрету

  2. Шығармашылық бейімділігін дамыту

  3. Сурет бойынша еркін әңгімелеуге машықтандыру

  4. Өз бетінше шешім қабылдап жұмыс жасай білуге дағдыландыру

  5. Өзіне сенімді болуға, ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру

    Нені білуі тиіс:

 

  • Әңгіме құру

  • Дыбыс және оның  түрлерін ажырату

  • Шығарма , эссе жазу

  • Дыбыстық  талдауды меңгеру

     

    Нені үйренуі тиіс:

  • Әңгімелегенде өз ойын жүйелі жеткізу

  • Сурет бойынша өз ойын еркін жеткізе білу

  • Эссе жазу

  • Шығарманы сауатты, мазмұнды жазу

Кембридж тәсілімен сабақ берудің нәтижесі

 

Сабағымды Блумның ( білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау)  таксономиясына салып құрамын. Атап айтқанда    жобалау технологиясы; саралап даралап оқыту; дамыта оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; сын тұрғысынан ойлауды дамыту;  деңгейлеп оқыту технологиясын сабақ барысында тиімді пайдалану арқылы мынадай нәтижелерге жетуге болады.

Инновациялық технология нәтижелері:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3. Олардың  әрқайсының деңгейін анықтай аламын.

4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аламын.

5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретемін.

6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігін арттырамын.

7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген  кәсіби сенімін қалыптастырамын.

8. Оқушы өзіне және өзгеге баға беруге машықтанады.

Сол себепті де жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір         шарты  -  оқу   орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті. Өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолдана отырып, оның нәтижесін көрудемін. Атап айтсам әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі, математика сабақтарында оқушыларды топқа бөліп, өз беттерімен жұмыс жасап, ізденуге еркіндік беріледі. Дүниетану сабақтарында сарамандық жұмыстарды топпен жасағанда оқушылар қызығады. Бір-бірімен пікірлесуге, ынтымақтастыққа машықтанады. Мысалы әдебиеттік оқу сабағында  «Суретші ата» тақырыбын өткенде, алдымен әр оқушы  өзін   еркін  және  қауіпсіз сезінуіне жағдай жасалды. Сабақты  жақсы көңіл-күймен бастап, оларға да жақсы көңіл-күй сыйлау үшін сыныпта ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда  оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызып, «Жүректен жүрекке» тренингі өткізілді. Мақсатым:Оқушылар арасындағы тұлғааралық байланыс орнату болды. Олардың бір-біріне айтылған тілектері өте жақсы, жағымды болды. Мәселен мынадай тілектер болды: «Сен әдемісің, саған бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін, өте ақылдысың, сабақта белсенділік таныта біл, өте жақсы баға ал,  әрқашан күлімдеп жүр! Жүзіңнен күлкі кетпесін» дегендей тілектер айтылды. Келесі кезеңде оқушылар бірлесе отырып жұмыс істеу үшін бой бойымен тұрып, топқа бөлініп отырды.Төрт оқушыдан тұратын үш  топқа  бөлінді. Әр топқа неліктен шағын топтардың осылай бөлінудің мәні неде деп  ойлайсыздар?, шағын топқа бөлінген оқушылармен қандай жұмыс істеуге болады? деген сұрақтар  қойылды. Топтардың назарын аудару және сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін ең алдымен оқушылар  «Алтын ережені» қайталап шықты. Алтын ережені балалардың өздері  құрады. Мысалы онда сабаққа кешікпеу, үй тапсырмасына дайындықпен келу, бір-бірімізді тыңдау, топта тату болу деген  сияқты ережелер болды Ережені қайталап алғаннан кейін «Қыран», «Сұңқар», «Тұлпар» деп топтарына атқойды.

 

 

 

 

 

 

 Негізгі бөлімдежаңа сабақты бастамас бұрын сыныптың білім деңгейін анықтау мақсатында «Кубизм» әдісі арқылы сұрақтар қойылды.Онда кубиктің қабырғаларына сұрақтар жазылып, қай сұрақ түссе соған жауап береді.Мысалы:Шара кім? Күләштің қандай өнері болған? Шара неше жасында атақты биші атанған? т.б

 

 

 


Үй жұмысына дайындықтарын тексеру барысында оқушыларға алдын ала қазақтың әнші, биші қыздары туралы қосымша ақпарат жинақтап келуге тапсырма берілді. Оқушылар интернеттен үлкендердің көмегімен Шара Жиенқұлова туралы мәліметті жазып әкелді. Сыныптағы дарынды оқушылар бірден қағазға шығарып әкелген ақпараттарын көрсете білді. Осындай шығармашылық тапсырмалар орындауда оқушылардың бойында көшбасшылық  қасиеттерді де байқауға болады. Формативті бағалау сабақтың әр іс- әрекетінде жүргізіліп отырады. Үй тапсырмасын тексергеннен кейін оқушылар өз жұмыс барыстарына рефлексия жүргізді. Онда «Сезім ағашы» арқылы  жүргізді, ағашьың макетіне ұнаса қызыл түсті алма, ұнамаса жасыл түсті алма ілді.Бағалаудан кейін  «Блум» таксономиясыныңбілу, түсіну сатысында Әбілхан Қастеев туралы слайд көрсетілді,  өлеңнің мазмұны оқушыларға топта талдауға берілді.Оқулықтағы өлеңмен танысып, топта талдау жасады. Әр топ бір-біріне сұрақ қойды. Сұрақ қою барысында үндемейтін оқушылардың да қол көтеріп қатысқанын байқалды. Мысалы: Суретші жайлауды неге жасыл бояуға теңеп тұр? Аспанда қандай түске теңеуге болады? деген сияқты сыни сұрақтар қоя білді.Сұрақ қойып өз ойларын жеткізе отырып, сабақтың мақсатын аша білді.  Бастауыш сынып оқушыларына ой қозғау мақсатында, ойларын жинақтауға бағыт беріп отыру керек. «Сұрақты  оқушылардың  білім  алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады.  

       Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады. Осыны негізге ала отырып   оқытуда диалог рөлін арттыру мақсатында, әзірленген іс-әрекет  «Суретші не істейді?», «Көк аспан дегенді қалай түсінесің?», деген сияқты түрткі  сұрақтар қойылды. Сонда «Аспанның түсі көгілдір болғандықтан, көк аспан дейміз» деп жауап берді және жердегі әдемі гүлдерді тау етегін кілемге теңейміз деп өзінше дәлелдеп кеткен оқушылар болды.  Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар ( «+», «-», қызықты ) әдісіарқылы өзін-өзі бағалады. Бұл әдісте қосу – жағымды, алу – ұнамағаны, сабақтағы қызықты кезін жазады.            

      Топтағы өзара қарым - қатынас оқуда маңызды рөл атқарады. Оқушылармен жұпта немесе топта жұмыс істегенде  олар «мұғалім-оқушы»  түріндегі өзара іс қимылға  қарағанда  мейлінше «симметриялы»  болып табылатын іс  қимылға  тартылады.  Осылайша  негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды  сипаттауда  түрлі  мүмкіндіктерге  ие болады» Осыны  ескере  келе, «Топтық әңгіме» барысында    оқушылар    сұхбаттасып, өзара бір-біріне сұрақ  қойып, әрекетке түсуі ұйымдастырылыпп отырылды. Жауапты толық алу үшін оқушыға уәж туғызып, мадақтап отыру керек. Сен сұрақ қоя ғой, жақсы!, тамаша! Деген сияқты  мақтаулар айтылып отырды. Осындай жұмыстардан кейін оқушыларда белсенділік артып, алдағы уақытта өздерін бұдан да жақсы нәтижемен көрсете білетініне сенімділік білдірді. Бұл стратегияның мақсаты: өз бетімен білім алуға, өзін-өзі реттеуге дағдыларын қалыптастыру болатын. Қолдану сатысында дәптерге орындауға  деңгейлік тапсырмалар берілді.   

         Сыныптағы қабілеті жоғары деген оқушыларға логикалық тапсырмалар орындауға берілді. Онда суретшінің қатесін табу, артық затты белгілеу, адасқан әріптерден сөздер құрау т.б тапсырмалар берілді. Суретші, өнер сөздеріне дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрап жазуға тапсырмалар берілді. Оқушылар өз беттерімен жеке тапсырмаларды жауапкершілікпен  орындап,  бағалау парағына өзін- өзі бағалай білді. Бастауыш сыныпта сергіту сәтін міндетті түрде өткізу керек, себебі біріңғай тапсырма орындаудан  бала тез жалығып, шаршағыш келеді. Дәптермен жұмыстан кейін сергіту сәтін өткізгенде экраннан ұлтымыздың «қара жорға» биі  қойылды. Талдау сатысында балалар ақпараттық технологияны қолдана отырып, тапсырмалар орындады. Онда интербелсенді тақтада екі тапсырма орындалды.1-ші тапсырмада интербелсенді тақтамен жұмыс, әр топтан  балалар шығып сәйкестендіру тапсырмасын орындады.  2-ші  тапсырмада Суретшіге не қажет? Сөздердің ішінен қажеттісін жұлдызша арқылы белгілеп берді. Тапсырманы орындаған сайын мадақтап отыру  және аса шыдамдылық керек. Сабақ барысында АКТ-ны орынды пайдаланып отырса, оқушылардың бойынан технологияны сабақта жүйелі пайдалана алуға қалыптасқандарын байқауға болады.  Жинақтауда топтарға Қастеев туралы постер жасатылды. Онда ұялы телефон пайдалану арқылы «Досыңа қоңырау шал» әдісін қолданылды. Әбілхан Қастеевтің атақты суретінің атын білу үшін балаларға телефон пайдалануға рұқсат берілді. Ақпарат жинап болған соң, әр топтан бір спикер шығып, жұмысты қорғады. Топтар бір-біріне сыни сұрақтар қоя білді. Топтар бір-бірін  «Бағдаршам» арқылы   бағалады. Сабақ соңында оқушылардың өздері қойған бағалары  жинақталып, ортақ бағасы шығарылды. Бағалау парағына өз –өздеріне баға қойды. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай: әрбір білім алушының білім  алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;   өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;  аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. Әлем жылдам өзгеруде, бұл қарқынмен мұғалімдер де өзгеріп отыру қажет. Себебі мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өзгертудегі негізгі тұлға – мұғалім. Конфуцийдің «естігенімді ұмытармын, көргенімді есіме сақтармын, ал өз қолымен жасағанда түсінемін» дегендей жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасы, оқушылардың құзіреттіліктері, алған білімдерін өмір пайдалануы артады деп ойлаймын.


 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 160 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.12.2014 17572
    • DOCX 2.2 мбайт
    • 61 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кыстаубай Арайлым Аскербеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 8
    • Всего просмотров: 117507
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 144 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 214 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек