Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді" тәрбие сағаты

"Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді" тәрбие сағаты

Скачать материал

Тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.

Мерзімі:  қазан

Мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға сәлемдесудің түрлерімен таныстырып, оның инабаттылық, әдептілік, адамгершілік қасиеті екенін

түсіндіріп, білімдерін нығайту.

ә) дамытушылық Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

б) тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ (дәстүрлі емес сабақ)

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтық.

 Ойын элементтері

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

суреттер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тірек-сызба, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин суреттері.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі,

Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі

II. Кіріспе: Ой шақыру

1. Өзің қалай амандасасың?

2. Кішіге бірінші болып амандасасың ба?

3. Ұстаз болсаң ең алдымен неден бастар едің?

4. Досың сәлем бермей қалса өкпелейсің бе?

5. Өзіңе бірінші сәлем беруді қалайсың ба?

6. Мұғалімдерге қалай амандасасың?

7. Жылы шыраймен амандасуға қалайсың?

8. Тыржиып, естір - естімес міңгірлеп, ернін жыбырлата салып амандасу туралы не ойлайсың?

Сәлемдесудің мәнін ашу: Оқушылар пікірін тыңдау, оны плакатқа түсіру.

Мұғалім сөзі: Біз бүгінгі «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» атты ашық тәрбие сағатымызды  топ жарысынан бастағалы отырмыз. Құрамында 12 оқушы болатын екі топ қатысады.

І - топ «Ұлағат» тобы.

ІІ - топ «Зерек» тобы. Сайыс ҮІІ айналымнан тұрады.

 

І-бөлім – «Таныстыру»

           ІІ-бөлім – «Сәлем – сөздің анасы» (өлеңдер оқу)

ІІІ-бөлім – «Әдептілік қағидалары» ( жағдаяттар  шешу)

ІҮ-бөлім – «Халық айтса, қалт айтпайды»  мақал мәтелдер

Y-бөлім - «Аталар өсиеті» көрініс көрсету

YI-бөлім - «Сиқырлы таяқша»

YII-бөлім- «Хаттар сөйлейді»  деп аталады. 

 

І-бөлім – «Таныстыру»

Бұл шартта әр топ өздерінің ұраны мен топтарын таныстырады.

I топ «Зерек» тобы

Ұраны: Кішіден ізет, үлкеннен парасат

Біздің де тобымызда өнерлі коп,

Көрермен өнерліге сүйсінер кеп,

Зерек деген тобымызға

Жақсы баға берсін деп тіледік көп

II топ «Ұлағат» тобы

Ұраны: Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат

Тобымыз «Ұлағат» атына сай,

Өнерлі балаларымыз бәріміз де

Бәйгеден озып келген жүйрік аттай

 ІІ-бөлім – «Сәлем – сөздің анасы» (өлеңдер оқу)

1-оқушы

Ақыл – жастан, асыл – тастан

Шығады деп дарынды,

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашан да нанымды.

Сол өнердің жолын қуған

Осы сынып атынан

Қабылдаңыз шын жүректен

Сәлем сізге жалынды .

2-оқушы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз:

-              Сәлеметсіз бе, ағай !-деп,

-              Сәлеметсіз бе, апай !-деп,

-              Есенсіз бе, әжей !-деп,

-              Амансыз ба, атай !-деп,

Хормен : Ұл-қыз сәлем береміз, өнегелі өренбіз.

3-оқушы

Мен жолымды берейін, өт қарағым,

Несін күттің, несіне көп қарадың,

Анасының бергенін саған берген,

Аруағынан айналдым текті ананың.

Жалған-ай, жарасымды-ау ізет деген,

Иілген «сіз өт» пенен «біз өт» пенен

Қасиетін халқының сыйламайды,

Атасының дәстүрін күзетпеген.

4-оқушы

Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,

Жақсы ғой, бірін бірі бағалаған

Түйсіксіз тайлақтардан сақта құдай,

Тайраңдап, алды-артына қарамаған.

Қарағым, ата-бабаң момын халық,

Өтіпті бір-бірінің жолын бағып,

Өсиетін бабаңның орындай сал,

Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.

5-оқушы

Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің ,

Кесіп өтпей, көлденең

Ізетімен кішінің ,

Сәлемдесіп қол берем.

6-оқушы

Атам менің әманда

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда ,

Мақтанбауды жөн көрем.

 Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары.

Артық айтып, сөзімді,

Желпінгенім жоқ әлі.

7-оқушы

Анам маған – үлкенді сыйла – деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

8-оқушы

Су құйдым да құманмен,

Қолына мен әкемнің

Содан кейін оған мен,

Орамалды әпердім.

9-оқушы

Дастарханның басында

 Әдептен біз озбаймыз.

Үлкендердің қасында,

Қолды бұрын созбаймыз.

10-оқушы

Тамақ ішер кезде біз,

Сөйлемейміз, күлмейміз.

Астан басқа өзгені,

Елемейміз, білмейміз.

11-оқушы

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Сыйлы болар өзі де,

Үлкен болған кезінде.

12-оқушы

Сыйлап сәлем береміз,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп білеміз,

Үйге қонақ келгенде

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

ІІІ-бөлім – «Әдептілік қағидалары» ( жағдаяттар  шешу)

Әр топ жағдаяттық сұрақтарға жауап береді.

1. Қолында 2 ауыр сөмкесі бар бір әжей базардан келе жатыр еді. Алдынан ойнап 2 бала шығып, әжейді абайсызда қағып кетеді. Әжей жығылып, қолындағы бар заты шашылса да, екеуі артына қайырылмай алысып ойнап кете береді. Егер де сіз сол балалардың орнында болсаңыз не істер едініз?

2. Екі оқушы мектепке келе жатыр еді, алдарынан қарт кезігіп қалды. Ол оқушылардан мектепке дейін жол көрсетуін сұрады. Сонда оқушылар өздерін асығыс екенін айтып, өз жөндерімен кетіп қалады. Егер де сізде осындай жағдай болса сіздің іс әрекетіңіз?

3. Қоғамдық көлікте орында отырдыңыз, бір аялдамадан балалы әйел мінді ондай жағдайда қандай әрекет жасайсыз?

4. Көшеде жүргенде қандай әдептілік ережелерін сақтау керек?

ІҮ-бөлім – «Халық айтса, қалт айтпайды»  мақал мәтелдер

1.Бір күн танысқа мың күн сәлем

2.Сәлемі түзудің өзі түзу.

3.Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 – дағы қария иіліп сәлем береді.


4. Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені

5.«Сөз анасы -сәлем»

6.Базарда мың кісі кездессе әркім сүйгеніне сәлем береді,

7.«Көргенді бала алыстан сәлем береді,

8.Замандасы жоққа сәлемдесетің адам табылмайды,

9.Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді,

10.сәлемдесудің артығы жоқ /жаман баланың есі жоқ!

Y-бөлім - «Аталар өсиеті» көрініс көрсету 2 топ өздерінің дайындаған көріністерін көрсетеді.

Көрініс . «Байлық пен ақыл» ертегісі.

Орындаушылар : Автор , Қарт , 1 ұл , 2 ұл, 3 ұл, 4 ұл

Автор:  Ертеде бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап, былай депті :

Қарт : Мен қартайдым, біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,

Автор: Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп,

1 ұл: Міне, менің байлығым, ал, кім бай болса, сол ақылды.

Автор: Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де

2 ұл: Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді.

Автор: Үшінші ұлы күміспен және асыл тастармен әшекейленген белдігін буынады да

3 ұл: Мұндай белдікті, ешкім ешқашан буынып көрген жоқ...

Автор :  Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап

Қарт:  Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың ?

Автор:  Сонда кенжесі былай депті

4 ұл: Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім бар.

Автор:  Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп кіші ұлын атапты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.

 

Көрініс . «Таза бұлақ» ( авторы : Ы.Алтынсарин)

Орындаушылар : Автор, 1-жолаушы, 2-жолаушы, 3-жолаушы .

Автор: Бір бұлақтың басында үш жолаушы бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шығып жатыр екен. Айнала қалың ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгілген, суы мұздай салқын, шыныдай мөлдір, өте таза бұлақ екен. Бұлақтың қайнап жатқан көзіне жақын, қазандай бір қара тасты қойыпты да, тасқа : «Ей, Жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол !» - деп жазыпты. Үш жолаушы бұлақтан шөлдері қанғанша су ішеді, тастағы жазуға көздері түседі. Сонда бір жолаушы тұрып былай дейді :

1 жолаушы: Бұл жазылған ақыл сөз екен. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады. Бара-бара кеңейіп үлкейеді. Бұған жол жөнекей кішкене бұлақтар қосылып, үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мынадай ғибрат алуға болады. Сондай адал қызмет қыл, еш үақытта жалқауланып, тоқталып қалма. Сөйтсең сен де үлкейіп, мұратыңа жетесің дегені деп білемін.

Автор : Сонда екінші жолаушы басын шайқап,

 2 жолаушы: Жоқ, мен олай ойламаймын. Бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаныңыздан гөрі тереңірек соқса керек : бұл бұлақ кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанда салқындатып, рахаттандырады. Сусағанның шөлін қандырады. Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, бұл «біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе» деген ақыл болады.

Автор: Жолаушының үшіншісі – көркем жас жігіт үндемей тұрды. Жолдастары : «Сен не ойлайсың ?» - деп сұрады. Жігіт айтты

3 жолаушы: Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді. Бұл бұлақтың суы бір орнында тынып тұрыпшөп-шалам түсіп, лай қиқым болса, адамнан гөрі айуан ынтық болар еді. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін бұған адам ынтық. Олай болса, бұл жазудың мағынасы мынау : көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта. Бұлаққа қарасаң : күн түссе, күннің шөп түссе, шөптің сәулесін көреміз. Ендеше көңілің сол сияқты сыртқа ашық көрініп тұрсын деген ғой деймін.

YI-бөлім - «Сиқырлы таяқша»

«Сиқырлы таяқша» ойыны. Балалар дөңгелене отырып, сиқырлы таяқшаны бір - біріне көрсетіп, сол баланың жақсы қасиеттерін айтады.

Ж - жігерлі

А - адал

Қ - қайырымды

С - сыпайы

Ы - ынтымақты.

YII-бөлім- «Хаттар сөйлейді» топтарға хат жазу топпен ақылдасып эссе жазу.

1)Ауылдағы ата әжеге қалай сәлем жазар едің?

2) Сыныптағы сәлемдеспейтін оқушыға не айтар едің?

Қорытындылау. Сәлемдесу – ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық.

Сәлеміміз түзу болсын!

Сәлемдесер адамымыз көп болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.

Мерзімі:  қазан

Мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға сәлемдесудің түрлерімен таныстырып, оның инабаттылық, әдептілік, адамгершілік қасиеті екенін

түсіндіріп, білімдерін нығайту.

ә) дамытушылық Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

б) тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ (дәстүрлі емес сабақ)

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтық.

 Ойын элементтері

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

суреттер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тірек-сызба, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин суреттері.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі,

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 518 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.12.2014 1569
    • DOCX 128.2 кбайт
    • 24 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бердибекова Аманкул Тастемировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 61231
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 548 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 772 человека из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 914 человек

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе