Сабақтың тақырыбы: Сәлем сөздің анасы.
Әдеп, адамшылық – амандасудан басталады. Адам
баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу. Оның шарапаты
мен кереметі сонда, адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір-біріне
жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты өзара жақындықты бейнелеуде аса
зор маңызға ие. Адам баласы қашанда тыныш-бейбіт, басы аман, бауыры бүтін,
бір-бірімен тату-тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған. Соның негізін
сәлемдесу әдебі. Сондықтан да болса керек, сәлемдесу құдайшылық, имандылық
нышаны ретінде түсініліп қабылданған. Сондықтан біздің халықтарымызда, мәселен,
қазақтарда бар «сәлемі түзу», «сәлемнен кеткен жоқ» сияқты сөздер татулықты,
ағайын арасының бұзылмағанын білдіреді. Соған орай бізде «тәңірдің сәлемін
беру», «сәлемін қабыл алды» ұғымдары қалыптасқан. Мұндағы тәңір – құдайдың бір
аты. Оның түп төркіні ежелгі заростаризм дінінің құдайы – Тәңірінің есімімен байланысты.
«Тәңір жарылқасын!» деген түсініктің өзі сол заманнан біздің кезімізге дейін
жетіп, кәдуілгі салт-дәстүрімізге араласып кеткен.
Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның
кейіп-кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауанын білу және тілек
арқылы өзінің қалауын (ниетін)ұқтыру; бір-бірінің аман-саулығын сұрасу,
өздерінің аман-есен дидарласып тұрғандарына қуанып, шүкіршілігін жасау,
ниеттерінің ақ-адал, таза екенін білдіру. Орта Азиядағы туысқан түркі
халықтары, барлық мұсылман елдеріндегідей, «Асслаумағалейкум» деген араб
сөзімен амандасады, оның мағынасы «Сізге тыныштық тілеймін» дегенді білдіреді.
Оған жауап, яғни сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкумассалам» сөздері
«Сізге де тыныштық тілейміз» дегенді ұқтырады. Содан кейін барып: «Үй- ішіңіз,
мал-жаныңыз аман ба? Денсаулығыңыз жақсы ма?» деген сияқты қал-жағдайды білісу,
жай, жөн сұрасу рәсімі жалғасады.
Дүние жүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесуі де
түрлі-түрлі болып келеді.
Бұрынғы КСРО шаңырағының астында ғұмыр кешкен жылдарда
халықтарымыздың әдеп-инабат дәстүрі көз түрткі болып, сәлемдесу әдебімізге де
теріс әсерін тигізді, баяғы жарасымды, халық жүрегіне ыстық әрітерең мәнді
халықтық ғұрыпқа зор нұқсан келтірілді. Мұның өзі, ең алдымен, адамның алтын
басын көзге ілмеуге, қадір-қасиетін елемеуге соқтырып, бірімен-бірі «здраствуй»
десіп өте шығатын нәрсіздікке, парықсыздыққа, сақындыққа душар етті. Сөйтіп
атам заманнан келе жатқан халықтарымыздың бір-біріне иба көрсетіп,
таныған-танымағанына қарамай сәлемдесу, үлкендердің алдынан кесе өтпеу, қос
қолдап қол алысу, таңертең ұйқыдан тұрғанда ата-анаға, жасы үлкендерге сәлем
беру сияқты аяулы, адамшылық салтымыз «ескіліктің қалдығы» ретінде құсталанып,
бәрімізге бірдей міндетті әдеп нормасынан шығып қалды. Мектептердің
көпшілігінде оқушылар сәлемдесуді ерен санамай, адамдар арасында жатырқаушылық
орын тепті. Әсіресе, қала жағдайында бір ауылда тұрып, күнде дидарласып жүрген
ересек адамдардың өзі бетіңе бақшиып қарап сәлемдеспей өте береді, немесе көрсе
де көрмегенсиді. Мұның өзі сайып келгенде, адамдардың түрпілігіне, суық
жүзділігіне, бір-біріне ілтипатсыз, мейірімсіздігіне, тұрпайылығына әкеп соқты.
Баяғы заманнан бері адамгершілік, парасат белгісі
болып келген сәлемдесу дәстүрі жайында қарақалпақ ақыны Ш. Аяпов былайша
толғанды:
«Әссалаума әлейкум» деп дидар несіп еткенде,
Қол алысып, көңілденбес жоқ пенде.
Күн нұрындай сәлеміне адамның,
Бұл дүниенің ғанибеті жеткен бе!
Сәлемдесудің түп негізі жылы шырай, кішіпейілділік
екенін, оған үлкендер де лайықты жауап қатып: «Көп жаса, балам!», «Өмір жасың
ұзақ болсын!» деген сияқты ізгі тілек, ықылас-пейіл көрсетіп отыруы мамыражай
көңіл жақындығы, жарастық нышаны болатынын ұмытпаған жөн. Сәлемді селқос
қабылдау, қолының ұшын ғана беріп, кекірею, жақтырмаған кейіп таныту –
инабатсыздық, тәккапарлық белгісі, оны халық көргенсіздікке санайды. Шынында
да, ашық қабақпен, күлімсіреп берген сәлем адамның жан дүниесін жадыратып
жібереді.
Мектептегі сәлемдесу әдебінің мәні зор екенін айтып
өткен жөн. Шәкірттердің мектепке келген таныс, бейтаныс адамдардың бәрімен қол
алысып амандасып шығуы міндетті емес, кейде олай етуге болмайды да. Жай
«Сәлеметсіз бе?» деп амандасып, жол беру керек. Дәлізде немесе мектеп
айналасында жүрген шәкірттерге «Сәлеметсіңдер ме?» деп есендесіп, олардан
«Сәлематсыз ба?» деген жауап алудың да артықтығы жоқ. Ал сыныпқа мұғалім кіргенде,
тұрып амандасқанда бір ізгіліктің белгісі.
Сәлем беру - өткінші міндет емес, өмірлік міндет.
Сәлем беру де парыз,
Сәлем алу да парыз.
(Өзбек мақалы.)
Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі-келіп-кетіп жүргені
Мақсут Шайхзада.
Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
(Қазақ мақалы.)
Үстірт орта мектебі
Тақырыбы:Жерден нәр ,ауадан
дауа,судан күш
Дайындаған:А.Толыбаева
2
«Г» сыныбы
2008-2009
оқу жылы
Үстірт орта мектебі
Тақырыбы:Құстар –біздің досымыз
Дайындаған:А.Толыбаева
2
«Г» сыныбы
2008-2009 Үстірт
орта мектебі
Үстірт
орта мектебі
Тақырыбы:Туған тілім-тірлігімнің
айғағы
Дайындаған:А.Толыбаева
2
«Г» сыныбы
2008-2009
оқу жылы
Үстірт
орта мектебі
Тақырыбы:Маңғыстау –маңғаз
мекенім
Дайындаған:А.Толыбаева
2 «Г»сыныбы
2008-2009оқу
жылы
Үстірт орта
мектебі
Тақырыбы:Отан от басынан
басталады
Дайындаған:А.Толыбаева
2
«Г» сыныбы
2008-2009 оқу
жылы
Үстірт орта
мектебі
Тақырыбы:Қош келдің,Наурыз
Дайындаған:А.Толыбаева
2
«Г» сыныбы
2008-2009
оқу жылы
Үстірт
орта мектебі
Тақырыбы:Түлік төлден өседі
Дайындаған:А.Толыбаева
2
«Г» сыныбы
2008-2009
оқу жылы
Үстірт
орта мектебі
Тақырыбы:Отан от басынан
басталады
Дайындаған:А.Толыбаева
2
«Г» сыныбы
2008-2009
оқу жылы
Үстірт
орта мектебі
Тақырыбы:
Дайындаған:А.Толыбаева
2
«Г» сыныбы
2008-2009
оқу жылы
Үстірт орта мектебі
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы:Отан от басынан
басталады
2008-2009 оқу жылы
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.