Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Сәкен - сыршыл ақын" әдеби кеш

"Сәкен - сыршыл ақын" әдеби кеш

Скачать материал

«Сәкен – сыршыл ақын»

тақырыбындағы әдеби кештің жоспары

Өткізілетін мерзімі: 10 желтоқсан 2014 жыл

Уақыты: 12:30

Өтілетін орны: 212 қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кабинеті

Мақсаты: Сәкен Сейфулиннің көркем шығармалары бойынша пікір алмасу, оқырмандарға оның көркем шығармаларын оқуды насихаттау.

Жұмыс барысы:

(Аудитория іші қараңғы. Безендірілген. Интербелсенді тақтада Сәкеннің суреті. Кітап көрмесі. Қатысушылар әуен тыңдайды).

1 жүргізуші: Осы әуен адам жанын нендей күйге, қандай сезімге бөлейді екен-ау?! Сіздердің тұла бойыңызды оятқан күш  болды ма? (1 слайд)

Әдебиет – керемет қоғамдық күш. Әдебиет - халықтың санасы, оның рухани өмірінің бояуы мен жемісі. (2 слайд)

2-жүргізуші: Әдеби шығарма адамның күллі ой-қиялын, сыр-сезімін түгел баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді...

Ал осындай әдеби туындыларды туғызатын, өмірге әкелетін, іштегі ой иірімдерімен бөлісетін, әрине, ақын-жазушылар.

1-жүргізуші: «Мәдениет, ең алдымен, жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші – зиялы қауым» деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, олардың шығармалары оқырманға қаншама жігер, күш-қуат береді. (3 слайд)

2-жүргізуші: «Әдебиет - өмір айнасы». Ол айна қарасөзден, өлеңнен құралады емес пе?

                  Өлең - сөздің патшасы,сөз сарасы,

                   Қиыннан қиыстырар ер данасы.

                   Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп

                   Теп тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бұл ақындардың алыбы, ойшылдардың озығы Абай атамыздың өлеңге берген ең жоғарғы бағасы болса, көркем сөз көңіл тілі, жалаң сөз зейін тілі деп халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың да әдебиет жайында адуынды сөзі бар. Дәл осындай баға беріліп кеткен әдебиетіміздің тарланы Сәкен Сейфуллинге арналған кешімізді бастаймыз. (4 слайд)

1-жүргізуші: Сәкен Сейфуллин – жан-жақты дарын иесі. Одан қалған мұра сан-салалы. Соның ішінде, әсіресе, Сәкеннің ақындығы айрықша шоқтығы биік тұрады.

Сіздерді Сәкен Сейфулиинің өмірбаянымен және шығармашылығымен біздің Чистопол орта мектебінің кітапханашысы Тлеумбаева Торша Бөкенбайқызы таныстырады. (Берілетін уақыт – 5 минут)

2-жүргізуші: Сәкен Сейфуллин – қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері. Сәкен Сейфуллин өзінің халқына, оның туған әдебиетіне толымды еңбек етті. 25 жылдық шығармашылық қызметінің өзінде жүздеген өлең, оннан астам поэма, романдар мен повестер, әңгімелер мен пьесалар, очерктер мен мақалалар, ғылыми зерттеулер жазды.

Сәкен Сейфуллин шығармашылығы – өзі өмір сүрген заман айнасы. Қоғамдық-саяси жұмысты әдеби шығармашылығымен қатар алып жүрген ақын қаламынан лирикалық өлеңдер де, поэмалар мен романдар, пьесалар, повестер мен әңгімелер де туды.

1-жүргізуші: Енді топтарға бөлінген оқушылар сыныптан тыс шығармалар ретінде қарастырды ма, сол әдебиет жайында өзара қызықты да тұжырымды ой қозғасақ дейміз.

2-жүргізуші: Бүгінгі күн Сіздер мен Біздер үшін рухани азық беріп, күш-қуатымызды арттырады деген сенімдеміз.

Сіздер әдебиетімізді насихаттаушы, көркем сөздің мәнін түсінуші, көкірегі ояу азаматсыздар. Бүгінгі күні Сіздер 2 топ болып сайысқалы отырсыздар.

Сіздерге сәттілік тілейміз.

1-жүргізуші: Атаулы шарамызға қазақ тілінің майталмандары, көркем сөздің шеберлері, бүгінгі іс-шарамыздың құрметті қонақтары келіп отыр. Олар:

Райымбекова Көгершін Наурызбайқызы, Ялты орта мектебі

Шабданова Әсия Атайқызы, Ялты орта мектебі

Қоңқабаева Гүлмира Тұрғұмбайқызы, Приишимск орта мектебі

Алтаева Баян Саметқызы, Чистопол орта мектебі

2-жүргізуші:Сіздердің еңбектеріңізді бағалайтын қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Қазылар алқасы құрамы:

Райымбекова Көгершін Наурызбайқызы, Ялты орта мектебі

Шабданова Әсия Атайқызы, Ялты орта мектебі

Қоңқабаева Гүлмира Тұрғұмбайқызы, Приишимск орта мектебі

Алтаева Баян Саметқызы, Чистопол орта мектебі

Топтарды таныстыру

1.     Топтың аты

2.     Топтың ұраны

3.     Топтың эмблемасы (эмблемамен таныстыру)

1-жүргізуші: 1-тапсырма. Сөзстан деп аталады.

Сіздерге сөздер жазылған фатман беріледі. Сол сөз бойынша берілген уақыт ішінде бірнеше сөздер құрастыру керек. (берілетін уақыт – 3 минут)

(жұмыс аяқталғасын қазылар алқасына беріледі) (5-6 слайд)

2-жүргізуші: 2-тапсырмамыз. «Көсем сөз шеберлері» деп аталады.

Әдебиет-өнер пәні. Сондықтан оқушыны көркем шығарманы оқытуға қызықтыруда мұғалімнің әртістік шеберлігі өте маңызды.

Сіздерге 2 проза, поэзия жанрында 2 шығармадан беріледі.Сол шығарма үзінділерін нақышына келтіріп оқу керек. (дайындалуға берілетін уақыт – 3 минут) (7 слайд)

1-жүргізуші: 3-тапсырма. Сырлы сұрақ, ұшқыр ой.

-         Ендеше сұрақтан бастайық.

1.     Сәкен Сейфуллин қай жылы және қай жерде өмірге келді? (1894 жылы Ақмола облысына қарасты Нілді болысында)

2.     Сәкен Сейфуллиннің әкесінің аты кім? (Сейфолла)

3.     Сәкен Сейфуллиннің шешесінің аты кім? (Жамал)

4.     Сәкен Сейфуллиннің ең алғашқы жинағы қалай аталады? («Өткен күндер»)

5.     Алғашқы жинағы қай қалада басылып шықты? (Қазан)

6.     Неше жасында ең алғашқы өлең кітабы шықты? (20 жасында)

7.     Ақынның әйгілі поэмасы? («Көкшетау»)

8.     Сәкен Сейфуллин неше жасында Қазақстан үкіметінің басшысы, Бүкілодақтық Атқару Комитетінің мүшесі болды? (28 жасында)

9.     Бостандық үшін күрескен қайсар жан Сәкен Сейфуллиннің бостандық туралы қандай өлеңдерін білесіңдер? («Тұлпарым», «Қамаудан», «Қамыққан көңілге», «Сағындым», «Асығып тез аттандық», «Далада», «Кел, жігіттер», «Біздің жақта», «Қашқынның аулы», «Жас қазақ марсельезасы» және т.б.).

10. Ақын неше жасында қайтыс болды? (44 жасында) (8 слайд)

2-жүргізуші: Әдебиет пен музыка егіз іспетті.

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар.

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп Абай данамыз айтқандай, келесі сөзді әншімізге берейік.

Таныстыру: 7 «А» сынып оқушысы Цыганкова Аиданың орындауында Абайдың әні «Көзімнің қарасы».

2-жүргізуші: Шабыттанып біраз тапсырманы атқардыңыздар. Барлық жұмыс қорытындысын жасау үшін сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

Мұғалім:

-         Құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар.

Аз уақыт ішінде Сәкен Сейфуллиннің көркем сөзінің мәнін ашу мүмкін емес. Әйтсе де бүгінгі әдеби кеш Сіздерге ой салды деген сезімдеміз. Көркем шығарманы оқу және оқыту - біздің парызымыз. Сіздерге шығармашылық табыс, сәттілік тілейміз. Кешімізге қатысқан топтарымызға да алғысымыз шексіз. Сіздерге де оқуда табыс, сәттілік тілейміз.

Және осы әдеби кештен сыйлық ретінде мына естеліктерді қабыл алуларыңызды сұраймын.

1 орынды иеленген топқа – қойын дәптерлер

2 орынды иеленген топқа – қаламдар

Жүргізушілерге – қойын дәптерлер

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Сәкен - сыршыл ақын" әдеби кеш"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Менің әдеби кешімнің тақырыбы "Сәкен - сыршыл ақын" деп аталады. Бұл әдеби кешімнің мақсаты Сәкен Сейфулиннің көркем шығармалары бойынша пікір алмасу, оқырмандарға оның көркем шығармаларын оқуды насихаттау. Оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, өз елінің әдебиеті мен ақындарын құрметтеуге тәрбиелеу. Әдебиет – керемет қоғамдық күш. Әдебиет - халықтың санасы, оның рухани өмірінің бояуы мен жемісі. Ал осындай әдеби туындыларды туғызатын, өмірге әкелетін, іштегі ой иірімдерімен бөлісетін, әрине, ақын-жазушылар. Сәкен Сейфуллин – жан-жақты дарын иесі. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 120 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2015 3478
    • DOCX 23.4 кбайт
    • 142 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургалиева Алия Турсунгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7668
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 202 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека