Главная / Другое / "Оқыту мен оқудағы көшбасшылық"

"Оқыту мен оқудағы көшбасшылық"

"Оқыту мен оқу үдерісіндегі Көшбасшылық " тақырыбындағы коучинг сабағының жоспары



Сабақтың тақырыбы

Оқыту мен оқу үдерісіндегі Көшбасшылық



Негізгі мақсаты

Оқыту мен оқу үдерісіндегі көшбасшылықтың маңызы туралы, көшбасшылық функциялары жөнінде мағлұмат беру, мұғалімдердің өзін-өзі бағалауы арқылы өз мүмкіндіктерін толық таныта алуын жүзеге асыру


Күтілетін нәтижелер

Мұғалімдер оқыту мен зерттеуге ықылас танытады,өз бойындағы қасиеттерді саралап, өзіндік ой түйе алады, бірлесе жұмыс жасаудың маңызын ұғынады, бір-біріне қолдау көрсетеді.


Негізгі идея

Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі көшбасшылықтың тиімділігі


Қажетті жабдықтар

Флипчарттар,маркер, стикер, видеоролик.




Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Бағалау өлшемі

Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеттері

Сәлемдесу

2 мин

Коуч сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Психологиялық

трненинг

2 мин

Тренинг-жаттығу "Сіз білмейсіз, мен...".( Жіп арқылы коучингке қатысушылар бір-бірімен танысады.)Коучингке қатысушылар топқа бөлінеді.

Топтық жұмыс

2 мин

Коучингке қатысушылар топтық ереже құрып, оны ауызша талдайды.

Жалпы топтық ереже көрсетіліп, салыстырылады. Ереже бойынша жұмыс түрлері жүргізіледі.

Видеоролик көрсету

15 мин

Көшбасшылық туралы. "Құмырсқалар бірлігі".

Мағынаны таныту

5 мин


І тапсырма."Көшбасшы" сөзіне ассоциация жасалады. Әр топ алдымен топта тапсырманы орындап, оны қорғайды.

ІІ тапсырма. 2 сурет бойынша ой-пікір алмасу.

Салыстыру. Қарым-қатынас мәні туралы.Көшбасшы болуға көмектесетін жайттар.тиімді көшбасшылықтың 5 шарты.

ІІІ тапсырма. "Мектептегі көшбасшылық".(постер қорғау)

Сергіту сәті

3 мин

«Мүсінші мен мүсін»

Видеоролик

5мин

"Қаздар ынтымақ ортасында".

Түйінді идея

10

Мен қандай көшбасшымын?

Рефлексия

2 мин

Тілек. Жіп арқылы қауымдастық құру.

Кері байланыс

2 мин

Коучинг Сізге ұнады ма? Неліктен?





"Оқыту мен оқудағы көшбасшылық"
  • Другое
Описание:

Көшбасшы- қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам көшбасшы ретінде танылады. Көшбасшы алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді.

         Коучинг сесссиямыз "Оқыту мен оқудағы көшбасшылық" тақырыбында өтті. Жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында "Сіз білмейсіз, мен........?" психологиялық тренингі өткізілді, мұғалімдер бір-біріне жіп лақтыру арқылы өздерін таныстырып, өздері туралы ақпарат берді.  Үш түрлі қалам арқылы үш топқа бөлініп, топтық ереже құрылды. Тақырыпты ашу мақсатында "Құмырсқа" бейне фильмі көрсетілді. Көрсетілімді тамашалағаннан кейін, топта талқылап, өзара ой бөлісу арқылы тақырыпты анықтап, өз пікірлерін айтты. "Көшбасшы" сөзіне ассоциация жасау тапсырмасы берілді, мұғалімдер топта талқылап, өз ойларын постерге түсіріп,  қорғады. Келесі тапсырмада мұғалімдерге  суреттер арқылы екі түрлі көшбасшының сипатын анықтау яғни "тиімді көшбасшы кім?" тапсырмасы берілді, олар көшбасшылық қасиеттер туралы слайдтан тұжырымдама жасады. Мектептегі көшбасшылық тақырыбында постер жасау тапсырмасы берілді.

Бірінші топ:

         "Мектептегі көшбасшы -діңгегі мықты, тамыры тереңге жайылған бәйтерек. Көшбасшыға тән  қасиеттер: Бірінші қасиет- мінез-құлық. "Көшбасшылық – еркектер мен әйелдерді бір мақсатқа жетелейтін қасиет, сонымен қатар сенімділік ұялататын мінез-құлық"-деп  британдық фельдмаршал Бернард Монтгомери айтқандай, мінез-құлықты жан-жақты дамыту мен нығайту – бұл көшбасшылық қана емес, жеке қасиеттерді дамытатын біздің негізгі шартымыз. Нағыз мінез-құлық дегеніміз - адамның ішкі жан-дүниеңіздің үлкен болуы. Кез-келген адам өзін бүтін мінез-құлықпен және терең инабаттылықтың иесімін деп айта алады, бірақ оның дұрыс немесе бұрыстығын ісі арқылы білуге болады. Екінші қасиет- харизма. Бірінші қалыптасқан әсер, бәрін шеше алады! Харизма дегеніміз – адамдарды өзіңізге тарту қабілеті. Өзімізді басқаларға тартымды болу үшін не істеуіміз керек?

·                     Адамдарға үміт отын сыйлау. Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды «үмітпен жүретіндер» деп сипаттаған екен.

·                     Өзіміздің қадыр-қасиетімізбен бөлісу. Адамдарды артымыздан ілестіре жүріп, оларға өзімізде бар нәрсені сыйлау. Өзіміздің қорларымыз, даналығымыз, тіпті күнделікті өмірдегі жайттарымыз олардың да игілігіне айналуы керек.  Үшінші қасиет- қарым-қатынас жасап, араласа білу. Ең тиімді қарым-қатынас – ол қарапайымдылық. Егер адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатқымыз келсе, қарапайымдылыққа ұмтылуымыз керек. Әрбір шынайы қарым-қатынас шынайы сенімділікті ұялатады. Төртінші қасиет- ерлік. Ерлігі мықты бір адам, көп адамға тең. Уинстон Черчилдің айтуынша "Ерлік – адамдық қасиеттердің ең бастысы немесе қалған қасиеттердің бар болуына кепілдік беретін қасиет! Кез-келген адам ерлік көрсеткен сайын, басқалары да мықты бола бастайды. Ал көшбасшының ерлік көрсетуі, қоршағандарға дем беріп, рухын көтереді. Бесінші қасиет- жауапкершілік. "Көшбасшы жауапкершіліктен басқа барлық нәрседен бас тарта алады." Джон Максвелл. Жетілуге ұмтылу – бұл мықты мотивация. Сол үшін тынбай еңбек ететін адамдардың барлығының жауапкершілік сезімі дамыған. Жауапкершілікті адамның міндетті қасиеті – істі аяғына дейін жеткізу. Барлық шарықтау мен құлдыраулар көшбасшылықпен анықталады.Сондықтан да көштің басшысы керуенді діттеген жеріне жеткізетіндей жол табу керек десе",

екінші топ:

         "Мектеп директорын күн шуағының бейнесі ретінде, бұлт бейнесімен  директор ақылдасып, пікірлесетін ұстаздар қауымы ретінде беріп отырғандығын, оқушыларды жердегі өсімдіктерге балағандығын айтып, ұстаздар қауымы тамшылай аққан жаңбырдай  оқушыларды білім нәрімен сусындатады.  Оқушылар бірте-бірте алынбас қамалдарға өрмелейді, сонан соң біз шәкірттеріміздің мәуелеп піскен жемістей, мына алма ағашындай болып тұрғанын көреміз.

Күн шуағы жарқырап,

Нұрын шашты күлімдеп.

Мәуелеп өскен жемістей,

Ұшып шықты ұядан.

Талмайтұғын талаппен

Шәкірттері мектептің

Осындай әсем өлеңмен

Жігер тобы сіздерге

Ұсынады жобасы", деп екі шумақ өлеңмен сөзін қорытындылады.

         Сергіту сәтінде мұғалімдерге "Мүсін мен мүсінші" ойыны ойнатылды. Бұл ойыннан мұғалімдер өмірде мүсін болғаннан мүсінші болған артық екендігіне тағы бір мәрте куә болды.

         Сонан соң "Қаздардың өзара ынтымақтастығы" бейне фильмі көрсетілді, осы фильмді көру арқылы қаздардың ынтымақтастығы мен бірлесе әрекет етуі жайлы қызықты деректермен танысып, бір бағытта бірлесе жұмыс жасау жеке еңбек етуге қарағанда әлдеқайда оңай болатындығын түсінді.

         Мұғалімдер ақ парақтан адам сұлбасын жасап, оң жағына өз бойында бар көшбасшылыққа тән қасиеттерді, сол жағына әлсіз, яғни болашақта дамыта алатын қасиеттерді жазды.

         Жіптің ұшын бір-біріне лақтыру арқылы мұғалімдер бір-біріне тілек айтып, сәттілік тіледі.

 

         Коучинг сессиясының кері байланысы екі жұлдыз, бір тілек арқылы жүргізілді.

Автор Казкенова Назгуль Сериккалиевна
Дата добавления 05.01.2015
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 1849
Номер материала 34569
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓