Главная / Классному руководителю / "Нашақорлық-ғасыр дерті" 8-9 сыныптарға арналған тәрбие сағаты

"Нашақорлық-ғасыр дерті" 8-9 сыныптарға арналған тәрбие сағаты


                           Нашақорлық  ғасыр  дерті  
 Мақсаты: Жас ұрпақтың ЖҚТБ туралы білімдерін тиянақтауға, салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы білім алуға жағдай туғызу.
Күтілетін нәтиже:     1. ЖҚТБ туралы ойларын тиянақтайды; 
                                  2. ЖҚТБ итермелейтін себептерді анықтай біледі;
                                  3. Салауатты өмір салтын насихаттай алады;
                                  4. Өз болашағына сеніммен қарай алады;
Тәрбие сағатының  әдісі: ой қозғау, топтастыру, баяндау, пікірлесу, «өзім үшін жазу», топтастыру
Сабақтың  көрнекілігі: «Денің  сау  болсын  десең...»  атты  кітап  көрмесі, суреттер.                                  
Пәнаралық байланыс: медицина, биология, валеология
Тәрбие сағатының  барысы:

І Қызығушылықты ояту
І Ұйымдастыру: Оқушылармен  амандасу,бүгінгі  сабақтың  мақсатымен таныстыру.
ІІ Тренинг ойнату: «Сыйлық»
ІІІ Ой қозғау
1.    ЖҚТБ мен АҚТҚ  бір ұғым білдіреді ме? (иә)
2.    ЖҚТБ-мен зақымданған адамдар өзін дені сау сезініп, сырт көзге солай көріне ме? (иә)
3.    Маса шаққанда ауру жұғады ма? (жоқ)
4.    ЖҚТБ-мен ауратын адамды құшақтау қауіпті ме? (жоқ)
5.    Қоғамдық әжетхананы пайдалануда зақымдану қауіпі бар ма?  (иә)
         
ІІ Мағынаны тану
     Балалар, бүгінгі  таңда жасыратыны жоқ  бізді  қоршаған  ортамызды  жаман  әдетті  аурулар  қаптап  кетті. Олар,нашақорлық, СПИД,  ішімдікке  салыну  сияқтыларды  айта  аламыз.  Соның  ішінде  жастар  арасында  нашақорлық  әдеті  өте  көп  тарап  кетті.Бұған  біз  кімді  кінәлаймыз? Бұл  сұраққа  жауап  іздеу  де  қиын.
Кезекті
мектеп медбикесіне беріп, баяндама тыңдайық.
Жалпы  есірткі  заттар  адамзатқа өте ертеден белгілі және оны емдік және еліктіргіш құрал ретінде өткен ғасырлардың өзінде-ақ қолданған. 60-жылдары капиталистік елдерде кең тарады. Кейбір Орта Азия, Кавказ елдері негізгі ошаққа айналды. 
            Нашақорлыққа  көбінесе, жасөспірімдер  шалдығады, алайда  осы  кезде  ересектер  арасында  да  есірткінің  зиянын  шегіп  жүрген  адамдар  көбейіп  барады.Нашақор  қаражатты  ұрлықпен  табуды  көздейді, ал  ұрлық  жазасыз  болмайды.Нашақор  ата-анасы  ауқатты  жасөспірімдерді   есірткіні  әуестендіруге, соның  арқасында  өзінің  «қамын» ойлауды  мақсат  етеді.Нашақордың  жасөспірімдер  тобына  қосылуының  себебі  де  сол.Ол  алдымен  наша  шегуді  немесе  ес   ауыстыратын  дәрі  ішуді  ұсынады, еліктегіш  жастар  дәм  тата  бастайды.Бара-бара  жасөспірімдер  нашақорға, есірткінің  құлына  айналады.Есірткіні  түнгі  клубтарда би  алаңдарында, тіпті   мектептерде  де  сатып  алуға  болады.
 Бұрын  жасөспірімдер  анаша, марихуана  шегіп, әр  түрлі  желімдер  иіскейтін  болса,қазір  героин,какоин, синтетикалық   есірткілерді  қолданады.Ал  синтетикалық  есірткінің  ерекшелігі  сол, бір  дәмін  татқаннан  кейін  есі  ауады  да  тұрады.Бір  пайдалансаң  жайын  жай  табады, керемет  күйге  түсесің  деп  алдайды.Аз  уақытқа  болса  да  ләззат  алғанына  мәз  болам  деп, нашақор  сатына  қосылғанын  білмей  қалады.   
            Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.
             Адам баласын бойында өзін-өзі сақтандыратын қасиеттер болады. Соны дұрыс пайдаланған жөн. Әйтпесе нашаға елігіп, бір сәттік рахат сезімге алданып, соның зардабын өмір бойы тартуы мүмкін. Ондаймен айналысқанда 30-жасқа  жетер  жетпес  өмір  сүреді  бұлай дейтін  себебіміз, бұл  жаман  нәрсеге  адамдар  ақылға  салмастан, желігіп  еліктейді  де артынан  өзіне  қиын  болатының  білмей  де  қалады.
 Сол  себепті  біздің  бүгінгі  сабағымыз  біз  ақылды   жастардың  бұндай  іс-әрекетке  бармауы үшін магнитті таспадан мыны бір жанның өз өмірі жайлы баяндаған әңгімесін тыңдап көрейікші.
Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын көп тарттым. Ата-анам жұмыссыз қалып, үйдегі төрт баланы асырауға шамасы келмеді. Кей кезде үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болды. Әкем ауруға шалдығып, шешем жасынан ерте қартайды. Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгелі, кейде үйден безіп кеткім келетін. Сөйтіп жүріп бір балалармен достастым. Күнде кешкілік ермегіміз наша шегіп, бар дауысымызбен айқайлап ән салып, көшедегі жүргіншілерге тиісу болатын. Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалдым. Менің түрімді көріп ата – анамның тіптіұнжырғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай қалып, бір досым аурудың азабына шыдай алмай көз алдымызда өліп кетті.  Наша табу үшін ұрлық жасауға көштік. Сөйтіп жүріп қолға да түстім. Менің көрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді бостандыққа аман – есен шықсам, осы бір дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді. 
Балалар, енді ойланып көрейікші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не?  (Жұмыссыздық, баланың оқи алмай қалуы, отбасындағы тұрмыстың нашарлығы)
Егер, балалар, нашақорлар тек тұрмысы ауыр ортада пайда болады десеңдер, екінші кейіпкерімізді тыңдап көрңіздер.
Менің ата – анам өте ауқатты болды. Менің үстімдегі шетелдік киімдерге барлық балалар қызығып қарайтын. Қалтамда ақша үнемі жүретін. Ата – анам үнемі басқа жерлерге сапарға кеткенде, өзім сияқты балаларды жинап алып, үйдің астан – кестеңін шығаратынмын. Бір күні сондай бір көңілді кеште алғаш рет арақтың, нашаның дәмін таттым. Содан басым байланды да қалды. Бір – екі рет әкемнен ақша алып, саудагерлерден көп ақшаға наша сатып алдым. Содан менде ақша барын білген саудагерлер үйге өздері әкеліп, тіпті кейде бағасын жоғарлатудыда шығарды. Бір күні әкем сұраған ақшамды бермей, тауарсыз қалдым. Есімнен танып, құлап қалғанымды көрген ата – анам, дәрігер шақыртқанда барып, баласының нашақор екенін білді. Өзі
м емделу үстіндемін. Енді ешқашан нашаға қайтып оралмаймын деп ойлаймын.
Екі адам, екі тағдыр. Балалар, енді ойланып көрейікші екінші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не?  
Топтастыру:
Енді балалар, нашақорларды теледидардан немесе өмірден көріп жүрміз, баспасөзден оқып жүрміз, ал олардың зардаптары туралы не білеміз, нашақорлық неге апарып соқтырады, осы сұрақтарға жауап іздейік.
Сонымен, балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік. Енді мынандай жұптық жұмыс істеп көрейік. Алдарыңыздағы үлестірмені таңдап, тапсырмаға жауап дайындайық. 
1.    Нашақор адам мен дені сау адамды салыстыру.
2.    Нашақорлықпен күресу жолдарын іздеу.
3.    Плакаттағы суретті таныстырып, қорғау.
«Өзім үшін жазу» әдісі:
Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың  пікірлерін білдік, тыңдадық.  Қазір сіздер өз өздеріңізбен кеңесіп сөз бересіздер. Және алдарыңыздағы қағазға жазып, тақтаға ілесіздер.
Барлығыңыздың пікірлеріңіз әртүрлі екен. Мен сіздерге үндеу айтқым келеді: 
Үндеу!
    Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз. 
Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. 
Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар! 


ІІІ Толғаныс
   
ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпінің дәрежесі    Жоғары қауіп    Қауіпі төмен дәрежеде    Қауіп жоқ
Бетінен сүю            +
Ортақ ыдысты пайдалану            +
Денеге инемен сурет салғанда    +        
Бөтен адамның тіс щеткасын пайдалану        +    
Қорғалмаған жұптасу    +        
Шприцтер мен инелерді бірігіп пайдалану    +        
   
Оқушылардың  ойларын  жинақтай    келе. «Өмірдің  жарқын  болашағың, зор  болсын  десең, еліңнің  жұлдызы  болам  десең  денсаулығыңызды  күт» деген  жолдармен  аяқтаймын.
Хормен: Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе – арақ ішпесін. Өз ортасына қадірлі адам болам десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе – нашаға әуестенбесін!






















ЖББ Амангелді орта мектеп-балабақшасы













Нашақорлық - ғасыр  дерті  





Владимирова Ж.В.

Турегалиева К.З




















2015ж қаңтар


Дін - тәрбие діңгегі

Кіріспе:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар «Дініңді сақта, салтыңды сатпа, сенімді ақта, ел болашағы – жастар!»
ұранымен 8 - 9 сынып оқушыларымыздың қатысуымен «Дін – тәрбие діңгегі» атты кездесуімізге қош келдіңіздер.
Кездесуіміздің мақсаты:
• Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;
• Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, жастарға ой салу;
• Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
• Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт - дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу.
Қонақтармен таныстыру:
Мектеп директоры :Айман Нургалиевна
Жастар ұйымының жетекшісі:Бердалиева Н.А
Мұғалімнің сөзі;
Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым - қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған.
Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады.
Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде.

Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.

Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады

Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.
Осы жерде сіздерге мына бір бейне баянды ұсынғым келіп тұр, назар аударайық.
(Бейне ролик кетеді.)

Енді біздің мақсатымызда осы жастарды осындай жат діни ағымдардан аулақ болуға шақыру. Олай болса біздің мына отырған жастарымызға өз ақыл кеңесіңізді айта отырсаң деп сөз кезегін
Айман Нургалиевнаға және ата-аналарға,қонақтарға береміз,


Мұғалімнің сөзі:
Қазіргі кезде ҚР көптеген діни экстремистік ұйымдарға тиым салды.
Слайд №1
Сонымен қатар оқушылардың есінде сақтап жүру үшін мына ережені ұсынғым кеп отыр.
Мұны білу өте маңызды!

1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!

2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.
7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
10. Есіңде болсын! Есте сақта!
Құдайға сену, яки сенбеу - өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!

Қорытынды сөз
Бүгінгі «Дін тәрбие діңгегі» атты тәрбие сағатымызды Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым кеп отыр.
«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.
Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»
Құрметті қонақтар бүгін мектебімізге келіп өз ойларыңызды ортаға салып ақыл - кеңес бергендеріңіз үшін сіздерге көп-көп рахмет, алланың нұры жаусын келесі кездескенше сау болыңыздар!








ЖББ Амангелді орта мектеп-балабақшасы












Дін - тәрбие діңгегі

8-9 сыныптарға арналған тәрбие сағаты












Владимирова Ж.В.

Рамазанова М.Н.













2014-2015 оқу жылы

"Нашақорлық-ғасыр дерті" 8-9 сыныптарға арналған тәрбие сағаты
  • Классному руководителю
Описание:

"Нашақорлық-ғасыр дерті" 8-9 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаты.Мақсаты: Жас ұрпақты ЖҚТБ туралы білімдерін тиянақтауға, зиянды заттардан сақтануға, салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы білім алуға жағдай жасау.

күтілетін нәтиже: 1. ЖҚТБ туралы ойларын тиянақтайды;

2. ЖҚТБ итермелейтін себептерді анықтай біледі

3. Салауатты өмір салтын насихаттай алады;

4. Өз болашағына сеніммен қарай алады

Нашақорлыққа көбіне жасөспірімдер шалдығады, алайда осы күні ересектер де арасында есірткіні жиі шегіп жүргендер көп.Нашақорлық адам ағзасына, өміріне, қоғамға зардап шектіреді.

Автор Владимирова Жадра Владимировна
Дата добавления 08.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 1710
Номер материала 46893
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓