Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Мектепке дейінгі балаларға арналған ұлттық ойындар" жинағы

"Мектепке дейінгі балаларға арналған ұлттық ойындар" жинағы

Скачать материал

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

ЖББ Амангелді орта мектеп-балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі бала тәрбиесіне арналған ұлттық ойындар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тасқала – 2014

 


Құрастырған: Ж.С.Бисенбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Жинақта тәрбиешінің мектепке дейінгі ұйым балаларын ұлт-тық ойындар арқылы денсаулығын дамыту мен сауықтыруға арналған ойындар жинағы берілген. Балабақша тәрбиешілеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.

 


Кіріспе

 

       ХХІ - ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

       Ұлттық ойындар - қазақ халқының ерте заманнан қалыптас-қан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі-түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсартуда пайдасы зор.

      Ұлттық ойындар - ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатыр-ған байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, ұлттық ойындар-ды үйренудің, күнделікті пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.               

      Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайық-тары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық - Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабыл-дау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.

      Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып, адамдық қасиеттерді ұғындыру, қалыптастыру болып табылады.

«Тақия тастамақ» ойыны

 

Ойым бар бір ойын бастамақ,              

Аты оның - «Тақия тастамақ».

Шеңбер боп отыра қалыңдар,       

Ым қағып жүрмесін қас-қабақ.

 

Ақырын аспаймын, саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Біріңнің тұсыңа жеткенде,

Сездірмей тақия тастаймын.

 

Орныңа жеткенше жүгіріп,

Өзіңнен аламын соққыны.

Шығасың тақия тастауға,

Ойынды басынан бастауға.

 

 

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы (тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың басына тақия кигізе салады. Тақияны байқаған бала тұра жүгіріп орнына тез жету керек жете алмаса ойынды жалғастырады. Тақияны бала сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.

 

Арқан тарту

          Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа  бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Хан талапай»

 

Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады. Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды. Бұл  асық «хан» асығы.

 

Талапай-ау, талапай,            

Табылды ойын, алақай!

Бүк асықпен - бүкті,

Шік асықпен - шікті,

Тәйкеменен - тәйкені,  

Алшыменен - алшыны.

Бір-біріне  атамыз!                               

Қызығына батамыз!

Талапай-ау, талапай, 

Ойын қызық, балақай!

Асықты алға шашамыз,

Егер, «Хан» алшы түссе

Талапайға басамыз.

Біреу- бесеу, он алды,            

Біреу-одан мол алды.

«Хан» түссе кім қолына,

Бар асықты сол алды-деп

 

«Хан»  алған бала жеңімпаз атанады. Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады. Құлаған асықтарды жинап алады. Егер хан асығы бүк, шік, тайқы-қалыптарымен түссе, бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді. Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса, онда ойынды келесі бала жалғастырады. Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса, сол бала жеңіске жетеді. Келесі ойынды жеңіске жеткен  бала жалғастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 «Қыз - қуу»

       Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды (ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады, қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса, сол бала жеңіске жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көтермек»

 

        Ортаға екі ойыншы бала шығады. Бір-біріне арқаларын беріп тұрады.

Белгі бойынша кім бірінші бірін-бірі арқада көтеріп алса, сол бала жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады. Ойын осылай жалғаса береді.

 

«Сақина жасыру»

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне ала-қандарын жаяды. Бастаушы жұмулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен, ол бала алақанын жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен - «Сақина кімде»-деп сұрайды. Осы сәтте сақинаны алған ойыншы «менде» деп орнынан тұруы керек. Ал әрбір ойыншы өзінің оң жағындағы көршісі үшін жауап береді. Сондықтан сақина кімде екенін ешкім білмесе, ойыншылар бірін-бірі ұстап тұрғызбауға тырысады. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

 

 

 

«Асық ату»

 

      Аумағы екі-үш қадамнан тұратын дөңгелек көн сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үштен (не одан да көп) асық тігеді. Сақасын иіру арқылы кезегін алған ойыншылар он-он бес қадамдай қашықтан тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады да, әрі қарай сақасының жатқан жерінен (егер сақа сызықтың ішінде жатса, онда сызықтың сыртына ғана атуға болады) қайтадан ата бастайды. Егер ойыншы бірде-бір асықты дөңгелек көннің сыртына шығара алмаса, ойыннан шығады. Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде, асықтарды қайта тігіп, ойын жалғаса береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Түйілген орамал»

      Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы  қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұралы.

 

«Белбеу соқ»

 

      Ойыншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады. Бір  белбеуді алып екіншісін қууға тиіс.

Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады. Артық қалған үшінші бала қаша жөнеледі. Ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да, өзі де бір жұптың алдына тұра қалады. Оның орнына келесі ойыншы шығып, ойынды жалғастыра береді. Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді.

 

                                Дауысынан айыра біл!

 

     Ойнаушылар алқа-қотан отырады. Ортаға көзі байланған бастаушы шығарылады. Ол ойыншылар білетін бір өлеңді бастап, бір шумағын айтады. Отырған балалардың біреуі екінші шумақты айтып, өлеңді әрі қарай жалғастырады. Өлең аяқталғаннан кейін бастаушы кімнің өлең айтқанын дауысынан айыра білуі керек. Егер ол дәл тапса, онда екінші шумақты айтқан бала бастаушы болады. Өлеңді кім айтқанын бастаушыға сездірмей келісіп алу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Соқыр теке»

 

Ойнайтын балалар қатар-қатар тұрады. Ойын басқарушы қатар тұрғандардың әрқайсысын жоғарыда көрсетілгендей мал атымен атап шығады. Ең соңғы аталған бала «тентек теке» болады. Ойын кең үйде де, далада да ойналады. Егер далада ойналса, шеңбер сызылып, ойынға қатысушылар осы шеңберден шықпауы керек.

Ойынды жүргізуші «тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, «Соқыр теке» былай дейді:

 

  Қараңғыда көзім жоқ,

  Тиіп кетсем сөзім жоқ

  Маған жақын келіңдер,

  Біреуін  ұстап беріңдер.

 

Мұнан кейін «Соқыртекені» айнала қоршаған балалар:

 

Соқыр, соқыр, соқырақ

Ұмтыла қу ұстауға

Тырысамын түспеуге

Сенің айла, қуыңа

Ал ұстап көр батырым

Міне келе жатырмыз,-деп өлеңдерді бірге

қосылып айтады. Өлең айтылып болысымен, «Соқыртеке» шең-бер ішіндегілерді ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойнаушы-лардың шеңберден шығып кетпеуі қадағаланады. «Соқыртеке» ұстаған бала оның орнына тұрады. Ойын қайта басталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Теңге ілу»

 

      Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі. Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады. Сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйығытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұң-қырға жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.

Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

 

 

 

 

 

Алтыбақан

 

«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бұл - жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті.

 

 

 

Аударыспақ

 

 Ол - қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойы-нының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын. 

http://aldiyar.kz/images/stories/kb%20tztii.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Түйе-түйе»

      Ойынды алаңда немесе кең залда ойнауға болады. Ойнаушылар саны шектелмейді. Олар өз арасынан бір адамды бастаушы, бір адамды ұстаушы етіп сайлайды. Осыдан кейін ойнаушылар бірінің соңынан бірі белдерінен құшақтасып, бастаушының артынан тізіліп тұрады. Бастаушы - түйе артын-дағылар боталар болады. Егер ұстаушы бастаушының артында тұрған ойнаушыларды біртіндеп ұстап алып қойса, онда ұстаушы жеңген болып саналады. Егер тізбек үзілсе ойын тоқтайды.

Осы тәртіп бойынша, бастаушы мен ұстаушы қайта белгіленіп, ойын бұрынғыша жүргізіле береді.

 

 

«Күш сынаспақ»

 

      Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен  орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп, қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса,  сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады. Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.

 

«Арқан түю»

      Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргі-зуші топ арасынан шығады да: -ойын бастайды-деп дауыстайды. Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады, арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді. Балалар арқан үстімен секіріп тұрады. Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп, секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді, тақпақ, өлең айтады немесе билеп береді. Ойын осылай жалғаса береді.

 

«Қуыр-қуыр қуырмаш»

 

          Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды. Содан соң екінші балаға: -ортанғы саусағымды тапшы,-дейді. Екінші балаға қарап байқап отырады да, міне,-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады. Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші бала тартады. Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.

Бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусақтардың атын бір-бірлеп түгел атап береді. Басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Бес саусағын түгел жұмады. Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп бес саусақты түгел жазады.

 

Сен тұр қойыңа бар.

Сен тұр түйеңе бар

Сен  тұр жылқыңа бар

Сен тұр сиырыңа бар

Сен кішкентай әлі жас екенсің

Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.

 

Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:

 

Қуыр-қуыр, қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әжең келсе есік аш

Қасқыр келсе мықтап бас

 

Шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды. Осыларды істеп бола беріп:

 

Мына жерде қой бар

Мына жерде жылқы бар

                                Мына жерде түлкі бар-деп баланың білегі-нен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар -деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды.

 

«Ақсерек –Көксерек»

 

                                                    

Бөлінейік екіге,

Тұрайық жолдың шетіне,

Қол ұстасып алайық,

Ажырамастай бекіне.

 

Бірінші топ:                                                   

 

Ойынға бала көп керек,

Қалмасын ешкім өкпелеп.                         

Ақсерек - Көксерек,                                    

Сіздерге бізден кім керек?

 

Екінші топ:

 

Мықты біздің шебіміз,     

Бұздырмаймыз, тегі, біз,

Болса сынап көріңіз,

Күшіңіз бен ебіңіз.

Біздің берік арнаны, -

Екпінмен соғып қалады.

Бұзса олжа алады,

Бұзбаса тұтқын болады.

Шақырамыз сынаққа,

                                   Ержан - деген баланы.

 

«Тауық күрес немесе итеріспек»

      Балалар екі топқа бөлінеді. Осы екі топтан екі бала шығып, кәдімгідей күреседі. Оның ең қызығыда, басқаша күрестен айырмасы да - тек жалғыз аяғымен ақсаңдай  жүріп, иықтарын қағып күресуінде. Ойнаушылар жиналып болғаннан кейін, үлкен шеңбер сызылады да, ортаға екі ойыншы шығады. Егер бір аяқпен секіріп  жүріп, екі ойыншының біреуі екінші аяғын жерге тигізбестен, қарсыласын шеңберден итеріп шығарса - жеңгені. Аяғын жерге тигізіп алса - жеңілгені. Бұл күрес балалардың нық басып, орнықты жүруін жетілдіреді. Ойын жалғаса береді.

 

 

 

 

 

2009

    Қорытынды

 

       Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ана сүтімен, ана тілімен, бесік жырының әлдиімен беріледі. Тәлімгерліктің бұлақ көзі де, тәрбиенің барып кұяр арнасы да мектепке дейінгі мекеме - балабақша екені белгілі. Еліміздін ертеңгі болашағы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамызға жүктелер жауапты міндет болмақ.

        Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы - балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.

Балаларға  ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2009

 

.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мектепке дейінгі балаларға арналған ұлттық ойындар" жинағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Мектепке дейінгі бала тәрбиесіне арналған ұлттық ойындар» сынақ кітапшасы балабақша тәрбиешілерге көмекші құрал ретінде арналған. Бұл кітапшада жинақталған ойындарды күнделікті қолданса балалардың отансүйгіш және ұлтжандылық сезімдері қалыптасады, ұлттық дүниетанымдық білімдері нығаяды, сонымен қатар баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшандыққа, икемділікке, батылдыққа үйрету іске асырылады. Баланың деңсаулығының мықты болуына, қимыл- қозғалысына,  дене құрылысының дұрыс жетілеуне мүмкіндік береді. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 698 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Методическая разработка урока на тему "Конструктивные схемы зданий"
  • Учебник: «Штукатурные работы высокой сложности. Повышенный уровень подготовки», Н. Н. Завражин
  • Тема: 1.1. Краткая характеристика зданий. Последовательность выполнения отделочных работ
  • 30.09.2020
  • 1110
  • 20
«Штукатурные работы высокой сложности. Повышенный уровень подготовки», Н. Н. Завражин

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.12.2014 240570
    • DOCX 3.2 мбайт
    • 669 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бисенбаева Жаннат Сатыбалдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 245745
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов