Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Елімнің ертеңі еңселі" тәрбие сағаты

"Елімнің ертеңі еңселі" тәрбие сағаты

Скачать материал

Елімнің ертеңі еңселі

                                                                      

Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсанда алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайлы түсінік беру. Тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктеріміз жайлы мағлұмат беру.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986 Желтоқсан» кітаптары,  «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар:

 1. «Мәңгілік мақтан,                     2. «Жасай бер, жаса,                                            

 Дауылпаз дастан –                            Қазақстан!»                                                                                  Қазақстан!»                                        Тәуелсіз ел –  Қазақстан!»                                                                                                                     

3. «Тәуелсіздікке 23 жыл!»      4. «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның
                                                          азаматымын!»                                                     

 

 Барысы:

 

1. ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

 

2. «Тәуелсіздік шежіресі»

      Мұғалім: - Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған  «Елімнің ертеңі еңселі» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын! Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 23жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. 

Желтоқсан  оқиғасының  құрбандарына 1 минут үнсіздік жариялау.

 

I-жүргізуші:     1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңертең сағат 10-да, бар-жоғы 18 минуттың ішінде, елді абыроймен басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қызметінен босатылып, орнына Геннадий Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған   еді.       Бұл шешімге наразы болған жастардың  талап-тілегі –
«Әр халыққа – өз көсемі!», «Ұлттар өзін-өзі билесін!» еді.  
Алаңға жиналған жастарды  «ұр да жық»  жазалаушылардың күшімен қан қоса қылып, жазалап, түрмеге отырғызды.

 

1-оқушы:   Маған қымбат Ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры.
Сарыарқаның даласында
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.


2-оқушы:
Бостандығым тұңғыш рет
Ақ қанатын  қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.
Тәуелсіздік - Ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.


3-оқушы:
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жолында таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін,
Жаншыды – ау жанын батпан мұң.
Енді қайтып келмесін,
Сол бір қарғыс атқан күн!

 

 

I-жүргізуші:   Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан  соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.

1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.   Бұл теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.

     Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.

 

4-оқушы: Қазақ елі қымбатты,
Көлеңкелеп таң атты.
Желтоқсанда мерт болған
Құлындарың үн қатты.
Аман ба екен анашым,
Берген өмір баласын,
Ботасынан айырылып,
Алған өмір жарасын.
Сұлу арман қуған жер,
Кіндігімді қиған жер.
Аман ба екен біздің жақ,
Еркелеткен туған жер.
Біздер өткен алаң-ай,
Сол алаңға барам-ай!
Қан төгілген ол жерлерге
Гүл шоқтарын қоям-ай!
Біз үмітпен келгенбіз,
Әділ баға берді ме?
Адалдығын қызының
Жан анашым сезді ме?
Жас денемді тас етіп,
Мен жатырмын мұз  бүгіп.
Суық екен қара жер,
Жылытшы ана бір келіп.

 

5-оқушы: Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық күйі қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең жырымыз.
Жабылып жатса мектептер,
Жадырар қалай күйіміз?
Тарылып жатса даламыз,
Қайтып біз тыныс аламыз?
Қақымыз жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз.
Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
Жібердік еркін ат басын,
Қиянат жанға батқасын.
Тоқырау тауын күйреттік,
Деп «Теңдік күні батпасын».
Жанымыз жомарт қазақпыз,
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.

 

I- жүргізуші:-Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 28 жыл толды. Бүгінгі жарқын өміріміз сол қаралы күндердің жеңісті жемісі іспетті.

     Тәуелсіздік алғаннан кейін әр мемлекеттің өзіндік ерекше белгілері болады емес пе?
     Біздің тәуелсіз еліміз елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбатты.

 

6-оқушы: Әні   сөзбен  толығып,
Маздар   бойда мол үміт.
Намыс,   жігер жұптасқан,
Ол – әнұран,
Зор – рух!
Оттай жанып жанарым
Одан қуат аламын
Әнұраны елімнің
Үні, тілі халқымның!
Бейне  шулы нұрлы бақ,
Баурар жанды сырлы ырғақ.
Әнұранды мен ылғи
Жүрем іштей ыңылдап.            

 

7-оқушы: Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде.
Тамылжытып төгіп нұр,
Шаттық сыйлар көңілге.
Көк аспандай көгілдір,
Қазақстан байрағы.
Нұрын күндей төгіп тұр,
Жылдарымыз жайдары.
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.
             

8-оқушы: Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес, ұғып ал!
Сүйсіндірген өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Аңыздағы ұшқыр, төзімді,
Пырақ – халық арманы.
Көгілдір түс аясы -
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ – жұрт панасы,
Уықтар – күн сәулесі.


   Ән: Атамекен.

 

II-жүргізуші:   Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекеттке айналды. «Болашақтың барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп,басым беделге бет түзеуде. Ал осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды. Енді тәуелсіздік хроникасына назар аударайық.

 

1991 жылы 16 - желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады.

1991 жылы 2 – қазанда қазақ ғарышкері, Т.О. Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991 жылы 1 – желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.

1992 жылы 2 – наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды.

1992 жылы 4 – маусымда Еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілді.

1993 жылы маусым айында еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.

1993 жылы 15 – қарашада Төл теңгеміз дүниеге келді.

1995 жылы 30 – тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды.
1996 жылы  Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды

1997 жылы 10 – қазанда Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.

     

                                   

І - жүргізуші: Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Алтынайқызы Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры ерте үзілді. Ол Ақжүніс пен Құртқа, Әлия мен Мәншүк сияқты қазақтың ер жүрек қыздарының ерлігін қайталайды. Туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы қазақ жастары көтерілген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.
     Ләззат Асанованың анасының жоқтауы:

9 – оқушы:  Желтоқсанның анаға,
          Ызғары көп,  қарағым,
          Намыстан өлген қазақтың,
          Қыздары көп, қарағым.
          Бота көзің боталап,
          Қиянаттан қаталап.
          Дәл он алты жасында,
          Жан адам жоқ қасында.
          Қыршыныңдан қиылдың,
          Қара жерге бұйырдың.
          Заманыңа қақайып,
          Қарсы тұрған, боташым.
          Алтын сақа асықтай,
          Алшы түскен, қарағым.
          Дәл өзіңдей қыз тапқан,
          Мен де арман бар ма екен,
          Қайтейін,  құдай, қайтейін ?!

 

І – жүргізуші: 19 желтоқсанда аруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған, энергетика институтының 2-курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23 желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол – біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын – 86» операциясының құрбаны болды.
     Ербол Сыпатаевтың анасының жоқтауы:
         10 – оқушы:  Батыр атаң Әтікей,
          Батыр бабаң Нұржеке ер.
          Қара бұлттай түйіліп,
          Сары бүркіттей шүйіліп.
          Сары жебедей ысқырып,
          Дұшпанға қан құстырып.
          Тұлпар мініп шайқалып,
          Жаудың бетін қайтарып.
          Қара нардай қайыспай,
          Соққыдан белі майыспай.
          Көңдей илеп дұшпанын,
          Тілгілеген қайыстай.
          Бабасына ұқсаған,
          Айналайын Ерболым!
          Баба аруағы демеген,
          Ер боп туған енеден.
          Алтын баулы ақсұңқар,
          Биік тұғыр болмаса.
          Аласа астаудан жем жемеген,
          Жас болсада бас болып.
          Батырға басын  теңеген,
          Айналайын, құлыным!


І – жүргізуші:  Сабира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді. 26 желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін оның ар-намысына тиетін, анасына тиетін масқара сөздермен балағаттап, қорлық көрсетеді. Училищеден жазықсыз шығарып жіберген қорлығына шыдай алмай Өскемен педагогикалық  училищесінің І курс студенті Сабира Мұхамеджанова жатахананың 5-қабатынан құлап өледі.
    

Сабира Мұхамеджанованың анасының жоқтауы:
        11 – оқушы:  Қазаққа да еркіндік
          Тиетін күн бар ма екен?!
          Өтеміз бе, қарағым,
          Еркіндікке жарымай
          Өжет едің, өткір ең
          Жалтақтығың жоқ білем
          Көз жасым мынау парлаған
          Даусым ащы сарнаған
          «Аман қыл!», - деп ел-жұртты, -
          Тәңірден медет сұрайын
          Айналайын құдайым
          Тыныштық бер еліме
          Ғұмыр берген жасыма
          Енді қайғы төндірме
          Қартайғанда басыма!

    

І – жүргізуші:  Осы оқиғаның бас қаһарманы Қайрат Рұсқылбеков (Ноғайбайұлы) небары 21-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күрескен Қайратты «Савицкийді   соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды» , - деп жала жауып, түрмеге қамап, зорлық-зомбылық көрсетті.
Қайрат Рысқұлбековтың анасының жоқтауы:
           12- оқушы:  Елім, елім, елім деп,
          Ар-намысын сақтаған.
          Бұйырғанда өлімге,
          Кірпігінде қақпаған.
          Батыр бабаң Бауыржан,
          Қолдады ма, қарағым,
          Желтоқсанның шыдадың,
          Толғағына, қарағым.
          Арман, арман, арман көп,
          Айтылар теңеу қалған жоқ,
          Қысқа ғұмыр сүрсең де.
          Таң қалдырған қарағым!
          Алатауға абиыр,
          Алып берген қарағым!
          Ерлік жолын халқыңа,
          Салып берген қарағым!
          Мамық болсын қара жер,
          Жатқан жерің жарық боп,
          Бақұл бол, бақұл әй, көкем,
          Тәубә, тәубә, тәубә етем!

І-жүргізуші: Тәуелсіздігіміз үшін мерт болған батыр ұл-қыздарын мақтаныш тұтқан халқы олардың ерлігін мәңгілік қастерлеп өтуді парыз санап мектептер мен көшелерге, мәуелі гүлзар бақтарға есімдерін беруде.    Жылдар өтті...Ел еңсесін көтерді.Тәуелсіздікке қол жетті. Аяулы азаматтарымыз Ләззат, Ербол, Қайрат, Сәбира толық ақталды.    1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар алаңға шықты.Желтоқсан дауылға айналды.Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

 

Көрініс: «Сол бір кезде»
(Қайрат Рысқұлбеков өмірінен)
     Тергеуші: Кезекші, қылмыскер Қайрат Рысқұлбековты алып келіңдер!
Сен 17-желтоқсан күні сағат 10-да қайда болдың?
     Қайрат: Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде.
     Тергеуші: Жоқ! Сен Сәтбаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың.
Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оның өліміне кінәлі!
     Қайрат: Мен оны көргем жоқ, өлтірген жоқпын.
Тергеуші: Өтірік айтасың!
(Тергеуші ашуланып желке тұсынан ұрады. Қайрат жерге құлап талып қалады. Тергеуші стакандағы суды шашып жібереді).
Кезекші, тұрғызыңдар мынаны!
Сен алаңға не үшін келдің? Савицкийді өлтіргеніңді мойында, әйтпесе жаман болады!
     Қайрат: Оу, адамдар, мен адам өлтірген жоқпын!  «Қазақ қыздарын жазықсыз  ұрып-соғуда»  дегенді  естіп араша түсейін деп келдім. Мен жазықсызбын!
          Атымды адам қойған соң
          Қайтіп надан болайын?
          Ортам надан болған соң
          Қайда барып оңайын?
Тергеуші: Өй, мына күшік не деп тұр!
     Қайрат :
          Қинамайды абақтыға жапқаны,
          Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
          Маған ауыр солардың да бәрінен
          Өз ауылымның иттері үріп қапқаны.
          Күнәдан таза басым бар,
          Жиырма бірде жасым бар.
          Қасқалдақтай қаным бар,
          Бозторғайдай жаным бар,
          Алам десең алыңдар.
          Қайрат деген атым бар
           Қазақ деген затым бар.
          «Еркек тоқты – құрбандық»,
          Атам десең атыңдар!

 

   Тергеуші: Ақымақ, сен өлтірдің! Әкетіңдер, көзін құртыңдар!
(Сүйреп әкетеді).

 

 

І – жүргізуші: Сол бір қаһарлы Желтоқсан күндерінен бері талай жыл өтті. Қазақстан халықтарынан өмірінде, яғни мемлекетімізде көптеген айтулы өзгерістер болды.
     Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз – Желтоқсан оқиғасының арқасы. Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұл – қыздары халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадында мәңгілік жазып кетті.   

 

 

13- оқушы: Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында  дүниежүзіне танымал ел болдық! 

14-оқушы:  Ата-бабамыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, мұраға қалдырған атамекенімізді ендігі ұрпақ біздер терең біліммен, ақыл-парасатпен, салмақты мақсатпен сақтап, ұлтымыздың ұлы арманы тәуелсіз ел болуымыз керек.
Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтап, қазақ атымызды көкке көтеріп, намысты ұл, инабатты қыз, айбынды ел болуға ұмтылайық!

 

15-оқушы: ... Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

 

 

 

I-жүргізуші:   Тәуелсіздік!Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік!Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді. Халық қамы үшін қан кешіп,құрбан болған ұл-қыздарымыз қаншама?!

 

 

Ән: Елім менің.

 

I-жүргізуші:   Тәуелсіз 23 жыл туыңды биік ұстадың,
                         Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын
                         Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
                        Жасай бер,жаса,Тәуелсіз Қазақстаным!

                        Атыңнан айналайын, егеменді  ел,
                        Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
                        Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,
                         Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Қорытынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Әнұранымыз, Туымыз, Елтаңбамыз, Ата заңымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
«Елімнің ертеңі еңселі» атты сыныптан тыс шарамыз аяқталды. Аспанымыз ашық,күніміз бейбіт болсын.

 

 

                                                                                                                                                                                                            

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Елімнің ертеңі еңселі" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Елімнің ертеңі еңселі Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсанда алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайлы түсінік беру. Тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктеріміз жайлы мағлұмат беру. Көрнекілігі: ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986 Желтоқсан» кітаптары, «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар: 1. «Мәңгілік мақтан, 2. «Жасай бер, жаса, Дауылпаз дастан – Қазақстан!» Қазақстан!» Тәуелсіз ел – Қазақстан!» 3. «Тәуелсіздікке 23 жыл!» 4. «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!» Барысы: 1. ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады. 2. «Тәуелсіздік шежіресі» Мұғалім: - Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Елімнің ертеңі еңселі» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын! Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 23жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Желтоқсан оқиғасының құрбандарына 1 минут үнсіздік жариялау. I-жүргізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңертең сағат 10-да, бар-жоғы 18 минуттың ішінде, елді абыроймен басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қызметінен босатылып, орнына Геннадий Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. Бұл шешімге наразы болған жастардың талап-тілегі – «Әр халыққа – өз көсемі!», «Ұлттар өзін-өзі билесін!» еді. Алаңға жиналған жастарды «ұр да жық» жазалаушылардың күшімен қан қоса қылып, жазалап, түрмеге отырғызды. 1-оқушы: Маған қымбат Ұлы елімнің Шешек атқан әр гүлі. Аялайды бәрімізді Азаттықтың таң нұры. Сарыарқаның даласында Күн шуағын төккен күн. Елім менің, жерім менің, Баққа қолы жеткен күн. 2-оқушы: Бостандығым тұңғыш рет Ақ қанатын қаққан күн. Әже әлдилеп немересін, Басы айналған бақтан күн. Тәуелсіздік - Ұлы күнім, Тұрсын жайнап төбемде. Сен жасай бер мәңгі бақи, Қуанышқа бөлен де. 3-оқушы: Озбырлық күшпен тұншығып, Үміттің оты өшкен күн. Жолында таппай бір шындық Ер Қайрат қыршын кеткен күн. Қайғы езіп елдің еңсесін, Жаншыды – ау жанын батпан мұң.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2015 1677
    • DOCX 27.7 кбайт
    • 37 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Максимова Анаргул Ыстыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Максимова Анаргул Ыстыбаевна
    Максимова Анаргул Ыстыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 8429
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе