Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Әдептілік патшалығына саяхат" тақырыбындағы тәрбие сағаты

"Әдептілік патшалығына саяхат" тақырыбындағы тәрбие сағаты

Скачать материал

Әдептілік патшалығына саяхат.

Мақсаты:

                 а) Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, сыпайылыққа, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
                  ә)Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділіігін арттыру.
Әдісі:
пікір алысу, ойын, жағдаяттарды шешу, көріністерді талқылау.

Техникалық құрал: интербелсенді тақта, ноутбук.
Көрнекілігі:«Әдептілік патшалығы» презентациясы, «Әдептілік-әдемілік» газеті, шарлар, гүлдер, даналық сөздер.
Даналық сөздер:

Аз жақсылық жасағанға да көп рахмет айту -парыз.

                                                                                                          Ж.Баласағұн.

         Адамға-адам, сөзге-сөз жарығын да, көлеңкесін де түсіріп тұрады.

                                                                                                          Ғ.Мүсірепов, Әндер: «Бақытты балалық шақ», «Жақсы бала», «Жақсы көрем».

Пән аралық байланыс:Әдебиеттік оқу, дүниетану.
-  Бәріміз келген қонақтарымен сәлемдесіп алайық.

-  Сәлеметсіздер ме? Хош келдіңіздер!
-  Әдептілік деген не? Әдепті бала болғыларың келе ме?
-  Әдептілік адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала болғым келеді.           - Әдепті бала таза, еңбекқор, адал, тілалғыш, ұқыпты болады.
- Әдепсіздік  дегенді қалай түсінесіңдер?
- Әдепсіздік адам бойындағы ең жаман қасиет.
- Әдепсіз бала қандай болады?
-Әдепсіз бала лас, жалқау, өтірікші, айтқан тілді алмайды, ұқыпсыз болады.
- Әдептілікті бізге кім үйретеді?
- Әдептілікті бізге үлкендер үйретеді, ата – аналар, ұстаздар үйретеді.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Әдепсіздік туралы білімдеріңді одан әрі толықтыру үшін, «Әдептілік патшалығына» саяхатқа барамыз. Ол үшін біз мына үстелдің үстіндегі сиқырлы сандықшаны ашуымыз керек. 

-Ол үшін әдептілік туралы ән айтуымыз керек. Қандай ән айтамыз?

-«Мен әдепті баламын»  әнін айту. 
- Керемет! Сиқырлы сандықшаның(ноутбуктың) қақпағы ашылды.
- Сандықшаның ішінде не бар екен?
- Балалар, сандықшаның ішінде «Әдептілік патшалығына» саяхаттың көріністері жатыр екен. Ендеше патшалыққа хош келдіңіздер!(Слайд көрсетіледі). Слайд тапсырмалары бойынша әңгіме жүргізіледі, сұрақтарға жауап беріледі, өлеңдер оқылады, жағдаяттар  шешіледі.
- Сонымен біз «Әдептілік патшалығына»  саяхаттап келдік.

-Ол жақтан не үйрендіңдер?

- Біз мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, ұқыптылық  туралы білдік.

- Ендеше, ұқыптылық туралы өз ойларыңды ортаға салыңдаршы:

Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ - табақты.

Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны ұста сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын,
Салдыр - салақ болмағын.
Салма ауызға инені,
Үзбе жұлып түймені,

Ашуланбай, долданып,
Жауап бергін, ойланып.
Құр бекерге қылқима,
Болмашыға бұртима.

Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме.
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып құр қаңғыма.

Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдетқылбұлісіңді,
Тазалапжүртісіңді.(Е. Өтетілеуов)

-         Сонымен жақсы бала қандай болады екен?

Хормен «Жақсы бала» әнін айту.

-         Ал енді «Әдептілік патшалығының» суреттер еліне келдік. (Тақтадағы суреттер бойынша әңгімелесу).

-         Ой, балалар, бізге «Әдептілік патшалығынан» қонақтар да келіпті, Олар бізге не айтады екен?

Көрініс «Автобустағы оқиға»

-         Балалар, бұл көріністен қандай ой түйеміз?

-         Үлкендерді құрметтеп, көлікте орын беру керек.

-         Ал енді әдептілік туралы өздерің не айтар едіңдер?

Құс ұясын бұзбаймын,

Бүлдірмеймін жейдемді.

Қабырғаны сызбаймын,

Жинап қоям бөлмемді,

 

Бос шимайлап, шатпақтап,

Дәптерді де жыртпаймын.

Бір күн болмай сатпақтап,

Киімімді де құртпаймын.

 

Апамызды сыйлайық,

Үйдің ішін жинайық.

Бұрынғыдай егесіп,

Ерегісіп тұрмайық.

 

Қалмау үшін керісіп,

Кел алайық келісіп,

Атқарайық үйдегі,

Жұмысты тең бөлісіп.

-         Өте жақсы , балалар.

-         Ал, енді тағы бір көрініске назар аударайық, бұл оқиға бізге қандай ой салар екен?

Көрініс «Күлмеңіздер кәріге»

-         Сонымен балалар, осындай оқиға өмірде кездесті ме? Балалардың қылығына не айтар едіңдер?

-         Балалар дұрыс істемеді, үлкендерді сыйлау керек.

-         Дұрыс айтасыңдар.

-         Әдептілік туралы тағы қандай ойларың бар?

-         Ата-аналарыңа, көршілеріңе  қандай сый –құрмет көрсетесіңдер?

 

Кел, самаурынқайнатып,

Дастархандыжайнатып.

Отырайық бөлмеде,

Бөпеміздіойнатып.

 

Гүлдерді де суарып,

Еденді де жуайық.

Келгенкездежұмыстан,

Қалсынапамқуанып.

 

Сыйлапсәлемберемін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті де білемін,

Үйгеқонақкелгенде.

Әдепсіздепсөкпесін,

Анамаайтыпөкпесін.

-Ата әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?

- Ендеше солар сияқты барлық үлкен адамдарды сыйлап, құрметтеу керек. Ата-әжелерімізге арнап «Жақсы көрем» әнін айтып берейік.

-         Өте жақсы балалар!

-         Ал енді, ойын ойнап сергіп алайық.

 Ойынның аты «Мен бастаймын, сен аяқта» деп аталады.

-         Мен әдептілік туралы мақалдың басын айтамын, сенде жалғасын тауып айтасыңдар.

-         Әдепті бала арлы бала...(Әдепсіз бала сорлы бала.)

-         Әдептілік белгісі...(Иіліп сәлем бергені.)

-         Әдепті елдің баласы...( Алыстан сәлем береді.)

-         Ұлық болсаң..,(Кішік бол.)

-         Жақсыдан үйрен... (Жаманнан жирен.)

-         Атаңның баласы болма... (Адамның баласы бол).

 

-         Жақсы балалар, мақалдарды жақсы біледі екенсіңдер. Мақалды тек жаттап қана қоймай, өмірде орнымен қолданып, ойға түйіп жүрейік. Сонда біздің өміріміз мәнді, тұрмысымыз сәнді болады. Отбасымызда, айналамызда береке, бірлік, татулық пен ынтымақ болады. Бір сөзбен айтқанда бақытты өмір сүреміз.

-         Ендеше, бүгінгі саяхатымызды «Бақытты балалық шақ»  әнімен аяқтайық.

-         Қонақтарымызбен қоштасайық.

-         Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әдептілік патшалығына саяхат" тақырыбындағы тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Әдептілікпатшалығына саяхат» тақырыбындағы тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, сыпайылыққа, өз халқының салт – дәстүрін құрметтеуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.        Тәрбие сағаты барысында пікір алысу, ойын, жағдаяттарды шешу, көріністерді талқылау әдістері қолданылады. Интербелсенді тақта арқылы  «Әдептілік патшалығы» презентациясы көрсетіледі. Көрнекілік ретінде  «Әдептілік-әдемілік» газеті, шарлар, гүлдер, даналық сөздер ілінеді.

   

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 677 919 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2015 661
    • DOCX 21.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кизатова Багдат Данияркызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кизатова Багдат Данияркызы
    Кизатова Багдат Данияркызы
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15383
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 183 человека

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 121 человек

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе