Главная / Другое / "Әдептілік , ар – ұят- адамдықтың белгісі" тақырыбына жазылған сабақ жоспары

"Әдептілік , ар – ұят- адамдықтың белгісі" тақырыбына жазылған сабақ жоспары

Әдептілік , ар – ұят- адамдықтың белгісі

Cабақтың мақсаты: Оқушыларға жамандықтың зиянын түсіндіріп, одан бойын аулақ салуға үйретіп, тура жолды- әдептілік, адамгершілік жолын сілтеу.


Шаттық шеңбері

Мұғалім балалармен бірге , бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасау мақсатында шеңбер жасайды да ,барлығы бірге мына өлең шумағын мәнерлеп оқиды.

Көңіл гүл

Өмір бұл

Ғажап екен жарандар!

Шабытты, бақытты,

Болсаңдаршы адамдар.

Иманың, сыйлауың

Жеткізеді бірлікке,

Нәрі де, сәні де

Сыйлас болу тірлікте!


Мұғалім. Қоғамдағы ең бағалы адам – ол әдепті адам. Әдепті адамдар-қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі. Қай қоғамда да әдеп жолға қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары , тұрмысы да бақуатты болмақ.

Олай болса, бүгінгі «Әдептілік , ар – ұят- адамдықтың белгісі» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сарапшы, қазылар алқасымен таныстырылады.

1. Сынып 3 – топқа бөлінеді. Әр топ өз тобының атын жұмбақ етіп,

басқа топ мүшелеріне жасырып, тапқызады.

І топ.

Ындының мен ашқарақ

Құнығудың қандайын

Жөнге салам бастан – ақ,

Тыйып ұстап әрдайым

Асылға сап ой қылып

Тыңда, теже, мен десең,

Қарыныңды тойдырып

Сусын болам шөлдесең. ( қанағат )



ІІ топ.

Таудай болса талабың,

Бағың болып жанамын.

Мен бар жерде болмайды,

Алынбас еш қамалың.

Тұрсам келіп бабыма

Тоят аңсар шағыма

Көктей өтіп арманның

Тойдырамын тағына. ( талап )


ІІІ топ.

Жасампаз түрді түлетіп,

Жаңғыртқан қайта мың рет,

Шөлейтті жерді гүл етіп

Шайқалтқан мен бір құдірет!

Сондықтан ойлап ертеңді

Сүйіп өс маған табын да. ( еңбек )


2. Мұғалім: 3 – топқа да бір сұрақ қояды.

  • Әдепті адам қандай болады?

( оқушылар өз ойларын айтады )

Мұғалім: - Міне, балалар, әдепті адам өзінің қадір-қасиетін жоғары ұстап, қай кезде болмасын өз бойындағы жақсы қасиетпен ерекшеленуі керек екен. Осы әдепті адамға керекті қанағаттылық, талапшылдық, еңбектенудің барлығы қазақ халқының өмір тіршілігінде кездеседі екен.


3. « Мақал сөздің мәйегі » - дей отырып, кезекті мақал –

мәтелдер сайысына береміз. Әр топқа тақырып беріледі.

І топ. Сәлемдесу әдебі

ІІ топ. Жақсы мен жаман қасиеттер

ІІІ топ. Өнер- білім жайлы


4. Жұмбақты өлеңнің жалғасын табу.

Мұғалім: І топқа - Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Бәрі : Ұқыпты екен бұл дейміз!

ІІ топқа - Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Бәрі: Үлгілі екен бұл дейміз.


ІІІ топқа - Бақшаны суарып, келеді су алып,

Қояды жайнатып, самаурын қайнатып.

Үйде де, түзде де , қылығы өнеге

Ұстазы бізге де, ұнайды ол неге?

Бәрі: Себебі ол еңбекқор бала.


5. Әр топ әдептілік қасиетін көрсететін көрініс дайындап көрсету.

( әр түрлі жағдайда )


6. Ой толғаныс

« Түймедақ » стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Әдеп дегеніміз не?

  2. Неліктен «Әдепті бала- арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала» дейді?

  1. Әдептілік әдеміліктің белгісі деп неге айтады?

  2. Әдептілер болмаса қоғамда не болар еді?

  3. Әдептілікті адамгершілікпен салыстырғанда ұқсастық пен айырмашылық бар ма?

  4. Әдепті болу керек пе? Неліктен?


7. Не жасайсың?

Оқиғаны іс- әрекетпен, қимылмен көрсетіп түсіндіру.

І топ. Ауырған немесе шаршаған анасының баласын аялауы, еркелетуі.

ІІ топ. Қарт кісіге жолда жасаған көмегің.

ІІІ топ. Ренжіскен екі дос қалай татуласарын білмейді.


8. «Сұрақ – жауап » әдісі

Мұғалім 3 – топқа да сұрақты бірдей қояды. Білген топ жауап береді. Ұпай сол топқа қосылады.

  1. Жеті ата. ( ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене )

  2. Бесікті жатқа сатпайды неге? ( «Бабалар рухы сынайды» деп ) .

  3. Шаңырақты отқа жақпайды неге? ( «Киесі оның ұрады» деп )

  4. Өспеген көкті жұлмайды неге? ( «Көктей соларсың» деп )

  5. Итке не дейді? ( «Кет» дейді , аяқпен теппейді )


Мұғалім: Ескіртіп жоба жөн жайды

Үйреткен бабаң сол жайлы.


Қорытынды.

Сабағымызды қорытындылай келе, біз өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек, адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді.

-Олай болса, балалар, сендерге айтарым .

Адам! Адам!

Бөлісіп уайымды,

Болашаққа болыңдар дайын үлгі.

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды.

Дерт шалмасын,

Ешқашан өрт шалмасын

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды, - дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.


Жұмабаев Берік

Түркістан қаласы

С. Ерубаев атындағы № 7 мектеп - интернаты









"Әдептілік , ар – ұят- адамдықтың белгісі" тақырыбына жазылған сабақ жоспары
  • Другое
Описание:

"Әдептілік , ар – ұят- адамдықтың белгісі" тақырыбындағы бұл сабақ жоспары тәрбие сағаттарын жүргізуге арналған. Оқушыларға жамандықтың зиянын түсіндіріп, одан бойын аулақ ұстауға үйретіп, тура жолды- әдептілік, адамгершілік жолын сілтеу мақсатында өтілді.

Сабақ топтық әдіспен жүргізіледі.

 

Мұғалім сабақта  балалармен бірге ,  бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасау мақсатында шаттық шеңберін  жасап, барлығы бірге   өлең шумақтарын мәнерлеп оқиды.Әр топ әр түрлі жағдайда  әдептілік қасиетін көрсететін көрініс дайындап көрсетеді.

 

Автор Жұмабаев Берік Анарбайұлы
Дата добавления 24.12.2014
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 891
Номер материала 11655
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓