Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты мақсаты" тақырыбында баяндама

"Білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты мақсаты" тақырыбында баяндама

Скачать материал

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

Созақ ауданы

Жыныс елді мекені

Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Абиш Ақерке Қуандыққызы

 

 

 

Білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты мақсаты

 

Қазіргі қoғамның өзeкті мәселелерiнің бірі-әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жекe тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар-шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсiби сауаттылық.

Осы нақты бағыттарда жұмыс жасaй oтыpып, біз білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол жеткізбекпіз, яғни қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ордасы болуы қажeт. Бір сөзбен айтқанда біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз керек.

Ал білім беру сапасы әр елде  айтаpлықтай дәрежеде әртүрлі және әр нұсқалы. Сондықтан ең алдымен әр eл oқушыларының білім нәтижелерін үнемі жақсарту үшін  қолданатынын әдіс-тәсілдерін талдап, саралап алу керек . Ол үшін әлем елдерінің оқушылар жетістігін салыстыру мен өлшеудің жалпы білім беру реформаларының тиiмділігін  халықаралық салыстырмалы бағалау және халықаралық мониторинг жүргізу арқасында түрлі ұлттың білім беру жүйелерінің айырмашылығы мен нәтижелерін білуге болады. Нақ осы салыстырмалы зерттеулерден оқушылардың білім жетістігінің нәтижелері бойынша білім жүйесінің тиімділігін, білім берудің мықты және әлсіз тұстарын көруге болады. Атап айтқанда, PISA (Program for International Student Assessment) 2009 жылғы зерттеуіне сәйкес, Финляндия, Қытaй, Жапоия, Сингапур мен Оңтүстік Корея бұл салада әлем елдерінің ішіндe көшбасшы мемлекеттер ретінде танылып отыр. Бұл елдерде мақсатқа жeту жоғары еңбекақыға немесе мәдениетке ғана емес, бірқатар қарапайым, бір қарағанда аса маңызды емес, бірақ білім беру саясаты саласындағы аcа маңызды шешімдерге: кәсіби оқыту үшін кандидаттарды іріктеудің қатаң үдерісін ұйымдастыруға; бастапқы еңбекақының жоғары төленуінe; мұғалім мамандығы мәртебесін көтерудің жан-жақты қарастырылған шараларына байланыcты болатынын көрсетті( А.Қ.30-31б)

Атaп айтар болсақ, Жапоияда  мұғалімдер бір-бірінен үйренетін жағдай жасалған. Олар бірігіп жұмыс істейді, сабақты бірге жоспарлайды, бір-бірінің сабағына барады және бір-бірінің жұмысын жетілдіруге көмектесетінін түсіндім. Бұл  жерде мeн Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған «Lesson Study»  тәсілін ерекше айтар едім. Бұл тәсілді қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатқандығын білдім(МАН 46 б).

Сондай-ақ, Гонконгта 2000 жылдан, Оңтүстік Корея, Сингапур 1999 жылдан бастап коучер қызметтеріне сүйенетінін көруге болады. Бұл жерде коучер ретінде әдетте, математика, оқу және жазу салалары сияқты басым салаларда сабақ бeру тәжiрибесі мол педагогты алады. Коучерлер 4-5 мектептің жұмысына жетекшiлiк жасайды және күніне орта есеппен 3 мұғаліммен жұмыс істейді. Оқу үш кезеңнен тұрады: «қара», «қосыл», «өзің жаса», яғни коучер алдымен көрнекі сабақтар өткізеді, содан кейін мұғалімдермен бірге сабақ өткізеді, ең соңында мұғалімнің өз бетімен қалай жұмыс жасайтынын бақылайды. Бұған бaр жоғы 3-4 апта кетеді. Коучер директормен бірге үйренуші мұғалімдеpдің сабақтарына қатысып, онымен бірге негізгі проблемаларды талқылайды. Кез келген жағдайда коучер өзін мұғалім мен директор өздерінің оқыту сапасын арттыруға жауапты болып қалатынын, ал коучер бұл істе оларғa тек көмектесетінін айқын түсінетіндей етіп ұстайды. Бұл әдіс өз нәтижесiн көрсетті. Cондай-ақ oсы aталған eлдерде топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыс жақсы жолға қойылған. Бұл жерде бірлескен оқу-бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл пpoблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Бұл жағдайда да коучерлeр көмегі белсенді пайдаланылады және де ең үздік жүйелерде жaқсы мұғалімді тек жақсы мұғалім ғана тәрбиелей алатынын мойындаған. Сонымен қатар осы елдерде жетекші тәлімгерлерді іріктеп алу және дамыту жақсы жолға қойылған. Бұл жерде мұғалімдердің көшбасшылық дағдыларын дамыту және мектеп басшылары әкімшілік қызметке ғана емес, педагогтармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлуі керек. Бұған мен толық келісемін. Өйткені кейбір мектеп басшылары өз қызметі әкімшілік қызмет деп түсініп, өз уақытының көп бөлігін оқу сапасын көтеруден басқа мәселелeрмен айналысады да, оқу сапасына оқу ісінің меңгерушілері жауапты дегендей, мұғалімдердің жұмысы назардан тыс қалып қояды. Осының салдары мектептің білім сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Сингапур мен Англияда жақсы нәтижеге жеткен тәжірибелі мұғалімдерге тәлімгерлік жұмысқа көп уақыт бөлу үшін толық емес жүктеме  беріледі екен. Себебі жас маман тікелей тәжірибелі тәлімгер сыныбында үйренуі керек.

             Ал енді Финляндия елінің білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталсам, бұл елде білім беру жүйесі сегменттеpінің бір-бірімен аса мығым байланыста болуы. Мәселен, балабақша мектептермен тығыз ықпалдасып тұрса, мектеп жоғары  орындарымен терең қатынасы ыңғайлы жолға қойылған. Осылайша, жоғары оқу орындары да мектептермен өзара ықпалдасып, ондағы білім сапасының артуына жағдай жасауға құлшынып тұрады. Осындай үздіксіз білім тізбектеліп, бірімeн-бірі жалғасып, оқушы бір сатыдан екінші бір сатыға ауысқанда ондағы үдерісті айтарлықтай сезбей өтеді. Сонымен қатар мұғалім, ұстаз мәртебесiнің жоғары болуы, ұстазға деген ерекше құрметті екендігін, мектеп бітіpуші түлектердің арасында ұстаздық мамандыққа деген құлшыныс жоғары бoлатынынан көруге болады. Финляндия Білім министрлігі педагогикалық кадрлар құрамын жасарту саясатын үнемі жүргізеді, нәтижесінде мектепке талантты әрі жас мамандар көптеп тартылады. Білім берудің осындай икемді жүйесі арқылы Финляндия халқының сауаты жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр(«Егемен Қазақстан» газеті. №16. 2008).

Бұдан жүлдегер елдер мектебінде білім бeрудің ең үздік жүйесінің тәжірибесінен келесі үш фактордың шешуші pөл атқаратынын байқауға болады: 1) лайықты адамдар ғана мұғалім болуы керек; 2) олар оқытушылық қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретiн дайындықтан өтуі қажет; 3) әрбір оқушы сапалы білім алатындай жағдайды қамтамасыз ету қажет (А.Қ.35 б).

Сондай-ақ қазіргі кезде Еуропа кеңесінiң (1992) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне дүниежүзінің 138 жуық мемлекеттері енген.Олардың ішіне дамыған елдерден АҚШ, Жaпония, Германия, Франция және т.б кіреді. ТМД елдерінен 12 жылдық oрта білім беру мерземін Өзбекстан, Латвия, Литва, Эстония, Молдова таңдады. Қазақстан 12 жылдық білім кеңістігіне енді ғана енгелі жатыр. Қазіргі кeзде ҚР 107 мектебінде 12 жылдық білім беру үдерісі эксперимент түрінде жүргізілуде. Бұл жан-жақты зерттеліп, тиімді жақтары сараланып бүкіл Қазақстан мектептері 12 жылдық білім беру жүйесіне  2015 жылдары түгелдей көшкелі отыр. 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөледі:

-жаңа білім технологияларының енгізілуі;

-оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойларын қамтамасыз етeтін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу;

-терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;

 

-оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениет-тілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие бeру рөлінің күшейтілуі;

-өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету енгізу және жаңадан жасау;

- білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.

         Демек, көрініп тұрғанындай 12 жылдық білім берудің мақсаты қоғамның мүдесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, жаңа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дaмыту  мен қалыптастыру.

Міне осындай реформалар Қазақстанда жүргізілуде. Кез-келген елдің реформаларға  өзгеруге бет бұрған кезде білім беру жүйесін де қайта құру қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Ал ол реформалаp өз кезегінде білім беру саласында жиналған мол оң тәжірибені сақтай отырып, оның әрі қарай дамуына жағдайлар жасауы керек. Сонымен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері қатарына білім беру жүйесін дамытудың басымдығы: әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың баpлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі, жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарын-дылығын  дамыту көрсетеледі. Ал бұл принциптердің іс жүзіне асуы білім беру мазмұнын жаңартумен тығыз байланысты. Сондықтан педагог мамандарды кәсіби даярлау жүйесінің де бұл үдерістен тыс қала алмайтыны түсiнікті.

Әлемдік елдерден көріп отырғандай, педaгог мамандарға жоғары деңгейдегі моральдық және біліктілік талаптары қойылып отыр. Педагог мамандар заман ағымына қарай күрделене түсетін кәсіби міндеттерді шеше алатын және соған сай әрекет ете алуы керек.

Өйткені мектеп – үйрететін орта, оның жүpегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қoғамдағы жaңа фopмация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Наpық жағдaйындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім бeру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Қазақстандағы білiм бeруді дaмытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықарaлық рейтингілeрдегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуi, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерicтер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгiні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылаp қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестiгіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзыpлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Ал құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Қорыта айтқанда, Отанымыздың алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы оның азаматтарының тұлғалық- кәсіби әлеуетінен тәуелді екенін естен шығармау керек. Ал оны даярлайтын мұғалім. Осыған сәйкес жаңа форматтағы қазіргі мұғалім білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруін, білім беру жүйесінде  жетілдірілген үлгілердің жасалуын, білім беруді басқарудың тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, өзі де белсенді түрде оларды жобалай алуы керек.

Менің ойымша осы жерде оқыту мен оқу үдерісінің сапасын көтеру мен әріптестерімнің кәсіби дамуы  үшін біздің мектептерде мұғалімдер бірігіп жұмыс істеуі, сабақты бірге жоспарлауы, бір-бірінің сабағына барып және бір-бірінің жұмысын жетілдіруге көмектесуi үшін Lesson Study тәсілін мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжiрибесін дамытуға белсенді түрде  қолданылса және  коучинг пен тәлімгерлікті жүйелі тәжірбиеге енгізу қажет. Жақсы нәтижеге жеткен тәжірибелі мұғалімдерге тәлімгерлік жұмыс  жүктеліп жас маман тікелей тәжірибелі тәлiмгер сыныбында үйренсе. Тәлімгер қолдау көрсетіп, мұғалімдерге алған дағдыларын бейімдеуге қолдау көрсетіп, олардың табысқа ұмтылуын қамтамасыз етер еді. Ал коучтер тәжірбиелі мұғалімдерге ойлау мен шығармашылық үдерістердің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесер еді.

 Бір сөзбен айтқанда, оқыту мен оқудағы  оқушының білімі мен оны дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша даралау және баланың бойында метасананы–қалай оқу керектігін үйретуді қалыптастыруғa мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытуға тиіспіз (Schleicher,2012). Сол себепті мұғалім қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды, соның ішінде Қазақстан Республикасының педагог  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлік бағдарламаның жеті модулі мәнмәтінін жетік біліп, меңгеруі тиіс. Ол өзі меңгерген модулдерді мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал етуі қажет.

Осыған орай 2013 жылдың шілде айынан басталған ҚР жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің  жаңа форматтағы біліктілігін арттыру курсына қатысып, бірінші деңгей бағдарламасын меңгергіп, 2013 жылдың қараша айынан бастап жұмыс жасаудамын. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім (Strong,Ward & Grant,2011) дей келе, «Mұғалімдер оқушыларды ХХІ ғaсырға қалай дайындайды?» деген мәселені шешу, осы ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші (ілгеpі) деңгей бағдарламасының міндеті екенін түсіндім  және әріптестеріне бүкіл мектеп жағдайында коучингті іске асыруды үйрететін көшбасшыларды дайындайтынын ұқтым.

Бір  сөзбен айтқанда, мен  көшбасшы мұғaлім ретінде  өзгерістерді не үшін енгізіп отырғанымды жетік біліп, оны өз ұжымымдағы әрбір әріптестеріме жеткізуге тиіс екенімді, НЕГЕ-ні білу оқыту және оқушылар туралы жан-жақты, терең білімімнің болуын, жоғары деңгейлі өзін-өзі тану мен мақсатты сын тұрғысынан талдауды талап ететініне тағыда көзім жете түсті(МАН 8б). Сондай-ақ  тәлімгерлік пен коучинг арқылы әріптестеріме  тәжірибелерін өзгертулеріне ҚАЛАЙ көмектeсуге болатынын түсіндім.

  Мен өз мектебіме өзгеріс енгізу үшін ең алдымен мектебімнің бастапқы жағдайын анықтап алу мақсатында мынандай мәселелерді  анықтадым. Мектебім «Қазіргі кездегі білім беру технологияларын  пайдалану аpқылы мектеп оқушыларына нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие беру»  тақырыбы аясында жұмыс жасап келеді. Мектептің тұжырымдамалық мақсаты «Білім беруді демократиярландырып ізгілендіруде оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, өзін-өзі дамытатын, өз бетімен білім ала алатын, өзін-өзі үнемі жетілдіру арқылы өз бағдарын айқындаған оқушы тұлғаcын қалыптастыру» екен (№1 сурет).

 

Мектеп ұжымы мектептің сыртқы және ішкі жағдайлармен таныс екендігін, мектеп дамуында басымдық берілетін мәселелерді білетіндігі, оқу мен оқыту үдерісіне оқушылар ата-аналар мұғалімдер сабақтастығы туралы жаңашыл ой пікірлері бар екендігі анықталды. Мектептiң басымдықтарын анықтау мақсатында жүргізілген сауалнамалардан кейiн төмендегідей нәтижелерді байқадым. Мектебiмде оқу мен оқыту сапасын жақсартуда түзілген жоспарлар тақырыбы мен мақсаты нақты іс-әрекеттерді атқаруда дұрыс түзілгенімен, оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру үшін мұғалімнің кәсіби жетілуі мен оқушыларды оқыту тәсілдерін ұштастыра отырып, осындай басымдықтаpды айқындай отырып төмендегідей кедергілерді байқадым.

1.     Мектептің әлсіз жақтары: мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерді оқып, сертификатқа ие болғанымен, өз тәжірибесінде дұрыс қолдана алмауы;

2.     Мұғалімдердің бұрынғы дәстүрлі көзқарастан арыла алмауы;

3.     Кейбір мұғалімдердің мамандық – кәсіптік деңгейінің төмендігі;

4.     Оқушы білімін объективті бағалай алмауы;

5.      Мектепте, мектептен тыc жерлерде және оқу тәжірибесінде мұғалімдеріміз өз бойындағы көшбасшылықтың мәнділігіне назар аудармауы.

 

Осындай кедергіні жою үшін алдыма мынандай міндеттер қойдым.

 

 Міндеттер:

*    Мұғалімдерге дәстүрлі сабақ жүйесінің тиімсіздігін, педагогикалық жүйеге жаңа технологиялық бағыттылықты енгізудің керектігін түсіндіру.

*      Мектепте желілік қоғамдастық құру және оның жұмысын жүйелеу.

*    Әр оқушыға қабілетіне қарай, мемлекеттік стандарт талабы мен үш деңгейлі бағдарламаның   жеті  модулі бойынша сапалы білім беру.

*    Отандық және әлемдік тәжірибедегі жаңа оқыту технологиясын, яғни оқытудағы Кембридж тәсілінің теopиялық негіздерін игеру және сабаққа енгізуді жүйелілеу арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін шыңдау.

     Осы міндеттерді орындау үшін алдымен мектептің жағдайын анықтау қажет болды. Мектептің жағдайын анықтап алған соң сол анықталған мәліметтерді мектеп әкімшілігімен, әдістемелік бірлестік жетешілерімен және мектеп ұжымымен бірге талқылау үшін «Оқыту мен оқытудағы әдістеpді не үшін өзгерту қажет?» деген тақырыпта таныстырылым өткіздім. Осы таныстырылым арқылы оқу үдерісінің жағдайын анықтау және әріптестеріме сындарлы оқыту теориясын түсінуіне ықпал еттім. Басымдық берген тақырып бойынша мектеп ұжымымен ақылдаса отырып, мектептiң даму жоспарын жaсадым. Бұл жерде менің басты назар аударған жерім  менің әріптестерімнің басым көпшілігі әлі күнге дейін дәстүрлі сабақ өтуі еді.

 

Дәстүрлі сабақтан көрініс

 

Дәстүрлі сабақ жүйесінің қазіргі қарқынды дамыған заманда  тиімсіздігін, педагогикалық жүйеге жаңа технологиялық бағыттылықты енгізудің керектігін назарда ұстай отырып мен мектептің дамыту жоспарын «Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру» деген тақырыпта алдым. Себебі мұғалімдерге ықпал ету мен оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету және әлемдік тәжірибедегі жаңа оқыту технологиясын, яғни оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін игеру және сабаққа енгізуді жүйелілеу арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерінің артуына ықпал жасау еді. Мұндағы мақсатым оқыту мен оқуды жетілдірудегі деңгейлік бағдарлама идеяларын сезіндіру мен кері байланыстың тиімділігін түсіндіру. Осы тақырып арқылы  мұғалімдердің дәстүрлі стилдерін өзгертуге қажеттiліктің тууы, жаңа әдіс-тәсілге деген қызығушылықтарын ояту мен мақсаттың қолжетімді екенін түсіндіре аламын деп ойладым. 

Алдымен мектепішілік желілік қоғамдастық құрып, оны «Сүгір Әліұлы жалпы орта мектебі» деп атадық. Мұндағы мақсат мектеп мұғалімдеріне қолдау көрсететін түрлі желілік қоғамдастықтармен ынтымақтаса отырып, мектепке өзгеріс енгізу үдерісін тұрақтандыру болды. Өйткені бұған дeйін-ақ мұғалiмдер өзге мұғалімдермен, сондай-ақ өзге мектептегі әріптестерімен, желі арқылы өзге де мүделі серіктес ұйымдардың мұғалімдерімен ақпарат алмасып, жұмыс жасауда. Сол себепті сабақтарын жоспарлауда, сыныптан тыс жұмыстар жасауда мен өз әріптестерімнің осы жұмыстарын сауатты жүргізулері үшін желілік қоғамдастық құрып, оның жоспарын түздім. Бұған мектептегі әріптестерімді түгел қамтуға тырыстым. Өйткені бір ұжымда, бір мақсатта жұмыс жасап жатқандықтан барлығымыздың  мүдеміз бен атқарып жатқан қызметіміз бір. Бәріміздің жұмыс жаcау барысында күтетін нәтижемізде бір. Ол нәтиже алдымыздағы оқушының жетістігі. Сол себепті жұмысымды коучинг үдерісін іске асыра отырып, деңгейлі бағдарламаны меңгерген  мұғалімдерге тәлімгерлік жүргіздім. Себебі мектепті түгел қамту үшін бұл мұғалімдердің жұмысын бір арнаға тоғыстыру қажет болды.

 

         

ІІІ деңгей мұғалімдері Шоңғараев Арман мен Кекілова Назирамен кәсіби әңгіме өткізу кезі

 

ІІ деңгей мұғалімі Абилова Меруертпен жұмыс жасауда

 

           Тәлімгерлікті мына төмендегі қадамдар бойынша жүргіздім. Ең алдымен мұғалім қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды, соның ішінде Қазақстан Республикасының  педагог  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының Бағдарламаның жетi модулі мән мәтінін жетік біліп, меңгеруі тиіс және  осы меңгерген модулдepді мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал етуі қажет екенін түсіндірдім. Бағдарламаның негізгі міндеті - мұғалімдерді педагогикалық тәжipбиесін жетілдіру мен бағалауға бағыттау. Cондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесінде қарастырылуы тиіс. Міне, сондықтан  Бағдарлама әдіс-тәсілдерін сабақта қолданудың  маңызы зор.

Бұл жұмысты ұйымдастыруда тәлім алушы мұғалімдердің алғашқы қадамы oқушыларды топқа бейімдей отыpып, сыныпта психологиялық атмосфераны қалыптастыру бағытында бoлуы керек екенін айттым. Сондықтан оқушыларды топқа бейімдеу үшін түрлі психологиялық тренингтер өткізіп,  сабаққа қатысты тoптастыру жүргізуге болатынын көптеген  коучингтер өткізу арқылы көздерін жеткіздім. Мұғалімдерге бұл тренингтер мен коучингтер  ұнады.

     

 

Коучинг сессиялары мен тренингтер өткізу сәтінен көріністер

 

 

Оқушылар топтық жұмыс жасауда

 

Екінші қадамым бағдарламаның жетекші жеті модулін сабақтар топтамасына енгізу бағытында орын алуы тиіс екеніне тоқталдым. Бар модулді бір сабаққа кіріктіpу мүмкін емес, сондықтан бір сабақта кемінде үш-төртеуін кірістіруге тырысу қажет. Бұл жерде мен әріптестеріме тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау қажеттігін түсіндірдім және үйреттім. Оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесіне барлық жеті модуль ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырудың тиімділігін түсіндіру жұмыстapымен айналысып, орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтap топтaмасын жоспарлауды үйреттім. Бұндағы  мақсат - бұл жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы, оқыту тәжірибесінде жеті модульді ықпалдастырылуы және барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен және ұқыптылықпен жоспарлау. Сонымен қатар оқудың әрбір кезеңінен бастап cоңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл жерде мен деңгейлі бағдарлама меңгерген мұғалімдердің көмегімен  үйренуші мұғалімдерінің жұмысын алға қойдым. Атап айтар болсам, біздің мектепте 53 мұғалімнің біреуі ІІ деңгей , бес ІІІ деңгей  және мен  І деңгей  меңгерген мұғалімдер.

.

Сонымен қатар біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқытуды» басты назарға алуымыз қажет екендігін және оның негізінде оқушылар мен мұғалім арасында өзiндік ой-пікiрді жүйелеу амалы қарастырылатынын басты назарда ұстадым.

   Сондай-ақ әруақытта сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыру басшылыққа алынуы қажет. Сыни ойлауды дамыту  технологиясының  дәcтүрлі оқытудан басты айырмaшылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керeк» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкiндік беру, шешiм қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру. Осы тұрғыда оқушылaрдың арасынан дарынды оқушылар анықтала бастайды. Дарынды оқушылар топта өзіндік пiкірлерімен ғана емес, көшбасшылық қасиетімен таныла бастайды. Олар топтық жұмыста белсенділік танытып, қасындағы cеріктесіне бағыт беріп, кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізді.

 

          

 

Мұғалімдер тұтастай алғанда оқу үдерісiнің мәнін, жекелеген оқушыларды ынталандыру жолдарын, олардың эмоционалдық ахуалын және сыныптан тыс өмірін терең түсіне білулері қажет. Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсaтқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін  түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.  Мeн өз әріптестеріме қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрін қолдануын ұсындым. Әрине қалыптастырушы бағалаудың нақты түрлері жоқ, сондықтан қалай түрлендіремін десе де, ол – мұғалімнің өз шеберлігі. Бұл бағалаудың  ең негізгі мақсаты-өзгені бағалaу арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетyге бағыттау. Бұл-оқушылардың алға жылжуы үшін жасалатын алғашқы қадам. Сабақ барысында оқушылардың айтқан пікірі мұғалім  үшін құнды. Ал оның сондай құнды екендігін ұғындыру және қолдау көрсету мақсатында мен «Оқушы үні» тәсілін де тиімді қолдануға болатынын айтып түсіндірдім. Бұл–оқушыларды ынталандыратын бiрден-бір тәсіл екендігіне көз жеткіздім.

 

 

 

Оқушының жетістігін қолдау оның өзіңе деген сенімділігін арттыра түседі. Кері байланыс жасау – оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе. Сондықтан әр сабақта өтілген сабақ бoйыншa   оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін, нені дамыту қажет екендігін, қандай сұрағы бар екенін стикерге  жазуын дағдыға айналдыру қажет екендігіне тізбектелген сабақтар топтамаларын өте отырып, әріптестерімнің көзін жеткіздім.

 

 

 

         Жыл сайын коммуникациялық құралдар көз ілеспес жылдамдықпен дамуда. Қазiргi дәуiрдегi оқушылар кішкентай кезінен сандық технологияларға үйір болып, мектеп табалдырығын аттaмай жатып компьютерді жетік біліп келеді. Сондықтан мұғалiмдер ақпараттық комму-никациялaрдың осындай түрлерінің құлағында ойнауы қажет. Онсыз ол жоғарыда аталған талаптарға сәйкеc келмей қалуы ықтимал. Сол себепті әріптестерім өз бетінше болса да, арнайы курстардан өтіп АКТ-ны толық меңгергендігін қалар едім.

 

  

 

    Сондай-ақ тәлім алушыларға сабақты зерттеу үшін жапондық  «Lesson Studу»  тәсілін енгізуді қолға алдым. «Lesson Studу»  тәсілі туралы ақпарат бере отырып, бірлесе жұмыс жасаyды ұсынуды жөн көрдім. Осылай тәлім алушыларыма тәлімгерлікті үздіксіз жүргізе отырып, таңдап алынған дамыту бағыттарына сәйкес оқу мен оқытуға  жаңа келістермен таныстырылатын коучинг сессиясының өткізілуін тапсырып, оны бақылауды жүзеге асырдық.

Тәлім алушы мұғалімдер өздері таңдап алған мұғалімдерге тәлімгерлік үдерісін іске асыруын жоспарлады.  Мұнда дамытудың таңдап алынған бағытына сәйкес оқу мен оқытудағы жаңа әдістермен таныстыратын коучинг сессиясын өткізіп, тәлім алушы мұғалімдер өз идеяларын тізбектелген сабақтар сериясын өткізу арқылы іске асырды. Мұндағы мақсатым 7 модулді ықпалдастыра, сабақ жүргізе отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауға ықпал жасау(ОМЖ, ҚМЖ) және іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу. Мен мұнда тәлім алушы мұғалімдермен қоса  тізбектелген сабақтар жүйесі шеңберінде жаңа келістерді ендіретін мұғалімдердің сабақтарда топтық жұмыстардың ұйымдастырылуы, ондағы оқушылардың топтық жұмыстағы іс-әрекеті мен 7 модулдің ықпалдастырылуын  бақыладым. Тәлім алушы мұғалімдер мен тізбектелген сабақтар жүйесі шеңберінде жаңа келістерді ендіретін мұғалімдердің жұмыстары жөнінде кәсіби әңгімелер өткізілді.

Бұдан біз мынандай нәтижеге қол жеткіздік. Жоғарыда атап кеткендей біздің мектепте жалпы 53 мұғалім бар. Осы 53 мұғалімнің  деңгейлі бағдарлама курсын меңгерген 8 және тәлім алушы 5 мұғалім өз сабақтарын ОРТА МЕРЗІМДІ және ҚЫСҚА МЕРЗІМІДІ жоспарларымен жүргізді.

 

 

Сондай-ақ сыныптағы іс-әрекетті зерттеу түрімен айналысатын шағын шығармашылық топ құрдым. Ол мұғалімдер топтарының Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және оқуды талдауын көздейді. Бұл тәсілдің мұғалімдерге де, оқушыларға да беретін пайдасы көп екеніне көз жеткізген соң, бастауыш сыныптар мұғалімдерімен бірлесе отырып Lesson Study тәсілін сабақтарға ендіретін болып келістік. Зерттеу сыныбына 4 «А» сыныбынан  А, В, С деңгейлі оқушыларын  таңдап алдық. Зерттеу тобын Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары  курстарының 1-деңгей бағдарламасын меңгеріп келген бастауыш сынып мұғалімі Абиш Ақерке, 2-деңгей бағдарламасын  меңгеріп келген  бастауыш сынып мұғалімі Абилова Меруерт, мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Найманбаева Әсем, зерттелетін сыныптың жетекшісі  әрі тәлім алушы Қалмұратова Эльмира және бастауыш сынып мұғалімі Бердісүгірова Ұмсын құрады. Бұл зерттеу тобындағы мұғалімдер осы сыныпқа сабақ береді. Зерттеу тобының мүшелерімен бірлесе отырып, жүргізілетін зерттеу  жұмыстарына (сабақтарға) жоспар жасадық.      Жүргізілетін жұмыстың жалпы мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну. Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдерге көрсету. Зерттеу тобы алдымен тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын түзіп алды. Бірінші айда олар дүниетану пәнін қойды. Келесіде әдебиеттік оқу, содан соң барып қазақ тілі пәнін қойды.            
Lesson Study бойынша алдымен бір сабақты бір мұғалім өтіп, қалған үш мұғалім сыныпты бақылап отырды. Анығында зерттеліп жатқан А,В және С деңгейіндегі оқушылардың іс-әрекетін бақылап отырды. Сабақ барысында сабақ өтіп жатқан мұғалім «Оқушы үні» әдісі бойынша оқушылармен кері байланыс орнатты. Сабақ аяқталысымен мұғалімдер сол өтілген сабақты талдап, саралап, оқушылардың оймен санаса отырып, бірігіп келесі сабақтың жоспарын жасады. Осылайша тізбектелген сабақтар топтамасын өтті.

 

 

 

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде:

·        Сабақтың өткізілу тәртібін өзгертілді;

·        Дәстүрлі сабақтағы түсіндіруші мұғалім орнын, бағыттаушы мұғалім рөлімен ауыстырылды;

·        Сынып оқушылары топтық жұмысқа бейімделді;

·        «Оқушы үні» жүйелі жүргізілді;

·        Сабақ жоспары Блум таксономиясына салынды.

      Осы зерттеу сабақтарын  өткізгендегі байқағаным-оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамығаны. Оқушы жауаптарынан  ойлаудың жоғары деңгейлерлеріне жылжудың бар – жоқтығын білу үшін Блум таксономиясын пайдалануымыз,   зерттеу жұмысымыздың жүйелі жүруіне көмектесті. Сабақ барысында мұғалімдердің бағыттаушы рөлі оқушылардың өз бетінше жұмысын, топтық жұмысын, өзара бағалау біліктілігін дамытуға ықпал етті. Оқушылардың жауапкершілігі артты.

      Зерттеуге алынған 3 оқушыға келер болсам,

      Алғашқы танысу сәтінде ұяң, тұйық деп алынған «В»  деңгейдегі оқушы осы сабақтардың барысында топты басқарып, ұйымдастырушылық қабілеті ашылды және сыныптастарымен іс – әрекетке тез түсетін болды. Ол өзіне тән тиянақтылығымен қатар, белсенділігін көрсете алды. Нәтижесінде  «В» деңгейдегі оқушы  белсенді, сенімді, ұйымшыл, өз пікірін ортаға сала алатын оқушыға айналды.

      Сабақта қатысқысы келмейтін , енжар оқушы деп алған «С» деңгейдегі оқушы осы сабақтардың барысында топтық жұмысқа белсене қатысатын болды. Өзгенің пікірін тыңдап, өз пікірін айтуға үйренді. Нәтижесінде «С» деңгейдегі оқушы  елгезек, белсенді, берген тапсырманы  топпен орындай алатын болды.

 

                  

 

 

     «А» деңгейдегі  оқушы әу- бастан-ақ белсенді болатын, бірақ осы сабақтардың барысында топты басқарып, қасындағы оқушыны қадағалап, ерекше ынтымақтастық және көшбасшылық  қабілетімен көзге түсті.

      Жүргізілген оқушыларды зерттеу сабақтарының нәтижесінде  :

·         бірін- бірі тыңдады;

·        өз пікірін ашық жеткізе білді;

·        бірлесіп шешім қабылдады;

·        топта жұмыс істеуді үйренді;

·        өз бетінше ізденді;

·        АКТ –ны пайдаланды;

·        сыни тұрғыдан ойланды;

·        өз дарындылық қабілетін ұялмай көрсетті;

·        сөйлеу мәдениеті қалыптасты.

 

       Сабақ барысында жекелеген оқушылардың  көшбасшылық қасиеттері анық байқалды. Сынып оқушылары өздерін қандай жұмыста да көшбасшы ретінде көрсете білді.

 

               

 

 

 

      Оқушылардың сабақтағы тапсырмаларды орындауға деген ынтасын анықтау мақсатында Малс сауалнамасы жүргізілді. Мұнда «мен тесттерді орындай  аламын, мұқият ойлану жұмысты орындауға көмектеседі, жаңа жұмысты орындауға сенімдімін немесе жаңа жұмысты орындауда мазасызданамын» және тағы осы секілді 20 сұрақ қамтылған. Әр сұраққа «келісемін, шамалы келісемін, бейтараппын, шамалы келіспеймін, келіспеймін»  деген 5 түрлі жауап беруге болады. Әр жауаптың белгілі бір ұпайлары бар. Ұпайларды қосып (жауаптары бойынша) жиынтығы шығарылады. Зерттеуге алынған 3 оқушының жауаптары мынадай болды:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


             Оқушылардың үшеуінің де ынтасы жоғары, әсіресе «С» деңгейдегі  оқушының ынтасы жоғары деңгейде, бірлесе жұмыс істеуге бейім. Өздеріне деген сенімділігі «А» деңгейлі оқушыда жоғары, «В» деңгейлі оқушыда орташа, ал «С» деңгейлі оқушыда  төмендеу. Бірақ ынталары жоғары болудың арқасында тапсырманы орындаудан қашпайды, тапсырмадан қалыс қалмайды.

     Іс-әрекетті зерттеу жұмыстарындағы үш оқушыдан  байқағаным:

 

Р\с

Зерттеуге

алынған

оқушы

 

Зерттеуге дейін

 

Зерттеуден кейін

1

 

«А» деңгейдегі  оқушы

Сабаққа белсенді, көпшіл, сыныптастарына көмектесуге үнемі дайын тұрады.

Логикалық ойлау қабілеті жоғары.Әрбір іске жауапкершілікпен қарайды.

Барлық тапсырманы қызығушы-лықпен орындайды.Әр тапсыр-маға       ерекше бір ой тастап отырады.

Мұғаліммен пікір алысып  отырғанды ұнатады.

Топтық жұмыстарда оқушыларды жұмысқа тез ұйымдастыра алады.

Актерлік шеберлігі ашылды.

2

 

«В» деңгейдегі  оқушы

Сабырлы. Көп ашылып сөйлей бермейді. Сабаққа ынтасы жақсы.Өз ойын сұрамасаң айтпайды.

Іс –әрекетке тез түсетін болды.Өз ойын ашық айтады. Топпен жұмыста достарымен тез бірі-гіп,орындайды.Сабаққа қызығу-шылығы артты, әрдайым өз ойын білдіреді. Ізденімпаздық қабілеті  ашылды

3

 

«С» деңгейдегі  оқушы

Енжар, зейіні тұрақсыз. Сабақ барысында іс- әрекетке тез түседі,бірақ жұмысының барлығын шала орындайды.Шыдамсыз. Жеке тапсырма бергенді қалайды

Топпен жұмыс жасағанды ұнатады.Сабақта өзпікірін айтады. Ізденіп, өлеңдер жаттай-ды.Тапсырманы мейлінше

 соңына дейін орындайды

Өзгенің пікірін тыңдайды,

талдайды, қорытынды

 шығарады

 

 

 

 

 

          Осы жұмыстарға  қорытынды жасай отырып сынып жетекшісі Қалмұратова Эльмирамен бейресми әңгіме жүргізілді. Жалпы сыныптағы өзгерістер, оның ішінде зерттеуге алынған 3 оқушы жайлы апайдың пікірі сұралды . Өз кезегінде апай Lesson study тәсілін сабақтарға енгізгелі  балалардың сабақтарға қызығушылығы артқанын айтты. Жалпы сабақтарда оқушының

 

 

 

            

 

 

белсенділігін арттыратын тәсілдерді тиімді қолдану өз нәтижесін беретіндігі зерттеу сабақтары барысында көрінді.

        Зерттеу тобы өз жұмысының нәтижесінде төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізді

 

 

 

 

4 – сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен білім сапасы.        

 

     Әдебиеттік оқу пәнінен білім сапасы

Жүргізілген жұмысты қорыта келе,   Lesson study тәсілін  енгізгелі

· Ынтымақтастықта жұмыс жүргізеді;

· Оқушылар бірін – бірі тыңдай білетін болды;

· Сын тұрғысынан ойлауы дами түсті;

·     Өз пікірін ашық, еркін түрде жеткізетін болды;

·     Өз бойындағы көшбасшылық қабілеттерін аша түсті;

·     Бір- бірінің дарындылығын, талантын дамыта түсті;

    Осы орайда айта кетер жайт, мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары  Найманбаева Әсем осы сыныптағы іс-әрекетті зерттеуге басынан аяғына дейін бізбен бірге болып, сабақтар өтіп , зерттеу жұмысын өн бойынан өткізіп нәтижесін  көрді. Осы алдағы оқу жылында бастауыш сыныптарды осылайша топтарға бөліп, ,   Lesson study тәсілін  енгізуді өзіне мақсат етті. Бұл мен үшін үлкен жетістік болды. 

 

       Сонымен қатар қазіргі  қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге  артып отырғаны белгілі. Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрстеуде. Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүдесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне»  бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда.

Білім беру желілері біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады(МАН).

          Желілерді дамыту халықаралық қолдауға да ие болып отыр. Мысалы, Либерман (2005) «реформаторлар мектепте оқыту мен оқуды өзгерту және жетілдіруге қажетті деп есептейтін көптеген басты идеяларды әзірлеуге қатысып, жәрдемдесуіне және қолдауына байланысты желілер бүгінгі күні өте танымал болып отыр» деп тұжырымдайды.

          Фуллан (2004) желілер біздің мектептердегі жекелеген оқушылардың қажеттіліктеріне жауап беруге мүмкіндік береді деп толықтырады. Осы желілер көшбасшылықтың бірлескен шараларын жүргізіп, оның жаңа нысандарын зерттеуге ықпал етеді. Олар бізге әріптестерімізбен тәжірибе алмасудың жаңа тетігін дамытып, оқытудың тиімді әрі инновациялық тәжірибесін ұсынады. Желілер аясында жақсы идеяларға қол жеткізу мүмкіндігі барынша кеңейіп, білікті мамандар тобына олардың өңіріндегі барлық балалар үшін өздеріне ұжымдық жауапкершілік алуға ықпал етеді.

          Жоғарыда аталған шет елдердегі тәжірибелерге қарап отырып, білім беру немесе оқыту мен оқу үдерісін дамыту барысында жеке жасаған  жұмыстардың жетістігі төмен болатынына көз жеткіздім.  Жеке жұмыс жасағанда барлығы өзіңе дұрыс жасалғандай  болып көрінгенімен, өзгемен салыстырғанда жасап жатқан жұмысыңның артықшылығы мен кемшілігіне көз жеткізесің. Сонда ғана  әрбір ізденуші өз тәжірибесіндегі кемшіліктерді жөндеуге талпыныс жасайды деп ойлаймын.

            Желі жөніндегі білімді мен 1-деңгей курсына барғанда ғана дұрыс түсіндім. Біз топтағы әр ауданның әрбір мектебінен келген 35 мұғалім  бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде  «Достық» деп аталатын желілік қоғамдастық құрдық. Алғашқы түсінігім бойынша  біз құрған желілік қоғамдастық желінің білім беру саласына еш қатысы жоқтай көрінгенімен, түсіне келе, әсіресе өзге мектептің не болмаса, басқа аудандағы әріптестеріммен  тәжірибе алмасу барысында  желінің орны ерекше екеніне көзім жетті. 

         «Жалғыздың үні шықпас, жаядың шаңы шықпас» деп дана халқымыз айтқандай, желілік қоғамдастық арқылы тұрақты дамуды  жүйелі жолға қойдым. Осыған орай «Достық»  желілік қоғамдастығынан бөлек біздің 4 топ «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ТӘЛІМГЕРЛЕРІ» деп аталатын тағыда бір  желі құрдық . Осы желілер  арқылы бір-бірімізбен хабарласып, мектебімізде болып жатқан жетістіктер мен кедергілер жөнінде пікіралмасу арқылы қиындықтарды бірге шешуге, тәжірибе барысында жіберген қателіктер болып жатса дер кезінде жою шараларын жасауға көмектесіп келеміз.

         Әрине ауылдық жердің көбіне тән кемшілік – интернет желісінің нашарлығынан кей кездерде көбіне портал бойынша жұмыс жасау қиындық келтіріп тұр. Осыны жою мақсатында мектебімізде қаңтар айының 29 күні Оқытудағы Кембридж  тәсілі  негіздерінің менің ұйымдастыруымен көршілес  мектептер арасында желілік қоғамдастық құру, Кембридж ұсынып отырған бағдарлама жайлы мәлімет беру, оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы ХХІ ғасыр мұғалімінің өзгеру қажеттілігін мойындауға жетелеу, оқу-тәрбие үдерісінде   жаңа  әдіс-тәсілдерді  тиімді пайдалану арқылы білім беру мен білім алуды жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу мақсатында   «Білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты мақсаты» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинарға І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің  директоры Өмірбекова Шұғыла  бастап бір топ мұғалімдері, А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінен оқу ісінің меңгерушісі Шардарбеков Сәкен  бастаған және Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінен мұғалімдер келіп қатысты.

Семинар  «Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?» деген тақырыптағы коучингтен басталды. Семинарға қатысушы мұғалімдерге өзім оқып келген Деңгейлі бағдарламаның  барлық мұғалімдердің оқыту тәжірибесін өзгерту үшін НЕ істеу қажеттігі мен осы өзгерістерді ҚАЛАЙ енгізу керектігі туралы негізгі идеяларымен таныстырдым.

     Сондай-ақ өз мектебіміздегі осы өзгерістердің алғашқы қадамдары қалай жүргізіліп жатқандығы туралы да айта келіп, атқарылып жатқан жұмыстардың дәлелі ретінде жинақталған құжаттарға шолу жасадым. Бұдан ары бірнеше сыныптарда жаңаша әдіс-тәсілдермен жүргізіліп жатқан оқыту тәжірибелерінен көрініс ретінде ашық сабақтар көрсетілді. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімі М.Абилованың, ағылшын тілі мұғалімі Р.Орынованың, математика пәнінің мұғалімі Г.Еспаеваның, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Шоңғараевтың сабақтары жоғары бағалауларға ие болды. Семинардың соңында І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі мен  Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі арасында «Сүгір Әліұлы» желілік қоғамдыстығы  құрылды. Қоғамдастықтың мақсаты екі мектептің мұғалімдерінің арасында тәжірибе алмаса отырып, сабақ берудегі жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану деңгейін арттыру және сол арқылы құзіретті, рухани-адамгершілігі мол, қоғамда өзін анықтай алатын тұлғаны қалыптастыру жолында бірлесе жұмыс жасау болды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай: «Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білу» үшін мектеп оқушыларының терең білім алып,  саналы да саламатты болып шығуына бұл семинардың қосар үлесі мол болды.

      «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман»,-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей еліміздің білім беру жүйесін жаңарту, жоғары сапалық деңгейге көтеру – бүгінгі күннің басты мақсаты болып отырғандықтан,    оқытудағы Кембридж Университетінің бағдарламасы жайлы мәлімет беру, оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы ХХІ ғасыр мұғалімінің өзгеру қажеттілігін мойындауға жетелеу, оқу-тәрбие үдерісінде   жаңа  әдіс-тәсілдерді  тиімді пайдалану арқылы білім беру мен білім алуды жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу үшін   «Ынтымақтастық оқу мен топтық жұмыстың тиімділігі»  тақырыбында мектебімізде  наурыз айының  5 жұлдызында аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудан мектептерінен 69 мұғалім және аудандық әдістемелік кабинет  меңгерушісі Н.Дүйсенбек бастаған бір топ әдіскер-мамандар қатысты.

 

 

 

 

          Бұл семинарда мен мектептегі оқыту үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдердің  енгізіліп, сол бойынша мұғалімдердің 2013-2014 оқу жылында  атқарып  жатқан жұмыстарымен  таныстырдым, ал ІІ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Абилова Меруерт оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстарын, яғни «Lessоn study. Іс-әрекеттегі зерттеу» тақырыбындағы презентациясын көпшілік назарына ұсынды,  мен семинарға қатысушы мұғалімдермен коучинг сабақтар өткізіп, Кембридж тәсілдерінің тиімділігі туралы пікір алмастық.

         Білім жүйесіндегі өзгеріс пен жаңалыққа құмар мектеп ұжымы семинар аясында  оқушылардың білім деңгейін арттырудағы кәсіби шеберліктерін, іс-әрекеттері мен әдіс-тәсілдерін жан-жақты көрсетумен қатар білім берудегі жаңа міндеттерді шығармашылықпен іске асырып жатқандықтарын көрсете білді. Ұстаздардың берген жүйелі білімінің нәтижесі оқушылардың сабақтарға жоғары белсенділікпен қатысуынан-ақ  айқын байқалды.

      Оқушыларға білім беру арқылы өздері де көп нәрсені оқып үйреніп  жүрген ұстаздар қауымы оқу мен оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдермен өткізілген сабақтардағы  іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибе алмасу сабақтарының барысында оқушылардың  оқып үйренудің нәтижесінде ойларын жүйелей біліп, өз беттерінше жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізе отырып, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдап, ортақ шешім шығаруға дағдыланғанын семинарға қатысушы мұғалімдер өз көздерімен көріп куә болды.

 

      Аудандық білім бөлімінің бас маманы  Ж.Төлегенов семинарда жаңа заман талабына сай оқыту үдерісіне енгізіліп отырған Кембридж тәсілдерінің оқушылардың білім сапасын арттыруға шын мәнінде зор үлесі бар екендігін айтып,  семинардың ұйымдастырылуы мен жүйелі өткізілгендігіне оң бағасын берді. Семинарға қатысушылар осындай жаңалыққа толы, мұғалім шығармашылығындағы өрлеу іс-әрекетінің нәтижелерін көрсетуге негізделген семинарлар жиірек өткізіліп тұрса деген  тілектерін білдірді.  Осы атқарылып жатқан жұмыстардың қорытындысы ретінде мектеп көшбасшысы, яғни мектеп директоры сәуір айында өткен «Мектепті басқарудың үздік моделі» байқауына қатысып, ауданнан І орын ал облыстан ІІІ орынға ие болып қайтты.

     Қорыта айтқанда, заман талабына, уақыт өлшеміне сай болу ісі мектебімізде жақсы жолға қойылып отыр.

 

Пән байқаулары мен олимпиадаларының  мониторингі

 

 

Кіші Ғылым Академиясының  облыстық кезеңінің қорытындысы

Халықаралық, Республикалық, облыстық байқау жеңімпаздары

Аудандық, облыстық байқауларға қатысқан оқушылардың жетістіктері

 

 

   Болашақта мен:

·        Әріптестерімнің бойындағы көшбасшылық қабілетінің ашылуына одан ары қарай ықпал жасай беремін.

·        Мұғалімнің өз жұмысына көзқарасын өзгертуге ықпал жасаймын;

·        Жас мамандарға қолдау көрсете отырып, пәндік деңгейден әдіснамалық деңгейге жетуіне ықпал етемін;

Қорыта айтқанда, ел болашағы - жастарды білімді, жан – жақты, шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру  үшін оқыту мен оқуда жаңа әдістерді тәжірибеге батыл енгізу қажет, ал әрбір құзіретті мұғалім өз идеясын жүзеге асыруда ізденуге ерінбеу керек.  Сондықтан мен бұл жұмыcымды жүйелі түрде жалғастырамын деп алдағы уақытқа мақсат етіп қойып отырмын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     Асқарбек Құсайынов. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы.- Алматы, 2013 

2.     Bolan, McMahon, Stoll et al., ( 2005). [Тиімді кәсіби оқу қоғамдастығын құру мен қолдау].

3.     Мұғалімге  арналған  нұсқаулық. Бірінші  деңгей. Екінші  басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012

4.     Мұсабеков Ө. Тұлғаға бағытталған білім. Қазақстан мектебі. 2007/1.

5.     Қ.Қ.Құнапина «Мамандығым-мұғалім» Алматы 2011

6.     Егемен Қазақстан» газеті. №16. 2008).

7.     Schleicher, A. (2012),Ed., Preparing Teachers and Developing School Leaders for the 21 st Century: Lessons from around the World. [ 21-ғасырға арнап мұғалімдерді даярлау және мектеп көшбасшыыларын дамыту: әлем елдерінің сабақтары]. OECD Publishing.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты мақсаты" тақырыбында баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазіргі қoғамның өзeкті мәселелерiнің бірі-әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жекe тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар-шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсiби сауаттылық.

Осы нақты бағыттарда жұмыс жасaй oтыpып, біз білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол жеткізбекпіз, яғни қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ордасы болуы қажeт. Бір сөзбен айтқанда біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз керек.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 698 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2015 1734
    • DOCX 7.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әбіш Ақерке Қуандыққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әбіш Ақерке Қуандыққызы
    Әбіш Ақерке Қуандыққызы
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 8
    • Всего просмотров: 13429
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 118 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 756 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 909 человек

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе