Главная / Физика / "Биофизика" қолданбалы курсы 10 класс

"Биофизика" қолданбалы курсы 10 класс

26 Жамбыл атындағы мектеп – гимназиясы









БАҒДАРЛАМА



БИОФИЗИКА

10 сынып



























Шымкент 2014



Түсінік хат.

Қазіргі қарқынды дамудағы заманның ерекшеліктерінің бірі жекеленген ғылым салаларының кіріктіріліп, білімнің кешенді салаларының пайда болуы және оның қарқынды дамуы. Физика көптеген ғылым салалары мен өндірістің дамуына үлкен ықпал етті.денеге әсер етудің физикалық тәсілдері (өріс, ультрадыбыс, элементер бөлшектер, т.б.) және талдаудың физикалық тәсілдері (электрондық микроскоп, биопотенциалды тіркеу, радиоактивті изотоптарды қолдану, т.б.) жаратылыстану циклінің барлық салаларында кең қолданылуда. Көптеген кешенді ғылым салалары пайда болған. Биофизика – тірі ағзаларға физикалық факторлардың әсерін қарастыратын ғылым. Биофизикадан медициналық биофизика, бионика, космостық биология туындаған. Медициналық биофизиканың басты мақсаты – тәжірибелік медицинаның негізін қалау, медицинаның нақты ғылымдармен берік байланысын қалыптастыру. Медициналық биофизиканың есебіне патологиялық процестердің биофизикалық және физико – химиялық негіздерін, қоршаған ортаның физикалық және химиялық факторларын зерттеу. Биониканың мақсаты - ағзалардың тіршілігі мен құрылысын талдау негізінде инженерлік есептер, машиналар мен приборлар жасау заңдылықтарын зерттеу. Жердің жасанды серігінің ұшырылуымен ғарыштық биология дамуда.

Қазіргі кезде биофизика пәні басқа пәндермен қатар (молекулалық биология, биохимия, физиология, т.б.) өмір туралы ғылымдардың фундаменталдыкурсының негізі болып табылады. Биофизиканың медицина қызметкерлері, фармацевтер, ауыл шаруашылығы мамандары, ветеринарлар үшін қажеттілігі артуда. Негізгі зерттеу объектісі тірі ағза болатын биология ғылымдарының саласы бола отырып, биофизика негізгі физикалық заңдардың әмбебап сипатын және өмір – сүру іс-әрекетін оқып үйренуде қатал математикалық тұрғыны толық түрде қолданады.

Ғылым салаларының даму тенденцияларымен оқушыларды таныстыру қажет.Сонымен бірге мектептің негізгі есептерінің бірі – тірі және өлі табиғаттың біртұтастығы мен алуан түрлілігі негізінде әлемнің біртұтас бейнесін жасау. Биофизикалық материалдарды физика курсында пайдалану оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына, абстракты тұжырымдардың тек интеллектуалды ғана емес, эмоционалды нақты жағдайларға айналуына ықпал етеді. Көптеген биофизикалық мысалдар оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыруға, материалды жақсы меңгеруге игі ықпалын тигізеді.

Курстың мақсаты

  • Оқушылардың ғылыми – танымдық қабілетін дамыту;

  • Қазіргі замандағы ғылым мен техниканың дамуындағы жаңа негізгі тенденциялармен таныстыру;

  • Дүниенің біртұтастығын физика және биология заңдарының көмегімен түсіндіру;

  • Медицина мен биологияда кеңінен қоланылатын физикалық зеттеу және әсер ету әдістерімен таныстыру;

  • Биофизикалық мысалдар арқылы физика курсын терең меңгеруге ықпал ету;

  • Физика мен техниканың дамуының қоршаған ортаға тигізетін әсерін түсіндіру, экологиялық проблемаларды шешу мәселелерін зерттеу;

  • Оқушыларға жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін физикалық білім жүйесін шығармашылықпен қолдану тәсілдерін үйрету, олардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру;

  • Өзін – өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.



Курстың міндеттері

  • Мамандыққа бейімдеп оқыту;

  • Жедел қарқынмен дамып келе жатқан технологияландырылған қоғамда өмір сүруге бейімдеу;

  • Оқушылардың ғылыми дүние танымын, көзқарасын қалыптастыру;

  • Әлеуметтік мәселелерді шешуде физикалық білімдерін қолдана білуге үйрету;

  • Оқушының зерттеу жұмыстарымен айналысу қабілетін арттыру;

  • Қарқынды даму үстіндегі заманға сай жан – жақты дамыған, танымдық қабілеті зор дарынды тұлға тәрбиелеу;

  • Оқушыны кәсіби мамандыққа бағдарлай отырып бейімді оқытуды жүзеге асыру.



Курстарды оқытудың әдістері мен түрлері.

  • Семинар;

  • Лекция;

  • Конференция;

  • Зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • Өз бетінше іздену жұмыстары;

  • Білімді тексеру және қорытындылау.

Оқушының оқу жетістіктерін бағалау жүйесі

  1. Реферат пен баяндамалар жасау;

  2. Сарамандық жұмыстар орындау;

  3. Ғылыми жоба жұмыстарын дайындау.

Оқыту процесіндегі оқушының білім нәтижесі:

  • Интеллектуалды ойлау қабілетінің артуы;

  • Ғылыми – зерттеу жұмыстарымен айналысуы және оның нәтижелеріне жан – жақты талдау жасай білуі;

  • Қоршаған ортадағы өзгерістер мен құбылыстар туралы ғылыми көзқарасының қалыптасуы;

  • Ғылыми жоба жарыстарына, ғылыми – практикалық конференциялар мен олимпиадаларға,әр түрлі деңгейдегі байқаулар мен форумдарға қатысуы;

  • ҰБТ – де жоғары көрсеткіштерге жетуі.



Курстың мазмұны :

  1. Кіріспе. 1 сағат. Биофизиканың ғылым ретінде қалыптасуы. Биофизиканың зерттеу объектілері. Биофизиканың бөлімдері.

  2. Биомеханика. 10 сағат. Жануарлардың, құстың және балықтар-дың механикалық қозғалысы. Адамның тірек – қимыл аппаратындағы буындар мен иінтіректер. Үдеу және оның тірі ағзаға тигізетін әсері. Адамның механи-калық жұмысы. Эргометрия. Биология-лық ұлпалар мен сұйықтардың механи-калық қасиеттері. Құлақ пен вестибуляр-лы аппараттың жұмысы. Терінің акустикалық және ультраакустикалық қасиеттері. Ультрадыбыс әсерінің биофизикалық механизмі.

  3. Термодинамика. Биологиялық мембраналардағы диффузиялық процестер. 11 сағат. Өмір сүру іс-әрекеті процесінің термодинамикасы. Термодинамиканың бірінші және екінші бастамасы. Энтропия. Терінің термиялық қасиеттері және термореттеу. Термометрия және калориметрия. Емдеу ісінде қолданыла-тын ыстық және суық ортаның физика-лық қасиеттері. Медицинада төмен температураны қолдану. Мембрананың құрылысы мен моделі. Мембрананың физикалық қасиеттері. Мембрана арқылы тасымалдау құбылыстары. Тыныштық және әрекет потенциалы.

  4. Электр тогының және электромагниттік өрістің әсерінен болатын ұлпадағы физикалық процестер. 11 сағат. Клеткалар мен ұлпалардың электрлік қасиеттері мен электр кедергісі. Электр өткізгіштікті өлшеу. Тірі клеткалар мен ұлпалардың толық кедергісі (импеданс). Биологиялық зерттеулер-дегі электр өткізгіштік әдісті қолдану. Тұрақты токтың тірі ұлпаға әсері. Гальванизация. Электрофорез. Айнымалы токтың тірі ағзаға тигізетін әсері. Айнымалы магнит өрісінің әсері. Электромагниттік толқындардың әсері.

  5. Қорытынды сабақ 1 сағат.

























Биофизика

Аптасына 1 сағат, барлығы - 34 сағат.

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе.

1

2

Жануарлардың қозғалысы, құстардың ұшуы және балықтардың жүзуі.

1

3

Адамның тірек – қимыл аппараттары, буындар мен иінтіректер.

1

4

Үдемелі қозғалыстар және оның тірі ағзаға тигізетін әсері.

1

5

Адамның механикалық жұмысы. Эргометрия.

1

6

Биологиялық ұлпалар мен сұйықтардың механикалық қасиеттері.

2

7

Құлақ пен вестибулярлы аппараттың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

1

8

Терінің акустикалық және ультраакустикалық қасиеттері.

1

9

Ультрдыбыс әсерінің биофизикалық механизмі.

1

10

Өмір сүру іс-әрекеті процесінің термодинамикасы.

1

11

Термодинамиканың бірінші бастамасы.

2

12

Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия.

2

13

Терінің термиялық қасиеттері және термореттеу. Термометрия және калориметрия

1

14

Емдеу ісінде қолданылатын ыстық және суық ортаның физикалық қасиеттері. Медицинада төмен темпера-тураны қолдану.

2

15

Мембрананың құрылысы мен моделі. Мембрананың физикалық қасиеттері.

2

16

Мембрана арқылы тасымалдау құбылыстары. Тыныштық және әрекет потенциалы.

2

17

Клеткалар мен ұлпалардың электрлік қасиеттері мен электр кедергісі.

2

18

Электр өткізгіштікті өлшеу.

1

19

Тірі клеткалар мен ұлпалардың толық кедергісі (импеданс)

1

20

Биологиялық зерттеулердегі электр өткізгіштік әдісті қолдану.

2

21

Тұрақты токтың тірі ұлпаға әсері. Гальванизация. Электрофорез.

2

22

Айнымалы токтың тірі ағзаға тигізетін әсері.

1

23

Айнымалы магнит өрісінің әсері.

1

24

Электромагниттік толқындардың әсері.

1



Қолданылған әдебиеттер:

  1. А.Н.Ремизов Медицинская и биологическая физика. Москва «Высшая школа»1987

  2. А.Н.Ремизов и др. Сборник задач по медицинской и биологической физике. Москва «Высшая школа» 1987

  3. Ц.Б.Кац Биофизика на уроках физики. Москва «Просвещение» 1988

  4. Р.С.Спабекова Биофизика Шымкент 2007

  5. Г.Д.Денисова Таңғажайып жасыл әлем. Алматы «Мектеп» 1985

  6. Р.Әлімқұлова, М.Тәртенова Қызықты ботаника Алматы «Мектеп» 1979

  7. К.Ю.Богданов Физик в гостях у биолога. Москва «Наука» 1986

  8. Перельман Я.И. Занимательная физика. Книга 1 и 2. Москва «Наука» 1976

  9. Биология. Справочные материалы. Москва. «Просвещение» 1987

  10. Физика, справочные материалы. Москва. «Просвещение» 1985.

  11. А. С. Енохович Справочник по физике и технике. Москва. «Просвещение» 1983

  12. Биология 6,7,8 сыныптар (электрондық оқулықтар).

  13. Г.Р.Иваницкий Мир глазами биофизика. Москва «Педагогика» 1985.







"Биофизика" қолданбалы курсы 10 класс
  • Физика
Описание:

Қазіргі қарқынды дамудағы заманның ерекшеліктерінің бірі жекеленген ғылым салаларының кіріктіріліп, білімнің кешенді салаларының пайда болуы және оның қарқынды дамуы. Физика көптеген ғылым салалары мен өндірістің дамуына үлкен ықпал етті.денеге әсер етудің физикалық тәсілдері (өріс, ультрадыбыс, элементер бөлшектер, т.б.) және талдаудың физикалық тәсілдері (электрондық микроскоп, биопотенциалды тіркеу, радиоактивті изотоптарды қолдану, т.б.) жаратылыстану циклінің барлық салаларында кең қолданылуда. Көптеген кешенді ғылым салалары пайда болған. Биофизика – тірі ағзаларға физикалық факторлардың әсерін қарастыратын ғылым. Биофизикадан медициналық биофизика, бионика, космостық биология туындаған. Медициналық биофизиканың  басты мақсаты – тәжірибелік медицинаның негізін қалау, медицинаның нақты ғылымдармен берік байланысын қалыптастыру. Медициналық биофизиканың есебіне патологиялық процестердің биофизикалық және физико – химиялық негіздерін, қоршаған ортаның физикалық және химиялық факторларын зерттеу. Биониканың мақсаты -  ағзалардың тіршілігі мен құрылысын талдау негізінде инженерлік есептер, машиналар мен приборлар жасау заңдылықтарын зерттеу. Жердің жасанды серігінің ұшырылуымен ғарыштық биология дамуда.

 

Автор Усенбаева Кулпан Кудайбергеновна
Дата добавления 08.01.2015
Раздел Физика
Подраздел
Просмотров 1329
Номер материала 46187
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓