Главная / Классному руководителю / "Бақытқа бірге ұмтылайық" 8 сынып

"Бақытқа бірге ұмтылайық" 8 сынып

Лобаново орта мектебі












Тақырыбы:


Бақытқа бірге ұмтылайық


















2014 ж



Бақытқа бірге ұмтылайық


Мақсаты: оқушыларды ата-ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, ата-ана мен бала арасындағы сенімді, сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, оқушылардың ата-ана алдындағы борышы туралы жауапкершіліктерін арттыру, ата-ана мен бала арасындагы жағдайларды ақылмен шешуге жағдай туғыза отырып ата-анасының баласына деген сенімін ояту, баласына ата-ана алдындағы парызын міндеттеу, баланың болашақ өмірін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тақырып жазылған Күн суреті, Күннің шапағында жазылған нақыл сөздер, теледидар DVD, ойын элементтері: міндеттемелер таразысы, қара жәшік, ақ жәшік, үлестірме қағаздар

(жақсы, жаман қасиеттер).

Барысы.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! "Отан отбасынан басталады" демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жаратукезек күттірмейтін меселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата-ананың бақыты неде? Баласы ата-анасын қалай бақытты етпек? Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын "Бақытқа бірге ұмтылайық" атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі сабағымызды ақын Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын:

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:

- Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?

Ойым емес, оллаһи, біздікінің

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен...

Туа сала тұлпардың, жалын тартқан,

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,

Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?!

Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау

Болмаса да топ жарған дара бөтен.

Мүше тістеп, мықтылар той жасаса,

Жерге қарап мен сорлы калар ма екем?...

... Үміт пенен күдіктің ортасында

Ата-ананың үміті талады екен!

Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, "Қайтсем де баламды адам етем" деген ата-ананың үміт арманы баласымен бірге жасайды.

Алдын ала берілген "Менің отбасым" тақырыбындағы эссе тыңдалады.

Мұғалім: "Әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады" -деп И.Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана — бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан, ата-аналар, мен сіздерге мынадай сұрақ қойғым келіп отыр.

  1. "Бақытыңды балаңнан ізде" деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

  2. Балаға ақылды қалай айту керек?

Мұғалім: Мына бейнебаянға назар аударсақ. (Б.Мұстапаевтың орындауындағы "Ана жүрегі" атты әннің бейнебаяны көрсетіледі)

Мұғалім: Бұл көрініске қарап елжіремейтін адам, езілмейтін жүрек жоқ шығар...

  1. Оқушылар, осы көрініске не айтасыздар?

  2. Сендерге қалай әсер етті?

  3. Ата-аналар, сіздер не айтасыздар?

  1. Бұл баланың бойынан қандай қасиет байқалады?

  2. Қатыгездік қайдан шығады?

  3. Баланы осы жағдайға жеткізбеудің тәсілдері қандай?

Мұғалім: Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңестер айтқым келігі тұр. Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол берменіз.

1 -қателік: "Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін".

2-қателік: "Не істесең оны істе. маған бәрібір".

3-қателік: Аса қаталдық, яғни "Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын".

4-қателік: Балаларды тым еркелету.

5-қателік: "Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ".

6-қателік: Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету.

7-қателік: Баланың ісіне көңіл-күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл-күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау т.с.с.

Мұғалім: Міне, құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.

"Ата-ананың ақылы — қазулы қара жолмен тең" деп Дулат Бабатайұлы айтпакшы ата-ана баласының түйсігіне қандай із салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.

Мұғалім: Келесі бөліміміз ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа арналған ойындарға арналады.

Ортаға екі оқушыны шақырамыз. Ата-аналардың қатысуымен өтетін ойын "Жазалау" деп аталады.

  1. Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғаліммен дауыс көтеріп айқайласты.

  2. Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты, оны көршіңіз сізге келіп айтты.

  3. Мектепте темекі шегіпті, оны мұғалімінен естідініз.

Мұғалім: Ата-аналар, енді сіздер осы оқушыларды жазалауларыңыз керек.

Алдарыңыздағы балаларыңызды қалай жазалайсыздар? Кезек өздеріңізде. (Ата-аналар түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып балаларын жазалайды. Әркім өзінің ойын ортаға салады да, барлығы бір шешім қабылдайды.)

Мұғалім: Ортаға оқушыларды шақырамыз. Оқушылар ата-аналарына барып өздерінің басынан өткен әр түрлі жағдайларын баяндап айтады. Ата-аналар сол сәтті қалай қабылдар екен?!

1-оқушы: Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса "Ауырып жатыр" деп айта салыңызшы.

2-оқушы: Әке, мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым.

3-оқушы: Анашым, мен сіздің жақсы көретін құмыраңызды сындырып алдым.

4-оқушы: Анашым, мен бүгін әжеме ауыр сөз айтып ренжітіп алдым, енді не істеймін?

5-оқушы: Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым.

6-оқушы: Анашым, менің түймем түсіп қалыпты, тігіп беріңізші.

7-оқушы: Анашым, мен бүгін байқамай көрші әженің жолын кесіп кетіп едім, әже маған ұрсып жатыр.

Ата-аналар сол сәттегі өздерінің осы жағдайларды уақытында қалай қабылдайтынын (қуаныштарын, реніштерін іс-қимылын салып) көрсетіп береді.

Мұғалім: Келесі ойынымыз "Міндеттемелер таразысы" деп аталады. Ортаға бір ата-ана мен бір оқушыны шақырамыз. Міндеттемелер таразысының бір жағында "Менің балаға қатысты міндеттерім...», екінші жағында "Менің ата-анаға қатысты міндеттерім..." деген парақшалар ілулі тұр. Ойынға қатысушы ата-ана мен оқушы өздеріңіздің міндеттеріңізді жазып шығасыздар. Кім міндетін көп деп есептеп көп жазса, сол жақтың таразысы басым түседі.

Мұғалім: Ортаға бір ата-ана мен бір оқушыны шақырамыз. Ортада ақ және қара жәшік тұр. Сонымен қатар үлестірме кағаздарда ата-ана мен балаға қатысты жақсы, жаман қасиеттер (балаға катысты сөздер: әдептілік, жалқаулық, қатыгездік; ата-анаға қатысты сөздер: баланы ұрып-соғу, басқан ізін аңду, әңгімелесу, сөзін тыңдамау т.б.) жазылған. Осы қасиеттерді ұстап әркайсысына ата-ана "Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе..." деп, ал бала "Мен ата-анам бақытты болсын десем..." деп әрі қарай сөйлем құрап жақсы қасиеттерді ақ жәшікке, жаман қасиеттерді қара жәшікке салады.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар! "Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады" деп елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан балаларыңыз елін, Отанын сүйетін азамат болып өсіп, сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер!

Ал, оқушылар, егер ата-аналарың сіздердің қызықтарыңа қуанып бақытты өмір сүрсін десеңдер қандай болуларың керек екен?

(Оқушылар өз ойларын айтады.)

Үйге тапсырма: "Мен өскенде қандай маман иесі боламын?"(04 ата-анасымен пікірлесу)

Мұғалім: Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса бала солардан, — деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата-аналар, сіздерге байланысты. Ал, оқушылар, сіздер болашақта ата-ананың үмітін ақтар, елін сүйер саналы азамат болады деген сенімдемін.

Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып "Бақытқа бірге ұмтылайық" атты ашық тәрбие сағатын " атты ашық аяқтаймыз.












"Бақытқа бірге ұмтылайық" 8 сынып
  • Классному руководителю
Описание:

    Оқушыларды ата-ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, ата-ана мен бала арасындағы сенімді, сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, оқушылардың ата-ана алдындағы борышы туралы жауапкершіліктерін арттыру, ата-ана мен бала арасындагы жағдайларды ақылмен шешуге жағдай туғыза отырып ата-анасының баласына деген сенімін ояту, баласына ата-ана алдындағы парызын міндеттеу, баланың болашақ өмірін қалыптастыру.Оқушылардың жүрегіне адамгершілік қасиетін ұялату, ата-ананың қадірін , ата- анаға деген сүйіспеншілігін өмір бойы сақтап, ата-ананы қадір тұтуға баулу.

 

Автор Кожагулова Гульназ Даулетовна
Дата добавления 08.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 386
Номер материала 44491
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓