Главная / Классному руководителю / "Қазақтың салт-дәстүрлерін білесіз бе?"

"Қазақтың салт-дәстүрлерін білесіз бе?"

Қазақтың салт-дәстүрлері


Қонақтың қорғанышы

Қазақтар «құдайы қонақ-пын» деп келген адамды кеудесінен итермей, «Бары-мен базар» - деп, оған шама-шарқынша сый-сияпат көрсетеді. Қонақ қашанда үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. Ол тіпті сол отбасының дұшпаны болса да қонақ болып оты-рған шаңырағында оған жамандық жасалынбайды. Халқымызда «түскенше қон-ақ ұялады, түскен соң үй иесі ұялады» деген де қанатты сөз бар. Бұл қонақ күтудегі үй иесінің жауапкер-шілігін танытады. Қазақтар: «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады», - дейді. Мұның мағынасы терең. Яғни, жы-лан улы, қауіпті жәндік болса да оны үй ішінде өлті-рмей, басына ақ құйып, жауыздыққа – жақсылық танытып, аман-есен сыртқа шығарып жібереді.

Қонақты риза етіп шығарып салу

Шақырмақ болсаң егер кісілерді,
Бәрін де әзірлеп қой ішуге енді.
Көрпе сал, дастархан жай, таза ыдыс тұт,
Тағамын бойларына сіңірсін құт.
Тағамың таза әрі тәтті болсын,
Дәміне зауқы ауып, көңілі толсын.
Тамағың қонақтарға түгел жетсін,
Әр адам сыбағасын жеп бір кетсін.
Тамақтан соң шырынды жеміс ұсын,
Өрік-мейіз ұшырсын көңіл құсын.
Қанғанынша шарап бер қалағанға,
Бал шарабы жалындай шалады ол да.

Алайда адамдар өз үйінде де, қонақта да қомағайлық танытпауға тиіс. Артық тама-
қтану – денсаулыққа зиян. Сол себепті Жүсіп Хас Хажүп Баласағұни өзінің «Құдайғұ білік» («Құтты білік») даста-нындағы қонақты риза етіп күту салты туралы жырында былай деп те ой толғайды:

Аузыңды бақ, енер содан кесел де,
Аз ішіп-же, қандай тағам жесең де.
Досты ойласаң көңілін аулап үңілгін,
Көңіл қалса – жақындық жоқ, түңілгін.
Көп жеген ас сіңбей, маза бермейді,
Ас сіңбесе, кісіні дерт меңдейді.
Мешкей адам дерт – кеселден арылмас,
Сарғайып жүз, ішіп-жеуден жаңылмас.

Қонаққа бас тарту

Үйіне келген сыйлы қонаққа мал сойып (қой, құлын) бас тарту – қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Ол үлкен құрмет көрсетудің белгісі. Ел аузында «Қойдың басы – құданың басы» деген де сөз бар. Бұл құда-жекжат болып жатқанда «Құда түсу», «Құда шақыру», «Үйлену тойы» салт-дәстүрі атқарылғанында сойылған малдың басын қонақтардың ішіндегі Бас құдаға ұсына-тынын еске салу. Қазақтың сыйлы қонаққа «Бас та-ртуы» - «адам әлемді баспен билейді, Сіз де арада-ғы қарым-қатынасқа баспен (ақыл, парасатпен) басшы-лық жасаңыз» дегені.

«Қонақ асына емес, қа-бақ-қасына қарайды», - дейді үлкендер. Үй иесінің қонақтарын қалай құрмет-тейтіні табақ тартуынан, жарқын жүзінен аңғарылады. Малдың басы үлкен ақса-қалға, алыстан келген сый-лы қонаққа, Бас құдаға, атақ-абыройы үлкен адамға ұсынылады, көп жерде малдың басын жамбаспен бірге береді, мұнан кейін сыйлы қонақтарға асықты, тоқпан жілікті, омыртқаны, күйеу бала мен келінге төсті, тіл, жүрек, бүйректі қыз балаларға таратады. Бас ұстаған ақсақал, қонақ одан ауыз тиіп, құлағын кесіп балаларға берген соң, оны өзі қалаған адамына ұсына алады. Қонағасыда бас ұстаған адам шаңыраққа бата береді.

Ет асату

Табақ тартылғанда өзде-ріне арнап салынған ет мүшелерінен ауыз тиген қонақтардың оны басқаларға беріп, еттен бөлісуі де асатуға жатады. Алайда қазақ дастарханында ет асатудың кең тараған, оның негізгі түрі ақсақалдардың өз қолымен табақтан ет, май, қамыр нанды алып, оны немерелеріне, жақсы көрген балаға, інілеріне асатуы. Бұл жақсы көргендіктің белгісі, өзінің жасын, абыройын, жақсы мінез, істерін берсін деп тілегені. Үй иесі сыйлы қонақтың баласына ет аса-туын дәметіп, күтіп отырады. Ет асатушы алақанындағы етті адамның аузына өзі салады, егерде ол адам, бала алыста отырса, асататын етті оның атын атап, дас-тархан басында жаға-латып жібереді. Халықта: «Есет атам ет асатар, ет асатса, бес асатар» деген де жаңылтпаш бар.

Сарқыт

Той дастарқанындағы әртүрлі тәтті тағамдар, тәттілерді той иелері қонақтар-ына, көрші-көлеміне қонаға-сыдан кейін «сарқыт» деп таратып береді. Бұл біріншіден, тойға келе алмаған адамдарға той дастар-қанындағы дәмнен ауыз тигізу, екіншіден тойдан қалған тағамдар желі-нбей, текке ысырап, обал болмасын деп ойлағандық. Тойға келген әжелер «Той-дан тобықтай», - деп, үй иесінің бергенін күтпей-ақ кәмпиттерден қалтасына салып алуына болады. Ол «біз де осындай тойға жетейік» деген тілектен туған ырым. Оны ешкім де айып көрмейді. Тойдан келгендерге туған-туыста-ры барып, тойдың қызығын тыңдағанында олар алып келген сарқытын дастар-
ханға қойып, той дәмінен ауыз тигіздіртеді. Жыйнал-ғандар той иелеріне сырт-тай ақ тілектерін айтып, баталарын беріп, «Той иелері жомарт екен. Көрмейсің бе, тойдан қандай сарқыт беріп жібергенін» деп, ырза болып үйді-үйіне тарқасады.

Қонаққа қатысты ырымдар

* Үйге кіріп келе жатқан қонақ оқыстан сүрініп кетсе, үй иесі марқаяды және төрінен сыйлы орын ұсынады. Мұны үйге аяқ астынан байлық толады, бақ қонады деп ырымдайды.
* Қонақ болып барған үйінде қызды төрге отыр-ғызады. Себебі, «қызда қы-рық көліктік бақыт бар». Төрде отырса ол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады. «Қызда қырық қырсық та бар». Босағада отырса – сол қырсық сол үйде қалады. «Қызда оттай ыстық мейір бар». Төрде отырса – сол мейір сол үйге бағышталады. «Қызда мұздай суық ызғар да бар». Есік жақта отырса, сол ызғар сол үйді шалады. «Қызда қырық періште бар». Төрде отырса, сол періштелер сол үйге қонады. «Қызда қырық сайтан да бар». Есік жақта отырса, сайтандар сол үйде қалады.
* Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге түспек болса, сол үйдің есігіне тура беттеп келіп аттан түспейді. Оң жағынан түседі, әрі үйді айналмайды. Себебі жау үйінің жай-күйіне қарамайды, өлімнің суық хабарын естірткелі келген адам да күй таңдамай үйге кіреді. Сондықтан жолаушының жүрісі жаман ырымға ұқсамасын дегені. Дос, туыстар оң жол, оң тілеумен оң жақтан келіп, оң аяқпен үйге кіреді.
* Қыдырып, қонаққа келген жас баланы үйден құр қол шығармайды. Өйт-
кені, сәбидің меселі қайтпа-сын, көңілі қалмасын, жүрегі суымасын, келер бақытының беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын деп ырымдаған. Егер сәби суық рай көріп, кейіген кейіппен шығып кетсе, бұл шаңырақтан бақ, төрден бақыт, дәннен ырыс кетеді деп ырымдалады.
* Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Оның ішінде ақ сақалды қария-
лардың да отыруы мүмкін. Малды, қолға түскен тұтқын-ды ғана саусақты шошайтып санайды.
* Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мереке-мейрамда сыйлы қонаққа көк қасқа тай, ақ сары бас қой, атан түйе, дөнен өгіз сойылады. Сонда барлық тілек қабыл болып, зор бақыт қонады деп сеніп, ырымдалады.
* Қазақ үйіне қонған қонақты ырымдайды. Қонақ қонған түні мал төлдесе, көтен асып, қонақты сый-лайды. Әрі киіт кигізіп, «Ақ жолтай қонақ» деп шығарып салады.
* Дастархан оң бетімен жайылады. Дастархан қос қабатталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын қонаққа қаратып, оң бетін келтіріп жаяды. Мұны «дас-тархан оң болмай, ісіңде жол болмайды» деп ырымдайды. Дастархан – береке-бірлі-ктің, тірліктің бейнесі ретінде қастерленеді.
* Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда есікті үй иесі ашпайды, қонақтың өзі ашып шығады. Қонақ үйге келгенде құт бірге кіреді деп жориды. Қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен ілесіп кетеді деп ырымдалады.
* Қазақ қыздары үйдегі қонақтың қарсы алдына келіп, талтайып отырмайды. Мұндай қылық қызды ұят-сыз іске ұрындырады, бақы-тсыздыққа душар етеді деп ырымдайды.
* Қонақтың пышағы немесе бәкісі дастарханмен бірге жиналып кетсе, қай-тарып берілмейді. Қонақ ет турағанда пышағын өзі сүртіп қынына салып алуы керек. Егер дастарханмен бірге жиналып кетсе, қо-нақ үндемейді, пышағын сұра-майды. Сұраса: «Қырық пы-
шақ боп өштеседі» деп жориды.
* Сый табақпен екі кәрі жілік бірге тартылса, қонақ қуанады. Жол оң болады деп жориды. Байлық, бақ қонады деп иланады. Жілі-ктерді еттен тазалап, мүжіп, өзі алып кетеді де, үйінің босағасына іліп қояды.
* Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа босанған әйелдің үсті-
не кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана біраз демалғаннан кейін беті-қолын жуып, сыртқы киімдерін шешіп, жеңілде-нгеннен соң барып кіруге тиіс. Өйткені, жол азабын тартқан адамның түсі сұс-ты, қабағы қатыңқы болады. Өмір есігін жаңа ашып, көзі мөлдіреп жатқан сәби мен сүйек-сүйегі босап, әлсіреп жатқан ана шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген қонаққа ілесіп келіп, жын жабыспасын деп ырымдаған.
* Қазақта кетік, жырық ыдыспен қонаққа ас бер-мейді. Себебі, ыдыстың кетігінен сайтан қосарлана ас ішеді, қонақ қорланады, қонақтың жебеуші иесі шамданып, кәрін төгеді деп ырымдайды.
* Қонақты сыйламас бұрын үй қожасының өзі астан ауыз тиюге тиісті. Бұл астың адалдығын, қонақ-жайлылықты таныта-ды.

Сәбит Мұқанов:

«Үйіне кірген кісіге қазақ ас татырмай жі-бермейді. Сондағы бере-тіні – бар болса, қымыз, ол болмаса айран, ірімшік, құрт сияқты тағам-дар болған.

Арабша «дәм», «та-ғам» деген сөздің қазақ-ша мағынасы – «ас», «тамақ». Дәмді жоғары тұтатын қазақ, «дәм-тұзымды тат, расыңды айт» дейді. Қастандық қылған біреуді «дәм-тұзына тапсырады», «та-тқан дәмге қас қылған жігіт оңбас» дегенді өлеңіне қосады.

Үйіне алыстан келген адамға бірнеше күн тегін тамақ беру қазақтың ертеден келе жатқан ата дағдысы. Сол дағды күні бүгінге дейін бар. Қазақтың әр үйі «тәтті-дәмді» дейтін асын өзі татпай, қонақ келсе «ұялып қаламыз» деп, көпке дейін соған сақ-тайды.

Қонаққа беретін тамақ «қонағасы» деп аталады. Қонағасы келген кісіге қарай әрқилы болады. Бірақ қазақ үйіне келген қонақтың қандайын болса да тойғызбай аттан-дырмайды

































Шақырмақ болсаң егер кісілерді,
Бәрін де әзірлеп қой ішуге енді.
Көрпе сал, дастархан жай, таза ыдыс тұт,
Тағамын бойларына сіңірсін құт.
Тағамың таза әрі тәтті болсын,
Дәміне зауқы ауып, көңілі толсын.
Тамағың қонақтарға түгел жетсін,
Әр адам сыбағасын жеп бір кетсін.
Тамақтан соң шырынды жеміс ұсын,
Өрік-мейіз ұшырсын көңіл құсын.
Қанғанынша шарап бер қалағанға,
Бал шарабы жалындай шалады ол да.

------------------------------

Аузыңды бақ, енер содан кесел де,
Аз ішіп-же, қандай тағам жесең де.
Досты ойласаң көңілін аулап үңілгін,
Көңіл қалса – жақындық жоқ, түңілгін.
Көп жеген ас сіңбей, маза бермейді,
Ас сіңбесе, кісіні дерт меңдейді.
Мешкей адам дерт – кеселден арылмас,
Сарғайып жүз, ішіп-жеуден жаңылмас.
-------------------------------------------------------------------
Қонаққа бас тарту

Үйіне келген сыйлы қонаққа мал сойып (қой, құлын) бас тарту – қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Ол үлкен құрмет көрсетудің белгісі. Ел аузында «Қойдың басы – құданың басы» деген де сөз бар. Бұл құда-жекжат болып жатқанда «Құда түсу», «Құда шақыру», «Үйлену тойы» салт-дәстүрі атқарылғанында сойылған малдың басын қонақтардың ішіндегі Бас құдаға ұсына-тынын еске салу. Қазақтың сыйлы қонаққа «Бас тартуы» - «адам әлемді баспен билейді, Сіз де арадағы қарым-қатынасқа баспен (ақыл, парасатпен) басшылық жасаңыз» дегені. «Қонақ асына емес, қабаққасына қарайды», - дейді үлкендер. Үй иесінің қонақтарын қалай құрметтейтіні табақ тартуынан, жарқын жүзінен аңғарылады. Малдың басы үлкен ақсақалға, алыстан келген сый-лы қонаққа, Бас құдаға, атақ-абыройы үлкен адамға ұсынылады, көп жерде малдың басын жамбаспен бірге береді, мұнан кейін сыйлы қонақтарға асықты, тоқпан жілікті, омыртқаны, күйеу бала мен келінге төсті, тіл, жүрек, бүйректі қыз балаларға таратады. Бас ұстаған ақсақал, қонақ одан ауыз тиіп, құлағын кесіп балаларға берген соң, оны өзі қалаған адамына ұсына алады. Қонағасыда бас ұстаған адам шаңыраққа бата береді.



Ет асату

Табақ тартылғанда өзде-ріне арнап салынған ет мүшелерінен ауыз тиген қонақтардың оны басқаларға беріп, еттен бөлісуі де асатуға жатады. Алайда қазақ дастарханында ет асатудың кең тараған, оның негізгі түрі ақсақалдардың өз қолымен табақтан ет, май, қамыр нанды алып, оны немерелеріне, жақсы көрген балаға, інілеріне асатуы. Бұл жақсы көргендіктің белгісі, өзінің жасын, абыройын, жақсы мінез, істерін берсін деп тілегені. Үй иесі сыйлы қонақтың баласына ет аса-туын дәметіп, күтіп отырады. Ет асатушы алақанындағы етті адамның аузына өзі салады, егерде ол адам, бала алыста отырса, асататын етті оның атын атап, дас-тархан басында жаға-латып жібереді. Халықта: «Есет атам ет асатар, ет асатса, бес асатар» деген де жаңылтпаш бар.



Сарқыт

Той дастарқанындағы әртүрлі тәтті тағамдар, тәттілерді той иелері қонақтарына, көрші-көлеміне қонағасыдан кейін «сарқыт» деп таратып береді. Бұл біріншіден, тойға келе алмаған адамдарға той дастар-қанындағы дәмнен ауыз тигізу, екіншіден тойдан қалған тағамдар желі-нбей, текке ысырап, обал болмасын деп ойлағандық. Тойға келген әжелер «Той-дан тобықтай», - деп, үй иесінің бергенін күтпей-ақ кәмпиттерден қалтасына салып алуына болады. Ол «біз де осындай тойға жетейік» деген тілектен туған ырым. Оны ешкім де айып көрмейді. Тойдан келгендерге туған-туыстары барып, тойдың қызығын тыңдағанында олар алып келген сарқытын дастар-
ханға қойып, той дәмінен ауыз тигіздіртеді. Жиналғандар той иелеріне сыртай ақ тілектерін айтып, баталарын беріп, «Той иелері жомарт екен. Көрмейсің бе, тойдан қандай сарқыт беріп жібергенін» деп, ырза болып үйді-үйіне тарқасады.



Қонаққа қатысты ырымдар

* Үйге кіріп келе жатқан қонақ оқыстан сүрініп кетсе, үй иесі марқаяды және төрінен сыйлы орын ұсынады. Мұны үйге аяқ астынан байлық толады, бақ қонады деп ырымдайды.




* Қонақ болып барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, «қызда қырық көліктік бақыт бар». Төрде отырса ол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады. «Қызда қырық қырсық та бар». Босағада отырса – сол қырсық сол үйде қалады. «Қызда оттай ыстық мейір бар». Төрде отырса – сол мейір сол үйге бағышталады. «Қызда мұздай суық ызғар да бар». Есік жақта отырса, сол ызғар сол үйді шалады. «Қызда қырық періште бар». Төрде отырса, сол періштелер сол үйге қонады. «Қызда қырық сайтан да бар». Есік жақта отырса, сайтандар сол үйде қалады.


* Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге түспек болса, сол үйдің есігіне тура беттеп келіп аттан түспейді. Оң жағынан түседі, әрі үйді айналмайды. Себебі жау үйінің жай-күйіне қарамайды, өлімнің суық хабарын естірткелі келген адам да күй таңдамай үйге кіреді. Сондықтан жолаушының жүрісі жаман ырымға ұқсамасын дегені. Дос, туыстар оң жол, оң тілеумен оң жақтан келіп, оң аяқпен үйге кіреді.


* Қыдырып, қонаққа келген жас баланы үйден құр қол шығармайды. Өйт- кені, сәбидің меселі қайтпа-сын, көңілі қалмасын, жүрегі суымасын, келер бақытының беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын деп ырымдаған. Егер сәби суық рай көріп, кейіген кейіппен шығып кетсе, бұл шаңырақтан бақ, төрден бақыт, дәннен ырыс кетеді деп ырымдалады.


* Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Оның ішінде ақ сақалды қариялардың да отыруы мүмкін. Малды, қолға түскен тұтқынды ғана саусақты шошайтып санайды.


* Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мереке-мейрамда сыйлы қонаққа көк қасқа тай, ақ сары бас қой, атан түйе, дөнен өгіз сойылады. Сонда барлық тілек қабыл болып, зор бақыт қонады деп сеніп, ырымдалады.


* Қазақ үйіне қонған қонақты ырымдайды. Қонақ қонған түні мал төлдесе, көтен асып, қонақты сыйлайды. Әрі киіт кигізіп, «Ақ жолтай қонақ» деп шығарып салады.




* Дастархан оң бетімен жайылады. Дастархан қос қабатталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын қонаққа қаратып, оң бетін келтіріп жаяды. Мұны «дастархан оң болмай, ісіңде жол болмайды» деп ырымдайды. Дастархан – береке-бірлі-тің, тірліктің бейнесі ретінде қастерленеді.


* Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда есікті үй иесі ашпайды, қонақтың өзі ашып шығады. Қонақ үйге келгенде құт бірге кіреді деп жориды. Қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен ілесіп кетеді деп ырымдалады.


* Қазақ қыздары үйдегі қонақтың қарсы алдына келіп, талтайып отырмайды. Мұндай қылық қызды ұят-сыз іске ұрындырады, бақы-тсыздыққа душар етеді деп ырымдайды.




* Қонақтың пышағы немесе бәкісі дастарханмен бірге жиналып кетсе, қайтарып берілмейді. Қонақ ет турағанда пышағын өзі сүртіп қынына салып алуы керек. Егер дастарханмен бірге жиналып кетсе, қонақ үндемейді, пышағын сұрамайды. Сұраса: «Қырық пышақ боп өштеседі» деп жориды.
* Сый табақпен екі кәрі жілік бірге тартылса, қонақ қуанады. Жол оң болады деп жориды. Байлық, бақ қонады деп иланады. Жіліктерді еттен тазалап, мүжіп, өзі алып кетеді де, үйінің босағасына іліп қояды.

-----------------------------------------------------------------------
* Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа босанған әйелдің үстіне кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана біраз демалғаннан кейін беті-қолын жуып, сыртқы киімдерін шешіп, жеңілде-нгеннен соң барып кіруге тиіс. Өйткені, жол азабын тартқан адамның түсі сұсты, қабағы қатыңқы болады. Өмір есігін жаңа ашып, көзі мөлдіреп жатқан сәби мен сүйек-сүйегі босап, әлсіреп жатқан ана шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген қонаққа ілесіп келіп, жын жабыспасын деп ырымдаған.
* Қазақта кетік, жырық ыдыспен қонаққа ас бермейді. Себебі, ыдыстың кетігінен сайтан қосарлана ас ішеді, қонақ қорланады, қонақтың жебеуші иесі шамданып, кәрін төгеді деп ырымдайды.




* Қонақты сыйламас бұрын үй қожасының өзі астан ауыз тиюге тиісті. Бұл астың адалдығын, қонақжайлылықты танытады.

«Үйіне кірген кісіге қазақ ас татырмай жібермейді. Сондағы беретіні – бар болса, қымыз, ол болмаса айран, ірімшік, құрт сияқты тағам-дар болған.

---------------------------------------------------------------

Арабша «дәм», «тағам» деген сөздің қазақша мағынасы – «ас», «тамақ». Дәмді жоғары тұтатын қазақ, «дәм-тұзымды тат, расыңды айт» дейді. Қастандық қылған біреуді «дәм-тұзына тапсырады», «та-тқан дәмге қас қылған жігіт оңбас» дегенді өлеңіне қосады.

-------------------------------------------------------------------

Үйіне алыстан келген адамға бірнеше күн тегін тамақ беру қазақтың ертеден келе жатқан ата дағдысы. Сол дағды күні бүгінге дейін бар. Қазақтың әр үйі «тәтті-дәмді» дейтін асын өзі татпай, қонақ келсе «ұялып қаламыз» деп, көпке дейін соған сақтайды.

----------------------------------------------------------

Қонаққа беретін тамақ «қонағасы» деп аталады. Қонағасы келген кісіге қарай әрқилы болады. Бірақ қазақ үйіне келген қонақтың қандайын болса да тойғызбай аттандырмайды



"Қазақтың салт-дәстүрлерін білесіз бе?"
  • Классному руководителю
Описание:

Қазақтың салт-дәстүрлері

 

Қонақтың қорғанышы

Қазақтар «құдайы қонақ-пын» деп келген адамды кеудесінен итермей, «Бары-мен базар» - деп, оған шама-шарқынша сый-сияпат көрсетеді. Қонақ қашанда үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. Ол тіпті сол отбасының дұшпаны болса да қонақ болып оты-рған шаңырағында оған жамандық жасалынбайды. Халқымызда «түскенше қон-ақ ұялады, түскен соң үй иесі ұялады» деген де қанатты сөз бар. Бұл қонақ күтудегі үй иесінің жауапкер-шілігін танытады. Қазақтар: «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады», - дейді. Мұның мағынасы терең. Яғни, жы-лан улы, қауіпті жәндік болса да оны үй ішінде өлті-рмей, басына ақ құйып, жауыздыққа – жақсылық танытып, аман-есен сыртқа шығарып жібереді.

Қонақты риза етіп шығарып салу

Шақырмақ болсаң егер кісілерді,
Бәрін де әзірлеп қой ішуге енді.
Көрпе сал, дастархан жай, таза ыдыс тұт,
Тағамын бойларына сіңірсін құт.
Тағамың таза әрі тәтті болсын,
Дәміне зауқы ауып, көңілі толсын.
Тамағың қонақтарға түгел жетсін,
Әр адам сыбағасын жеп бір кетсін.
Тамақтан соң шырынды жеміс ұсын,
Өрік-мейіз ұшырсын көңіл құсын.
Қанғанынша шарап бер қалағанға,
Бал шарабы жалындай шалады ол да.

Алайда адамдар өз үйінде де, қонақта да қомағайлық танытпауға тиіс. Артық тама-
қтану – денсаулыққа зиян. Сол себепті Жүсіп Хас Хажүп Баласағұни өзінің «Құдайғұ білік» («Құтты білік») даста-нындағы қонақты риза етіп күту салты туралы жырында былай деп те ой толғайды:

Аузыңды бақ, енер содан кесел де,
Аз ішіп-же, қандай тағам жесең де.
Досты ойласаң көңілін аулап үңілгін,
Көңіл қалса – жақындық жоқ, түңілгін.
Көп жеген ас сіңбей, маза бермейді,
Ас сіңбесе, кісіні дерт меңдейді.
Мешкей адам дерт – кеселден арылмас,
Сарғайып жүз, ішіп-жеуден жаңылмас.

Қонаққа бас тарту

Үйіне келген сыйлы қонаққа мал сойып (қой, құлын) бас тарту – қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Ол үлкен құрмет көрсетудің белгісі. Ел аузында «Қойдың басы – құданың басы» деген де сөз бар. Бұл құда-жекжат болып жатқанда «Құда түсу», «Құда шақыру», «Үйлену тойы» салт-дәстүрі атқарылғанында сойылған малдың басын қонақтардың ішіндегі Бас құдаға ұсына-тынын еске салу. Қазақтың сыйлы қонаққа «Бас та-ртуы» - «адам әлемді баспен билейді, Сіз де арада-ғы қарым-қатынасқа баспен (ақыл, парасатпен) басшы-лық жасаңыз» дегені.

«Қонақ асына емес, қа-бақ-қасына қарайды», - дейді үлкендер. Үй иесінің қонақтарын қалай құрмет-тейтіні табақ тартуынан, жарқын жүзінен аңғарылады. Малдың басы үлкен ақса-қалға, алыстан келген сый-лы қонаққа, Бас құдаға, атақ-абыройы үлкен адамға ұсынылады, көп жерде малдың басын жамбаспен бірге береді, мұнан кейін сыйлы қонақтарға асықты, тоқпан жілікті, омыртқаны, күйеу бала мен келінге төсті, тіл, жүрек, бүйректі қыз балаларға таратады. Бас ұстаған ақсақал, қонақ одан ауыз тиіп, құлағын кесіп балаларға берген соң, оны өзі қалаған адамына ұсына алады. Қонағасыда бас ұстаған адам шаңыраққа бата береді.

Ет асату

Табақ тартылғанда өзде-ріне арнап салынған ет мүшелерінен ауыз тиген қонақтардың оны басқаларға беріп, еттен бөлісуі де асатуға жатады. Алайда қазақ дастарханында ет асатудың кең тараған, оның негізгі түрі ақсақалдардың өз қолымен табақтан ет, май, қамыр нанды алып, оны немерелеріне, жақсы көрген балаға, інілеріне асатуы. Бұл жақсы көргендіктің белгісі, өзінің жасын, абыройын, жақсы мінез, істерін берсін деп тілегені. Үй иесі сыйлы қонақтың баласына ет аса-туын дәметіп, күтіп отырады. Ет асатушы алақанындағы етті адамның аузына өзі салады, егерде ол адам, бала алыста отырса, асататын етті оның атын атап, дас-тархан басында жаға-латып жібереді. Халықта: «Есет атам ет асатар, ет асатса, бес асатар» деген де жаңылтпаш бар.

Сарқыт

Той дастарқанындағы әртүрлі тәтті тағамдар, тәттілерді той иелері қонақтар-ына, көрші-көлеміне қонаға-сыдан кейін «сарқыт» деп таратып береді. Бұл біріншіден, тойға келе алмаған адамдарға той дастар-қанындағы дәмнен ауыз тигізу, екіншіден тойдан қалған тағамдар желі-нбей, текке ысырап, обал болмасын деп ойлағандық. Тойға келген әжелер «Той-дан тобықтай», - деп, үй иесінің бергенін күтпей-ақ кәмпиттерден қалтасына салып алуына болады. Ол «біз де осындай тойға жетейік» деген тілектен туған ырым. Оны ешкім де айып көрмейді. Тойдан келгендерге туған-туыста-ры барып, тойдың қызығын тыңдағанында олар алып келген сарқытын дастар-
ханға қойып, той дәмінен ауыз тигіздіртеді. Жыйнал-ғандар той иелеріне сырт-тай ақ тілектерін айтып, баталарын беріп, «Той иелері жомарт екен. Көрмейсің бе, тойдан қандай сарқыт беріп жібергенін» деп, ырза болып үйді-үйіне тарқасады.

Қонаққа қатысты ырымдар

* Үйге кіріп келе жатқан қонақ оқыстан сүрініп кетсе, үй иесі марқаяды және төрінен сыйлы орын ұсынады. Мұны үйге аяқ астынан байлық толады, бақ қонады деп ырымдайды.
* Қонақ болып барған үйінде қызды төрге отыр-ғызады. Себебі, «қызда қы-рық көліктік бақыт бар». Төрде отырса ол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады. «Қызда қырық қырсық та бар». Босағада отырса – сол қырсық сол үйде қалады. «Қызда оттай ыстық мейір бар». Төрде отырса – сол мейір сол үйге бағышталады. «Қызда мұздай суық ызғар да бар». Есік жақта отырса, сол ызғар сол үйді шалады. «Қызда қырық періште бар». Төрде отырса, сол періштелер сол үйге қонады. «Қызда қырық сайтан да бар». Есік жақта отырса, сайтандар сол үйде қалады.
* Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге түспек болса, сол үйдің есігіне тура беттеп келіп аттан түспейді. Оң жағынан түседі, әрі үйді айналмайды. Себебі жау үйінің жай-күйіне қарамайды, өлімнің суық хабарын естірткелі келген адам да күй таңдамай үйге кіреді. Сондықтан жолаушының жүрісі жаман ырымға ұқсамасын дегені. Дос, туыстар оң жол, оң тілеумен оң жақтан келіп, оң аяқпен үйге кіреді.
* Қыдырып, қонаққа келген жас баланы үйден құр қол шығармайды. Өйт-
кені, сәбидің меселі қайтпа-сын, көңілі қалмасын, жүрегі суымасын, келер бақытының беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын деп ырымдаған. Егер сәби суық рай көріп, кейіген кейіппен шығып кетсе, бұл шаңырақтан бақ, төрден бақыт, дәннен ырыс кетеді деп ырымдалады.
* Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Оның ішінде ақ сақалды қария-
лардың да отыруы мүмкін. Малды, қолға түскен тұтқын-ды ғана саусақты шошайтып санайды.
* Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мереке-мейрамда сыйлы қонаққа көк қасқа тай, ақ сары бас қой, атан түйе, дөнен өгіз сойылады. Сонда барлық тілек қабыл болып, зор бақыт қонады деп сеніп, ырымдалады.
* Қазақ үйіне қонған қонақты ырымдайды. Қонақ қонған түні мал төлдесе, көтен асып, қонақты сый-лайды. Әрі киіт кигізіп, «Ақ жолтай қонақ» деп шығарып салады.
* Дастархан оң бетімен жайылады. Дастархан қос қабатталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын қонаққа қаратып, оң бетін келтіріп жаяды. Мұны «дас-тархан оң болмай, ісіңде жол болмайды» деп ырымдайды. Дастархан – береке-бірлі-ктің, тірліктің бейнесі ретінде қастерленеді.
* Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда есікті үй иесі ашпайды, қонақтың өзі ашып шығады. Қонақ үйге келгенде құт бірге кіреді деп жориды. Қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен ілесіп кетеді деп ырымдалады.
* Қазақ қыздары үйдегі қонақтың қарсы алдына келіп, талтайып отырмайды. Мұндай қылық қызды ұят-сыз іске ұрындырады, бақы-тсыздыққа душар етеді деп ырымдайды.
* Қонақтың пышағы немесе бәкісі дастарханмен бірге жиналып кетсе, қай-тарып берілмейді. Қонақ ет турағанда пышағын өзі сүртіп қынына салып алуы керек. Егер дастарханмен бірге жиналып кетсе, қо-нақ үндемейді, пышағын сұра-майды. Сұраса: «Қырық пы-
шақ боп өштеседі» деп жориды.
* Сый табақпен екі кәрі жілік бірге тартылса, қонақ қуанады. Жол оң болады деп жориды. Байлық, бақ қонады деп иланады. Жілі-ктерді еттен тазалап, мүжіп, өзі алып кетеді де, үйінің босағасына іліп қояды.
* Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа босанған әйелдің үсті-
не кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана біраз демалғаннан кейін беті-қолын жуып, сыртқы киімдерін шешіп, жеңілде-нгеннен соң барып кіруге тиіс. Өйткені, жол азабын тартқан адамның түсі сұс-ты, қабағы қатыңқы болады. Өмір есігін жаңа ашып, көзі мөлдіреп жатқан сәби мен сүйек-сүйегі босап, әлсіреп жатқан ана шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген қонаққа ілесіп келіп, жын жабыспасын деп ырымдаған.
* Қазақта кетік, жырық ыдыспен қонаққа ас бер-мейді. Себебі, ыдыстың кетігінен сайтан қосарлана ас ішеді, қонақ қорланады, қонақтың жебеуші иесі шамданып, кәрін төгеді деп ырымдайды.
* Қонақты сыйламас бұрын үй қожасының өзі астан ауыз тиюге тиісті. Бұл астың адалдығын, қонақ-жайлылықты таныта-ды.

Сәбит Мұқанов:

«Үйіне кірген кісіге қазақ ас татырмай жі-бермейді. Сондағы бере-тіні – бар болса, қымыз, ол болмаса айран, ірімшік, құрт сияқты тағам-дар болған.

Арабша «дәм», «та-ғам» деген сөздің қазақ-ша мағынасы – «ас», «тамақ». Дәмді жоғары тұтатын қазақ, «дәм-тұзымды тат, расыңды айт» дейді. Қастандық қылған біреуді «дәм-тұзына тапсырады», «та-тқан дәмге қас қылған жігіт оңбас» дегенді өлеңіне қосады.

Үйіне алыстан келген адамға бірнеше күн тегін тамақ беру қазақтың ертеден келе жатқан ата дағдысы. Сол дағды күні бүгінге дейін бар. Қазақтың әр үйі «тәтті-дәмді» дейтін асын өзі татпай, қонақ келсе «ұялып қаламыз» деп, көпке дейін соған сақ-тайды.

Қонаққа беретін тамақ «қонағасы» деп аталады. Қонағасы келген кісіге қарай әрқилы болады. Бірақ қазақ үйіне келген қонақтың қандайын болса да тойғызбай аттан дырмайды

Автор Есетова Алтыншаш Карабаевна
Дата добавления 02.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 503
Номер материала 20676
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓