Главная / Классному руководителю / "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"

"Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"

Күні: 01.09.2014ж.

Класс: 7 "Б"

Тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.
Мақсаты: Оқушыларға тақырыптың мағынасын аша отыра, отанын сүюге, Елбасын құрметтеуге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге баулу, ой өрісі кең, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың суреті, елбасы сөзі.
Барысы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Мұғалім: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы : Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.
Өткен жылы Қазақстан -2050 стратегиясын қабылдап, қазақ елі әлем елдері арасында шын мәніндегі қалыптасқан мемлекет екенін көрсеткен еді. Биылғы 2014 жылы Елбасымыздың «Қазақстан -2050 : Бір мақсат, бір мүдде, бір болшақ» -атты Қазақстан халқына Жолдауы өз сабақтастығын Қазақстан 2050 стратегиясынан алғандығымен ерекшеленеді. Басты мақсат дамыған 30 елдің қатарына ену болғандықтан жолдаудағы 7 айқын бағыт дұрыс таңдалып жан-жақты маңызы мен мақсатын аша түскендігімен жанымызға жақын болып отыр.

Қазақстан - 2050 стратегиясының логотипін таныстыру
2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді.
Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады.
2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге беглгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады.
Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай - ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ.
Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі.
Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта.
Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.

Миға шабуыл:
- Біздің мемлекетіміз: Қазақстан.
- Қазақстан облыстары: Алматы облысы, Атырау облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы.

- Біздің облыс: Ақтөбе облысы,
- Біздің тұңғыш президентіміз: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұра мәлімет.

Ән: Қуанышова Балнұрдың орындауында "Астана" әні.

Суреттер айдары: "Мәңгі ел - Қазақстан"

Өлеңдер:

Дана:

Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба,Туын,Әнұран-
Тәуелсіздікке тәнтбелгі-
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер,

«Еліміздің рәміздері»- көшейік.
Көк жүзінде көгілдір
Гүл жайнаған мөлдір нұр.
Қазақстан жалауы-
Азаттықтың алауы.
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда.

Ақмырза:

Мөлдір,бұлтсыз ашық аспан күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.
Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім,
Ырымдады болса екен деп сәтті күн.
Бейбітшілік,тыныштықтың нышаның,
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.

Назгүл:
Өр қанатты сұңқардың
Қанатымен шырқар кім?
Қазақстан Отаным,
Әлем білген атағын.
Жарқыраған әр танды
Мемлекеттік Елтаңба.
Халқымыздың бейнесін
Кең таныта өрлесін.


Жігер:

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

Динара:

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

 

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Шерхан:

Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.

Намысын ешкімге қолынан бермеген.

Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

 Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,

Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.

Қазақтың тілері ата жол салтымен

Достасу, туысу әр елдің халқымен.

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.

Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,

Қазақтың елі мен даңқты даласын.


Қорытынды:Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата - ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…- біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
Мұғалім:

Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!



"Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"
  • Классному руководителю
Описание:

Күні: 01.09.2014ж.

Класс: 7 "Б"

Тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.
Мақсаты:
Оқушыларға тақырыптың мағынасын аша отыра, отанын сүюге, Елбасын құрметтеуге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге баулу,  ой өрісі кең,білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың суреті, елбасы сөзі.
Барысы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,

 

Автор Елубаева Гульсезим Курмангазиевна
Дата добавления 19.12.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 363
Номер материала 8342
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓