Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалы"Ғашық көңіл - мәңгі жасыл айдын көл" ұлттық ғашықтар күніне арналған сценарий

"Ғашық көңіл - мәңгі жасыл айдын көл" ұлттық ғашықтар күніне арналған сценарий

Скачать материал

1-жүргізуші: Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік ___________________________________________________________________________. Осылардың барлығы шынайы махаббаттың символы іспетті. 

2-жүргізуші: Сан мыңдаған ғасырлар бойы аттары аңызға айналған жұптардың жалынды жырлары мен махаббат хикаялары күні бүгінге дейін сақталып отыр.

1-жүргізуші: Бүгін біз барша адамзат аңсаған ұлы сезім махаббатты жырласақ дейміз.

2-жүргізуші: Олай болса ұлттық ғашықтар күніне орай ұйымдастырылып отырған "Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл" махаббат кешіне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Қанша ғашық арманына ұмтылды,

Қанша жүрек құштарлықпен бұлқынды,

Ғашықтарды құрмет тұтып адамзат,

Ешқашанда ұмытпайды бұл күнді!

Шуақ шашып қап - қараңғы түнектен,

Ғашықтарды пәк сезіммен нұр сепкен,

Жарық болсын әрқашан да жұлдызың,

Құттықтаймыз Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнімен !!!

2-жүргізуші: Ал, ендеше " Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл " сайысымызды бастаймыз!

1-жүргізуші: Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

1-бөлім "Тегін білген текті елдің ұрпағымыз" салт-дәстүр бойынша жұптар таныстыруы.

2-бөлім "Поэзия патшалығында" ақындардың махаббат туралы шығармаларын сезімге беріле жеткізу.

3-бөлім "Өнерің болса, қанекей!" эстрадалық әнші жұптардың пародиялық көрінісі.

4-бөлім "Тарихқа үңілсек..." ұлы ғашықтардың сезімдерін көрініс арқылы жеткізу.

5-бөлім "Ұшқыр ойлы, жүйрік қиял жұпсың ба?" салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беру.

2-жүргізуші:

Бүгін біздің аламанда дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, ән төгілсін

Қош келіпсіз көрермендер, сергісін бой, -демекші, сайысымызды бастамас бұрын ортаға осы сайысқа қатысушы жұптарды шақырамыз.

1-жұп:

2-жұп:

3-жұп:

4-жұп:

5-жұп:

6-жұп:

7-жұп:

1-жүргізуші:

Шын жүйрік сыналатын кезең келді,

Көрейік тамашалап сайысты енді.

Әділқазы ойы терең,ақылы кең,

Саралап,әділ баға берсін енді, - дей келе алдымен әділқазы алқасымен танысып алайық. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Дәутова Гүлзада, Қашуова Анар апайлар және аудандық "Серпер" үнжариясының тілшісі Ғұмаров Қанат ағай.

2-жүргізуші: Халқымыздың ең асыл қасиеттерінің бірі- тектілік. "Жеті атасын білмеген жетесіз" дейді халқымыз. Сондықтан да ең алғашқы бөлім "Тегін білген текті елдің ұрпағымыз" деп аталады. Бұл бөлімде әр жұп өздерін салт-дәстүр бойынша таныстырады.

1-жүргізуші:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады
Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан,
әлем соған сенеді
Құлай сүю- ерлікпен тең себебі! 

2-жүргізуші: Ия, қандай керемет өлең жолдары. Бұл Мұхтар Шахановтың поэзиясынан алынған емес пе?

1-жүргізуші: Дәл таптың, осынау ұлы сезімді жырламаған ақын жоқ шығар?! Ендеше мен жақсы көретін келесі бөлімімізге де кезек берейік. 2-бөлім "Поэзия патшалығында" ақындардың махаббат туралы шығармаларын сезімге беріле жеткізу.

2-жүргізуші:

Уа, халайық, қараңдар,

Үлкен-кіші жарандар.

Еліктірер адамды,

Өнерімен әп - сәтте-ақ.

Жанды жаулап алатын,

Өнерлі жұпқа қараңдар, -демекші, өнерлі өрге жүзетін, мақсатына жететін, "Өнерің болса, қанекей!" атты өнер бөліміне де келіп жеттік. Бұл бөлімде өмірде де, өнерде де жұптары жазылмай жүрген әнші жұптарымыздың пародиялық көрінісі үй тапсырмасы ретінде тапсырылған болатын.

1-жүргізуші: 4-бөліміміз "Тарихқа үңілсек..." деп аталады. Бұл бөлімде жұптарымыз ұлы ғашықтардың бір-біріне деген сезімдерін көрініс арқылы жеткізе білуі тиіс.

2-жүргізуші:

Жан-жақты болу керек нағыз өрен,

Секілді өткір жүзді бейне ақберен.

Тапқыр да, жүйрік қиял жұбымыздың,

Есте сақтау қабілетін білсек терең, -дей келе бұл бөлім "Ұшқыр ойлы, жүйрік қиял жұпсың ба?" деп аталады. Бұл бөлімде қазақтың халық ауыз әдебиетіне, салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына байланысты сұрақтарға жауап беріледі.

1. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер? (Қозы Көрпеш - Баян сұлу)

2. Ерулік деген не?

Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады.

1. Руы оның жағалбайлы,

Жылқысының көптігінен баға алмайды.

Оның өлгені рас болса,

Құдайым, Қыз-Жібекті неге алмайды, - деп кімнің өлімін жоқтап отыр. (Қыз Жібек Төлегенді жоқтауы)

2. Бәсіре деген не?

Қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп алатын ен салынған мал.

1. Бірін-бірі сүйгені үшін қуғынға ұшыраған Еңлік-Кебекке арналған ескерткіш қай жерде (Семей жеріндегі Ералы өзееенінің бойында)

2. Сонар деген не?

Қыстың күні алғашқы қар түскенде жүрген аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күні аңға шығады дағ ізіне түскен аңды соғып алады.

1. Халық есінде ғашықтар мұнарасы, махаббат белгісі ретінде жатталып қалған "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" кесенесі Қазақстанның қай жерінде? (Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз жерінде, Таңсық станциясының оңтүстік сілемінде, станциядан 10 шақырым жердегі Тарлаулы ауылынан өтетін Аякөз өзенінің оң жағасындағы биік дөң басында)

2. Аманат деген не?

Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары. Аманатты сақтау, оны мезгілінде қайтарузор адамгершілікке жатады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды. Ол өте ауыр күнә деп есептелінеді.

1. Шығыста өткен жеті ғашық. Олар кімдер? (Ләйлі-Мәжнүн, Фархад-Шырын, Жүсіп-Зылиқа, Бахрам-Күләнда, Сейпілмәлік-Жамал, Бозжігіт-Қарашаш, Зизді-Қорлығайын)

2. Енші деген не?

Үйіндегі балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние-мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды.

1. “Естай - Хорлан” атты поэмасының авторы (М.Әлімбаев)

2. Тұлым қою деген не?

Кішкентай кезінде баланың барлық шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп атайды.

1. "Еңлік-Кебек" дастанының авторы (Шәкәрім Құдайбердіұлы)

2. Тәбәрік деген не?

Біреу ойын-тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрге кәде алса, одан жанындағыларға үлес беруі керек. Мұндайды жұрт одан "Тәбәрік бер" деп сұрап алады.

1. 1971 жылы Ғабит Мүсірепов сценариі бойынша Сұлтан Қожықов «Қыз Жібек» фильмін түсірді.Төлеген мен Жібек рөлін кімдер сомдады? ( Құман Тастанбеков және Меруерт Өтекешева)

2. Құдайы қонақ деген кім?

Бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олан нағыз сауабы тиетін қонақ. Оларды ықыласпен қарсы алып, дұрыстап күткен жөн.

2-жүргізуші: Кешегі өткен тарихқа бір сәт ой жіберсек, халқымыздың інжу - маржан сөз қазынасына ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан - ұрпаққа жеткен Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Еңлік пен Кебек, Ләйлі мен Мәжнүн, Естай мен Қорлан бейнелері адамгершілік парасаттылығымен, сүйген жарға деген адалдығымен шоқтығы биіктеп дараланып көрінер еді.

1-жүргізуші: Махаббат тақырыбы әдебиетте сонау көне заманнан бері жырланып келеді. Қанша мол жазылып, көп шиырланғанымен махаббаттың сырлы шежіресін ешкім де жазып тауысқан емес.

2-жүргізуші: " Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл " сайысының қорытынды сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

1-жүргізуші:

Арман барда жігер гүлі солмайды,

Ал махаббат жүрек отын толғайды.

Бәлкім, мәңгі жолы сәтсіз болуы,

Бірақ оны мүсіркеуге болмайды.

Бұл жайды көп мұңдаудың не орны бар,

Жандар да бар пәк сезімді қор қылар.

Махаббатты үйлену деп ойлайды

Құдіреттің құнын білмес сорлылар.

2-жүргізуші: Осымен 15 сәуір - ұлттық ғашықтар күніне арналған "Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл" сайысы аяқталды. Адам атаулының туған жерге, ата-анаға, досқа, мектеп, ұстазға ғашық жандардың таза, мөлдір, мәңгілік махаббатына еш қылау түспесін! Сезімдеріңіз баянды болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ғашық көңіл - мәңгі жасыл айдын көл" ұлттық ғашықтар күніне арналған сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

1-жүргізуші: Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы-Баян, Ләйлі-Мәжнүн, Жібек-Төлеген, Естай-Қорлан, Еңлік-Кебек, Фархад-Шырын, Жүсіп-Зылиқа. Осылардың барлығы шынайы махаббаттың символы іспетті. 

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2015 7730
    • DOCX 47 кбайт
    • 135 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токаев Рустем Серикбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Токаев Рустем Серикбаевич
    Токаев Рустем Серикбаевич
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44509
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Слесарь газоопасных работ: обслуживание КИПиА газопроводов и газового оборудования СУГ на АГЗС

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация деятельности специалиста по эксплуатации радиоэлектронных средств

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Реабилитационная работа в социальной сфере

Специалист по социальной реабилитации

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов