Главная / Математика / "Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n- ші мүшесінің формуласы".

"Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n- ші мүшесінің формуласы".


Бекітілді:

Сабақтың тақырыбы. Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның

n- ші мүшесінің формуласы.

Сабақтың мақсаты. А) Арифметикалық прогрессияның анықтамасы

және арифметикалық прогрессияның n-мүшесінің

формуласын және қасиетін түсіндіру. Есептер шығару.

Ә) Есептер шығару барысында оқушылардың танымдық

және өздігінен ойлау қаблетін дамыту.

Б) Әр оқушының өздігінен еңбектенуге, шапшаңдыққа

ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың өдісі:Сыни тұрғысынан ойлау ,сұрақ-жауап, деңгейлеп –саралап оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер ,деңгейлік тапсырмалар,

Слайдтар.

Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сыныптың сабақ бастауға дайындығын тексеру.

ІІ. «Қайталау -оқу анасы »

Үй тапсырмасын сұрау.Өткен тақырыпқа шолу жасау.

«Кім жылдам ?» сұраққа жауап

  1. Сан тізбегі деген не?

  2. Сан тізбегінің мүшелері қалай жазылады ?

  3. Сан тізбегінің қандай берілу тәсілдері бар?

  4. Қандай жағдайда тізбек өспелі тізбек деп аталады?

  5. Қандай жағдайда өспейтін тізбек деп аталады?

  6. Қандай тізбек кемімелі тізбек деп аталады?

  7. Қандай тізбек кемімейтін тізбек деп аталады ?

  8. Қандай тізбектер бірсарынды тізбектер деп аталады?

ІІІ« Ой қозғау» Жаңа сабақ

А) Прогрессия тарихынан мағлұмат

Прогрессия –(латын сөзі) алға қарай қозғалыс, өрлеу деген мағынаны білдіреді. Прогрессиялар мен тізбектер жөніндегі ілімнің алғашқы нысаны мысырлықтар мен вавилондықтардан басталды.

Ә)Айталық 3-ке бөлгенде қалдығы 1-ге тең натурал сандар тізбегін қарастырайық.

1; 4; 7; 10; 13 ; 16; ...... Не байқадыңдар ?

Бұл тізбек 2-ші мүшесінен бастап әрбір мүшесі өзінің алдындағы көршілес мүшеге 3-ті қосу арқылы алынатынын көреміз. Бұл тізбек арифметикалық прогрессияға мысал бола алады.

Анықтама егер а12,...аn,.. тізбегінің 2-ші мүшесінен бастап әрбір мүшесі өзінің алдындағы көршілес мүшеге бірдей тұрақты санды қосқанға тең болса, онда бұл тізбекті арифметикалық прогрессия деп атаймыз.

Яғни, кез-келген п натурал саны үшін ап+1= ап+d `(1)теңдігі орындалса, онда hello_html_m5e8fad2c.gif тізбегін арифметикалық прогрессия деп, d санын арифметикалық прогрессияның айырмасы деп атайды.

Сонымен арифметикалық прогрессияның айырмасы үшін d=ап+1п(2)теңдігі орындалады.





Жоғарыда келтірілген мысалдан ап=3п-2 , ап+1=3n+1 болғандықтан,

d=an+1-an=3n+1-(3п-2)=3

Арифметикалық прогрессияның п- мүшесінің формуласы

Енді арифметикалық прогрессияны бірінші мүшесі а1 мен айырмасы d арқылы толық анықтауға болатынын көрсетейік.Ол үшін п-ші мүшесі ап-ді d мен а1 арқылы өрнектесе жеткілікті

Арифметикалық прогрессияның анықтамасы бойынша .

a2=a1+ d

a3=a2+d=1+d)+d=a1+2d

a4=a3 +d=1+2d)+d=a1+3d

a5=a4 +d=1+3d)+d=a1+4d

Осыдан мынадай болжам шығады.ап=a1+(п-1)d

Сонымен арифметикалық прогрессияның п-мүшесінің формуласы.ап=a1+(п-1)d (3)

Сонымен қатар арифметикалық прогрессияның екінші мүшесінен бастап , оның әрбір мүшесі өзімен көршілес екі мүшесінің арифметикалық ортасына теңболады.

an=hello_html_m22dc5b66.gif

Енді осы формулаға бірнеше мысалдар қарастырайық

1-мысал а1=-2 d=0.5 hello_html_m557ef345.gifhello_html_17384489.gifарифметикалық прогрессияның 25- мүшесін табу керек

Шешуі : a25=a1+24d= -2+24*0.5=10

2-мысал 9 және 5 сандарының арасына осы сандармен бірге арифметикалық прогрессия құрайтындай етіп жеті сан жазу керек.

IV «Біліміңді сынап көр» Жаңа тақырып бойынша есептер шығару

165 1) 19,15,11,... арифметикалық прогрессияның бесінші мүшесін табыңдар.

а1=19 a2=15 d= a2- a1=15-19=-4 a5=a1+4d=19+4*(-4)=3 Жауабы . 3

2) -1;3; 7; .... а5-?

d=3+1=4 a5=a1+4d=-1+4*4=15 Жауабы: 15

168hello_html_m5e8fad2c.gifарифметикалық прогрессия, алғашқы 4 мүшесін жазыңдар.

  1. a1=10 d=0.7 болса, а11= a1+10d=10+10*0.7=17

  2. a1=186 d=-0.5 , a20=a1+19d=186+19*(-0,5)=176.5


167 №169 есептер.

V «Бар нәрсеге білім қолды жеткізер» Тест тапсырмалар



Тапсырмалар

Табу керек

А

В

С

А

1

a1=-5 a2=7

d

12

2

-12

2

a1= 3 d=3

a10

36

33

30

B

1

a4= 9 a6= 21

a5

12

15

-6

C

1

a4= -12 a6= 16

a5

1

-2

2


YІ.« Ой –түйіні » Сабақты қорытындылау

1. Не білдім ?

2. Нені үйрендім ?

3. Нені білгің , үйренгің келеді ?

VIІ. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма . №208










Жоспар :

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. «Қайталау - оқу анасы »

Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыпқа шолу жасау.

ІІІ« Ой қозғау»

А) Прогрессия тарихынан мағлұмат Ә) Жаңа сабақ

IV «Біліміңді сынап көр» Жаңа тақырып бойынша есептер шығару

V «Бар нәрсеге білім қолды жеткізер» Тест тапсырмалар

YІ. « Ой –түйіні » Сабақты қорытындылау

VIІ. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма





































4 Хромтау орта мектебі







Ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы:

Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның

п-ші мүшесінің формуласы.





Пән мұғалімі: Мирманова Г.И.

9-сынып





















2014-2015 оқу жылы

"Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n- ші мүшесінің формуласы".
  • Математика
Описание:

Сабақтың  тақырыбы. Арифметикалық  прогрессия. Арифметикалық  прогрессияның

n- ші  мүшесінің   формуласы.

Сабақтың  мақсаты.  А)  Арифметикалық   прогрессияның  анықтамасы 

                                              және  арифметикалық  прогрессияның  n-мүшесінің

                                             формуласын және  қасиетін  түсіндіру. Есептер  шығару.

                                        Ә) Есептер  шығару  барысында  оқушылардың  танымдық

                                             және  өздігінен  ойлау  қаблетін  дамыту.

                                        Б) Әр  оқушының  өздігінен  еңбектенуге,  шапшаңдыққа

                                             ұқыптылыққа, дәлдікке  тәрбиелеу. 

Сабақтың  түрі :          Жаңа  білім  беру  сабағы      

Сабақтың өдісі:Сыни тұрғысынан  ойлау ,сұрақ-жауап, деңгейлеп –саралап  оқыту.

Сабақтың  көрнекілігі:   Интерактивті  тақта, кестелер ,деңгейлік  тапсырмалар,

                                                Слайдтар.

Сабақтың  барысы :        І     Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды  түгендеп, сыныптың  сабақ  бастауға  дайындығын  тексеру.

ІІ.  «Қайталау  -оқу  анасы »

Үй тапсырмасын  сұрау.Өткен  тақырыпқа  шолу жасау.

«Кім  жылдам ?» сұраққа  жауап

1.     Сан  тізбегі  деген  не?

2.     Сан  тізбегінің  мүшелері  қалай  жазылады ?

3.     Сан  тізбегінің  қандай  берілу  тәсілдері  бар?

4.     Қандай  жағдайда  тізбек  өспелі  тізбек  деп  аталады?

5.     Қандай  жағдайда   өспейтін  тізбек  деп  аталады?

6.     Қандай  тізбек  кемімелі  тізбек  деп  аталады?

7.     Қандай  тізбек  кемімейтін тізбек  деп  аталады ?

8.     Қандай  тізбектер бірсарынды  тізбектер  деп  аталады?

ІІІ« Ой қозғау»  Жаңа  сабақ

А)   Прогрессия  тарихынан   мағлұмат

Прогрессия –(латын  сөзі) алға  қарай  қозғалыс, өрлеу  деген   мағынаны  білдіреді. Прогрессиялар   мен  тізбектер  жөніндегі  ілімнің  алғашқы  нысаны  мысырлықтар  мен  вавилондықтардан басталды.                         

Ә)Айталық  3-ке  бөлгенде  қалдығы  1-ге тең  натурал  сандар  тізбегін  қарастырайық.

1; 4; 7; 10; 13 ; 16;  ...... Не  байқадыңдар ?

Бұл  тізбек  2-ші  мүшесінен  бастап  әрбір  мүшесі  өзінің  алдындағы  көршілес  мүшеге 3-ті  қосу  арқылы  алынатынын  көреміз.  Бұл  тізбек  арифметикалық  прогрессияға  мысал  бола  алады.

Анықтама  егер а1.а2,...аn,.. тізбегінің  2-ші  мүшесінен  бастап  әрбір  мүшесі  өзінің  алдындағы  көршілес  мүшеге бірдей  тұрақты  санды  қосқанға  тең  болса,  онда  бұл  тізбекті арифметикалық  прогрессия  деп  атаймыз. 

Яғни,  кез-келген п натурал  саны  үшін  ап+1= ап+d    `(1)теңдігі  орындалса,  онда  тізбегін  арифметикалық  прогрессия  деп,   d санын  арифметикалық  прогрессияның  айырмасы  деп  атайды.

Сонымен  арифметикалық  прогрессияның  айырмасы  үшін d=ап+1-ап(2)теңдігі  орындалады.

Жоғарыда  келтірілген  мысалдан  ап=3п-2   , ап+1=3n+1 болғандықтан,

d=an+1-an=3n+1-(3п-2)=3

Арифметикалық  прогрессияның  п- мүшесінің  формуласы

Енді  арифметикалық  прогрессияны  бірінші  мүшесі  а1 мен  айырмасы  d арқылы  толық  анықтауға  болатынын  көрсетейік.Ол үшін  п-ші  мүшесі  ап-ді d мен  а1 арқылы  өрнектесе  жеткілікті

Арифметикалық  прогрессияның  анықтамасы  бойынша .

a2=a1+ d

a3=a2+d=(а1+d)+d=a1+2d

a4=a3 +d=(а1+2d)+d=a1+3d

a5=a4 +d=(а1+3d)+d=a1+4d

Осыдан  мынадай  болжам  шығады.ап=a1+(п-1)d

Сонымен арифметикалық  прогрессияның  п-мүшесінің формуласы.ап=a1+(п-1)d (3)

Сонымен  қатар  арифметикалық  прогрессияның  екінші  мүшесінен  бастап ,  оның  әрбір  мүшесі  өзімен  көршілес  екі  мүшесінің  арифметикалық  ортасына  теңболады.   

Енді  осы  формулаға  бірнеше  мысалдар  қарастырайық

1-мысал  а1=-2   d=0.5  арифметикалық  прогрессияның 25- мүшесін  табу  керек

Шешуі : a25=a1+24d= -2+24*0.5=10

2-мысал  9 және 5 сандарының  арасына  осы  сандармен  бірге  арифметикалық  прогрессия  құрайтындай   етіп  жеті  сан  жазу  керек.

IV   «Біліміңді  сынап  көр» Жаңа  тақырып  бойынша  есептер  шығару

№165     1)  19,15,11,...  арифметикалық  прогрессияның  бесінші  мүшесін  табыңдар.

а1=19   a2=15  d= a2- a1=15-19=-4      a5=a1+4d=19+4*(-4)=3 Жауабы .  3

2) -1;3; 7; ....    а5-?

d=3+1=4      a5=a1+4d=-1+4*4=15          Жауабы:  15

№168арифметикалық  прогрессия, алғашқы  4  мүшесін  жазыңдар.

1)     a1=10 d=0.7  болса,  а11= a1+10d=10+10*0.7=17

2)     a1=186 d=-0.5 ,         a20=a1+19d=186+19*(-0,5)=176.5

 

№ 167 №169  есептер.

V  «Бар  нәрсеге  білім  қолды  жеткізер»    Тест  тапсырмалар

 

 

Тапсырмалар

Табу керек

  А

В

С

А

1

a1=-5   a2=7

d

12

2

-12

2

a1= 3     d=3

a10

36

33

30

B

1

a4= 9     a6= 21   

a5

12

15

-6

C

1

a4= -12     a6= 16 

a5

1

-2

2

 YІ.« Ой –түйіні »  Сабақты  қорытындылау

1.   Не  білдім ?

 2.  Нені  үйрендім ?

3.   Нені  білгің  , үйренгің  келеді ?

VIІ.     Оқушыларды  бағалау.  Үйге  тапсырма .  №208  

Автор Мирманова Гульдана Ибраевна
Дата добавления 06.01.2015
Раздел Математика
Подраздел
Просмотров 739
Номер материала 37542
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓