Сынып
|
5 «А»
|
5 «Ә»
|
5 «Б»
|
5 «В»
|
5 «Г»
|
Күні
|
|
|
|
|
|
Сабақтың тақырыбы:
Ақпараттың
көлемі және оның өлшем бірліктері
Сабақтың мақсаты: ақпарат
саны түсінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпарат санын
анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылар білуі
тиіс: компьютерде
ақпаратты өлшеу тәсілдерін, «бит», «байт»ұғымдарын, ақпараттың көлемін
екілік түрде өлшеу, ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат беру жылдамдығын
өлшеу бірліктерін.
Оқушылар үйренуі
тиіс: мәтіндік
ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне
ауыстыруды.
Сабақтың
барысы
I
Ұйымдастыру кезеңі
II Сабақтың
мақсаты мен міндеттерін қою
III Білімді
өзектендіру
IV Үй
тапсырмасын тексеру
§3 бойынша тест тапсырмасы
орындалады. Тест алып болған соң дұрыс жауаптар экранға шығарылады.Оқушылар
өзара жауаптарын тексереді.Жиі кездесетін қателерді талдайды.
V Жаңа
тақырыпты түсіндіру
Ақпарат екілік жүйеде
кодталатынын оқушыларға түсіндіріп өту керек.Кодтау ұстанымын оқулықта
көрсетілген қосқыш-ажыратқыш мысалы арқылы түсіндіруге болады. «Ақпараттың
өлшем бірліктері»ұғымын енгізгеннен кейін байт түсінігі жүктемесіне тоқтала
кету керек.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, мәтінді ақпараттың 1 символын
кодтауда 1 байт элементі енгізіледі. Орта және жоғары буын оқушыларында бұл
тақырып нақты дәлелдермен оқытылады. 1кбайт 1000байт емес,ол 1024 байтқа тең
екенін түсіндіру керек. Оқушылар екілік есептеу жүйесімен биыл жұмыс істемейді.
Бірақ материалдың пропедевтикасы (алдын ала үйретемін) осы және басқа
сабақтарда қойылады.
VI Компьютерде
тәжірибелік жұмыс орындау
А-деңгейлік
тапсырма әр қадам бойынша жазылған,оқушылардың тапсырманы тармақ бойынша
орындауы жеткілікті.
В-деңгейінің
тапсырмасын күрделілек.Мұғалім бұл тапсырманы бермес бұрын оқушылардын орындау
қабілетін білу үшінтапсырма мәтінімен танысып,өз денгейлерін анықтап алуына
және тапсырманы таңдауға мүмкіндік береді.Соңынан оқушылардың ақпараттық
технологияларды меңгеруін,осы және басқа деңгейдегі тапсырмаларды орындау
деңгейлеріне назар аударады.
С-деңгейлік тапсырмасы өте
қабілетті оқушыларға арналған.Олар үшін тапсырма қадамсыз құрастырылған.Бұл
тапсырманы орындау үшін оқушы калькулятор стандартты программасын қосып және
осы программада жұмыс істей білуі керек.
А деңгейі
1.WordPad мәтіндік
редакторын ашыңдар.Ол үшін біртіндеп Пуск→Все программы→Стандартные→
WordPad батырмаларын басыңдар.
2. «Ақпаратты сақтауға,жеткізуге
және өңдеуге болады»мәтінін теріңдер.Үтір қазақша тергенде жоғарғы қатардағы
«6»батырмасы арқылы теріледі,ал бас әріптерді теру үшін Caps Lock пернесін
басуларын керек.Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет
басыңдар.
3. Өз ақпараттарынды
сақтап,программаны жабыңдар.
В деңгейі
1. WordPad мәтіндік
редакторын ашыңдар (Пуск→Все программы→Стандартные→ WordPad).
2. «Түйін»
бөліміндегі мәтінді теріңдер.
3. Өз
ақпараттарыңды сақтап,программаны жабындар.
С деңгейі
«Бақылау сұрақтары
мен тапсырмалар»бөліміндегі 6-тапсырманы орындарыңдар.Ол үшін өздеріңе белгілі
кез келген программаны қолданыңдар.
Бақылау сұрақтары
мен тапсырмалар
1. Ақпаратқа
қандай амалдар қолдануға болады?
2. Адам
ақпаратты қалай сақтайды?
3. Ақпаратты
қайда сақтауға болады?
4. Ақпаратты
жөңелту арналары деген не?Мысал келтіріңдер.
5. Адам ақпаратты
қалай өңдейді?
6. Әдетте
өздерін компьютерде ақпаратпен атқаратын әрекеттеріңді атаңдар.
VII Сабақты
қорытындылау
Тәжірибелік жұмыс
және есеп шығарғандары үшін оқушылардың білімдерін бағалау.
VIII Үй тапсырмасы
§4,тест сұрақтары
бойынша өз білімдерін тексеру,сұрақтарға жауап беру.
Тест
жауаптары:
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
D
|
A
|
C
|
B
|
C
|
C
|
A
|
B
|
A
|
D
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.