Главная / Технология / "Ал,кәнекей қыздар" сайыс 5 сынып

"Ал,кәнекей қыздар" сайыс 5 сынып

Структура методической разработки:

  • ФИО автора (полностью), должность и наименование учебного заведения:

Айтпаева Ардак Асылбековна

технология пәні мұғалімі

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Рудный орта мектебі


  • Тема классного часа / внеклассного мероприятия:

«Ал, қанеки, қыздар!» атты сайыс

  • Возраст учащихся:

11-16 жас


  • Продолжительность мероприятия:

  • 1 сағат

  • Цель:

  • Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

  • Задачи:

  • Материалы и оборудование:

  • Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары

  • Ход мероприятия:

- сайыстың тақырыбымен таныстыру,

- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,

- әділқазы алқаларымен таныстыру.

- сайыстың шарттарымен таныстыру, (плакатта жазулы тұр)

  • Литература:

Тарих, әдебиет, бейнелеу өнері,










C:\Users\PC\Desktop\20140129_092535.jpg







«Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле»  Абай.

«Ал, қанеки, қыздар!» атты сайыс

Өтілу формасы: Конкурс (сайыс)

Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру. Қалған керексіз заттардан нәрсе ойлап табу. Жасаған затты түсіндіру, шығып қорғау.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын сауық, жарыс.

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу өнері,

Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары.

Жоспары (1 сағатқа арналған).

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- сайыстың тақырыбымен таныстыру,

- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,

- әділқазы алқаларымен таныстыру.

- сайыстың шарттарымен таныстыру, (плакатта жазулы тұр)

ІІ. Сайыстың барысы:

ІІІ. Сайыс қорытындысы.

Сайыс барысы:

Жүргізуші:

Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,

Өнер –білімге икемді болсын деп,

Бәйтеректей бойшаңдансын деп,

Өрен-өршіл өркенді болсын деп,

Жақсы жолды таңдайық.

Жамандық тәлім алмайық,

- деп «Ал, қанеки, қыздар» атты сайысымызды бастайық.

1)                       - Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Бұл сайысқа 5-6-7 -8-9-10 сыныптардың «Жұлдызды қыздар», «Алтын оймақ», топтары өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.

Топқа бөлеміз

1 топтың қыздарын ортаға шақырамыз.

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.



1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады.

2-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын көрсету ( үй тапсырмасын көрсету)

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын.

Әділ қазылар алқасын сайлаймыз

3-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы. 5 сұрақ технология пәнінен

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.

           «Бәйге» 1-топқа «Жұлдызды қыздар»

1.     Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)

2.     Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

3.     Азық-түлік тапшы болғандағы жұт түрі (аштық)

4.     Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

5.     Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).

6.     Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетикалық)

7.     Мал сүйегінен шығарылатын дәмі, иісі жоқ мөлдір тағам желімі, ұнтақ немесе сары түстес кесек түйіршіктер (желатин)

8.     Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)

9.     Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)

10.  Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

      «Бәйге» ІІ – топ «Алтын оймақ»

1.     Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)

2.     Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)

3.     Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)

4.     Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)

5.     Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)

6.     Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)

7.     Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

8.     Шым кесте тігу үшін қандай маталар түрі пайдаланылады? (мақта мата, сиса, кенеп, жібек)

9.     Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)

10. Шыт, атлас, жібек (мата)

11. Қолдан тоқылған суретті-кілем (гобелен)

4-шарт. «Кім жылдам?»

Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.

Қалған керек емес заттардан қандайда бір нәрсе ойлап табу.

(әрбіреуі 2 заттан жасау)

5-шарт. «Тіл өнері»

Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу.

Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.

1-топ «Жұлдызды қыздар»

1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.          (Ине)       Оқу инемен құдық қазғандай.

 

2. Құрғақ жерде сақтайсың

    Онсыз тамақ татпайсың.                            (Тұз)      Доссыз адам – тұссыз ас.

 

3.Екі семсер айқасқан,                                                   Асыл қайшы пішуге сән,

   Оқта-текте шайқасқан.                 (Қайшы)               Күміс қасық – ішуге сән.

                                                                                      

4. Арық ат қарны қабысқан

    Бір көлді ішіп тауысқан.                           (Қасық)       Құрғақ қасық ауыз жыртар.

 

5. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,                                   Қоныс көркі – там,

   Қонақтарды көңілдене сыйлайды.             (Дастархан)    Дастархан көркі – нан.

2-топ «Алтын оймақ»

 1. Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда.

Бәрі содан шығады,                                                       Жылқыда өт жоқ,

Ірімшік май құртыңда.                            (Сүт)             Құста сүт жоқ.

 

2. Дастарханға шуылдап,

Күніне үш жиылар,

Жарты сағат қимылдап,                                       Шешесін көріп, қызын ал

Жарты сағат жуынар.                (ыдыс-аяқ)        Ыдысын көріп, асын іш.

 

 

3. Қимылдаса қос шебер,

    Қыруар-қыруар іс өнер                   (Қол)      Көз қорқақ, қол батыр.

 

4. Инеден өзі бір елі де қалмайды,

    Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды.                (Жіп)

 

5. Киім деуге жатпайды,

    Киімді кірден сақтайды.                     (Алжапқыш)

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ мараппатау қағазымен мараппаталады.

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортағас салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымзға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

Қорытынды: Еліміздің ,жеріміздің тазалығын сақтап, керексіз заттарды далаға шашып тастамай іске асырып керекке жұмсауға тәрбиелеу. Ұрпақтан –ұрпаққа тазалық үзілмей жалғасып отырса нұр үстіне нұр жауар еді.



C:\Users\PC\Desktop\фото энгер\DSC05525.JPG



C:\Users\PC\Desktop\фото энгер\DSC05534.JPG




C:\Users\PC\Desktop\фото энгер\DSC05548.JPGC:\Users\PC\Desktop\фото энгер\DSC05538.JPG

C:\Users\PC\Desktop\фото энгер\DSC05547.JPG

"Ал,кәнекей қыздар" сайыс 5 сынып
  • Технология
Описание:
  • Өнерді тану, қалған заттардан нәрсе ойлап табу.
  • Цель:

·         Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

  • Задачи:
  • Материалы и оборудование:
  • Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары
  • Ход мероприятия:

- сайыстың тақырыбымен таныстыру,

     - сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,

- әділқазы алқаларымен таныстыру.

- сайыстың шарттарымен таныстыру, (плакатта жазулы тұр)

  • Литература:

Тарих, әдебиет,  бейнелеу өнері,

 

 

Автор Айтпаева Ардак Асылбековна
Дата добавления 05.01.2015
Раздел Технология
Подраздел
Просмотров 1054
Номер материала 31571
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓