Главная / Химия / "Алкендер" тақырыбына химиядан презентация (11 сынып)

"Алкендер" тақырыбына химиядан презентация (11 сынып)

Алкендердің гомологтік қатары C2H4 - Этилен (Этен) C3H6 - Пропилен (Пропен) C...
 
Құрылысы:
Шығу тарихы Этиленді ең алғаш 1669 жылы неміс химигі және дәрігері Бехер күкі...
ӨНЕРКӘСІПТЕ АЛКЕНДЕРДІ АЛУ ТӘСІЛДЕРІ ЗЕРТХАНАДА
ӨНЕРКӘСІПТЕ АЛЫНУ ЖОЛДАРЫ АЛКАНДАР КРЕКИНГІ АЛКАН → АЛКАН + АЛКЕН ҰЗЫН КӨМІРТ...
АЛКАНДЫ ДЕГИДРЛЕУ АЛКАН → АЛКЕН + СУТЕК МЫСАЛ: Ni, t=500C Н3С - СН3 → Н2С = С...
ЗЕРТХАНАДА АЛУ ЖОЛДАРЫ СПИРТТЕРДІҢ ДЕГИДРАТАЦИЯСЫ СПИРТ → АЛКЕН + СУ МЫСАЛ: t...
ДЕГАЛОГЕНДЕУ МЫСАЛ: t Н2С – СН2 + Zn → Н2С = СН2 + ZnBr2 Br Br этен 1,2-дибро...
ДЕГИДРОГАЛОГЕНДЕУ спирттік H H ерітінді Н-С–С-Н+KOH→Н2С=СН2+KCl+H2O Н Cl этен...
Физикалық қаcиеттері Алкандардың гомологтық қатарындағы жалпы заңдылықтар (са...
Алкендердің химиялық қасиеттері Қосылу реакциялары Қанықпаған көмірсутектерге...
Гидрленуі (сутектің қосылуы). Алкендер сутекті қосып алып, сәйкес алкандарға...
Галогенденуі (галогендердің қосылуы). Алкендер галогендермен әрекеттескенде,...
Галогенсутектерді қосу. Алкендерге галогенсутектердің қосылуы оңай жүріп, нәт...
Алкендердің жануы. Сапалық құрамы алкандардай — көміртек пен сутектен тұраты...
Марковников ережесі Галогенсутектің сутек атомы сутегі көп көміртек атомына, ...
Ауылшаруашылығындағы маңызы Этиленнің жеміс-жидектердің пісуін тездететін ер...
БИОЛОГИЯЛЫҚ РӨЛІ Этилен газын өсімдік гормонына жатқызады себебі ол өсімдікте...
Алкендердің қолданылуы О СН2 Н2С Оксид этилена Сірке қышқылы Ацетальдегид Эт...
1 из 22

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Алкендердің гомологтік қатары C2H4 - Этилен (Этен) C3H6 - Пропилен (Пропен) C4H8
Описание слайда:

Алкендердің гомологтік қатары C2H4 - Этилен (Этен) C3H6 - Пропилен (Пропен) C4H8 - Бутен C5H10 - Пентен C6H12 - Гексен C7H14 - Гептен C8H16 - Октен C9H18 - Нонен C10H20 - Децен Қарапайым алкендерді атағанда кейде тривиальді атаулар қолданып, сәйкес алканның –ан жұрнағын –илен жұрнағы алмастырады; алкан-алкен, этан-этен, пропан-пропен және т.с.с.

№ слайда 2  
Описание слайда:

 

№ слайда 3 Құрылысы:
Описание слайда:

Құрылысы:

№ слайда 4 Шығу тарихы Этиленді ең алғаш 1669 жылы неміс химигі және дәрігері Бехер күкірт
Описание слайда:

Шығу тарихы Этиленді ең алғаш 1669 жылы неміс химигі және дәрігері Бехер күкірт қышқылымен этил спиртіне әсер ету арқылы алған.Ғалым бұл газдың метанға қарағанда химиялық белсенді деп анықтады. Екінші рет в 1795 жылы “Бехер ауасын” голландтық химик ғалымдар Дейман, , Потс-ван-Трооствик, Бонд және Лауверенбургтер ашты. Олар оны «майтекті газ» деп атады, себебі ол хлормен әрекеттескенде май тәріздес ерітінді дихлорэтан түзілген. Француз тілінде «майтекті» сөзі— oléfiant. Француз химигі Антуан Фуркруа осы терминді практикаға енгізді, ал осы типтегі басқа көмірсутектер анықталғанда бұл атау барлық класстар үшін олефин болып қалыптасты. XIX ғасырдың басында француз химигі Ж. Гей-Люссак этанолдың «майтекті» газдан және судан тұратынын тапқан.Осы газда ол хлорлы этилдің құрамынан анықтаған. Этиленнің сутек пен көміртектен тұратынын анықтаған химик ғалымдар ұзақ уақыт бойы оның нақты формуласын таба алмады. 1848 жылы Кольбе этиленнің формулуасын С4Н4 деп жазды оның ойын Либих құптады. Ж. Дюма этиленнің құрамын дұрыс анықтады, бірақ оның құрылымы алғашқыдай С2НН3[ дұрыс жазылмаған еді. 1862 жылы немістің химик-органик ғалымы Э.Эрленмейер этилен молекуласына қос байланыс қосуды ұсынды. Ал 1870 жылы орыстың атақты ғалымы А. М. Бутлеров осы тұжырымды дұрыс деп танып эксперимент жүзінде дәлелдеді.

№ слайда 5 ӨНЕРКӘСІПТЕ АЛКЕНДЕРДІ АЛУ ТӘСІЛДЕРІ ЗЕРТХАНАДА
Описание слайда:

ӨНЕРКӘСІПТЕ АЛКЕНДЕРДІ АЛУ ТӘСІЛДЕРІ ЗЕРТХАНАДА

№ слайда 6 ӨНЕРКӘСІПТЕ АЛЫНУ ЖОЛДАРЫ АЛКАНДАР КРЕКИНГІ АЛКАН → АЛКАН + АЛКЕН ҰЗЫН КӨМІРТЕК
Описание слайда:

ӨНЕРКӘСІПТЕ АЛЫНУ ЖОЛДАРЫ АЛКАНДАР КРЕКИНГІ АЛКАН → АЛКАН + АЛКЕН ҰЗЫН КӨМІРТЕК КІШІ КӨМІРТЕК ТІЗБЕКТІ ТІЗБЕКТІ МЫСАЛ: t=400-700C С10Н22 → C5H12 + C5H10 декан пентан пентен

№ слайда 7 АЛКАНДЫ ДЕГИДРЛЕУ АЛКАН → АЛКЕН + СУТЕК МЫСАЛ: Ni, t=500C Н3С - СН3 → Н2С = СН2
Описание слайда:

АЛКАНДЫ ДЕГИДРЛЕУ АЛКАН → АЛКЕН + СУТЕК МЫСАЛ: Ni, t=500C Н3С - СН3 → Н2С = СН2 + Н2 этан этен (этилен)

№ слайда 8 ЗЕРТХАНАДА АЛУ ЖОЛДАРЫ СПИРТТЕРДІҢ ДЕГИДРАТАЦИЯСЫ СПИРТ → АЛКЕН + СУ МЫСАЛ: t≥14
Описание слайда:

ЗЕРТХАНАДА АЛУ ЖОЛДАРЫ СПИРТТЕРДІҢ ДЕГИДРАТАЦИЯСЫ СПИРТ → АЛКЕН + СУ МЫСАЛ: t≥140C, Н Н Н2SO4(конц.) Н-С – С-Н → Н2С = СН2 + Н2О Н ОН этен (этилен)

№ слайда 9 ДЕГАЛОГЕНДЕУ МЫСАЛ: t Н2С – СН2 + Zn → Н2С = СН2 + ZnBr2 Br Br этен 1,2-дибромэт
Описание слайда:

ДЕГАЛОГЕНДЕУ МЫСАЛ: t Н2С – СН2 + Zn → Н2С = СН2 + ZnBr2 Br Br этен 1,2-дибромэтан (этилен)

№ слайда 10 ДЕГИДРОГАЛОГЕНДЕУ спирттік H H ерітінді Н-С–С-Н+KOH→Н2С=СН2+KCl+H2O Н Cl этен хл
Описание слайда:

ДЕГИДРОГАЛОГЕНДЕУ спирттік H H ерітінді Н-С–С-Н+KOH→Н2С=СН2+KCl+H2O Н Cl этен хлорэтан (этилен)

№ слайда 11 Физикалық қаcиеттері Алкандардың гомологтық қатарындағы жалпы заңдылықтар (сан ө
Описание слайда:

Физикалық қаcиеттері Алкандардың гомологтық қатарындағы жалпы заңдылықтар (сан өзгерісінің сапа өзгерісіне ауысуы) алкендердің қатарында да байқалады. Гомологтардың молекулалық масcаларының өсулеріне байланысты балкқу және қайнау температуралары мен тығыздықтары артады. Алкендердің алғашқы үш мүшесі (этен, пропен, бутен) газдар, пентеннен С5Н10 бастап сұйық, ал С18Н36-дан бастап қатты заттар. Нормальді құрылымды алкендер тармақты изомерлерінен жоғарырақ температурада қайнайды. Цис- және транс- изомерлердің қайнау және балқу температураларында айырмашылықтар бар. Алкендер судан жеңіл, суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы ериді.

№ слайда 12 Алкендердің химиялық қасиеттері Қосылу реакциялары Қанықпаған көмірсутектерге қо
Описание слайда:

Алкендердің химиялық қасиеттері Қосылу реакциялары Қанықпаған көмірсутектерге қосылу реакциялары тән. Еселі — қанықпаған (қос) байланысы бойынша алкендер қосылу реакцияларына жеңіл түседі. Себебі σ-байланысқа қарағанда әлсіз π-байланысы оңай үзіліп, көміртек атомының босаған валенттіктеріне әрекеттесуші реагент молекуласының атомдары мен атом топтары қосылады. Реакция нәтижесіне көмірсутек молекуласындағы қос байланыстың біреуі — дара (σ-) байланыс қалып, алкандар немесе олардың туындылары түзіледі.

№ слайда 13 Гидрленуі (сутектің қосылуы). Алкендер сутекті қосып алып, сәйкес алкандарға ай
Описание слайда:

Гидрленуі (сутектің қосылуы). Алкендер сутекті қосып алып, сәйкес алкандарға айналады. Реакция металл катализаторлар Ni, Pt, Pd қатысында жүреді. Мысалы, пропенге сутек косылғанда, пропан түзіледі: Гидрлену: СН2 СН2+ Н2 СН3 СН3 Сутек қосыла журетін реакцияларды гидрлену реакциясы деп атайды. Гидрлену реакциясын зерттеуде Д. В. Сокольскийдің еңбегі зор.

№ слайда 14 Галогенденуі (галогендердің қосылуы). Алкендер галогендермен әрекеттескенде, ре
Описание слайда:

Галогенденуі (галогендердің қосылуы). Алкендер галогендермен әрекеттескенде, реакция қос байланыс бойынша жүріп, нәтижесінде, алкандардың дигалогентуындылары түзіледі. Реакция алкенді галогеннің ерітіндісімен кәдімгі температурада әрекеттестіргенде жүреді. Алкендерді бромды сумен (бромның судағы ерітіндісі) әрекеттестіргенде, ерітіндідегі бромның қызыл қоңыр түсі жойылып, түссіз дибромалкандар (СnН2nВг2) түзіледі: Н2С = СН2 + Вг2 → ВгН2С - СН2Вr Бромдау реакциясы алкендердің сапалық реакциясы болып табылады, бромның түссізденуі бойынша алкендерді сапалық анықтауға болады. Алкендердің фтормен әрекеттесуі шабытты жүреді, ал йодпен әрекеттесуі баяу жүреді. Этиленге хлор қосып, дихлорэтан С2Н4С L2 алуға да болады.

№ слайда 15 Галогенсутектерді қосу. Алкендерге галогенсутектердің қосылуы оңай жүріп, нәтиже
Описание слайда:

Галогенсутектерді қосу. Алкендерге галогенсутектердің қосылуы оңай жүріп, нәтижесінде, галогеналкандар түзіледі: H2C = CH2 + НСl → H3C - СН2Сl Гидраттану. Алкендер қос байланыс бойынша су молекуласын қосып алып, сәйкес спирттер түзеді: H2C=CH2 + H - OH —>H3C - CH2OH Бұл реакцияның өнеркәсіптік маңызы зор. Алкендердің қалыпты жағдайда тотығуы. Этиленді калий перманганатының ерітіндісі арқылы өткізсе, оның күлгін түсі жойылып кетеді. Бұл перманганаттың этиленді тотықтыратындығын көрсетеді. Реакция нәтижесінде екіатомды спирт — этиленгликоль түзіледі. Қатаң жағдайларда тотықтырғанда (күкірт қышқылы, перманганат немесе хром қоспасы катысында) алкен молекуласының қос байланысы үзіліп, оттекті органикалық қосылыстар түзіледі: HC3 - CH=CH - CH3 + /O/ → 2CH3 - COOH

№ слайда 16 Алкендердің жануы. Сапалық құрамы алкандардай — көміртек пен сутектен тұратын б
Описание слайда:

Алкендердің жануы. Сапалық құрамы алкандардай — көміртек пен сутектен тұратын болғандықтан, алкендер де жанады. Бірақ алкендер алкандарға қарағанда шала жануға (CO немесе күйе түзе) бейім болады. Оттек жеткілікті болғанда, алкендердің толық жануы нәтижесінде су мен көміртек (IV) оксиді түзіледі. Мысалы, этилен ауада жаркырап, жылу бөле жанады: СН2 СН2 + 3О2 2СО2 + 2Н2О Бірақ алкендерді отын ретінде пайдалану тиімсіз болғандықтан, олар энергия көзі ретінде қолданылмайды. Этиленді полимерлеп, полиэтилен алады. Полимерлену алкендердің практикалық маңызды реакциялардың бірі болып табылады. Реакция нәтижесінде үлкен молекулалы қосылыстар полимерлер алынады. nСН2 СН2 ( … СН2 СН2 …)n cat

№ слайда 17 Марковников ережесі Галогенсутектің сутек атомы сутегі көп көміртек атомына, ал
Описание слайда:

Марковников ережесі Галогенсутектің сутек атомы сутегі көп көміртек атомына, ал галоген сутегі аз көміртек атомына қосылады. H2C=CH-CH3+H-Br H3C-CHBr-CH3

№ слайда 18 Ауылшаруашылығындағы маңызы Этиленнің жеміс-жидектердің пісуін тездететін ерекш
Описание слайда:

Ауылшаруашылығындағы маңызы Этиленнің жеміс-жидектердің пісуін тездететін ерекше қасиеті бар. Алмұрт, қызанақ, қауын, лимон сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін жақсы сақтау үшін оларды піспей тұрғанда жинап алып, қоймада сақтайды.Себебі,оларға жәндіктер,құстар,фитопатогенді саңырауқұлақтар механикалық стресс туғызады.Осы жеміс жидектерді пісіру үшін жабық қойма ауасына этилен газын жібереді. Этилен көптеген жеміс жидектердің зат алмасуында маңызды роль атқарады.Оның жеміс жидектерді тез пісіретін маңызын 1924 жылы Денни этиленнің лимон құрамындағы хлорофильды ыдыратып жасыл түстен сары түске ауысатынын анықтаған. Келесі жылдары жеміс жидектертердің тыныс алуында және пісіру гормоны ретінде этиленнің байланысы бар екені анықталды. Егер жеміс жидектер сақталған қойма ауасына этилен газын жіберсе климаттық және климаттық емес жемістердегі өзгерістер әртүрлі болады.Қоймадағы пісіп жетілген жемістердің өздері көп мөлшерде этилен газын бөле бастайы және осы бөлінген этилен газын піспеген жемістер сіңіріп пісіп жетіледі.Сондықтан пісіп жетілген жемістер мен пісіп жетілмеген жемістерді аз уақытқа болса да бір қоймада сақтауға болмайды.

№ слайда 19 БИОЛОГИЯЛЫҚ РӨЛІ Этилен газын өсімдік гормонына жатқызады себебі ол өсімдіктерде
Описание слайда:

БИОЛОГИЯЛЫҚ РӨЛІ Этилен газын өсімдік гормонына жатқызады себебі ол өсімдіктерде синтезделеді және төмен концентрацияда өсімдіктердің өсуін,жемістердің пісуін тездетеді,өсімдік жапырақтарының және гүлдерінің қурауын,түсуін реттейді. Этиленнің өсімдіктің өсуін реттейтінін ең алғаш 1901 жылы Д.Н. Нелюбов Санкт- Петербург университетінде лабораторияда бұршақ өсіру арқылы анықтаған.Ол этилен газының лабораториялық жағдайда өсірілген бұршақ өскіні сабағының ұзындыққа өсуін тоқтатып, сабақтың жуандап өсуіне септігін тигізетінін байқады. Этилен өсімдіктерде ғана емес бактериялар мен саңырауқұлақтарда да өте көп мөлшерде синтезделеді. Этилен өсімдіктерде аналық гүлдің түзілуін реттейді.Мысалы. Қияр,асқабақ сияқты өсімдіктерде. Этиленнің әсерінен зақымдалған жапырақтардың топтасып түсуі жүзеге асады.Ол жапырақтармен бірге оларды зақымдаған зиянкестер де жерге түседі.Мысалы, раушан гүлі өрмек кенесімен зақымдалғанда этиленнің пайдасы өте зор. Қорыта келгенде этилен фитогормон болып табылады.

№ слайда 20
Описание слайда:

№ слайда 21 Алкендердің қолданылуы О СН2 Н2С Оксид этилена Сірке қышқылы Ацетальдегид Этано
Описание слайда:

Алкендердің қолданылуы О СН2 Н2С Оксид этилена Сірке қышқылы Ацетальдегид Этанол Бутадиен-1,3 Этилен Синтетикалық каучук Стирол 1,2-дихлорэтан Хлорвинил Полистирол Поливинилхлорид Полиэтилен Антифриз Этиленгликоль

№ слайда 22
Описание слайда:

"Алкендер" тақырыбына химиядан презентация (11 сынып)
  • Химия
Описание:

      Органикалық химияның ең негізгі тақырыптарының бірі "Алкендер". Бұл тақырыптың маңыздылығы қай саланы алып қарасақ та "алкендер" нақты айтсақ "этилен" және оның туындылары өте кең көлемде қолданылады. Осы  "Алкендер" тақырыбындағы  презентация сіздерге көп мәлімет береді деген оймен сіздерге ұсынып отырмын.Бұл тақырып бойынша 11-ші сыныпта "конференция" сабақ өткізілді.Сынып оқушылары өнеркәсіптің қызметкерлері рөлін ойнап тілшілерге әркім өз мамандығы бойынша сұхбат береді.Қызметкерлер: лаборант,химик,биолог,медик,агроном,технолог,эксперт,электрик,тарихшы.

Автор Мукушева Гульмира Серикпековна
Дата добавления 03.01.2015
Раздел Химия
Подраздел
Просмотров 1519
Номер материала 23938
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓