Главная / Информатика / "Алгоритмдеу және программалау" 8 сынып

"Алгоритмдеу және программалау" 8 сынып

Сынып: 8

Пән: информатика

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдеу және программалау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды алгоритмдеу және программалау тарауы бойынша оқу материалдарын қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру. Алған теориялық білімдерін практикада игеру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімге құштарлық қабілетін, компьютердің жұмысы туралы білігін арттыру, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге, берілген жұмыстарды орындату арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушылардың өткен тараулар бойынша алған білімдерін жинақтау, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, жүйелілікке, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Бекіту сабағы

Көрнекілігі: карточкалар, таратпа материалдар, Activote тест жүйесі, бағалау парағы, постер, стикер, түрлі-түсті қағаздар.

Техникалық жабдықталу: ДК, интерактивті тақта, слайд, Activote тест жүйесі.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, жекелей саралап даралап, топтық жұмыс, оқушы шығармашылығы, тест әдісі.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, математика.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Кезекшінің мәліметін тыңдау;

3. Оқушыларды сабаққа бейімдеу;

4. Әр түрлі әдемі түстер арқылы топқа бөлу.

1-топ: Алгоритм; 2-топ: Меншіктеу; 3-топ: Паскаль

IІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1) Оқушы шығармашылығы:

  1. Алгоритм;

  2. Меншіктеу, енгізу және шығару операторлары;

  3. Паскаль программалау тілі.


2) Деңгейлік тапсырмалар:

3-деңгей:

Өмірде кездесетін және өздеріңе белгілі бірнеше алгоритмдерден мысал келтіріңдер.

2-деңгей:

 Төмендегі алгоритм бойынша у-тің мәнін өрнектеуге арналған формула құрыңдар.

1)      Х-ті х-ке көбейтіп, нәтижені А1 деп өрнектеңдер;

2)      А1-ді 5-ке көбейтіп, нәтижені А2 деп өрнектеңдер;

3)      А2- ден 6-ны азайтып, нәтижені А3 деп өрнектеңдер;

4)      А1-ге 4-ті қосып, нәтижені А4 деп өрнектеңдер;

5)      А2-ні А4-ке бөліп, нәтижені у деп өрнектеңдер;

Жауабы: x*x=A1; A1*5=A2; a2-6=A3; A1+4=A4; A2/A4=y; y=x*x*5/x*x+4

1-деңгей:

Берілген формула  бойынша у-тің мәнін есептейтін алгоритм құрындар:

А) Y= (5x2- 4)(x2+7);

Шешімі:

Program esep;

Var x, y: real;

Begin

Writeln(x);

Read(x);

Y:=(5*x*x-4)/(x*x+7);

write (‘y-тің мәні =’, y);

end.

(Парақша таратылады топ басшылары бағалайды)

III. Сабақты бекіту кезеңі:

  1. «Ыстық орындық» ойыны  (топтық жұмыс)

Бір оқушы «ыстық орындыққа» отырады. Қалған оқушылар сұрақтар қояды. Егер оқушы жауабы қате болса, «салқын», ал дұрыс жауап берсе, «ыссы», жартылай дұрыс жауап берсе, «жылы» дейді. Алгоритм және программалау тарауы бойынша оқушылар 3 сұрақтан қояды.

  • Бағалау критерийі: «3» – 1- 3 толық қамтылса,;

«4» – 1- 2 толық қамтылса;

«3» – 1 сұрақ;


2) Крестиктер-нөлдіктер ойыны (топтық жұмыс)

1. 1-ші топ кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші топ сол шаршыға крестик қояды, қате болған жағдайда нөлдік қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші топ және 3-топтар сұраққа жауап беруге және сол шаршыға крестик қоюға мүмкіндік алады.

5. Қай топта крестик көп болса, сол топ ұпай алады.


3) Практикалық жұмыс

Компьютермен, тақтамен және дәптермен жұмыс (есептер шығару).

Басы

R, π –ді енгізу

S = π*R2

S шығару

Соңы

Әр топқа тақтада берілген блок-схемаға программа құрып, нәтижесін компьютерде көрсету тапсырылады.
1-топ:

Program bastau;

Const pi = 3.14159;

Var s, r : real;

Begin

Writeln(r);

Read(r);

s:= pi*r*r;

write (‘Шеңбер ауданы =’, s);

end.

2-топ:

Басы

R, π –ді енгізу

L=2*pi*r

L шығару

Соңы



Program bastau;

Const pi = 3.14159;

Var r, l : real;

Begin

Writeln(r);

Read(r);

l:= 2*pi*r;

write (‘Шеңбер ұзындығы =’, l);

end.

Басы

a, b-ны енгізу

S=a*b

S шығару

Соңы

3-топ:

Program bastau;

Var s, a, b : real;

Begin

Writeln(a,b);

Read(a,b);

s:= a*b;

write (‘Тіктөртбұрыш ауданы =’, s);

end.

Сергіту сәті


IV. Сабақты қорытындылау кезеңі


1. Тест тапсырмасы: (Activote тестілеу жүйесі )

1. Паскальда бағдарлама қандай кызметші сөзбен басталады ?

1) begin 2) var 3) program*

2. Өрнектің мәнін табыңыз: х=3 болған жағдайда sqr(sqr(х))=...

1) 9 2) 81* 3) 27

3. Бөлінді қалдығын табу үшін қандай функция қолданылады?

1) DIV 2) mod* 3) abs

4. Паскаль бағдарламасында айнымалыларды сипаттау бөлігі қандай қызметші

сөзбен басталады?

1) Begin 2) Var* 3) Program

5. Турбо Паскаль бағдарламасында циклдың қанша түрі бар?

1) 1 2) 2 3) 3*

6. Өрнектің мәні неге тең 19 div 4?

1) 3* 2) 4 3)19

7. Бүтін типті айнымалылар ... дейінгі аралықтағы мәндерді қабылдай алады

1) -32 768-ден 32 767-ге*

2) 0-ден 32768-ге

3) -2 147 483 648-ден 2 147 483 647-ге

8. Блок-схемада ромб нені білдіреді?

1. мәліметтерді өңдейді

2. нәтижені шығарады

3. шарт беріледі*

9. Шартты операторда шарт қандай операторға жазылады?

1) While 2) If* 3) Fог

10. Программаның мына бөлігі нені есептеп тұр? Мәні қандай?

1) -2 -ден 5-ке дейінгі сандардың көбейтіндісін, мәні 15

2) -2 -ден 5-ке дейінгі сандардың қосындысын, мәні 15

3) -2 -ден 5-ке дейінгі сандардың қосындысын, мәні 12*


2. Постермен жұмыс

Әр топ қорытындылап, өз ойларын жазады.

V. Үйге тапсырма беру кезеңі:

Деңгейлік тапсырмалар

3-деңгей: Төмендегі арифметикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар:
1) (5,2-3,5)(4,8-1,5):(2,25+5,24)= (5.2-3.5)*(4.8-1.5)/(2.25+5.24)
2) (6+8): (9-3)(25+69)= (6+8)/(9-3)*(25+69)

2-деңгей:

1) 25 mod 3 = 1 2) 42 div 5 = 8

1-деңгей:

35 div 5 + 15 =

45mod 10 *9 =


VI. Бағалау кезеңі: Оқушыны бағалау - бағалау парағына сәйкес бағалау.

Топты бағалау – жинаған ұпайларына қарап.

Рефлексия. Стикер жазу - оқушылар бүгінгі сабақта нені үйренді, не ұнады және тілектерін

стикерлерге жазып, тақтаға жапсырады.

















"Алгоритмдеу және программалау" 8 сынып
  • Информатика
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдеу және программалау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардыалгоритмдеу және программалау тарауы бойынша оқу материалдарын қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру. Алған теориялық білімдерін практикада игеру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімге құштарлық қабілетін, компьютердің жұмысы туралы білігін арттыру,  есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

Тәрбиелік:Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге, берілген жұмыстарды орындату арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушылардың  өткен тараулар бойынша алған білімдерін жинақтау, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, жүйелілікке, ақпараттық  мәдениетке тәрбиелеу.

Автор Рахметолдина Жаннур Ризабековна
Дата добавления 06.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 843
Номер материала 38796
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓