Главная / Другое / "Адам ағзасына пайдалы тағамдар"

"Адам ағзасына пайдалы тағамдар"

Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасына пайдалы тағамдар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділіік:Оқушылардың тақырыпқа қатысты білетін білімдерін тереңдету. Адамның ағзасына қажетті тағамдағы заттардың ерекшелігін түсіндіру.

Тәрбиелік: Адам ағзасына пайдалы тағамдар туралы мәліметтер алып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әр түрлі әдіс –тәсілдер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; жеке, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың өзін-өзі көрсете білуіне, жағдай туғыза отырып, ойлау-сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, оқу, жазу, ой қозғау, кластер қорғау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: дәстүрлi сабақ

Құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, плакат, стикер, маркер, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Түгендеу.

3.Ауа райы туралы мәлімет.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз айлары қандай?

  • Қазір қай ай?

  • Бүгін нешесі?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды бастайық.

  • Қане, бәріміз дұрыстап отырайық.

  • Енді мені тыңдаңдар.

  • Қазір сабағымызды өткен тақырыптарды қайталаудан бастаймыз.

Өткен сабақта не туралы әңгімелестік?

Дұрыс, тамақтану туралы.

Сабақтың мақсатымыз: Тамақтану тақырыбын жалғастыра отырып, адам ағзасына пайдалы тағамдарға тоқталамыз. Әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз. Септік жалғауды қайталаймыз.

Балалар, қазақ халқы қонаққа аса мән берген.

Келген қонағына ақ дастарқан жайылған.

Мен де сендерді ақ дастарқанның басына шақырып отырмын .

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Диалог «Ас-адамның арқауы»

2.Асқа байланысты ырымдар

3. Карточкамен жұмыс (1-2 оқушы тақтада)

3.Үй тапсырмасын қорытындылау.

Слайдқа назар аударыңдар

Денсаулық – адам өмірінің басты кепілі. Әрбір дені сау адам қоғамның басты байлығы. «Қазақстан 2050»(екі мың елу) бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары нақты атап көрсетілген.

Ал, балалар, айтындаршы, салауатты өмір салтын ұстану үшін не істеу керек? ( спортпен шұғылдану керек, жаман әдеттерден аулақ болу, дұрыс тамақтану керек)

Ал енді балалар ,бүгінгі тақырыпты ашу үшін біз әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз.

І тапсырма
Сөйлемдерді жалғастыр

Сөйлемдерді жалғастырып айту.

1. Дені сау болу үшін уақытпен тамақ ішуді әдетке айналдыру қажет.

2. Тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.

3.Тамақты мөлшерімен жеу керек.

4. Адам өлімінің 60 пайызы дұрыс тамақтанбаудан.

5.Дұрыс тамақтанған адамның денсаулығы мықты болады.

6.Тамақты асықпай, дұрыс шайнап жеу керек.

7.Тамақты талғаммен ішу керек.

8.Ас адамға қуат береді.

ІІ тапсырма
Мақал- мәтелдер сайысы

1. Ас атасы-нан

2. Ас – адамның арқауы

3. Ет етке, сорпа –бетке

4. Қойдың басы – құданың асы

5. Нан болса – ән де болады

6.Асы жоқ үйді ит те сүймейді

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Сөздікпен жұмыс

Ақуыз – белок

Майлар – жиры

Көмірсу – углеводы

Күнбағыс – подсолнух

Зығыр – лен

Қамтамасыз етіледі – обеспечивается

Құрамында –в составе

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, адам ағзасына қандай заттар керек?

- Ақуыз, май, көмірсу.

- Дұрыс,сондықтан мен сендерге осы мәтіндерді таңдадым.

-Сендер қазір мәтінді оқып шығасыңдар.

-Сонаң соң кластер жасайсыңдар.

2. Мәтінмен жұмыс.

Ақуыз.

Ғылымда ақуызды протеин деп атайды. Ақуызсыз өмір сүру мүмкін емес. Дененің барлық клеткалары осы белоктан тұрады. Сүт тағамдары, жұмыртқа түгелдей белоктан тұрады. Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішінде айран, қаймақ, ірімшік, қымыз, шұбат тағы басқалар ерекше бағаланады. Адамға күніне 100 грамм ақуыз керек.

Май.

Майдың түрі көп: сары май, жылқының, сиырдың, шошқаның майы. Өсімдіктен алынатын сұйық майлар: мақта, күнбағыс, зығыр. Орта Азия халықтардың көпшілігі, сонымен бірге қазақ халқы күнбағыс, мақта майын азық-түлікке көп пайдаланады. Май ағзаға қуат беріп, дәрумендердің сіңуіне көмектеседі. Адам ағзасына күніне 85 грамм май қажет.

Көмірсу.

Тамақтың үшінші бір бөлігі- көмірсулар. Олар қанттың, крахмалдың, картоптың нанның, жеміс-жидектің, көкөністің құрамында көп болады. Жеміс-жидектер, көкөністер дәрумендерге өте бай.Тамақ арқылы адам ағзасы минералдық заттармен (натрий, калий, фосфор, кальций) түрлі дәрумендермен қамтамасыз етіледі.

Адамға күніне 400 грамм көмірсу қажет екен.


ІV тапсырма
Грамматикалық жұмыс

Зат есімнің септелуі

Ақуыз, май, көмірсу

V тапсырма

Жағдаяттық сұрақтар

1. Егер маған шоколад немесе алманы таңдау керек болса, мен алманы таңдар едім, себебі _______________.

2. Егер маған жүзім немесе тәтті тоқашты таңдау керек болса, мен________________, себебі_______________.

3.Егер маған кока-кола немесе шырын таңдау керек болса, мен ________________, себебі_______________.

4.Егер маған торт немесе жемістер таңдау керек болса , мен ________________, себебі_______________.

5.Егер маған сүт немесе балмұздақ таңдау керек болса , мен ________________, себебі_______________.

6.Сен конаққа бардың.Саған майлы тамақ жеуге болмайды.Сен не істейсің?

IV Қорытынды

а) жаңа сөздерді қайталау;

ә) «иә, жоқ сөздерімен жауап қайыратын сұраулы сөйлемдер құрату.

V Үйге тапсырма.

а) мәтінді әңгімелеу;

б) сөздерді жаттау.

"Адам ағзасына пайдалы тағамдар"
  • Другое
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасына пайдалы тағамдар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділіік:Оқушылардың тақырыпқа қатысты білетін білімдерін тереңдету. Адамның ағзасына қажетті тағамдағы заттардың ерекшелігін түсіндіру.

Тәрбиелік: Адам ағзасына пайдалы тағамдар туралы мәліметтер алып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әр түрлі әдіс –тәсілдер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; жеке, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың өзін-өзі көрсете білуіне, жағдай туғыза отырып, ойлау-сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, оқу,жазу, ой қозғау, кластер қорғау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: дәстүрлiсабақ

Құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, плакат, стикер, маркер, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

ІҰйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Түгендеу.

3.Ауа райы туралы мәлімет.

-          Қазір жылдың қай мезгілі?

-          Күз айлары қандай?

-          Қазір қай ай?

-          Бүгін нешесі?

-          Бүгін аптаның қай күні?

-          Ал,балалар,бүгінгі сабағымызды бастайық.

-          Қане,бәріміз дұрыстап отырайық.

-          Енді мені тыңдаңдар.

-          Қазір сабағымызды өткен тақырыптарды қайталаудан бастаймыз.

Өткен сабақта не туралы әңгімелестік?

Дұрыс, тамақтану туралы.

Автор Махметова Сауле Максутовна
Дата добавления 30.12.2014
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 1122
Номер материала 17607
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓