Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Аа дыбысы мен әрпі" 1 сынып сауат ашу

"Аа дыбысы мен әрпі" 1 сынып сауат ашу

Скачать материал

Аңдатпа:

Пән: сауат ашу

Сынып: бірінші

Авторы: Айтпаева  Ардақ  Асылбекқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Білім ұйымыКоммуналдық  мемлекеттік мекемесі

« Рудный орта мектебі»

 Айыртау ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы

2.Әдістемелік  әзірлемелер сипаттамасы:

Сабақтың тақырыбы: Аа дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

Білімділік:

Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, сауат ашу  пәні туралы жалпы мағлұмат беру, әріптер әлемінің сырын ашу.

Дамытушылық: түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың ой-қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін дамыту

Тәрбиелік: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Нәтижесі: Оқушылар топ арасындағы ынтымақтастыққа үйреніп,өз ойларын айта алады,әртүрлі деңгейде тапсырмалар орындай алады.

Сабақтың тақырыбы: Аа дыбысы мен әрпі

Түрі: пәнаралық байланыс

Мақсаты:

Білімділік: Аа дыбысын тиянақтау, сөз ішінде таба білу, күзгі табиғат көрінісін бейнелей білуге машықтандыру.

Дамытушылық:  оқушылар өз әсерін қағаз бетіне түсіруге және бояулар түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:  Адамгершілікке тәрбиелеу,

өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың тақырыбы: Нн дыбысы

Мақсаты:

Білімділік: Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.       Ол арқылы  сөзерді оқу және жазуға үйрету.

Дамытушылық:  Оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін, танымдық ойын қалыптастыру,  танымдық ойын дамыту.

Тәрбиелік:  Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.  

Нәтижесі:    

Оқушылар топ арасындағы ынтымақтастыққа үйреніп,өз ойларын айта алады,әртүрлі деңгейде тапсырмалар орындай алады.

Тақырыбы: «Күз – береке, күз - мереке»

Мақсаты: Балалардың күздің кереметі туралы өз өлкесін, ондағы еңбек адамдарының тіршілігіне тоқталу, өнерлерін ортаға салу.

Нәтижесі:

Балалар күздің кереметі туралы өз өлкесін, ондағы еңбек адамдарының тіршілігі жайлы,өздерінің ұйымшылдықтарын көрсетті,шығармашылық қабілеттері артты.

Сабақтарға презентация мен фотосуреттер бар.

Сабақтың  нәтижесі мен қорытындысы: Оқушылар  сабақта барлығы үлгерді үлгермеуші оқушы болған жоқ.Сабақта  өз ойларын жеткізе алды ,сабағым тартымды өтті.

Сабағымның  жаңашылдығы мен ерекшелігі: Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалану жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім  берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Әр сабақта баланы дамытуға шығармашылық жұмыстардың мол болып, ізденімпаздыққа бағытталған сабақ жоспары болса, еліміздің жастарының болашағы зор болатынына сенімдемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Авторы: Айтпаева  Ардақ  Асылбекқызы,

Пән: сауат ашу

Сынып: бірінші

 

 

 

 

Мұғалімнің аты-жөні:

Айтпаева Ардақ Асылбекқызы

Үшінші (негізгі) деңгей

Пәні:  сауат ашу

Шағынкомплекті   мектеп

 

1 сынып

 

Сабақтың тақырыбы 

Аа  дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, сауат ашу  пәні туралы жалпы мағлұмат беру, әріптер әлемінің сырын ашу.

Дамытушылық: түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың ой-қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін дамыту

Тәрбиелік: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданған

модулдер:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ,талантты және дарынды балаларды оқыту,оқушылардың жас ерекшелігіне  сәйкес оқыту,диалог арқылы оқыту

Оқушылар үшін оқыту нәтижелері

 

Үйренеді:

  • Оқушылар топ арасындағы ынтымақтастыққа
  • Бірлескен жұмысқа
  • Өз ойларын айта алады ,деңгей бойынша жаттығу  тапсырмалар орындайды.

Сабақта  қаралған негізгі  идеялар:

 

Ұйымдастыру:

Сабақтың шарты:  әртүрлі гүлдер арқылы топқа бөлінеді. Оларға әртүрлі смайлктер таратылады. Сабақтың басындағы көңіл күйі ,соңындағы көңіл күйі белгіленеді. Белсенді қатысқан оқушы өте жақсы, жақсы деген бағамен бағаланады.

Сабақтың көрнекілігі

Күздің суреті, көкөністер, жемістер, заттық суреттер, А әрпінің баспа, жазба түрлері, себет, интер белсенді тақта.

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері

 

 ой- қозғау,

 кластер,тест тапсырмалары, ойын элементтері, синквейн, сұрақ-жауап

Сабақтың жоспары

                         І кезең         Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару

Әр түрлі гүлдер арқылы топқа бөлу . 2 топқа бөлінді           Сыныпта  6 оқушы

 

 

 

 

 

 

Психологиялық дайындық.  

Оқушылармен шеңберге тұрып шаттық шеңберін өткіземін.                                                        Қайырлы таң досым!

Қайырлы күн болсын

Жеті күннің әр кезі

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!

    

 

«Топтастыру» стратегиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

III. Ой қозғау.

Балалар біз бүгін саяхатқа аттанамыз. Саяхатымыз орман болмақ.

-         Орманды кәне көз алдымызға елестетейікші

-         Қазір жылдың қай мезгілі?

-         Күз мезгілі.  ( балалар өз ойларын айтады)

-         Қандай аңдарды білетін едік.

-         Ал ендеше біз білетін түлкі қандай аң?

Ол барлық аңдарды алдап жүреді. Бір күні аңдар: « Қап бәлем түлкінің сазайын тартқызайын» –деп ақылдасып, түлкінің үйіне баратын жолды бөгеп, өздері тұрып алыпты:

-         Біз түлкіге көмектесеміз бе?

-         Олай болса түлкіге кедергі келтіріп тұрған аңдардың тапсырмасын орындап түлкіге көмектесейік.

1-ші аң түлкіге кездескен – қасқыр

Қасқырдың тапсырмасы: Қандай зат артық.

кітап, дәптер, қалам –оқу құралдары   доп – ойын құралы

ұшақ, автобус,  машина- көліктер   көйлек- киім

төрт түлік- жолбарыс   ыдыс-аяқ-банан

 

       Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: «Жолың болсын!»

 

-         келесі кедергіде тұрған аң-кірпі.

Ол «төрт түліктің төлін тап » деген тапсырма:

                Қойдың тапсырмасы:

қой                                         құлыншақ

жылқы                                   қозы

сиыр                                      ботақан

ешкі                                      бұзау

түйе                                        лақ

Сыйластық  сөзі: «Саған сәттілік тілеймін»

      Келесі кезекті аң – аю

Аюдың тапсырмасы: «Ажырату»

-         оқушылар мына жерде күз мезгілінің байлығы жемістер мен көкөністер бар, бірақ ол қай себетке барарын білмей тұр? Кәне ажыратайық

 

 

 

 

 


                                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

                                Дәруменге бай

                               Денсаулыққа пайдалы

                               Адамның ағзасына пайдалы

Аюдың сыйластық сөзі: «Рахмет сау бол!»

-оқушылар біз жаңа қандай аңның тапсырмасын орындадық? – дұрыс аюдың.

Мына себеттегі жемістердің атын атаңдаршы?

- алма, алмұрт, алхоры

Олай болса бүгінгі танысатын алғашқы әрпіміз

 А әрпі болмақ.

Қане кітапқа қарайық, ненің суреті- алма, алмұрт, ананас.

-А әрпі қандай дыбыс деп?

-А дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында да кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Терминдік жұмыс

 

Дыбысты біз айтамыз, естиміз.

Әріпті біз жазамыз, көреміз.

            Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың,

Құлпынай көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық

Оқушылар серігіп болсақ қане А дыбысының таңбалануымен танысайық, таңбасын біз әріп дейміз.

Әріптің баспа жазба түрі бар, біз мектеп алды даярлық тобында баспа түрімен таныстық. Енді жазба түрімен танысамыз.

   А әрпін енді кәне мен тақтаға салып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар:  

Терминдік жұмыс

А-бас әрпімен сөйлемнің басында, адамның аты, қаланың аты келеді, кіші әрпімен сөйлемнің соңында, ортасында жазамыз.

  Ауа жазу, санағышпен құрастыру, тақтаға жазу.

                               Дәптермен жұмыс

Ұйқасын тап.

Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы арыстан

Түлкі үйіне келді, жетті сіздерге алғыс айтты.

Ойын: «Сиқырлы қалпақ»  бастарына кигізу арқылы а-ның ортасында, соңында, басында келетін сөздер айту.

ІІ кезең

                                                      Жаңа тақырыпты  меңгерту

 

 

І- топқа  Суретпен  жұмыс  «А» әрпі бар сөздер айту

 

ІІ- топ   «А»  әрпінен басталатын қаланың аттарын айту

Тыныш оқушымен жұмыс түрі

 

Деңгейлік тапсырма:

 

 Топтық жұмыста тыныш оқушылар ашылып, белсене қатысып қызығушылығын арттырамын.

          

Өз деңгейлеріне байланысты  жұмыс

І деңгей. Тапсырма:   А әрпінен басталатын сөздер айту

Алма . алмұрт,алша , аққайың, аппақ , ақ ,апта ,Асқар ,Ақерке,Айдын

2 деңгей  Тапсырма:  Сөздерден дауысты дыбыстарды ата

Саумалкөл, Сарыарқа , Алқара, Ақпан, картоп,күтімде, күшті

3 деңгей  Тапсырма:  Суретпен сөйлем құра

Дәптермен жұмыс 17-18бет

Оқулықпен жұмыс20-21 бет

 

      Шығармашылық тапсырма

1 топ

 

 

 

 

2 топ

 

Тестік жұмыс

1 А әрпі бар сөздерді белгіле

А) сағат

Ә) дәптер

Б) кітап

2.Мына сөздерді буынға бөл

А) қоңырау

Ә)дәптер

«Бағалау»

 

Рефлексия

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма:

 

 

 

 

 

 

 

                     Ұнаған      тапсырма

 

 

Сабақтан күтілетін нәтижелер:.

Оқушылар топ арасындағы ынтымақтастыққа үйреніп,өз ойларын айта алады,әртүрлі деңгейде тапсырмалар орындай алады.

 

 

 

Мұғалімнің аты-жөні:

 

 

Айтпаева Ардақ Асылбекқызы

 

 

 

 

Пән : сауат ашу

Пәнаралық байланыс

Шағынкомплекті   мектеп

 

1 сынып

 

Сабақтың тақырыбы 

Аа дыбысы мен әрпі.    Жапырақ «Күзгі табиғат» көрінісі

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Аа дыбысын тиянақтау, сөз ішінде таба білу, күзгі табиғат көрінісін бейнелей білуге машықтандыру.

Дамытушылық:  оқушылар өз әсерін қағаз бетіне түсіруге және бояулар түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:  Адамгершілікке тәрбиелеу,

өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Қолданған

модулдер:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ,талантты және дарынды балаларды оқыту,оқушылардың жас ерекшелігіне  сәйкес оқыту,диалог арқылы оқыту

Оқушылар үшін оқыту нәтижелері:

 

Үйренеді:

  • әріптерді есте сақтауға , көрген суретін дұрыс салуға
  • Сөз ішінен А дыбысын  табуға
  • бояуға, түстерді ажыратуға үйренеді.
  • өз жұмыстарын қорғауға

Сабақта  қаралған негізгі  идеялар:

 

Ұйымдастыру:

Сабақтың шарты: күз туралы әңгіме өткізу.  Күздің бейнесін салу. Белсенді салған оқушы өте жақсы, жақсы деген бағамен бағаланады.

Сабақтың көрнекілігі

Аа дыбысы, күздің суреті, қағаз, қарындаштар , гуашь, акварель

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері

 

ой- қозғау,

 кластер, ойын элементтері, синквейн, сұрақ-жауап

 

       Сабақтың  түрі

                            

 Сабақтың жоспары

Пәнаралық

                                          І кезең         Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару.

Әртүрлі кәмпиттер арқылы 2 топқа бөлінді  

 

       

 

 Психологиялық дайындық.  

Оқушылармен шеңберге тұрып шаттық шеңберін өткіземін.                                                       

1, 2, 3 - бойға берер күш

Сабақты біз бастаймыз,

Қиналсақта саспаймыз,

4 пен 5-ке оқуға

Тәрбиелі болуға,

Ант етеміз бәріміз

    

ІІ. Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Ой қозғау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Терминдік жұмыс

.

        Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Аа дыбысы

Жапырақ «Күзгі табиғат» көрінісі

   Сендер табиғатта болатын әр түрлі құбылыстармен танысқыларың келе ме?

   Интерактивті тақтамен жұмыс. Түсініктерін пысықтау.

  Енді балалар, қазір мен сендерге Ш. Ахметов ағамыздың «Бұл қай кезде болады?» өлеңін оқимын сендер өлеңде не жайында айтылатынына зейін қойып, мұқият тыңдап отырыңдар.

-         Бұл қай кезде болады?

-         Күзде   (Күз суретін көрсету).

-         Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-         Көп жаңбыр жауады,жылы киім киеміз.

        Күзде қандай жауын-шашын түседі?

        Кейде қарлы болады

        Күз айларын ата.

        Қыркүйек, қазан, қараша

Жануарлар тіршілігінде қандай өзгерістерді байқадыңдар?

-Олардың сыртқы тондары өзгереді

         Шықса  жасыл

         Түссе  сары.  (  Жапырақ)

  Жапырақтың суретін салу. Жапырақ түрлерімен таныстыру

Сөзерден А әрпі бар сөздерді табу.

 

А әрпінің жазылуын көрсету

 

 

 

ІҮ Сергітусәті.

А-бас әрпімен сөйлемнің басында, адамның аты, қаланың аты келеді, кіші әрпімен сөйлемнің соңында, ортасында жазамыз.

 

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды

Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған

 

 

І- топ   Жапырақтың түсіне қарап айту

ІІ- топ   Ағаштың суретін салу

Әр топ қорғауға шығу

Шығармашылық жұмыс

 

 

Тестік  жұмыс

1.Қай ағаштың жапырағы күзде түспейді?

А)шырша

ә) қарағай

б) қайың

 

 

 

 

Ойын:

 

 

 

2. Жыл мезгіліндегі А әрпі бар сөзді белгіле

А) жаз

ә) қыс

б) күз

«Жапырағына қарай ажырат» (А әрпі бар сөздерді жинау)

Мақсаты: Үстел үстінде әртүрлі жапырақ,гүлдердің суреті оқушылар түріне қарап қандай ағаштың жапырағы ,гүлі екенін айтады.(кім шапшаң, жылдам дыққа) 

 

Рефлексия

 

 

Үйге тапсырма:

 Не ұнады ? Не ұнамады?

 

Нәтиже:

Әріптерді есте сақтауға , көрген суретін дұрыс салуға, сөз ішінде А дыбысын таба білуге,Бояу түрлерін ажыратуға,өз жұмысын қорғауға үйренді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің аты-жөні:

Айтпаева Ардақ Асылбекқызы

Үшінші (негізгі) деңгей

Пәні:  сауат ашу

Шағынкомплекті   мектеп

 

1 сынып

 

Сабақтың тақырыбы 

Н н дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.       Ол арқылы  сөзерді оқу және жазуға үйрету.

Дамытушылық:  оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін, танымдық ойын қалыптастыру,  танымдық ойын дамыту.

Тәрбиелік:  ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.       

 

Қолданған

модулдер:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ,талантты және дарынды балаларды оқыту,оқушылардың жас ерекшелігіне  сәйкес оқыту,диалог арқылы оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту

Оқушылар үшін оқыту нәтижелері:

 

Үйренеді:

  •  Өзара түсіністікке, бірлесе жұмыс жасауға үйренеді
  •  Суреттердің айырмашылығын айтуға  үйренеді
  •  Өз ойларын  айта алады ,сурет арқылы әңгімелейді

Сабақта  қаралған негізгі  идеялар:

 

Ұйымдастыру:

Сабақтың шарты:  әртүрлі түстер арқылы топқа бөлінеді.

Белсенді қатысқан оқушы өте жақсы, жақсы деген бағамен бағаланады.

Сабақтың көрнекілігі

Заттық суреттер, Нн әрпінің баспа, жазба түрлері, интер белсенді тақта.

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері

 

 ой- қозғау,

 кластер, , ойын элементтері, сұрақ-жауап

      

                                   Сабақтың жоспары

                         І кезең         Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару

Әр түрлі түстер арқылы топқа бөлу . 2 топқа бөлінді           

 

Психологиялық дайындық.  Оқушылармен шеңберге тұрып шаттық шеңберін өткіземін.                                                       Қайырлы таң досым!

Қайырлы күн деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз!

 

«Топтастыру» стратегиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

III. Ой қозғау

Өткен сабақты пысықтау.

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ол қандай дыбыс?    

 Ойын: Қай топ әдемі жазады?  Өткен әріпке шолу

 «Ас атасы –нан»  деген мақалды пайдаланып сабақты бастадым.

Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай  сабақтарын көріп, әжесінен:

-Мынау өсіп тұрған не?- деп сұрады.

- Науанжан, бұл пісіп тұрған нан,- деп ,жауап берді әжесі.

- Нан болса, таба наны қайда?

-Таба нан да  осы дәннің  ішінде.

- Ақ тоқаш ше?

- Ол да осы дәннің ішінде .

- Бауырсақ ше ?

- Бауырсақ та дәнге сиып тұр.

- Әже, кіп-кішкентай қауызды  дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр? – деп Науан таңғалды.

- « Ас атасы –нан, нан атасы –дән! деген. Осынша мол дүние ,тоқшылық әрбір дәннің ішінде, - деді әжесі.

Осы жерде  оқушылардың назарын  нан, дән деген сөздерге аударту. Нн дыбысының әрпімен таныстыру.

  Н әрпі неше элементтен тұратынын аңғарту  

Жұмбақ арқылы ашу

  Ас біткеннің анасы,

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталған қарашы. (Н)

Екі тіреу, басқышы біреу.  (Н)

 Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті. (найзағай) .     

Маса, мол, алма,  тақта, мал, мамыр.

Нан мәтінінде не туралы айтылған? Мәтінді тізбектеп оқыту.

 

 

 

ІІ кезең

                                                      Жаңа тақырыпты  меңгерту

                                 Суретпен жұмыс.   Ата мен бала.

 

Неге нан жерде жатыр?

 Суретке қандай ат қоюға болады? 

Тірек сөздер: Санат, ата, нан, тастама, Алмат, аула, ал.

Тіл дамыту. Нан болса- ойнап- жүреміз

Нан болса-еркін жүреміз.

Нан- қасиет,

Нан- береке,

Нан- мереке,

Сергіру сәті:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Тоғайларға тастаңда!

 Буындармен жұмыс. Шарларда жазылған буындарды оқу, олармен сөз құрастыру.Тақтада жұмыс. Су, на, шу, ма, ну, ал, ра, ор, ау, са.

Ал-ма, ор-ма, са-на, ма-са.  Сөз, сөйлем құрастыру

Н-ның бас әрпі жазып,  нар сөзіне дыбыстық талдау жасалып, боялады.  Шынар сөзін көшіріп жазады.

Бекіту.Диктант.  ата, нан, нар. ыдыс, аула.

Оқушылар нан туралы тақпақтарды айтады.

Ойын «Ұйқасын тап!» Дан-дан-дан. Жасадым ұя тақтайдан. Са-са-са шағып алды маса.

Ойын «Сөз құрастыр» Тақтадағы буындардан сөз құрастырады..

Ойын «Жалғастыр» Алғашқы буынды айтамын, оқушылар сөзді айтады.

Оқулықпен жұмыс

Әліппе серігі  13 бет, Нанды қадірлейік..

Суретке қарап , белгілі бір жүиемен  әңгіме өрбіту.

Оқулықтағы « Нан» мәтінімен жұмыс жүргізу. Ондағы сызылған сөздерге дыбыстық талдау жасату.

 

 

Дәптермен жұмыс 40-41бет

Оқулықпен жұмыс 42-43 бет

 

Тыныш оқушымен жұмыс түрі

 

Шығармашылық жұмыс

Тестік жұмыс

 

 Тыныш оқушылармен тақтаға шығып суретпен жұмыс жүргізу.

           

І- топқа   «Н» әрпі бар сөздер айту

ІІ- топ   «Н»  дыбысы бар сөздерге  сөйлем құрау

1.Н әрпінен басталған сөздерді  табу

А)жапырақ

Ә) Нан

Б)көктем

2. «Нар» сөзіне дыбыстық талдау жасау

   Талдау.

 

Комбайн, трактор , наубайхана , бидай сөздеріне талдау жасау.

 

 

«Бағалау»

 

Рефлексия

 

 

Үйге тапсырма:

 

               2 жұлдыз, 1-тілек

    

 

 

 

 

                                                                                            

 

Сабақтан күтілетін нәтижелер:.

Оқушылар топ арасындағы ынтымақтастыққа үйреніп,өз ойларын айта алады,әртүрлі деңгейде тапсырмалар орындай алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс іс-шара

 

 Тақырыбы: «Күз – береке, күз - мереке»

Қатысқандар : 1-4 сынып оқушылары

Мақсаты: Балалардың күздің кереметі туралы өз өлкесін, ондағы еңбек адамдарының тіршілігіне тоқталу, өнерлерін ортаға салу,

Көрнекілігі:  асқабақ, қауын-қарбыз, түрлі қауақтар, көкөніс жемістер, қалалардың суреттері.

Күзді бейнелейтін плакаттар, бүктемелер, альбом, демонстрациялық материалдар: жапырақ, алма, бидай т.б.

Түрі: сайыс түрінде ( залда өткізілді.)  топпен жұмыс

Төрелік қазылар алқасы сайланды.

                         Барысы:

Ұйымдастыру. 

  Кіріспе.

«Көп жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз»

«Қыркүйек – берекелі күз айы»

           Мұғалімнің әңгімесі: – Балалар, бүгін біз берекелі күз айын шығарып салғалы отырмыз. Күз дегеніміз, бейнелеп айтар болсақ, жазира даланың дарқан дастарқаны деп аталады. Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырта еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз, күзде – егін, шөп, астық, көкөніс, жеміс – жидектер піседі. Күзде қыс мезгіліне қамдану басталады. Сондықтан адам да, жануарлар, құстар да, тіпті өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды. Біз бүгін мерекелі де, берекелі күз айына сүйіспеншілігімізді білдіріп, өнерімізді ортаға салмақпыз.

1-бастаушы: Саламатсыздар ма, қадірлі ағайлар мен апайлар. Біз бүгін сіздерді «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз 

Күз маусымының алғашқы айы – қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толады. Әр жыл мезгілінің өз қызығы, өз науқаны бар.

Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай жиын-терін аяқталатын, диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.

1-бастаушы: Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Айнала қоңырқай тартады. Ағаш-қурай жапырағынан айырылып, орман-тоғай сирейді. Ол өзінің күнімен, өз көрінісімен әсерлі.

Мұғалім:

Қараңдаршы, балалар

Көзің тоймас қарасаң да

Күз деген-бір жақсы уақыт

Ой да, қыр да, таудың іші

Бір молшылық жатқан шалқып

Ал балалар кім біледі?

Неге айтамыз «Алтын күз» деп?

1 – оқушы::

Алтын күз деп

Біз айтамыз сол үшін де

Сары алтындай сары қауын

Көп піскен соң бау ішінде

2 – оқушы::

Жаңа піскен алма баққа

Көзің тоймас қарасаң да

Қараңдаршы сары алтындай

Жапырақты қайың, талға

Мұны көріп күзді қалай

Теңемессің сары алтынға

3 – оқушы:

Қараңдаршы қандай сұлу

Бидай басқан мына дала

Әрбір адыр, әрбір жота

Алтын жайып тастағандай

Мұғалім: Сонымен, сары алтындай сары күз қыркүйек айынан басталады екен. Олай болса бізге берері мол сағына да, сарғая күткен күзімізді қарсы алайық

Хормен: мерекелі, берекелі «Алтын күз» келіңіз!

Сайыс кезеңдері:

1.Өзіңді-өзің  сына кезеңі

2.Берілген тапсырмаларды орындау кезеңі

3.Ойындар кезеңі

4.Жұмбақтар кезеңі

Топқа бөлу         (Жеміс-жидектер, Саңырауқұлақтар, Өсімдіктер)

Топтардың өзін-өзі  таныстыруы.

1. «Өзіңді-өзің сына»

Әр топтарға әртүрлі сұрақтар берілді.

1. Жыл мезгілдерін ата

2. Қандай құстар ұшып кетеді?

3.Қыстап қалатын құстьарды ата

4.Қыс айларын ата

5.Күзгі еңбек түрі

6.Ауа райы өзгерісі қандай?

7. Жыл құстарын ата

1-бастаушы: Қуандырып біздерді

                        Мерекелі күз келді.

                        Кел, жемісті алтын күз,

                        Кемелденсін халқымыз.

                   Күз:

Сәлем өрен достарым

Өмірге көп қосқаным

Қымбатты сый алыңдар

Қызығына қаныңдар

Молайтыңдар шаттықты

Ән айтыңдар бақытты.

/Күз сары жапырақ үлестіреді/

2.Берілген тапсырмаларды орындау кезеңі

1- топқа:           (Өздеріңе ұнаған  жыл мезгіліне сурет)

2- топқа:            (Ағашты жапырақпен безендір)

3-топқа:             (Жеміс-жидектерді ата)

1-бастаушы:

Көбейді құт – береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз

Күз:

Рахмет, балалар өнеріңе

Ризамын, халықтың өреніне

Мұғалім: Ал, балалар, біз күз бойы оның жемісін жеп, өнімін алып, қуанышқа кенелдік. Сондықтан да күзге рахметімізді айтайық, өнерімізді көрсетейік. Келесі жылы да бізге көп өніммен келсін.

 3.Ойындар кезеңі

(Үш топқа үш ағаш қойылады ,қай топ тез арады ағашты жапырақпен безендіреді.)

Әне, қызып аламалар-

Әсем құстың жұлдызы

Алма терген балалар

Албырайды нұр жүзі

/Алмалар шығады. Теңесіп тұрып/

Бізде бар бау-бақша

Өседі көп жеміс

Үлкендігі мынадай

Кішілігі мынадай

Онда өседі көп сәбіз

8 – оқушы:

Үлкендігі мынадай

Кішілігі мынадай

Әй, сәбіз, сен сәбіз

Азырақ би билеп

Қамбаға кеп түс, сәбіз.

9 – оқушы:

4.Жұмбақтар кезеңі

Бойын жерге жасырған                           Қалың киім ұнатады

Бұрымы бар жасылдан.                           Шешіндірсең жылатады.

                 (сәбіз)                                                              (пияз) 

Әр желінің асты толған көк қоян           Ұзын мұртты сарылар

Көк қоянды жаз болғанды жеп қоям      Қойынында наны бар

                                (қияр)                                          (бидай)

Үстіне тігіп көк шатыр

Астында қызғылт дәу жатыр

                         (қызылша)

Күз: Жұмбақ шешуге жүйрік екенбіз

Күз туралы қандай өнерің ба?

        «Күз» А.Құнанбаев

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін, тойғаныма, тоңғаны ма

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп

Жапырағынан айырылған ағаш, қурай

Әр топ ұпаймен белгіленді , ұпай саны айтылды.

Күз: Ал, балалар, күз туралы көп жырлауға болады екен.

Өнерлеріңе көп рахмет. Мен де, сендерге құр қол келгенім жоқ. Тәтті сый ала келдім. Алыңдар балалар, келер жылға дейін мені ұмытпаңдар.

Балалар (хормен)

-          Рахмет саған, «Алтын күз»

-          Күз: Барлығыңды қимаймын

Барымды мен сыйлаймын.

Қорытынды:

Мұғалім:

           Сонымен, балалар күз дегеніміз, біріншіден – байлық, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма,. Осының бәрі күзде әбден пісіп жетіледі. Әне, дала да, егін де, тоғай да – бәрі де сап-сары. Халық сондықтан күзді «Алтын күз» дейді. Екіншіден күз – қауырт  жұмыстың кезі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындық кез. «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды». «Күзде оянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың». (суретке түсінік жасау)

Бата:

Дастарханымыз тоқ болсын

Уайым – қайғымыз жоқ болсын!

Бақ-дәулет берсін басымызға

Ғұмыр берсін жасымызға

Пәлі-жала, жын-шайтан,

Жоламасын қасымызға

Аллау – акбар!

Кеш аяқталды.

Нәтижесі:

Балалар күздің кереметі туралы өз өлкесін, ондағы еңбек адамдарының тіршілігі жайлы,өздерінің ұйымшылдықтарын көрсетті,шығармашылық қабілеттері артты.

 

Өткізілген іс-шарадан көрініс

 

 

 

 

 

 

 

Сурет көрмесі   мен

  күзгі табиғат байлығы

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

DSC01930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсініктеме хат

 

Авторы: Айтпаева Ардақ Асылбекқызы, Рудный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысы  Айыртау ауданы   Новоукраинка селосы.

Авторлық медиапродукт: Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары 4 сынып

Сабақтың типі : білім мен іскерлікті қалыптастыру.

 

Бөлім: Сын есімді кеңінен  танысу.

 

(POWER POINT программасы бойынша)

Шағынкомплекті   мектеп

Пән: қазақ тілі

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: «Сын есім»

 

 Мақсаты : Сын есім туралы алған білімдерін толықтыру, пысықтау. Сын есімді сөйлем ішінен тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын және дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету, сауатты, таза жазуға дағдыландыру

Сабаққа 8 оқушы қатысты: 

Сыныпқа  мінездеме: Төртінші сыныпта барлығы сегіз бала. Сабаққа қатысты сегіз бала .Оның ішінде жоғары деңгейде 3 оқушы ,орта деңгейде  4 оқушы төмен деңгейде 1 оқушы. Сыныпта сабаққа барлық оқушы белсенді қатысты, тақырыпты меңгерді. Өз ойларын толық айтып , сабаққа қызығушылықтары артты. Топ алдына шығып өз суреттерін қорғай білді. Сабағымда көбінесе сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданамын.Өйткені оқушылардың ойлау қабілеті , жан- жақты болуына тигізері мол.Алдыма қойған мақсатыма жеттім. Топтарда жұмыс істей отырып, өз пікірлерін көпшілік алдында еркін айта білуге және алынған деректерді қолданып, қорытынды жұмыс құруға мүмкіндік берілді.

Сабақ құрылымы: жаңа материалды өту

- өткен материалды қайталау

- оқулықпен  жұмыс

- жаңа материалды түсінгенін  пысықтау , бекіту ( жаттығу арқылы )

 - үйге тапсырма

Сабақтың типологиясы: кластер,кесте толтыру,диалог,мәтін құрастыру, синквейн, оқушылар суреті, мұғалім сөзі.

Қажетті  құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, ватман, маркер, деңгейлік тапсырмалар, ойыншықтар,  түрлі- түсті қуыршақ көйлектері, әтір, мемлекеттік елтаңба,ту, ақпараттық –коммуникациялық технология .

  Қолданған модульдер :

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Ақпараттық –коммуникациялық технология .

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Диалог арқылы оқыту

Сабақтың мақсаты:

I Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Сәлемдесу. Сабаққа қызығушылығын арттыру.

 

II .Сабақтың негізгі мақсаты:

-оқыту

-тәрбиелеу

-дамыту

Оқыту міндеттері: түсініктеме, пән бойынша білім –біліктерін қалыптастыру, дәптерге  күн ретін жазу.

 

III . Жаңа сабақты өткізу құрылымы :

1.Ұйымдастыру жұмыстары

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Білімді тексеру

4. Жаңа сабақтың мақсатын қою

5. Жаңа материалды өту

6. Жаңа материалды қабылдауын тексеру

7. Жаңа материалды бекіту

8. Үйге тапсырма беру

IV. Тақырып бойынша жұмыс  (өтілген сабаққа талдау)  Сабақ  2 топқа бөліну арқылы өтті.Сабақта деңгейлік тапсырмалар, ой- қозғау, кластер,тест тапсырмалары, ойын элементтері, сұрақ-жауап арқылы өтті. Оқушылар белсенді жауап берді.Сын есім бойынша кластер құрды,ойындар ойнады ,шағын мәтін құрастырды,тест жұмыстарын жүргіздім,синквейн әдісін қолдандым «Мен қандаймын» диалог құрастырып ,рөлдік ойындар ойналды. Суретпен жұмыс құраған сөйлемдерден сын есімдерді табу.

 

V Үй тапсырмасы  Сын есімдері бар бірнеше сөйлемдер жазу.Үй тапсырмасын күнделікке жазу

VI .  Қорыту  сабағының құрылымы :

- өтілген сабақты жүйелеу

- тақырыптарды  қорыту

- әңгіме жүргізу

Оқушы еңбегін бағалау. Критерий бойынша бағалау

 Рефлексия (ой елегінен өткізу)

 

 

Сабаққа қосымша

Мақсаты:

 Мен үш айлық курста алған білімімді жан-жақты пайдалануға тырыстым. 4сыныпта қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткіздім. Сабақта тиімді өткізу үшін түрлі әдіс‑тәсілдерді пайдаландым. Сыни тұрғыдан ойлау,диалогтік тәсіл,суреттер,мысалдар,түсіндіру,топтық жұмыс.Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында және тақырыпты игерту мақсатымен  сабағымды өткіздім.

 Ұйымдастыру кезіңінде: Сабаққа қызығушылықтарын арттырып,шаттық шеңберінен бастадым. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексердім. Оқушыларды 4 оқушыдан 2 топқа бөлдім.

Топқа бөлініп , өздері топ басшысын сайлады, ол барлығын бақылып отырды .

Не жақсы өтті? Сабақтың жағымды сәттеріде болды. Оқушылар осы сабақта жақсы қырларынан ашылды. Мен сабақ уақытында көзбен шолу көрінісін қолдандым,балаларға топпен жұмыс істеу ұнайтынын байқадым. Аса тәртіпті емес оқушыларымда сабаққа беріліп қолдарынан келгенше жұмыс істеді. Жаңа тақырыптың атауын жұмбақты шешу арқылы  жүзеге асырдық. Сабақтың барлық кезеңінде мен тек бақылаушы  және бағыттаушы қызметін атқардым.

Қайсы жақсы шыққан жоқ?- деген сұрақты өзіме қойдым. .

 Әр үстелдің  үстінде суреттер жатады  сол суреттер бойынша әңгімелейді және қорғайды.  Жалпы сабақ барысында оқушылардың сабаққа белсенділігі артты. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеттері қалыптасады.Сабақта әртүрлі модульдерді пайдаландым . Деңгейлік тапсырмалар, ой- қозғау, кластер,тест тапсырмалары, ойын элементтері, синквейн, сұрақ-жауап

 Осы сабағымда «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», диалог арқылы  оқыту  бағалау әдісін қолдандым. «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» –ден алған себебім қарсы пікір айтуға баламалы шешімдерді қабылдауға,дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауға үйрету. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті қасиеттермен қаруландыру еді.

 Ой қозғау (сұраққа жауап алу) арқылы  берілген сұрақтарға жауап алдым белгілі уақыт ішінде  оқушылар тез арада жауап берді.

Ой қозғау сұрақтарына, грамматикалық әлеміне шолу жасадық,тақтамен жұмыс жүргіздік. Өзіндік ретінде өздік жұмыстары жүргізілді.

Жаңа сабақты сөз жұмбақ арқылы аштым. Деңгейлік тапсырмалар»  берілді

Кластер кесте құру, топтастыру әдісі ,Венн диаграммасын қолдандым.

Әр түрлі ойын түрлерін  қолдандым  Сабағымды мен арнайы жабдықталған мультимедия кабинетінде өткіздім.Әрбір оқушы жеке жұмыс істеді. Ақпараттық   - коммуникациялық технологиялардыны сабақта қолданудағы мақсатым  ХХІ ғасыр ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің  болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп,жан – жақты дамуына ықпал ету. Топқа бөлінген кезде оқушылар бар ынтамен жұмыс жасады.Сабақта оқушылардың белсенділігінің артқандығын,сабаққа деген  ынталарының одан әрі жігерлене түскендігін байқадым.Оқушылар өздерін еркін ұстады.Өз ойларын анық та нақты жеткізе білді.Жаңа тақырыпты ашу барысында мен оқушыларға  сұрақтар қойдым Олар өздерінің білетіндерін белгілі бір уақыт аралығында топта талдап,ұжым алдында түсіндіре алды.Топ құрамындағы хатшы, баяндамашы,көшбасшы, тәлімгер өткен сабақтарға қарағанда өз жұмыстарын белсене атқарды..

Дарынды және талантты балалар өз еңбектерін көрсете білді. Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын байқатқан балалар, мысалға музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б.  сабақ барысында бірнеше оқушыларды бақылауды ұйғардым. «Диалог арқылы  оқыту»  модульін пайдаландым. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың  өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтік шәкірттердің өзіндік ой- пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін  меңзейді.Диалог сабақта оқушылардың  қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда,,оқыту жеңіл болады. Өзін -өзі реттеу арқылы оқушылар өздіктерінен жұмыс жасауға үйренді.

Бағалау  кезеңі  алдында бағалау  критерийін беріп қойдым және  сонда критерийлерге қарай отырып оқушы жақсы баға алу үшін сабақта қарап отырмайды,критерийдің ішіндегі  пункттерді қарай отырып,өзінің қолынан келетін тапсырманы орындауға тырысады.Мен бұл жерде  «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»модульін қолдандым.

Рефлексиялық бағалау кезеңі. Үш жолға әр топтың аттары қойылады,бағалау парағы  оқушылар білім деңгейі бойынша бағаланады. Бүгінгі таңда оқушы біліміне қойылатын талап өте жоғары. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін бағдарлама бойынша тиісті білімді беру жеткіліксіз. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелуде, білімдерін нығайтуға сыни тұрғыдан ойлану,топпен жұмыс атқарар рөлі өте зор. Өйткені оқу барысында оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін қолдана білуге, қабілеттерін дамытуға мәні зор екенін көрсетеді.

 

 

    

 

  

 

 

Сабаққа педагогикалық және психологиялық талдау

 

 Сыныбы: 4   Сыныптағы оқушы саны: 8

 

Мұғалімнің аты-жөні: Айтпаева Ардақ Асылбекқызы     Пәні: қазақ тілі

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Сын есім

 

 

 

Мұғалімнің сабақтағы

іс-әркеті

Жоғары деңгей

Орташа деңгей

Төменгі деңгей

Ең төмен деңгей

 

Оқушының сабақтағы іс-әркеті

Жоғары деңгей

Орташа деңгей

Төменгі деңгей

Ең төмен деңгей

1.        

Сабақтың ұйымдастыру кезеңі

+

 

 

 

Оқушылар назарының ұйымдастырылуы:

а/ басталуында

ә/ соңында

+

 

 

 

2.        

Білімді тексеру және қайталау

+

 

 

 

Оқушылар белсендігі:

а/ сұрау кезінде

ә/ жаңа материалды баяндау кезінде

 

+

 

 

3.        

Үй тапсырмасын тексеру

 

+

 

 

Сабаққа деген ынта-зейіні

 

+

 

 

4.        

Сабақты теориялық тұрғыда баяндау:

а/ ғылымилығы

ә/ логикалығы  +

б/ жүйелілігі

в/ түсініктілігі

 

 

 

 

Білімдерінің деңгейі

 

+

 

 

5.        

Тақырыптың ашылуы

+

 

 

 

Дағдысының қалыптасу деңгейі

 

+

 

 

6.        

Қажетті материалдармен толықтырылуы

+

 

 

 

Өз ойын баяндай алуы

+

 

 

 

7.        

Көрнекіліктің болуы

+

 

 

 

Логикалық ойлау дәрежесі

+

 

 

 

8.        

Сабақтың тәрбиелік мәні

+

 

 

 

Баяндай алуы

 

+

 

 

9.        

ТСО

+

 

 

 

Тіл тазалығы

 

+

 

 

10.     

Дидактикалық материал-дардың  жинақталуы

+

 

 

 

Өзін-өзі бағалауы

 

+

 

 

11.     

Оқушылармен жеке жұмыс түрлері

+

 

 

 

Мұғаліммен қарым-қатынас дәрежесі

+

 

 

 

12.     

Сабақтың сезіммен жеткізілуі

 

+

 

 

Тәртібі

 

+

 

 

13.     

Педагогикалық такт

+

 

 

 

Сабаққа даярлығы

+

 

 

 

14.     

Өз беттерімен істелетін жұмыстардың жоспарлануы

+

 

 

 

Өз бетімен  жұмыс жүргізу қабілеті

 

+

 

 

15.     

Уақытты тиімді пайдалануы

+

 

 

 

Үй тапсырмасына назары

 

+

 

 

16.     

Үйге тапсырма, анализ жасалынуы, нормасы

+

 

 

 

Қоңырауға реакциясы

 

 

+

 

17.     

Бағалау, сабақты қорыту анализі

+

 

 

 

Баға әлідігіне назары

+

 

 

 

18.     

Сабақтың нәтижесі

+

 

 

 

Қорытынды жасай алуы

+

 

 

 

Сабақ туралы пікір: Сабақтың құрылымында  барлық элементтер  сақталды . Сабақтың бірінші кезеңінде  басты мақсаты оқушылармен  жағымды психологиялық ахуал құрып, сыныпты  сабаққа бағыттады .

Екінші кезеңде:  үй тапсырмасы сұралды , сұрақ –жауап арқылы жұмыс жүргізді.

Үшінші кезеңде: жаңа сабақ түсіндірілді.

Төртінші кезеңде : Оқушылармен мынадай жұмыс түрлерін жүргізді : Сабақ  2 топқа бөліну арқылы өтті.Сабақта деңгейлік тапсырмалар, ой- қозғау, кластер,тест тапсырмалары, ойын элементтері, сұрақ-жауап арқылы өтті. Оқушылар белсенді жауап берді.Сын есім бойынша кластер құрды,ойындар ойнады ,шағын мәтін құрастырды,тест жұмыстарын жүргізді,синквейн әдісін қолданды «Мен қандаймын» диалог құрастырып ,рөлдік ойындар ойналды. Суретпен жұмыс құраған сөйлемдерден сын есімдерді тапты.

Оқытудың қағидаларын жүзеге асыру: Жаңа оқу материалдарының ғылыми мазмұны – сабақта алған білімдерін күнделікті  өмірде қолдана  білу құзіреттілігі

-жаңа материалды сапалы меңгерту

-оқушылар ойын технологиясы арқылы жаңа сабақты өздігінен меңгерді .

-алдында алған білімдерін  байланыстыра білді.

Оқытудың әдістері: 

еңгейлік тапсырмалар

-ой- қозғау, кластер,тест тапсырмалары

- ойын элементтері, синквейн, сұрақ-жауап

 

Ұсыныстар: Үш жұлдыз бен бір тілек . Ардақ Асылбекқызына келешекте шығармашылық табыс ,

алдыңыздан жақсы-жақсы шәкірттер шыға берсін деген тілек айтамыз!

 

Сабаққа  талдау

Сыныбы 4   Барлық оқушы саны  8  Сабаққа қатысқаны 8

Сабақтың тақырыбы:  Сын есім

Сабақтың мақсаты: Сын есім туралы алған білімдерін толықтыру, пысықтау. Сын есімді сөйлем ішінен тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын және дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету, сауатты, таза жазуға дағдыландыру.

Көрнекілік қолданылуы сабаққа сай.

 

Сабақ барысы:

 

Сабақтың кезеңдері.

Мұғалімнің іс-әрекеті, шеберлігі.

Оқушының іс-әрекеті, белсенділігі.

Ескерту.

1.       

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың қызығушылығы(шаттық шеңбері)

 

Жақсы

 

2.       

Үй тапсырмасын тексеру кезеңдері.

Сұрақ –жауап арқылы тексерілді

Жоғары деңгейде

 

3.       

Жан-жақты білім тексеру кезеңі.

Логикалық ойлау қабілеттеріне  байланысты

 

жақсы

 

4.       

Мақсат қою кезеңі.

 

Қойған мақсатқа жетті.

жақсы

 

5.       

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

 

Сабақты оқушылар толық меңгерді.

Жоғары деңгейде

 

6.       

Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.

Жаңа сабақ қорытындыланды.

жақсы

 

7.       

Бекіту кезеңі.

 

Сұрақ-жауап арқылы бекітілді

жақсы

 

8.       

Үйге тапсырма беру кезеңі.

 

Үйге тапсырма берілді.

жақсы

 

 

Сабақ бойынша қортынды, мұғалімге ұсыныс

Сабақтың жоспары орындалды .Алдына қойған мақсатына  жете білді Оқушылар тақырыпты меңгерді .Үй тапсырмасы нормативтік талаптарға сай , түсіндіріле берілді.

 

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі: Ләззат Қалдырқызы Абдрахманова

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Аа дыбысы мен әрпі" 1 сынып сауат ашу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Аа дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

Білімділік:

Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, сауат ашу  пәні туралы жалпы мағлұмат беру, әріптер әлемінің сырын ашу.

Дамытушылық: түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың ой-қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін дамыту

Тәрбиелік: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Нәтижесі: Оқушылар топ арасындағы ынтымақтастыққа үйреніп,өз ойларын айта алады,әртүрлі деңгейде тапсырмалар орындай алады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 297 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Статья "Как научить младшего школьника решать задачи (из опыта работы)
  • Учебник: «Математика (в 2 частях)», Моро М.И., Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. и др.
  • Тема: Четыре арифметических действия: сложение, вычитание, умножение, деление
  • 04.10.2020
  • 1586
  • 27
«Математика (в 2 частях)», Моро М.И., Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2015 1376
    • DOCX 19.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтпаева Ардак Асылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтпаева Ардак Асылбековна
    Айтпаева Ардак Асылбековна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10237
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 610 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 375 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 270 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 150 человек