Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалы" Білім беру мекемесінде оқу жетістіктерін бағалау және мониторинг жасау" тақырыбына баяндама

" Білім беру мекемесінде оқу жетістіктерін бағалау және мониторинг жасау" тақырыбына баяндама

Скачать материал

 УДК

Р.У. Апсадыкова

 

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН

БАҒАЛАУ  ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ЖАСАУ

Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі

071010, Қазақстан Республикасы, Көкпекті ауданы,

Самар ауылы, Горохов к. 55

 

Бүгінгі таңда білім беруге қойылатын талаптар адамды ең жоғарғы құндылық ретінде қарастыратын ізгіліктік тұжырымдамасы тұрғысынан қарастырады. Сондықтан білім сапасының мәселесі жеке тұлғаны дамытуға, оның жоғары адамгаршілік пен кәсібилікке ұмтылысын қалыптастыруға бағытталған міндеттер кешенін шешуге байланысты білім беру саясатының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

В.С. Леднев, Т.Д.Макарова, М.М. Поташник, С.Е. Шишов және т.б. зерттеушілердің пікірінше, адамның әлемдік стандарттарға сәйкес білім алу құқығын кепілдікпен қамтамасыз ету үшін білім сапасын бағалау қажет[1].                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «білім беру сапасын ішкі бағалау сапа менеджменті жүйесін, білім беру ұйымдары қызметінің барлық түрлерінің өзін-өзі бағалаудың әртүрлі рәсімдерін, үлгерімді ағымдағы бақылауды, білім алушылардың білім алу жетістіктерін бағалауды қамтиды» деп көрсетілген.

Жалпы білім беретін мектептерде оқытудың нәтижелерін тексеру және бағалау жүйесін жетілдіру – қазіргі кезде күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Сондықтан оқыту нәтижелерін бағалаудың қазіргі тәртібі білім мекемелерінде қайта қаралып жатыр.

Білім беру процесі мен нәтижесін педагогикалық және психологиялық тұрғыда қарастыру бір-бірімен тығыз байланысты екені белгілі.  Педагогикалық-психологиялық көрсеткіштер жиынтығына келесілерді жатқызуға болады:

1.     Білім алу мотивациясы мен оның динамикасы.

2.     Оқушыларда ақыл-ой дамуы мен оқу әрекеттерінің қалыптасуы.

3.     Оқушылардың құндылықтарға бағытталуы және оның даму динамикасы.

4.     Оқушылар мен мұғалімдердің оқыту процесіне қанағаттануы.

Аталған әрбір көрсеткіштерден  сандық ақпараттарды алуға болады:

-         оқушының қандай да бір сипаттамасының даму деңгейі;

-         белгілі бір мерзімдегі оқушы сипаттамасындағы «өсу» дәрежесі;

-         оқушы жетістігінің нақты деңгейін бағалау[2].

Оқыту нәтижелерін бағалаудың жүйесін жасауда біз жүйенің біртұтастығы, оқушының дамуын қолдау, оқыту нәтижесін бағалауды кешенді қарастыру, кемшіліктерді болжау сияқты принциптерді ұстанып,  бағалау моделін құрастырдық. Бұл модель оқыту бағдарламаларының талаптарын орындауды бағалауға бағытталған. Модельдің негізгі  компонеттері:

-бағалаудың мазмұны және объектісі: оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалау;

 - бағалаудың әдіс-тәсілдері: субъективті (жобалар, практикалық жұмыстар, жазбаша, ауызша сұрау, портфолио, т.б.) және объективті  (тестілеу, сауалнама; оқушылар, мұғалімдер, мекеме аттестациясы, мониторингтік зерттеулер) ;

- тұтынушылардың негізгі топтары: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басқарушылар, қоғам мүшелері, т.б.);

- нәтиженің қолдану мақсаттары: оқытудың келесі сатысына көшу, білім беру сапасын бағалау, мазмұнды қайта қарастыру, түзету жұмыстары [3].

Оқыту нәтижесін бағалау және талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту үрдісінің нәтижесін бағалау, контингенттегі оқушылардың ерекшелігін ескере отырып оқу үлгірімін талдау және мұғалімнің тәжірибесін жинақтап, озат тәжірибелерді тарату мақсатында педагогикалық мониторинг жүргізіледі.

Мониторинг дегеніміз – «мұғалім-оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті, басқаша айтқанда, мониторинг- оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің нәтижесін талдау мен мектептің даму болашағын болжаудың динамикалық жүйесі [2].

Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылау түрлерінен оқушының оқу деңгейі мен оқыту жағдайына үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін өзінің ұйымдастыру түрі, жинақтау, сақтау, мәліметті өңдеу және тарату қызметтері бойынша ерекшеленеді.

          Мониторингтің түрлері өте көп:

-         өткізу жиілігі бойынша( бір рет, мерзімді, жүйелі);

-         ұйымдастыру формалары бойынша( жеке, топтық, фронтальді);

-         қарым- қатынас формалары бойынша ( сырттай байқау, бірін- бірі бақылау, өзіндік талдау);

-         оқыту кезеңдері бойынша ( кіріспе, аралық, қорытынды).

          Мониторингтің құрылымы:

1.     бақылау

2.     бағалау

3.     талдау

4.     нәтижені болжау

5.     коррекция [1]

 

Зерттеудің мақсаттарына байланысты мониторингтің жетістікке жеткізетін оқу-тәрбие үрдісі мен құрылымның нәтижесін анықтау бағытын ең маңызды деп айтуға болады.

Диагностика көмегімен оқушылардың білім деңгейі анықталады, білім беру нәтижелерінің жетістігі қорытындыланады, білім беру үрдісінің кезеңдері жоспарланады.

Мониторинг арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуын, мұғалімнің іс-әрекетін зерттеу үлкен нәтиже береді.

Сондай-ақ, мониторинг нәтижесінде оқу және оқыту, білімді игеру дәрежесі, оқушының танымдық қызығуын, нашар үлгірімнің дидактикалық себептерін анықтау мүмкіндіктерін қадағалауға болады.

Білім беру үрдісін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық, қозғаушы және ынталандырушы, қалыптастырушы, түзеушілік қызметтер атқарады. Енді соның әрқайсысына тоқталайық.

           Мониторингтің қалыптастырушы қызметінің нәтижесінде оқушының «дамуға жақын аймағына» ықпал ете отырып оқушы тұлғасының әлсіз және күшті жақтарын анықтайды [1]. Әрбір оқушыға қозғау салу әрекетінің әдістері мен тәсілдерін жеке талдауға, оқушының педагог назарынан түсіп қалу мүмкіндігін шығарып тастауға көмектеседі.

Оқу үрдісінде болжанбаған, кездейсоқ нәтижелерді табу және белгілеу, оқушылардың жат әрекеттеріне әсерді күшейту жөнінде шара қабылдау мониторингтің түзетушілік қызметі арқылы жүзеге асады.

Алғашқы кезеңде мониторингтің мақсаты мен міндеттерін анықтаудан бастаймыз.  

Келесі кезектегі кезең негізгі көрсеткіштер мен критерийлерін анықтау, диагностика әдістерін таңдаумен жалғасады.

Диагностика әдістерін дәстүрлі (тестілер, сауалнамалар, сұрақтар, бақылау жұмысы, диктант, т.б.) және дәстүрлі емес әдістер (бақылау, пікірлесу, т.б.) деп бөлуге болады. Педагогикалық мониторингтің екінші талдау – диагностикалық кезеңінде ақпараттар жиналып, мәліметтер сандық және сапалық өңдеуден өткізіледі. Өңдеу кезінде алынған нәтижелерді салыстыру барысында педагогикалық диагноз қою, себеп-салдарға тәуелділікті дәлелдеу және талдау жүзеге асырылады.

Алдағы негізгі ой - мақсатты, даму мүмкіндіктерін болжай отырып жоспар жасау, болжау кезеңінің әрекеті болып табылады.

Әрекеттік-технологиялық кезеңінде педагогикалық үрдісті түзету іске асырылып, баланың дамуын тежейтін немесе оның ынтасын әлсірететін себептерді және кемшіліктерді жою қажет.

Аралық-диагностикалық кезеңде нормативті көрсеткіштермен салыстыру және логикалық талдауға негізделген нормативті көрсеткіштерден ауытқу себептері анықталып, түзету-даму жұмыстарының стратегиясы жасалады.

Соңғы қорытынды – диагностикалық (аяқтаушы) кезеңінде мониторинг нысаны жағдайына баға беріліп, алынған нәтиже алғашқысымен салыстырылады. Мониторингтен алынған мақсат және міндеттер сәйкестігі, логикалық талдауға негізделіп жүргізілген жұмыс нәтижесі анықталады.

Мұғалім өз мақсатына жеткен, жетпегеніне көзін жеткізетін тек сенімді әдісі бар болса ғана өзінің әдістерінің дұрыстығына, өз еңбегінің нәтижелігіне сенімді бола алады, ал керісінше жағдайда өз жұмысын жөндеуді қажет ететін анық мәлімет ала алмайды.

Мониторингтік зерттеудің әдісі: әуелі зерттеуге бағытталған оқу пәндері таңдап алынып, мониторингті жүргізу мерзімі анықталады. Оқушыларға берілетін тесттер мен бақылау қималары мектептің әдістемелік бірлестік жетекшісімен бірлесіп таңдап алынады. Бұл жұмысты жүргізу кестесі алдын ала ілінеді.

Сыныптың білімді игеру дәрежесі арнайы технологиялық карталарға толтырылады. Мониторинг қорытындысы бойынша мұғалімдерге осы элементтер негізінде оқушылардың білім, дағды, іскерлігіндегі кемшіліктерді түзеуге уақыт беріледі.

Білім сапасы көп айтылып жүрген шақта оқу-тәрбие үрдісінің әр түрлі қырларын талдауда мониторингтік зерттеу жақсы құрал болып табылады. Мониторингтік зерттеу нәтижесінде өткен оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісі туралы дәл, әділ, тез ақпарат аламыз. Ол ақпарат оқушылардың оқу әрекеті мен мұғалімдердің іс-әрекетіне  түзету жүргізу жайлы уақтылы басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. 

Мониторингтік зерттеу жүргізуге педагогтер мен мектеп әкімшілігінің қатысуы дидактикалық құралдарды жаңарту нәтижесі және сапасы жөнінде дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді, теорияның мектеп өмірімен толық байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нысандары мен істі атқару тәртібін анықтауға жол ашады. Мониторингтің нәтижесі мұғалімдерді аттестаттауда, сабаққа қатысу кезінде, мұғалімнің іс-әрекетін және оқушылардың білім, білік, дағдыларын түзетуде қажет.

Қорыта айтқанда, білім беру мекемесінің оқу жетістіктерін бағалау және мониторинг жасау – ұстаз шеберлігін шыңдау және оқушы мен мұғалім біліктілігін арттыру деген сөз. Жетістікке кеткізетін бірден-бір жол – ізденіс, талапты еңбек екенін уақыт дәлелдеді. Олай болса, білім беру мекемелерінде  оқу жетістіктерді бағалау,  педагогикалық мониторинг жүргізу арқылы жеткен  жемісті жолдар жалғасын табатынына сенімдіміз. 

 

     

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. В.Г.Горг. Теоретические основы мониторинга образовательной деятельности . Журнал Педагогика, 2003 г.           

2. Т.Н. Макарова. Учебный процесс: планирование, организация и контроль. Москва, центр «Педагогический поиск», 2001 г.

3. А.Ә. Жайтапова, Ф.Ж. Нәметқұлова. ТQМ негізінде білім сапасын басқару. ББЖ КБАРИ, 2009 ж.

4. Современные тенденции в развитии системы образования. Сборник научных трудов. ИПК ПРО. 2006г

 

                   

             

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "" Білім беру мекемесінде оқу жетістіктерін бағалау және мониторинг жасау" тақырыбына баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бүгінгі таңда білім беруге қойылатын талаптар адамды ең жоғарғы құндылық ретінде қарастыратын ізгіліктік тұжырымдамасы тұрғысынан қарастырады. Сондықтан білім сапасының мәселесі жеке тұлғаны дамытуға, оның жоғары адамгаршілік пен кәсібилікке ұмтылысын қалыптастыруға бағытталған міндеттер кешенін шешуге байланысты білім беру саясатының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

В.С. Леднев, Т.Д.Макарова, М.М. Поташник, С.Е. Шишов және т.б. зерттеушілердің пікірінше, адамның әлемдік стандарттарға сәйкес білім алу құқығын кепілдікпен қамтамасыз ету үшін білім сапасын бағалау қажет

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 898 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2015 2533
    • DOCX 51.5 кбайт
    • 86 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Апсадыкова Роза Умербековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Апсадыкова Роза Умербековна
    Апсадыкова Роза Умербековна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4074
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Курс повышения квалификации

Требования промышленной безопасности в химической, нефтехимической и нефтеперерабатывающей промышленности (Б.1)

72 ч. — 180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Устройство и эксплуатация дизельных электростанций

72 ч. — 180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции