Главная / Школьному психологу / «Психологияның отбасылық тәрбиедегі орны»

«Психологияның отбасылық тәрбиедегі орны»

Үшқоңыр ауылындағы орта-мектеп-гимназия «мектепке дейінгі шағын орталықпен»кмм







Баяндама





«Психологияның отбасылық тәрбиедегі орны»







Педагог-психолог Самбетова Г.Т.

















Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру,дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады.Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып,жетілдіруі-бұл талдауға жатпайтын мәселе.
Әр адам-адамзаттың жеке-дара өкілі болмағанымен,өзіндік ерекшеліктерімен дараланады.Себебі,біз өзіндік мінез-құлқымызбен,бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз,әрқайсымызәерекшем жаратылғанбыз.Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз,біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар.

Тұлғаның даму барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның дүниетанымы жетіледі.Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы қарама-қайшылықта болады» деседі,енді біреулері «әлемде үйлесімділік пен келісім болса,даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп тұжырымдайды.Адамның сан қырлы әлемін танып-білуді,ұрпақ өмірге келмей тұрып,ана құрсағында бастау алатынын,яғни,болмысы қалыптасу үшін қам-қаракет жасау керектігін әрбір әке-шеше жете ұғынуы қажет.
Тұлғаның рухани жетілуі үшін ең алдымен,рухани саналықты меңгереді.Тұлғаның рухани санасы өмірдің мәнін,өзінің өмірдегі орнын,өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту,отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық,ұғынысуды сезінуі абзал.
Психолог мамандар ата-аналарға сәби дамуының бастауы мына факторлардан тұратынын ұғындырса тиімді болады.Олар:биологиялық-туа және жүре-бара берілетін ерекшеліктер;әлеуметтік-бала өсіп жетілетін рухани орта.
Баланың ата-анасымен осы жұмыстарды жүргізе отырып,нәтижесін білу үшін психо-педагогикалық мінездеме құрастырады .Бұл диагностикалық кестеде әр баланың пәндер бойынша үлгерімі,материалды қабылдауы,ойын дәлелдеуі,ұштастыра білуі,этикалық,эстетикалық талғамы,қабілеті,өз ісіне жауапкершілігі көрсетіледі.
Жазушы- педагог Ж,Аймауытов «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиеші өзі тәрбиелі болуы керек.Себебі,бала айтып ұқтырғаннан гөрі,көргеніне көп еліктегіш келеді.Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын,іспен көрсету керек»-дейді.Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында ата-анасынан,мектепте-ұстаздан талап етілетін тағылым жүгі жатыр.Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы-бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып,қандай бет-бейнесімен көрінуі-сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне,өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.Әрине ,отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп,ол тәрбие бастауыш пен негізгі мекетепте жалғасын тауып жатса,бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық.Психолог-маман ұрпақ тәрбиесі тағылымды борлсын десе,жұмысты ең алдымен,ата-анамен,яғни,отбасынан бастағаны,жүргізгені,талап еткені жөн.Бұл қазіргі замандағы ең басты қажеттілік десек болады.
Ата-ана әртүрлі,олардың ұрпақ тәрбиесіне,мектепке көзқарасы да сан алуан.Қандай да мектеп болсын,әлеуметімк тұрғыдан бұл мәселені «Отбасы-оқушы-мектеп» үшбұрыштық жүйесімен жүргізгені абзал .Мұндай жұмыс «Отбасылық психологиялық таным» сабақтарын жүргізгенде ,оң тәтижесін берері сөзсіз.Ол үшін,ең алдымен ата-ананың өзін-өзің тануына бағытталған тренингтер,өзіне баласының көзқарасын білдіретін тестілер мен психорефлекциялар жүргізіледі.Әрине,кез-келген ата-ананың өзі туралы,өз баласы туралы жоғары пікірде болуы заңдылық.Сондықтан,бұл жұмыстар бастапқы кезде ойын сергіту сипатында жүргізілгенімен,кейінірек мән-маңызы тереңдей түседі.

Отбасы-педагогикалық қатынас субьекті.
Отбасы,мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие мекемелері,балалар және жасөспірімдер бірлестіктері,көше,бұқаралық ақпарат құралдары-бұлардың бәрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тәрбиешілер» тобын құрайды.Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді;мектеп оңтайлы қылық,дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады;балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді;ал көше болса,отбасы,мектеп,әрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады.Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса,сонысын таңдайды,соның ықпал тәуелділігіндеболады.Осыдан тәрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады.
Бала үшін отбасы-ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі.Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар,салт-дәстүрлер,ұстанымдар.әрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп,оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.
Отбасы белгілі қызметтерді атқарады: -қайта өндіру (репродуктивті)-ұрпақ келтіру(тек жалғастыру тума әрекеті,перзентті болу,оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттілігі); -шаруашылық –экономикалық,(ортақ шаруашылық және қаржы пайдалану,еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру);
-тәрбиелеу(отбасы,оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау;отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасап баруы;өмірлік тәжірибе,инабаттылық тәртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу); -қарым-қатынас құру(коммуникативті-отбасы ішіндегі қатынас түзу,отбасының басқа адамдармен,жанұялармен,әлеуметтік топтармен байнысын ұйымдастыру) -қайта қалпына келу(рекреативті –бос уақыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру;отбасы мүшелерінің күш-қуатын,денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету). Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне,әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты. Тұлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады.Олар:туған күнінен бастап,балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал;отбасыдағы қарым-қатынастың туысқандық,сүйіспеншілік,сенім,өзара жауакершілік езімдеріне негізделуі;ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы және ықпалы.Өз балаларының ерекшеліктерін,қызығулары мен қажеттерін ескеруде ата-аналар мүмкіндіктері орасан.
Отбасылар өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей: құрылымы бойынша (мүшелер саны,жас деңгейлері):үш әулетті отбасылар-ата-аналар,балалар,немерелер;екі әулетті отбасы-ата-аналар және балалар;бір балалы,көп балалы(үш одан да көп балалы) отбасылар;толық болмаған ,яғни ата-анасының біреуі жоқ;перзентсіз және т.б.отбасылар;отбасы тұрмысы және даму жағдайларына байланысты жарасымды және қисыны кеткен жанұялар); отбасылық стиліне орай(әкімшіл,адамгершілікті,либералды).
Әкімшіл(авторитарлы)отбасы-бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпаы,жалған сөзден,екіжүзділіктен көрініп, балада қоорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.Адамгершілікті қатынас түрі(стиль) ата-аналардың бала тұлғасына болған сыйластық құрметімен,оның көзқарас,ой-пікірлерін қабылдауымен,өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен еленеді.Мұндай отбасылар балалар датына құлақ түре алады,өз шешімдерімен баланы тұсауламайды,оның шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі.Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді,әрдайым табысты әрекет қуанышына бөленіп,оны ата-анасымен бөліседі,олардан қорықпайды,керісінше,ішкі нәзік сырларын ортаға салып проблемаларымен бөліседі,кеңестерін тыңдауға асығады,өз қадір мәртебесін сезінеді.
Либеральды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға,оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді.Балалар ата-аналарының әсіре сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу,немқұрайлығына тап болады.Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке,тәртіпсіздікке моральдық
жұтандыққа дұшар етеді.
Өз перзентіне шынайы шынайы қамқорлықпен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана,негізінен адамгершілікті(демократтық) стильді қолдана отырып,орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды.

Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан: -баланы бар қалпында сүю,құрметтеу қажет; -балаға әсер ететін құрғақ сөз емес,оның қалай айтылғаны,шын көңілден шыққандығы мәнді; -баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт,сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау- дамай туындамайды да ең қонымды тәрбие әдісін таңдап,қолдануға болады; -баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн,асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс; -жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін қолдануға үйренген жөн,баланы намысына тиіп, қорламаңыз(еш уақытта бала жаман емес,оның қылығы жаман); -бала жөнінде басқалар(мұғалімдер,көршілер)тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп,кейін шешім қабылдаған жөн;жұрт алдында өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы,өз балаңның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау; -балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп ал; -балаңызға қанша рет «жоқ»деп,бетін қайтаратыңызға мән беріп көріңіз,содан қорытынды шығарыңыз.Бала ата-анасына түгелдей тәуелді; -бала жасына қарамай,басыбайлы қадағалауды жек көреді.Ата-анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана ұнатады.Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді; -баламен өмір,тұрмыс жөнінде сұхбаттасып тұрған жөн.Себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер

-бұл өнеге-үлгі,

бірлікті еңбек,

іс-әрекет,

әңгіме –сұхбат,

қолдап-қуаттау,

баланы қорғау.

«Мендей бол!» ұранымен тәрбиелей отырып,ата-аналар өз өнегесімен қалай жасау,еңбектену қажет екендігін үйрету;сыйластық-сүйіспеншілік сезімін білдіреді.Отбасында ешкім «мен енді сені тәрбиелемеймін»-деп айтпағаны жөн,себебі төңіректегінің бәрі баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып барады.Балаға болған қатынас,ата-аналар арасындағы байланыс,басқа адамдармен процесі,барша отбасылық істер.Сондықтан да тәрбие үшін арнайы шарт,жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ-тек қана дұрыс инабатты, адамгершілік әдеп сақтап ,өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.







Пайдаланған әдебиеттер :

1.С.Ұзақбаева ,Б.Мұқанова Қазақ этнопедагогикасы:тәлімдік тағылымдар(оқу құралы) Алматы,Республикалық баспа кабинеті,1981ж 2.Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. «Мектеп»баспасы,Алматы 1975ж. 3.Е.Сағындықұлы Педагогика,Дәрістер курсы.Алматы.Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім беру академиясының Республикалық баспа кабинеті,1999ж.

4.Ф.Ниязбекқызы,М.Сансызбайқызы,Б.Баймұратқызы,Ф.Әбдиқызы «Отбасында баланы мектепке дайындау» Шартарап,Алматы 2000ж. 5.Евдокимова С.Л.,Цветкова Н.А «Семейное воспитание» книга №1-№2 Методическое пособие для классных руководителей,школьных психологов и других специалистов.Астана ,2011















«Психологияның отбасылық тәрбиедегі орны»
  • Школьному психологу
Описание:

Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру,дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады.Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып,жетілдіруі-бұл талдауға жатпайтын мәселе.

Әр адам-адамзаттың жеке-дара өкілі болмағанымен,өзіндік ерекшеліктерімен дараланады.Себебі,біз өзіндік мінез-құлқымызбен,бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз,әрқайсымызәерекшем жаратылғанбыз.Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз,біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар.

Автор Самбетова Гульнар Тисебаевна
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другое
Просмотров 393
Номер материала MA-065225
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓