Главная / Школьному психологу / Психокоррекциялық сабақ: "Бақыт сыры"

Психокоррекциялық сабақ: "Бақыт сыры"

Бақыт сыры

(Психокоррекциялық сабақ)


Мақсаты: оқушылардың өмір, бақыт құндылығы жөнінде түсінік қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Бақыт сыры туралы түсінік қалыптастыру:

  2. Бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдарын үйрету;

  3. Бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу

Жоспар:

  1. Таныстыру (топқа ат қою, төс белгі)

  2. «Бақыт деген» аудиотаспа тыңдау

  3. Пікірлесу

  4. Ойлан тап

  5. Сенің бақытты сәттеріңнен сыр шерту

  6. Әріптер ойыны

  7. «Суреттер сөйлейді» ойыны

  8. Сергіту сәті: Көрермендерге хат жолдау, «Өкпені еріту» жаттығуы

  9. «Бақыт симводлары» (қорытынды)

  10. Жүректен жүрекке


  1. Таныстыру (топқа ат қою, төс белгі)

Өмірдегі ең қалаулы нәрсесі екенін кез-келген адамнан сұраңызшы, «Мен тек бақытты болғым келеді» дейді. Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не? Шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы-қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп өмірге шаттануда. Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны сезіне және бағалай білсе.

  1. «Бақыт деген» М.Мақатаевтың сөзіне жазылған аудиотаспаны тыңдау.

Бақыт – бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағңын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да осындаІ

  1. Пікірлесу

Сәби бақыты, ол ....

Ата-ана бақыты, ол - ....

Әйел бақыты, ол - .....

Дәрігер бақыты, ол - ...

Ер-азамат бақыты, ол - ....

Ұлт бақыты, ол - ....

Ұстаз бақыты, ол - ....

Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзің де бақытқа кенелесің. Біреуге қарап жымисаң, ол да жымияды. Бұл табиғат ананың ғажайып заңдарының бірі. Неғұрлым көп берсең, жерге сепкен әр тұқымнан мың тұқым алатының сияқты, соғұрлым қайтымы көп болады. Берсең, міндет етпе. Алғаны үшін ол бір рет қуанса, бергенің үшін сен бірнеше есе қуанышқа бөлінесің.

  • Адам жанына ең қажеті – өмірінің мәнді болуы, мақсат та сол үшін қажет. Мақсат бақытымыздың іргетасын қалайды. Егер сен бір нәрсеге құлшынатын болсаң, уайым-қайғың өзінен-өзі тарап кетеді. Өмірде кездесетін қиындықтар өз мақсатыңа жетер жолдағы шағын кедергілерге айналады. Мақсатыңның нәтижесін анық білсең, қын кезеңдерден қиналмай өтесің.

  • Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл-күйіме байланысты. Ендеше, мен өз ойымды, яғни өз бақытымды басқара аламын.

  1. Ойлан тап. Бұл ойынның шарты: суреттерге қарап тез әрі дұрысм мақал айту. (ақша, кітап, отбасы суреті)

  2. Сенің бақытты сәттеріңнен сыр шерту. Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Әр адам өзіңнің бақытты болуын армандайды. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылуы тиіс. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рақатқа бөленеді. Сол себепті де арман-тілектері орындалған адамның бойында өмірге деген құштарлық пен сүйіспешілігі мол болады. Әр ісінің нәтижесіне қуана білген адамның бағы жанады. Бағы жанған адам сәнді де мәнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады. Адамдар арасында қарым-қатынас шынайы сыйластыққа құрылуы керек. Кейбір ниеті жама адамдар өзгенің бақытын көре алмайды. Қызғаныш пен бәсеке жүрген жерде өзімшілдік басым болады. Сондықтан бақталастықтан сақ болуымыз керек. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа жетеді.

  3. Әріптер ойыны

  1. Сен қазіргі сәтте өзіңді қалай сезініп тұрсың? Ж

  2. Сен адамдарға не сыйлар едің? К

  3. Өзіңді еліміздің қандай азаматымын деп санайсың? Б

  4. Болашақта кім болғың келеді? М

  5. Сенің сүйікті асың? Т

  6. Қандай аңды көргің келеді? С

  7. Қала аттарын ата? П

  8. Бақыт дегенді қалай түсінесің? А

  1. Суреттер сөйлейді. Екі топ берілген суреттерді мимикамен жеткізуі керек (күн, шарлар құстар, көбелек, гүл, бақа)

  2. Сергіту сәті. Түстерге қарап мінез-құлқын ажырату.

  3. Жүректен жүрекке.

екі топтың оқушылары сайысқа түскен оқушыларға және көрермендерге өздерінің лебіздерін, ақ тілектерін айтады.



Психокоррекциялық сабақ: "Бақыт сыры"
  • Школьному психологу
Описание:

Бақыт сыры

(Психокоррекциялық сабақ)

Мақсаты: оқушылардың өмір, бақыт құндылығы жөнінде түсінік қалыптастыру.

Міндеттері:

1.Бақыт сыры туралы түсінік қалыптастыру:

2.Бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдарын үйрету;

3.Бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу

Жоспар:

1.Таныстыру (топқа ат қою, төс белгі)

2.«Бақыт деген» аудиотаспа тыңдау

3.Пікірлесу

4.Ойлан тап

5.Сенің бақытты сәттеріңнен сыр шерту

6.Әріптер ойыны

7.«Суреттер сөйлейді» ойыны

8.Сергіту сәті: Көрермендерге хат жолдау, «Өкпені еріту» жаттығуы

9.«Бақыт симводлары» (қорытынды)

10.Жүректен жүрекке

1.Таныстыру (топқа ат қою, төс белгі)

Өмірдегі ең қалаулы нәрсесі екенін кез-келген адамнан сұраңызшы, «Мен тек бақытты болғым келеді» дейді. Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не? Шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы-қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп өмірге шаттануда. Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны сезіне және бағалай білсе.

2.«Бақыт деген» М.Мақатаевтың сөзіне жазылған аудиотаспаны тыңдау.

Бақыт – бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағңын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да осындаІ

3.Пікірлесу

Сәби бақыты, ол ....

Ата-ана бақыты, ол - ....

Әйел бақыты, ол - .....

Дәрігер бақыты, ол - ...

Ер-азамат бақыты, ол - ....

Ұлт бақыты, ол - ....

Ұстаз бақыты, ол - ....

Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзің де бақытқа кенелесің. Біреуге қарап жымисаң, ол да жымияды. Бұл табиғат ананың ғажайып заңдарының бірі. Неғұрлым көп берсең, жерге сепкен әр тұқымнан мың тұқым алатының сияқты, соғұрлым қайтымы көп болады. Берсең, міндет етпе. Алғаны үшін ол бір рет қуанса, бергенің үшін сен бірнеше есе қуанышқа бөлінесің.

-Адам жанына ең қажеті – өмірінің мәнді болуы, мақсат та сол үшін қажет. Мақсат бақытымыздың іргетасын қалайды. Егер сен бір нәрсеге құлшынатын болсаң, уайым-қайғың өзінен-өзі тарап кетеді. Өмірде кездесетін қиындықтар өз мақсатыңа жетер жолдағы шағын кедергілерге айналады. Мақсатыңның нәтижесін анық білсең, қын кезеңдерден қиналмай өтесің.

-Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл-күйіме байланысты. Ендеше, мен өз ойымды, яғни өз бақытымды басқара аламын.

4.Ойлан тап. Бұл ойынның шарты: суреттерге қарап тез әрі дұрысм мақал айту. (ақша, кітап, отбасы суреті)

5.Сенің бақытты сәттеріңнен сыр шерту. Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Әр адам өзіңнің бақытты болуын армандайды. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылуы тиіс. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рақатқа бөленеді. Сол себепті де арман-тілектері орындалған адамның бойында өмірге деген құштарлық пен сүйіспешілігі мол болады. Әр ісінің нәтижесіне қуана білген адамның бағы жанады. Бағы жанған адам сәнді де мәнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады. Адамдар арасында қарым-қатынас шынайы сыйластыққа құрылуы керек. Кейбір ниеті жама адамдар өзгенің бақытын көре алмайды. Қызғаныш пен бәсеке жүрген жерде өзімшілдік басым болады. Сондықтан бақталастықтан сақ болуымыз керек. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа жетеді.

6.Әріптер ойыны

1.Сен қазіргі сәтте өзіңді қалай сезініп тұрсың? Ж

2.Сен адамдарға не сыйлар едің? К

3.Өзіңді еліміздің қандай азаматымын деп санайсың? Б

4.Болашақта кім болғың келеді? М

5.Сенің сүйікті асың? Т

6.Қандай аңды көргің келеді? С

7.Қала аттарын ата? П

8.Бақыт дегенді қалай түсінесің? А

7.Суреттер сөйлейді. Екі топ берілген суреттерді мимикамен жеткізуі керек (күн, шарлар құстар, көбелек, гүл, бақа)

8.Сергіту сәті. Түстерге қарап мінез-құлқын ажырату.

9.Жүректен жүрекке.

екі топтың оқушылары сайысқа түскен оқушыларға және көрермендерге өздерінің лебіздерін, ақ тілектерін айтады.

Автор Жакипова Шынар Абылкасымовна
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров 509
Номер материала MA-062957
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы