Инфоурок Обществознание Другие методич. материалыПрограмма факультативного курсы "Отантану" 11 класс

Программа факультативного курсы "Отантану" 11 класс

Скачать материал

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан облыстық білім департаменті

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі

Қаратөбе мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 – 11 сыныптарға арналған

 «Отантану» курсының бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырушы : А. Ж. Жумагалиева Қаратөбе мектеп – гимназиясының жоғары санатты тарих пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

Пікір жазған : А. Қ. Альжанова Қаракөл орта жалпы білім беретін мектебінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі

 

Бұл курсты оқыту барысында Қазақстан тарихының маңызды оқиғалары бойынша білім жинақталып беріледі. Оқыту барысында ұстаздың ұзақ жылдар бойы жинақталған іс-тәжірибесі басшылыққа алынған. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауға, ЖОО – да Қазақстан тарихын оқытуға негізгі басқыш курсы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оқыту бағдарламасына түсініктеме

    

Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихы пәнінен қосымша білім берудің маңызы зор. Ежелгі заманнан осы күнге дейінгі Қазақстан тарихының аса маңызды оқиғаларымен таныстыру алдымен жасөспірімдерді оқытып тәрбиелеуде қазіргі мектептер алдына қоғам қойып отырған міндеттерді – жеке тұлғаның күш – қуат мүмкіндіктерін барынша ашуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға, әрбір оқушының қабілетіне сай интеллектін байытуға, азаматтықты, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқықтары мен міндеттерін ұқтыруға, өз  елінің мәдени, экономикалық және халықаралық мүдделерін толығырақ түсінуге көмектеседі.

10 – 11 сыныптарға арналған бағдарлама «Білім туралы Заңның», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалған.

«Отантану» сабағының ерекшелігі :

Курсты оқытудың мақсаты :

           -  Оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру;

- Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін қосымша тарихи әдебиеттерді,  құжаттар,  деректерді оқыта отырып толықтыру, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі ғаламдану заманында тарихтың мәнін түсініп, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

           - Оқушылардың Қазақстан тарихы бойынша алған білімдерін қайталап, тереңдетіп, пәннің қазіргі тұрмыс – тіршіліктегі, мәдениетті дамытудағы ролін ашу, қоғамға ғылыми көзқарасты қалыптастырып бекіту, теориялық білімдерін, есте сақтау, ойлау қабілетін дамытып, келешекте өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаның қалыптасуына септігін тигізу.

            - Шығармашылықпен жұмыс жасап, басқа пәндерден алған білімдерін, мерзімді баспасөз материалдарын пайдалана отырып баяндамалар, рефераттар дайындауға, тарихи оқиғаларға, тарихи қайраткерлердің қызметіне баға бере білуге, өз ой – пікірін ашық айтуға үйрету, оқушының ой - өрісін дамыту.

            - Оқушыларды өзіндік білім алуға дайындау

            - Азаматтық өзіндік   сана қалыптастыру

Курсты оқытудың міндеттері:

1) əлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;

2) оқушылардың  тарихи  білімдерді  қорытындылап,  себеп-салдарлы байланыс  орнатып,  тарихи  оқиғалар,  құбылыстарды  дербес  талдай  білу,қоғамдық  құбылыстарға  өзіндік  көзқарастарын  білдіру,  күнделікті  өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;

3) тарихи  деректермен  жұмыс  жасай  білу  жəне  тарихи  білімдерін шығармашылықпен  қолдану  дағдыларын  қалыптастыру,  тарихи  оқиғалар  мен құбылыстарды  салыстырмалы  талдау  арқылы  ой  елегінен  өткізуге дағдыландыру;

4) жас  жеткіншектердің  Отаны  мен  халық  алдында  жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;

5)  еліне  қызмет  етуге  дайын  отансүйгіш,  қазақ  халқының  тарихы  мен мəдениетін  жəне  Қазақстанда  өмір  сүріп  жатқан  халықтардың  тарихы  мен мəдениетін құрметтейтін белсенді азамат тəрбиелеу;

 

2. Оқыту бағдарламасының мазмұндық бөлігі

     Курстың оқыту бағдарламасы 10-11 сыныптарға бөлінгенде 34 сағаттан , барлығы 68 сағатты қамтиды. Бағдарлама тақырыптары хронология бойынша бірізділікпен жүйеленген.

10 – сыныпта оқушылар  Қазақстан тарихының ежелгі, орта, жаңа замандағы тарихының маңызды кезеңдерін оқыса 11 – сыныпта Қазіргі Заманғы Қазақстан тарихының маңызды оқиғаларымен танысатын болады.

10 – сыныпта курс барысында оқылатын бөлімдер төмендегіше жүйеленді.

  1. Ежелгі дәуір (5 сағат)
  2. Ертеортағасырлық кезең (1 сағат)
  3. Дамыған ортағасырлық кезең (7 сағат)
  4. Кейінгі ортағасырлық кезең, қазақ тарихы бастауы (5 сағат)
  5. Қазақстан Ресей құрамында (11 сағат)
  6. Қазақстан мәдениеті (5 сағат)

Қорытынды сынақ алуға 1 сағат бөлінді.

1. Ежелгі дәуір бөлімі оқыту мақсаты:

*Алғашқы адамдар тарихының маңызды оқиғаларын білдіру

*Қазақстан территориясындағы тайпалардың орналасу ерекшеліктерінолардың тұрақтарын білдіру, тұрмыс-тіршілігіне,мәдениетіне салыстырмалы талдау жасай білуге үйрету

*Ежелгі Қазақстан тарихындағы тарихи тұлғаларды (Томирис, Атилла) таныстыру

*Тарихи Отан ұғымын қалыптастыру

2. Ертеортағасырлық кезең бөлімі оқыту мақсаты:

      *Ертеортағасырлар    кезеңіндегі  Қазақстанның  əлеуметтік  –  экономикалық дамуының  ерекшеліктерін ұғындыру

      *Қазақстан  территориясындағы  мемлекеттердің  құрылуы  мен дамуының ерекшеліктерін салыстырмалы түсіндіру;

      *Тарихтағы негізгі саяси өзгерістерге талдау жасай білдіру

3. Дамыған ортағасырлық кезең бөлімі оқыту мақсаты:

      *Моңғол  шапқыншылығына  қарсы  тəуелсіздік  үшін күрестегі, мемлекеттің сыртқы саясатындағы, негізгі фактілер мен оқиғаларды  ұғындыру

  * Қазақстан халқының мəдениеттегі жетістіктерін таныстыру;

      *Ортағасырлар кезеңіндегі негізгі тарихи ескерткіштерді олардың ерекшеліктерін білдіру

4. Кейінгі ортағасырлық кезең, қазақ тарихы бастауы бөлімі оқыту мақсаты :

      *Қазақ халқының қалыптасуы, қазақ мемлекетінің құрылуы туралы ақпараттық білім беру

*Қазақ хандығының құрылуы мен дамуының ерекшеліктерін ұғындыру

*Жоңғар шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрес, мемлекеттің сыртқы саясаты, соғысу тәсілдері, жоңғарларды жеңуі туралы мағлұмат беру

*Қазақ халқының материалдық, рухани мәдениеті туралы  түсіндіру

5. Қазақстан Ресей құрамында бөлімі оқыту мақсаты :

*Қазақстанның Ресей құрамына қосылу себептерін анықтату

*Қазақ жеріне патша үкіметі жүргізген реформалардың себеп – салдарын түсіндіру

*Отаршылдық саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар себебі, мақсаты, нәтижесі, тарихи маңызына тоқталу

6. Қазақстан мәдениеті бөлімі оқыту мақсаты :

*Көшпелі өркениеттің дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін ұғындыру

*Мәдени өзгерістерді, мәдени тұлғаларды таныту

*Халықты ағарту ісінің жай-күйі туралы түсіндіру

* Қазақ  қоғамының  материалдық,  рухани  жетiстiктерi,  оның  өзiндiк ерекшелiктерi туралы түсінік беру;

* Қазақ халқының салт-дəстүрi, əдет-ғұрпы, наным-сенiмдерi, исламның қазақ қоғамындағы рөлін ұғындыру

 

11 – сыныпта курс барысында оқылатын бөлімдер төмендегіше жүйеленді.

1.ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылы (6 - сағат)

2.Жаңашыл қадамдар (4 – сағат)

3.Соғысқа дейінгі , Ұлы отан соғысы жылдары және кейінгі кезеңдер (5 – сағат)

4.Тың игеруден тың өзгерістерге дейінгі кезең (8-сағат)

5. Тәуелсіздік қадамдары (7 – сағат)

6.Қазіргі Қазақстан (4 - сағат)

1. ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылы бөлімі оқыту мақсаты :

*Бірінші орыс революциясының, бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақ даласына әсері өлкедегі ахуал туралы түсінік беру

*1917 жыл ақпан, қазан төңкерістері себебі, салдары, нәтижесі туралы ұғындыру

*Азамат соғысының зобалаңы туралы мағлұмат беру

*Тарихи тұлғалар туралы түсінік беру

 

2. Жаңашыл қадамдар бөлімі оқыту мақсаты :

*Жаңа экономикалық саясатты әскери коммунизм саясатымен салыстыра отырып ұғындыру

*Индустрияландыру, ұжымдастыру оқиғаларына талдау жасату

3. Соғысқа дейінгі , Ұлы отан соғысы жылдары және кейінгі кезеңдер бөлімі оқыту мақсаты :

*1930  - 1953 жылдардағы республиканың қоғамдық – саяси, экономикалық мәдени өміріне тоқталу, шолу жасату

*Жаппай қуғын-сүргін зобалаңы туралы мағлұмат беру

*Қазақстандықтардың соғыс кезіндегі ерен ерлік пен еңбек үлгісін баяндау

*Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру, дамыту, қоғамдық – саяси өмір туралы білімдерін толықтыру

4. Тың игеруден тың өзгерістерге дейінгі кезең бөлімі оқыту мақсаты :

*Тың игеру идеясы, жағымды, жағымсыз салдарын талдау

*Тоқырау жылдарындағы қоғамдық – саяси, экономикалық, мәдени өмір тарихына шолу жасау

*Үкіметтің халыққа көңіл бөлмеуіне қарсы наразылықтар шерулерінен сыр шерту (Теміртау, Целиноград, Қарағанды, Жаңаөзен, Алматы оқиғалары)

5. Тәуелсіздік қадамдары бөлімі оқыту мақсаты :

*КСРО – ның ыдырауы, ТМД – ның құрылуы  туралы түсініктерін кеңейту

*Қоғам өмірінің барлық салаларындағы түбегейлі өзгерістерге салыстырмалы талдау жасау

*Тәуелсіздік шежіресімен танысу

6.Қазіргі Қазақстан бөлімі оқыту мақсаты :

*Қазақстанның қазіргі кездегі даму бағыттары, президентіміздің саяси ұстанымы  ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлары, жолдауларын қарау

*Қазақстанның қазіргі кездегі халықаралық қарым – қатынасы , ұйымдармен байланысы туралы түсінік беру

*Еліміздің экономикалық саясатын шолу

 

 

 

3. Оқыту бағдарламасының нормативтік бөлігі

Оқу пəнінің 10 - сыныптағы базалық білім мазмұны

 (Сағат саны - 34, аптасына – 1 рет).

 

С а б а қ т ы ң   т а қ ы р ы б ы

Сағат саны

Уақыты

а

б

1

Ежелгі дәуір

5

 

 

1

Қазақстан жеріндегі тас дәуірі

1

 

 

2

Қазақстан жеріндегі қола дәуірі

1

 

 

3

Қазақстан темір дәуірінде

1

 

 

4

Қазақстан территориясындағы тайпалар одақтары

Сақтар, Үйсіндер

 

1

 

 

5

Қаңлы, ғұндар, сарматтар

1

 

 

2

Ертеортағасырлық кезең

1

 

 

6.

Ертеортағасырлық мемлекеттер (6-9ғғ) Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары

1

 

 

3

Дамыған ортағасырлық кезең

7

 

 

7.

Қарахан, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттері

1

 

 

8.

Дамыған ортағасырлық мемлекеттер

1

 

 

9.

Ортағасырлық мемлекеттердің мәдениеті

Ұлы Жібек Жолы

1

 

 

10.

Қазақстан жеріне монғолдардың шапқыншылығы

1

 

 

11.

Ұлыстардың құрылуы. Алтын Орда

1

 

 

12.

Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы

1

 

 

13

Моғолстан, Ноғай ордасы, Батыс Сібір

1

 

 

4

Кейінгі ортағасырлық кезең , Қазақ тарихы бастауы

5

 

 

14

Қазақ халқының қалыптасуы

1

 

 

15

Қазақ хандығының құрылуы 15 – 16 ғғ

1

 

 

16

Қазақ хандығы 17-18 ғасырларда

1

 

 

17

Қазақ – Жоңғар қатынастары

1

 

 

18

Қазақ хандығының 15 – 17 ғғ рухани, материалдық мәдениеті

1

 

 

5

Қазақстан Ресей құрамында

11

 

 

19

Қазақстанның Ресейге қосылуы, Кіші, Орта жүздер

1

 

 

20

Ұлы жүздің Ресейге қосылуы

1

 

 

21

Қазақтардың Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы

1

 

 

22

С. Датұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыс

1

 

 

23

1812 жылғы отан соғысына қазақтардың қатысуы

1

 

 

24

Патша үкіметінің хандық билікті жою реформалары

1

 

 

25

К. Қасымұлы бастаған ұлт қозғалысы

1

 

 

26

1836 – 1838 жж Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісі

1

 

 

27

Ж. Нұрмұхамедұлы, Е. Көтібарұлы бастаған қозғалыстар

1

 

 

28

1867-1868 жж патша үкіметінің қазақ даласын басқару реформалары

1

 

 

29

1886 – 1891 жж реформалар

1

 

 

6

Қазақстан мәдениеті

5

 

 

30

Қазақ хандығының 18 – 19 ғғ рухани, материалдық мәдениеті

1

 

 

31

Халық ағарту ісі

1

 

 

32

Ғылым және Қазақстанды ғылыми зерттеу

1

 

 

33

Көркем мәдениет, музыка, баспа ісі

1

 

 

34

Қазақтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі

1

 

 

 

Қорытынды сынақ

 

 

 

 

 

 

 

Оқу пəнінің 11 - сыныптағы базалық білім мазмұны

 (Сағат саны - 34, аптасына – 1 рет)

 

С а б а қ т ы ң   т а қ ы р ы б ы

Сағат саны

Уақыты

а

б

 

ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылы

6

 

 

1

ХХ ғасыр басындағы өлкенің әлеуметтік , экономикалық, саяси дамуы

1

 

 

2

1905-1907 жж бірінші орыс революциясы кезіндегі Қазақстандағы саяси қозғалыстар, ереуілдер. Мемлекеттік Думаға қазақтардың сайлануы

1

 

 

3

Ұлттық – демократиялық қозғалыстың өрлеуі

1

 

 

4

Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 – 1918 жж)

 

1

 

 

5

Қазақстан ақпан, қазан төңкерістері кезінде 1917 жыл

1

 

 

6.

Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж)

1

 

 

 

Жаңашыл қадамдар

4

 

 

7.

Әскери коммунизм саясаты, Жаңа экономикалық саясат

1

 

 

8.

Қазақстанды индустрияландыру ісі

1

 

 

9.

Ұжымдастыру тартқызған қасірет

1

 

 

10.

ХХ ғасырды басындағы Қазақстан мәдениеті

1

 

 

 

Соғысқа дейінгі, кейінгі кезеңдер

5

 

 

11.

1930-40 жж Қазақстан дамуы

1

 

 

12.

Жаппай қуғын-сүргін, халықтарды күштеп қоныс аударту

1

 

 

13

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

1

 

 

14

Қазақстандықтардың шайқастардағы жанқиярлық ерліктері

1

 

 

15

Соғыстан кейінгі қалпына келтіру шаралары

1

 

 

 

Тың игеруден тың өзгерістерге дейінгі кезең

8

 

 

16

Тың игеру идеясы, салдары

1

 

 

17

ХХ ғасыр ортасындағы Қазақстан мәдениеті

1

 

 

18

1960 ж – 1980 ж қоғамның саяси,

экономикалық, әлеуметтік  дамуы

1

 

 

19

1960 ж – 1980  жылдардағы өнеркәсіптің дамуы

1

 

 

20

1960 ж – 1980  жылдардағы ауыл шаруашылығы

1

 

 

21

1960 ж – 1980 ж мәдениеттің дамуы

1

 

 

22

1985 – 1991 жылдардағы қоғамның  дағдарыс кезеңінде

1

 

 

23

1986 – 1989 жж саяси қозғалыстар Желтоқсан, Қарағанды, Жаңаөзен оқиғалары

1

 

 

 

Тәуелсіздік қадамдары

7

 

 

24

1991 жыл өзгеріске толы жыл.

КСРО ыдырауы, ТМД –ның құрылуы

1

 

 

25

Қоғамдағы жаңару шаралары

1

 

 

26

Нарықтық экономикаға көшу, Ж е к е ш е л е н д і р у

1

 

 

27

Қазақстандағы  әлеуметтік – демографиялық үрдістер

1

 

 

28

Қазақстандағы экологиялық мәселелер

1

 

 

29

1980 - 2010ж мәдениеттің дамуы

1

 

 

30

Тәуелсіздік жағдайындағы 20 жыл

1

 

 

 

Қазіргі Қазақстан

4

 

 

31

Қазақстан - 2030

1

 

 

32

Қазақстан - 2050

1

 

 

33

Қазақстанның сыртқы саясаты

1

 

 

34

Қазақстанның қазіргі кездегі өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы

1

 

 

 

Қорытынды сынақ

1

 

 

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

10 – сынып оқушылары бұл курсты

оқу барысында нені білуі тиіс

1. Адамзат өмір сүрген кезеңдерді хронологиясымен жатқа білу

2. Тарихи терминдерді қолдану жəне оларды түсіндіре білу

3. Қазақстан  территориясында  өмір  сүрген  тайпалардың  өзара байланысын талдай білу

4. Өздігінен  қосымша  материалдар  іздеуді  (интернет,  кітапхана  жəне т.б.)

5.Ежелгі тайпалардың, ортағасырлық мемлекеттердің орналасқан жерін картадан таба білу

6. Семантикалық, синхронды кестелер құра білу

7. Моңғол  жəне  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы, отаршылдық саясатқа қарсы  тəуелсіздік  үшін күрестегі, мемлекеттің сыртқы саясатындағы, негізгі фактілер мен оқиғаларды білу;

8. Қазақстан  жеріндегі  мемлекеттердің  құрылымын  дүниежүзі

тарихындағы басқа мемлекеттермен салыстыра алуды;

9.  Ерте ортағасырлық сəулет  өнер  ескерткiштерiнiң  тарихына  жəне  мəдениетке  сипаттама бере алуды;

10.Қазақстан  аумағындағы  мемлекеттiлiктiң  пайда  болуы,  қалыптасуы  жəне дамуын;

11.  Қазақ  қоғамының  материалдық,  рухани  жетiстiктерi,  оның  өзiндiк

ерекшелiктерi туралы;

12.  Қазақ халқының салт-дəстүрi, əдет-ғұрпы, наным-сенiмдерi, исламның қазақ қоғамындағы рөлін;

13.Қазақстанның Ресейге қосылуы,  отаршылдық саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар туралы түрлі деректерден тарихи ақпараттарды іздестіре білуді меңгеруі тиіс

11 – сынып оқушылары бұл курсты

оқу барысында нені білуі тиіс

1.  ХХ ғасырдың маңызды оқиғаларын хронологиясымен баяндай білу

2. Бірінші, екінші дүниежүзілік соғыстар тарихына салыстырмалы талдау жасай білу, қазақстандықтардың үлес салмағын саралай білу

3. Мəтін мазмұнына сай қысқаша жоспар құра білу

4. Тарихи терминдерді қолдану жəне оларды түсіндіре білу

5.Басқа оқушылардың жауаптарына өз көзқарасын білдіру

6. Әскери коммунизм, ЖЭС туралы мағлұматтары болуы, мәнін ашып көрсету

7. Еліміздің ХХ ғасырдағы саяси, қоғамдық, экономикалық өмірдегі саясаты туралы толық хабардар болуы

8. Тәуелсіздік алу тарихын талдай білуі, тəуелсiз  Қазақстан  Республикасындағы  негізгі  қоғамдық-саяси, əлеуметтiк-экономикалық,  мəдени  өмірдегі,  сыртқы  саясаттағы  негізгі

өзгерiстерге талдау жасай білуді

9. Президентіміздің ішкі-сыртқы саясатта жүргізіп отырған бағдарламаларынан, бағыттарынан хабары болуы

10.Маңызды  тарихи  оқиғаларға,  тарихи  қайраткерлерге,  əлеуметтік топтарға мінездеме бере білу

11.Өздігінен  қосымша  материалдар  іздеуді  (интернет,  кітапхана  жəне т.б.)

12.  Аргументті түрде өз ұстанымын дəйекті дəлелдей алуды;

13. Хабарламалар мен баяндамаларды орындауды

14.  Түрлі деректерден тарихи ақпараттарды іздестіре білуді;

15.  Күнделікті мəселелерді шешуде алған білімдерін пайдалана білуді меңгеруі тиіс;

 

Курсты оқыту барысында  :

Теориялық бөлімде төмендегі әдістер қолданылады. Баяндау, түсіндіру, хабарлау, әңгіме (диалогиялық оқыту), дәріс оқу , пікірталас, пікірлесу, сұрақ-жауап,сұхбат ,оқу , проблемалық сұрақтар , дәлелдеу, проблемалы талдау

Практикалық бөлімде төмендегі әдістер қолданылады. Оқулықпен жұмыс , жаттығу, лабораториялық әдіс, танымдық ойындар, қосымша материалдармен жұмыс, жекелік, топтық, ұжымдық жұмыс, ізденіс алгоритмі бойынша жұмыс,салыстыру, талдау, жинақтау, қорытынды жасау, тұжырымдау конспектілеу, тезистеу, жоспарлау,картамен жұмыс зерттеу, іздену,  Практикалық жұмыстар (Сұрақтар, тест тапсырмалары)

 

 

4. Оқыту бағдарламасының ақпараттық- әдістемелік бөлігі

      «Пәнаралық байланыс»

 «Отантану»  курсын оқыту барысында төмендегі пəндермен пəнаралық байланыстар жүзеге асырылады:

1) «Дүние  жүзі  тарихымен»,  Қазақстан  тарихы  дүние  жүзі  тарихының құрамдас бөлігі, біртұтас тарихи үдеріс ретіндегі адамзат тарихы туралы білу; 

2) «Географиямен», Бұрынғы,  қазіргі  Қазақстан  Республикасы  территориясы  мен шекарасының  анықталуы,  Қазақстанда  əкімшілік-аумақтық  реформалардың жүргізілуі, Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық дамуы. 

3) «Қазақ  əдебиетімен»,  Қазақстанның  көрнекті  ақын-жазушыларының шығармаларының  тарихы,  қазақстандық  əдебиетшілер,  ақындар  жəне драматургтердің  шығармалары,  шығармашыл  зиялы  қауым  өкілдері  туралы білім.

4) «Жаратылыстану», «Өнер» бағытындағы пәндермен де пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады.

       «Оқушылардың іскерліктері мен біліктерін бағалауға арналған нұсқаулықтар»

Тарау соңында берілетін тесттердің 84% - 5, 60% - 4, 40% - 3 деген бағалармен бағаланады.

      « Курс бойынша оқу-әдістемелік кешеннің тізбесі»;

      « Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі».

Қолданылатын әдебиеттер

1.       «Қазақстан» энциклопедиясы

2.       История Казахстана : белые пятна Алма –Ата 1991 жыл

3.       Қазақстан тарихы Мектеп оқулықтары 6 – 9 сыныптар

4.       Қазақстан тарихы Х. К. Ермұқанова Алматы Шың

5.       Ж. Жақсығалиевтің тесттер жинағы 2009-2010 жж

6.       Қазақстан тарихы әдістемелік құрал А.Ж. Жумагалиева «Ағартушы» 2008

7.       Қазақстан тарихы очерктері

8.       Қазақстан тарихы бестомдық  1996, 1998, 2002 жж

9.       «Алашорда»

10.   К. Нұрпейісов «Тарихи тұлғалар»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Программа факультативного курсы "Отантану" 11 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл курс 10-11 сыныптарға Қазақстан тарихы пәнінен қосымша білім алуға даярланған.

Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихы пәнінен қосымша білім берудің маңызы зор. Ежелгі заманнан осы күнге дейінгі Қазақстан тарихының аса маңызды оқиғаларымен таныстыру алдымен жасөспірімдерді оқытып тәрбиелеуде қазіргі мектептер алдына қоғам қойып отырған міндеттерді – жеке тұлғаның күш – қуат мүмкіндіктерін барынша ашуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға, әрбір оқушының қабілетіне сай интеллектін байытуға, азаматтықты, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқықтары мен міндеттерін ұқтыруға, өз  елінің мәдени, экономикалық және халықаралық мүдделерін толығырақ түсінуге көмектеседі.

10 – 11 сыныптарға арналған бағдарлама «Білім туралы Заңның», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалған.

«Отантану» сабағының ерекшелігі :

Курсты оқытудың мақсаты :

           -  Оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру;

- Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін қосымша тарихи әдебиеттерді,  құжаттар,  деректерді оқыта отырып толықтыру, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі ғаламдану заманында тарихтың мәнін түсініп, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

           - Оқушылардың Қазақстан тарихы бойынша алған білімдерін қайталап, тереңдетіп, пәннің қазіргі тұрмыс – тіршіліктегі, мәдениетті дамытудағы ролін ашу, қоғамға ғылыми көзқарасты қалыптастырып бекіту, теориялық білімдерін, есте сақтау, ойлау қабілетін дамытып, келешекте өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаның қалыптасуына септігін тигізу.

            - Шығармашылықпен жұмыс жасап, басқа пәндерден алған білімдерін, мерзімді баспасөз материалдарын пайдалана отырып баяндамалар, рефераттар дайындауға, тарихи оқиғаларға, тарихи қайраткерлердің қызметіне баға бере білуге, өз ой – пікірін ашық айтуға үйрету, оқушының ой - өрісін дамыту.

            - Оқушыларды өзіндік білім алуға дайындау

            - Азаматтық өзіндік   сана қалыптастыру

Курсты оқытудың міндеттері:

1) əлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;

2) оқушылардың  тарихи  білімдерді  қорытындылап,  себеп-салдарлы байланыс  орнатып,  тарихи  оқиғалар,  құбылыстарды  дербес  талдай  білу,қоғамдық  құбылыстарға  өзіндік  көзқарастарын  білдіру,  күнделікті  өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;

3) тарихи  деректермен  жұмыс  жасай  білу  жəне  тарихи  білімдерін шығармашылықпен  қолдану  дағдыларын  қалыптастыру,  тарихи  оқиғалар  мен құбылыстарды  салыстырмалы  талдау  арқылы  ой  елегінен  өткізуге дағдыландыру;

4) жас  жеткіншектердің  Отаны  мен  халық  алдында  жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;

5)  еліне  қызмет  етуге  дайын  отансүйгіш,  қазақ  халқының  тарихы  мен мəдениетін  жəне  Қазақстанда  өмір  сүріп  жатқан  халықтардың  тарихы  мен мəдениетін құрметтейтін белсенді азамат тəрбиелеу;

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 741 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Самостоятельная работа по теме "Развитие общества. Многовариантность общественного развития" 10 класс
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Лазебникова А.Ю., Матвеев А.И. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 3. Динамика общественного развития
Рейтинг: 5 из 5
  • 01.10.2020
  • 11058
  • 198
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Лазебникова А.Ю., Матвеев А.И. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Презентация по обществознанию на тему" Динамика общественного развития" 7 класс
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Лазебникова А.Ю., Матвеев А.И. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 3. Динамика общественного развития
  • 30.09.2020
  • 862
  • 12
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Лазебникова А.Ю., Матвеев А.И. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Рабочая программа элективного курса по обществознанию в 11 классе «Человек и общество»
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: Глава 2. Социальная сфера
  • 30.09.2020
  • 689
  • 28
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Рабочая программа элективного курса «Право» в 10 классе
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Лазебникова А.Ю., Матвеев А.И. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: Глава 3. Правовое регулирование общественных отношений
  • 30.09.2020
  • 617
  • 17
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Лазебникова А.Ю., Матвеев А.И. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2015 585
    • DOCX 737.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумагалиева Алмажан Жасуланкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 30231
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по обществознанию в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 145 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 907 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1358 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 901 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 329 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 320 человек

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 27 регионов