Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыПрограмма для факультатива " Экономикалық математика"

Программа для факультатива " Экономикалық математика"

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

министірлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру

орталығы акционерлік қоғамының филиалы

                        Павлодар облысы бойынша педагогикалық

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

 

 

Бастауыш сыныпқа арналған

«Экономикалық математика» факультатив

курсы бойынша

бағдарлама

 

 

 

 

 

 

             Құрастырған: Исенова Гүлдана Жылқыбайқызы

                                                      бастауыш сынып мұғалімі

                                                    Түсінік хат

          Бұл  математикалық экономика  сабағының басты мақсаты -  бастауыш сынып оқушыларын жаңа нарықтық-экономикалық жағдайдағы өмірге бейімдеу болып табылады. Сабақ жоспарының тақырыптарын құруда  оқушылардың жас ерекшелігі және түсініктеріне сай негізгі экономикалық принциптер мен заңдылықтар негізге алынды. Пәннің негізгі міндеті - төменгі сынып оқушыларының жаңа нарықтық заманда экономикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

           Осы пәнді оқи отырып, оқушы ақша дегеннің не екенін, отбасы бюджеті неден құралатынын, тауардың құнын, байлық неден құралатынын және оның негізгі көздерін біледі. Осы сабақтан алған білімдері арқылы бастауыш сынып оқушылары отбасының экономикалық өміріне қатыса алады.

              «Экономикалық математика» таңдау курсы бастауыш сыныптың

1-4 - сынып оқушыларына арналған.   

    Оқу мен тәрбие егіз жүргенде жас жеткіншектің еліне деген сүйіспеншілігін ояту негізінде ғана біз болашақ ел тағдырына әділ де адал қызмет ететін азаматтар өсіріп шығарамыз. Оқу құралы бастауыш сынып оқушыларына арналғандықтан  оқу әдісі де ойластырылып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламаға түрлі ойын элементтері енгізілген.

 Мақсаты:

 Бастауыш сынып оқушыларының нарықтық қоғамдағы экономикалық ойлау қабілеті мен мәдени тәртібін тәрбиелеуді қалыптастыру.

    Экономикалық білім негіздерін қалыптастыру.

(Экономика туралы қарапайым мәліметтер беру, күнделікті тұрмыста кездесетін экономикалық ұғымдар мен терминдерге түсініктер беру)

          Осы жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай айналадағы отбасында, қалада, елде кезігетін негізгі экономикалық принциптер мен заңдылықтардың адам өмірінде, өзара қарым-қатынастарда кездесетін байланыстары мен шектеуліктердің себептерін түсіндіру.

          Нарықтық қоғамдағы тұтынушы ретінде алғашқы практикалық дағдыларын үйрету.

 Міндеті:

  «Математикалық экономика» таңдау курсы екі аптада бір рет өткізіледі. Оқу жылындағы сағат саны – 17.

       1- сынып бойынша заттарды топтастыру, нақты белгілерін табу, берілген белгілері бойынша затты анықтау, заттар мен құбылыстарды салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу сияқты тақырыптар қарастырылады. Сонымен қатар әр түрлі логикалық қызықты сөзжұмбақтар мен ребустар шешкізіледі.

        2 – сынып бойынша экономикаға қатысты қажеттілік, мүмкінділік, тауарлар, айырбас, бартер ұғымдарына анықтама беріліп, мысалдар келтіру арқылы  өмірдегі әр түрлі жағдайлардан шығуға тырысады.

       3 – сыныпта қарастырылатын мәселелер ақша, шығу тарихы, Қазақстан ақша бірлігінің шығу тарихы, байлық, шығыс, кіріс, негізгі көздері, отбасы бюджеті маңызды болып табылады.  Осы сыныпта Міжақып Дулатұлының ел экономикасына қатысты есептері берілген. Мал шаруасына, еңбекті тұрмысқа, әлеумет мекемелері, алым – салықтарға байланысты есептер шығартылу жоспарланған. 

       4 – сыныпта аймақтың ресурстары, өнеркәсіп, тауар, кәсіпкерлік, меншік, банк пен банк иеленушілер, жеке кәсіпорын, бағалы қағаздар, кедендік баж, салықтар туралы білім беріледі.    

         Бағдарламаның ерекшелігі:    Бастауыш сыныпта логикалық, математикалық ұғымдар түйсіну арқылы қалыптасады. Математика пәні логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландырады. Логикалық есептерді шығарту арқылы оқушылардың танымдық іс-әректетін, белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттырып, топпен жұмыс істеуге үйренеді. Осы пәнді оқыта отырып, есте сақтаудың түрлерін, қиял мен зейінді қалыптастырып дамытады.

Бағдарламаның мазмұндық бағыттары:

Оқушылардың  танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу

Оқушының ақыл-ойының логикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;

Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;

Бағдарламаның тиімділігі:

  • Математика пәнін тереңдетіп оқытуға қажетті білім жүйелеген;
  • бағдарлама күнтізбелік жоспардың негізгі үлгісі ретінде ұсынылды.

 

Күтілетін нәтиже:

         Бұл экономикалық математика таңдау курсының соңында  бастауыш сынып оқушылары  Экономика- ғылымы бұл нақты есептеу және негізгі экономикалық заңдылықтар мен ұғымдарды меңгеру керек.Балалар мемлекет және оның адам өміріндегі маңызы, салықтың мемлекетке төленетін өтемақы екенін, тауар өндіруші мен сауда-саттық, сұраныс, жарнама туралы ұғымдарды меңгеру керек.Бастауыш сынып оқушылары формальды логиканы экономикалық логикадан ажырата білу керек.Экономикалық есептерді шығарғанда және экономикалық байланыстарды орната білу керек.

Оқушылардың бартер мәселесін ақшаның көмегімен шешетін ақшаның қасиеті мен қызметі, ақшаның шығу тарихы туралы мағлұмат беру.

 

                                                 Экономикалық математика

1 - сынып

І – жарты жылдық

 

р/с

 

 

                     Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

  

 Мерзімі

 

1

Экономика ғылымы

1

 

2

Қажеттілік пен мүмкіндіктер

1

 

3

Отбасы дегеніміз не?

1

 

4-5

Отбасы мүшелерінің міндеттері (Отбасы: толық, толық емес отбасы мүшелері.)

2

 

6

Отбасы мүшелерінің бір-бірімен тәуелділігі

1

 

7

Байлық. Отбасы кірісі

1

 

8

Менің отбасымның демалысы

1

 

 

 

                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                               

                                                       ІІ – жарты жылдық

 

 

р/с

 

 

                     Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

       Мерзімі

 

1

«Қажет» және «Керек» сөздерінің анықтамасы

1

 

2-3

«Қажет» және «Керек» ұғымдарының біреуін таңдап аламын

2

 

4

«Қажет» және «Керек» ұғымдарына байланысты қызмет көрсету қайдан шығады?

1

 

5

Экономика – шаруашылықты басқару

1

 

6

Экономикалық есептеу

1

 

7

Отбасы мүшелерінің атқаратын қызметі және мамандығы

1

 

8

Біздің үйдегі экономика

1

 

9

Біз отбасымыз туралы не білеміз?

1

 

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық математика

2 - сынып

І – жарты жылдық

 

р/с

 

 

                     Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

 

 Мерзімі

 

1

Адам аяғы баспаған аралға саяхат

1

 

2

Қажеттіліктер және мүмкіндіктер

1

 

3

Шектеулілік дегеніміз не?

1

 

4

Тауарды кім шығарады және кімдер қызмет көрсетеді?

1

 

5

Экология ғылымы және оның біздің қажеттілігімізге әсері

1

 

6

Қажеттілік және мүмкіндіктер туралы не білеміз?

1

 

7

Табиғи шаруашылық еліне саяхат

1

 

8

Табиғи шаруашылық еліндегі айырбас. «Айырбас» ойыны

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ – жарты жылдық

 

 

р/с

 

 

                     Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

       Мерзімі

 

1

Бартер аралына саяхат

1

 

2

Қоғам қалай жұмыс істейді

1

 

3

Кондитер фабрикасы

1

 

4

 

Қаптама

1

 

5

Жаңа дәптер қалай пайда болады?

1

 

6

Үкіметтің рөлі

1

 

7

«Шешімдер ағашы»

1

 

8

«Теңгенің жорығы»

1

 

9

Қорытындылау. Біз не үйрендік? Ол біліміміздің біздің өмірімізге әсері.

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Экономикалық математика                                

                                                                   3-сынып                                             

                                                             І - жарты жылдық

   

 

р/с

 

 

                     Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

 

 Мерзімі

 

1.

Нарық. Нарық дегеніміз не?

1 

 

2.

Нарықта әркім өз ісін қалай жүргізу керек?

1

 

3.

Ақша. Ақшаның шығу тарихы.

1

 

4.

Ақша не істей алады? Ақша не үшін қажет?

1

 

5.

Қазақстан ақша бірлігінің тарихы

1

 

6.

Байлық. Отбасы кірісі.

1

 

7.

Кірістің негізгі көздері. Еңбекақы 

1

 

8.

Шығыстар. Отбасы бюджеті

1

 

 

                                                     ІІ – жарты жылдық         

 

 

р/с

 

 

                      Сабақ тақырыбы

 

Сағат

саны

 

Мерзімі

  1.

 

М. Дулатовтың мал шаруасына қатысты есептері

1

 

   2.

М. Дулатов. Еңбекті тұрмысқа берілген есептер

1

 

 

 

3.

 

М. Дулатов. Әлеумет мекемелері туралы есептер

1

 

 

 

4.

Алым-салықтар туралы есептер

1

 

5.

Қайталау сабағы

1

 

6.

Аймақтың ресурстары. Өз аймағымызды оқып, үйренеміз

1

 

7.

Аймақ қалай жұмыс істейді?

1

 

8.

Біз шешім қабылдаймыз.

1

 

9.

Қайталау сабағы

1

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Экономикалық математика

                                           4 – сынып

 

р/с

 

 

                     Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

        Мерзімі

 

1

Нарықта есептеу жұмыстары қалай жүргізіледі?

1

 

2

Нарық қожайыны кім?

1

 

3

Нарықта өз ісіңді қалай жоспарлау керек?

1

 

4

Жекеменшік – кірістің негізгі көзі.

1

 

5

Сақтандыру. Кездейсоқ жағдайлардан өзіңді және мүлкіңді қалай қорғайсың?

1

 

6

Өнеркәсіп қалай жұмыс істейді?

1

 

7

Тауардың саяхаты. Кәсіпкерліктің түрлері

1

 

8

Меншікті жоғалту

1

 

                                    І – жарты жылдық

 

 

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    ІІ – жарты жылдық

 

р/с

 

 

                     Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

        Мерзімі

 

1

Банк пен банк иеленушілер

1

 

2

Жеке кәсіпорын

1

 

3

Сыбайластық. Жарнама – сыбайластықпен күрестің бір түрі

1

 

4

Бағалы қағаздар.  Аукцион

1

 

5

Коммерциялық құпия

1

 

6

Жылжымалы және жылжымайтын көліктерден түсетін салық

1

 

7

Кедендік баж

1

 

8

Жоспарлау – табысқа жетудің жолы

1

 

9

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І - тарау

Нарық дегеніміз не?

 

Балалар, кәне танысайық. Мен – математика профессорымын, менің фирмам Бизнесменов сендерді Эколандия еліне саяхатқа шақырамын. Ол ертеде пайда болған, ол елде ежелгі адамдар өмір сүрген. 10 мың жылдай бұрын жер өңдеушілер аңшылар тайпасын ығыстыра бастады. Адамдар өздері тұрған мекендерде әр түрлі өнер түрлерін дамыта бастады. Әр мекенде өнердің бір түрі басым дамыды: қыш құю, ұсталық немесе балық аулау. Бірақ балықшыға ау, ұстаға – қыш, жер өңдеушіге таға керек болды. Сондықтан әрқайсы өзі өндірген затты басқа затқа айырбастауға тура келді. Басқа затқа айырбастауға арналған зат – тауар деп аталды. Енді тауар айырбастау барысында адамдар әр түрлі нәрселерді сан жағынан салыстыруды үйренуге тура келді. Сонымен Эколандия елінде сан және      пайда болды. Алдымен саусақпен санауды үйренді, бір саусақ – 1-ді, 10 саусағын бүксе – 10-ды көрсетті. Ал жүзге дейін санау үшін қанша қолдың саусағын санау керек болды десеңші? Сондықтан санауға тастар, сүйектер, ракушкаларды пайдаланды. Айталық ракушкалар ондықтарды көрсетсе, тастар – бірліктер санын көрсетті. Мынадай оқиғаны тыңдаңдар. Эколандияның солтүстігіндегі Балықшылар елінде Осетров деген балықшы тұрды. Ол бірде көп балық аулап үйіне келсе, әйелі Марфаға : «Бізде 2-ақ құмыра қалды. Терінің бәрі тозды, күз болса келіп қалды. Аттың тағасы болса жұқарып, екі аяғы ақсап жүр. Сен болсаң балық аулағаннан басқа шаруа бітірмейсің, - деп ұрсып ала жөнеледі.»Құмыраны – Құм аулынан , тағаны – Темір аулынан, ал теріні – Жолбарыс аулынан алу керек болды. Ашуланған Осетров әйелі Мардаға былай деді: «Мен балық аулаудың орнына күнде тауар іздеп анда-мұнда жүрем бе? Сен өзің бір жағдай ойла, әрбір тауар өндіруші керегін іздеп шарқ ұрмау үшін не істеуге болады.»  Марфаға  бір күн ойлайды, екі күн ойлайды, үшінші күні бір шешімін табады. «Еркектертауарларын айырбастау үшін бір-біріне барғанша, мен бәрін Балықшы аулына әкеліп қояйын, таға да, құмыра да, тері де осыдан табылса, бәрі керегін бір жерден табады.»  Енді Марфа тауар өндірушілерге барса, ешқайсысы тауарын бергісі келмейді, айырбасқа тауар сұрайды. Марфаға бір жақсы ой келді. Ол Талернада тұратын оқымысты Монетов, монета басатын станок ойлап тапқаны есіне түседі. Ең ірі монета – 1 талер деп атады. Ол 100 ұсақ монетадан – форинтын тұрады. Ғалым Марфаға ұсыныс айтты: Біздің еліміздегі барлық қолөнершілер тауарлар талерге немесе форинтке айырбас-тасын. Сонда бәр жерде тауарға айырбастайтын ақша пайда болады. Осы уақыттан бастап Эколандияда ақша айырбасы басталып, Марфа алғашқы көпес деп танылды. Айырбастауға тауарларын әкелетін жер «Рынок алаңы» деп аталды. Енді көпестер мен «Рынок алаңдарын» Эколандияның басқа елді мекендерінде де пайда болды. Экономика грек сөзінен алынған, үй шаруашы-лығын жүргізе білу деген ұғымды білдіреді. Елде қолөнершілер мен көпес-тердің, қолөнершілердің өз арасында экономикалық қатынас орнады. Осыдан соң экономика ұғымы турасында экономикалық қатынастар есепті жақсы білуді ғана емес, өз тауарларын қайда апарған пайдалы, өз шаруашылығына қажет заттарды – ауды, темірді, сазды – ұтымды түрде алуды ойлауды талап етті.

1.                 Қыш құюшы Горшков 8 құмыраны 1 қап бидайға айырбастай алады.

     Ол 8 құмыра бидай алу үшін қанша құмыра жасау керек?

2.                 Аңшы Тигров бір маусымда тиіннің 48 терісін дайындады. Әрбір 4 теріні 1 қап бидайға, әрбір 2 теріні – 8 тағаға айырбастауға болса, 4 атты

3.                 Қыш құюшы Горшков айырбастау үшін 82 құмыра дайындады. Күзге қарай оның отбасына 3 қап бидай және түлкінің 4 терісі қажет. Егер әрбір құмыраны 1 қап бидайға, ал 14 құмыраны – 1 теріге айырбастауға болса 82 құмыра жеткілікті ме?

4.                 Қыш құюшы Песков әрбір 8 құмыраны 1 қап бидайға немесе 5 тағаға айырбастай алады. Жазда өз шаруашылығына оған 4 қап бидай мен 20 таға керек. Ол қанша құмыра дайындау керек?

5.                 Аңшы Волков 12 терінің әрқайсысын 14 түрлі түсті ракушкаға айырбастады. Ал түскен ракушкаларын әрбір қап бидай үшін 16 ракуш-кадан айырбастады. Неше қап бидайға айырбас жасады?

6.                 Фермер Баранов айырбастау үшін 216 кг қарабидай дайындады. 36 кг тартатын 1 қап қара бидайды 8 құмыраға айырбастаса, фермер неше құ-мыра алады?

7.                 Аңшы Львов бір маусымда 48 аң терісін дайындады. Оның жартысын ол 4 қап бидайға, ал қалған терінің жартысын оғы мен 6 садаққа айыр-бастады. Қалғаны өз шаруашылығында қалды. Қалған терінің саны қанша?

8.                 Аңшы Тигров оғы мен 2 садақ және 3 атқа таға алу керек. Садақ оғы мен 1 талер 2 форинт, қос таға бір талер 15 форинт тұрады. Тигров барлығына қанша ақша төлейді?

9.                 Қыш құятын айналмалы дөңгелек 12 талер тұрады. Оны сатып алуға ауылға келген Гоншаров балықшы Окуневпен кезігеді, ол жаңа ғана аулаған балығын, әр өлшемін 1 талер 36 фунтқа ұсынады. Бір өлшем

2 кг болады. Горшков қыш құятын дөңгелек және 3 өлшем балық алды, бәріне қанша ақша төледі?

10.             Балықшы шортанға қарағанда карасьтың үшеуін артық аулады.  

 Барлығы 29 балық ауласа, қанша шортан, қанша карась аулады?

11.             Балықшы шортанға қарағанда екі есе көп және тағы үшеу артық карась ұстады. Барлығы 30 балық ұстаса әр балықтан қаншадан аулаған?

12.             Баланың 3,5 форинттен тұратын барлығы 12 дана тиыны болды. Ақша-сын санағанда 57 форинт болды. Ол қателескен жоқ па?

13.             Ұста 3 сағатта 72 таға жасайды, ал оның шәкірті осы жұмысқа екі есе көп уақыт жұмсайды. Екеуі бірігіп осы жұмысты, 72 тағаны қанша уақытта істейді?

 

                                                        ІІ тарау

                        Нарықта жұмысты қалай жүргізу керек?

      Эколандия елінде ақша – талер мен форинт пайда болды. Ақшаның пайда болуымен шаруашылықты жүргізу мүмкіндігі туды. Қыш құюшы Горшков бәрін айырбастау үшін қанша құмыра керек екендігін анық білмеді. Кейде товар айырбастауға ұсталар, балықшылар келгенде құмыра болмай қалады. Кейде дайын құмыралар көп тұрып қалып, не сынып, не жарылып жатады. Ал «Марфа» дүкені ашылған кезде бұл мәселе шешілді. Ол әр 10 күнде «Марфа» дүкеніне 200 құмыра өткізеді. Дүкенде 2 қойма бар: біреуінде ыдыста, тағалар, садақтар сақталса, екіншісінде қант, тұз т.б. сақталады. Енді Горшков күніне 30 құмыра құятынын анық білді. Иә, неге 30 20 емес. Ол өзі есептеп үйренді. 10 күнде 100 құмыра дүкенге апармай көршілеріне сатады. Құмыраны қаншаға сату керек? Есеп былай болады:

      Таза саздың бір арбасын 10 талерден алады. Бір арба саздан 1000 құмыра құяды, яғни 1 құмыраға 1 форинт кетеді. Қыш құятын дөңгелек 100 талер, ал бұл дөңгелек 10000 құмыра құюға жетеді, яғни 1 құмыраға 1 форинт жұмсал-ды. 100 құмыраны күйдіру үшін жұмсалған көмірге 1 форинт жұмсалды. Яғни әр құмыра жасауға кеткен ақша, яғни оның өзіндік құны – 3 форинт. Қыш құюшы әр құмыраны 3 форинтке сатса оған не пайда түседі?

      Әр адам, сату не айырбастау жасауда өзіне пайда түсіруді ойлайды. Яғни шыққан шығынының үстіне пайда түсіру керек. Сондықтан ол әр құмыраны

4 форитнттен сатады. Әр 10 күнде көршілеріне сатқан құмырадан 1 талер пайда түседі.

      «Марфа» дүкеніне өткізген тауардан 10 күнде тағы 1 талер пайда көреді. Марфа оған әр 100 құмыраға 3 талер 50 форинттен беріп, өзі 4 талерден сатады. Сонда Марфа әр 100 құмырадан 50 форинт пайда көреді. Бұл пайданы Марфа тек сауда қызметі үшін көрді.

      Рыноктағы ең басты қызмет келесі тарауда айтылады.

                                         

ІІІ тарау

                   Нарықта есеп жұмысы қалай жүргізіледі?

      Көптеген жылдар өтіп Рыбачье елі Степногорск қаласына айналды. Енді рынок алаңында «Марфа» дүкенінен басқа дүкендер, зергерлік, аяқ-киім, тігін лавкалары пайда болды. Тігінші Портнов оқушыларды жинап, тігін тігуге үйрету үшін тігін шеберханасын ашты. Мұнда кафтан, камзол, жилет-тер тікті.

      Ал шаштараз Банкенбардов тұрғындардың шаштарын, сақал-мұртын алумен айналысты. Әшекей бұйым тағу үрдіске айналған кезде зергер Жемчуг зергерлік шеберханасын ашты. Тігінші де, шаштараз да, зергер де – өздерінің клиенттері балықшы, қыш құюшы, фермерлерге тұрмыс қажет-терін көрсетіп, ол үшін ақы алды. Тұрмыс қажетін өтеу де тауар болып табылды. Шеберхана иесі әр іске адамдар ала бастады, олар жалдамалы қол-өнершілер еді. Олар өз еңбектері үшін ақша және бір бөлігін өңдірген өнім-мен алып отырды. 

      Мынадай жағдай қарастырайық. Тігін шеберханасының иесі Жилетов тігінші Егорды 1 жылға жалдады және еңбегіне 12 талер және 1 кафтан бер-мекші болды. Егор 7 айдан соң Степногорскіден кетпекші болды да, есеп айырысуын өтінді. Жилетов оған 5 талер 1 кафтан алуды ұсынды. Егоров өзінде кафтан бар екенін бар екенін айтып, барлық еңбек ақысын ақшамен беруін сұрады. Қожайын келістіде 1 кафтан қанша ақша тұратынын есепте деді.

      Егоров кафтанның бағасын қалай есептеуді әрі ойлап, бері ойлап шебер-ханадағы Смышленниковқа барды. Ол былай есептеді. Қалған 5 айға 7 талер төлеу керек. Әр ай сайын 1 талер 40 форинт болады, онда 1 жылда 16 талер 80 форинт болар еді. Ал ақшамен 12 талер алар болса, кафтан 4 талер

8 форинт тұрғаны.

 

                                                       IV тарау

                                     Нарықтың мырзасы кім?

      Эколандия елінде жыл өткен сайын Степногорск елді мекені ірі және әдемі қалаға айналды. Рынок алаңында көп қабатты үйлер пайда болып, бірінші қабатында дүкендер, шеберханалар орналасты. Біз Марфаның баласы Егор туралы тарихты баяндаймыз.

      Егор  Степногорскідегі мектепте өте жақсы оқыды. Мептеп бітірген соң ол «Марфа» дүкенінде қатардағы сатушы болып істейді. Ол мына жағдайды байқады. Кейде дүкенде тауар толып тұрса да, шеберлер үсті-үстіне әкеп жатады. Оларды қайтарып беру ыңғайсыз, кері алып қайтуда оңайға түспей-ді. Бұзылмайтын тауарлар қоймада тұра береді, бірақ қоймада орын жетпейді. Ал бұзылатын тағамдар сүт, ет, балықты не істеу керек? «Марфа» дүкенін бірнеше рет банкрот бола жаздады. Ол не үшін? Әрине тауарлар көп, оларды алушылар аз, немесе кейбір тауарлар тапшы болады. Сосногорскіде алғашқы қос ат не үш ат жеккен арбалар пайда болды. Жол жаман болғандықтан таға-лар тез желініп, жарылып жатты. Сондықтан тағаға деген сұраныс артты. Дүкендегі барлық таға сатылып кетті. Олардың бағасы да өсті. Енді Егор алыс ауылдардан тағаны өзі әкеле бастады. Егор дүкенде сатушы болып тұрғаннан да, сауданы ұйымдастырудың тиімді түрін ойлауға кірісті, өз клиенттерін қуантуды ойлады. Ең алдымен дүкендегі әр тауарға сұранысты білу керек, әр күн сатылатын тауар, қоймадағы тауармен бірдей болу керек,- деп шешті Егор.  Сүт туралы: 1.2,3,4,5 адамнан тұратын неше отбасы  «Марфа» дүкенінен  сүт алады?

      2. Әрбір үлкен адам және әрбір жас бала күніне қанша сүт пайдаланды.

Осы мәліметтерге сүйеніп күніне қанша сүт сатылатынын білген соң фермер-лерден сол мөлшерде сүт алып отырды, сауда барысы түзеле бастады. Бұл іс барысында Егор бір оқпен екі қоянды атты: 1-ден, клиенттер дән риза, 2-ден, дүкендегі тауар қолма-қол сатылып, пайда өсе бастады. Егор маркетингпен айналысты (ағылшын тілінен market - рынок), Маркетинг клиенттердің қажеттілігін және оны қанағаттандыру жолдарын зерттейтін ғылым. Біз сүт тауарына деген маркетингті қарастырдық, ал тауарлар туралы есептер шыға-

ру арқылы танысамыз.

                                              V тарау Қорытынды.

      Осымен Эколандия еліне саяхатымыз аяқталды. Сендер іскер адамдар Марфа, Егор, балықшы Осетров, қыш құюшы Горшков, фермер Баранов және т.б. қалай іс жүргізуді үйренгенін, жұмыс істегенін, демалғанымен таныстындар.

      Ең бастысы: бұл елдегі адамдар егер жақсы жұмыс істесең пайда табуға болатынын, жақсы өмір сүруге болатынын білді. Тапқан пайдасынан іскер адамдар қайырымдылық жасауды ұмытпады. Саудагер Марфа өз табысына ауылда мектеп салғызды, одан кейін стадион, концерт залы салынды, оған Марфадан басқа да іскер адамдар өз үлестерін қосты. Осы саяхатымызда алған білімдеріңді пайдаланып сендер жауап берсің деп сұрақтар мен есептер дайындадым. Мен профессор Бизнесменов сендер бұл тапсырмаларды орын-дай аласыңдар және алдағы уақытта сендерден үлкен бизнесмен шығады деп сенемін. Өмірден бірнеше оқуға қарастырайық.

-       Сен ата-анаңмен сүт кафесіне бардың. Мұнда тауарға не жатады?

-       Сен математикадан есеп жазып жүрген дәптер тауарға жата ма?

«Орыстың халық ертегілері» кітабының өзіндік құны 2 талер 30

форинт тұрады. Осы кітапты қандай бағаға сатуға болады.

       Сенің отбасыңның

-       Сүт өнімдеріне;

-       Картофельге;

-       Нанға деген сұранысын қалай есептеуге болады?

 


Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Экономика для младших школьников. И. А. Сасова, И. И. Нагуманова. 1 - класс. Москва,2002

2.     Экономическая игротека на уроках математики. 1-4 классы. Учебная модификационная программа. Г. А. Сафронова. Учитель,2003

3.     Міржақып Дулатұлы. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-том. Мектеп,2003

4.      Жүлдегерлік жүз есеп.  Н. Нұрсұлтанов, Қ. Нақышбекова.Алматы, Таймас баспа үйі, 2009.

5.     Ертегі есептер. Н. Нұрсұлтанов.  Алматы, Таймас баспа үйі,2008.

6.     Начала экономики. И. В. Ермакова, Т. А. Протасевич. Издательство Новосибирского университета, 1997.

7.      Ойнайық та, ойлайық. Р. Кашенова. Поиграем, поговорим. Алматы, Ана тілі, 1996

8.     Экономические знания-школьникам. С. Нысанбаев.Алма-ата, Мектеп,1976

     9.  Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты                     

      тапсырмалар. Ә. Наурызбайқызы, Қ. Әубәкірқызы, С. Мұқамбетқызы.

      2-сынып. Рауан, Алматы, 1994

     10.  Қуыр - қуыр,  қуырмаш. Сейсенбек Ахметов. Өнер, Алматы, 1993

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Программа для факультатива " Экономикалық математика""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

          Бұл  математикалық экономика  сабағының басты мақсаты -  бастауыш сынып оқушыларын жаңа нарықтық-экономикалық жағдайдағы өмірге бейімдеу болып табылады. Сабақ жоспарының тақырыптарын құруда  оқушылардың жас ерекшелігі және түсініктеріне сай негізгі экономикалық принциптер мен заңдылықтар негізге алынды. Пәннің негізгі міндеті - төменгі сынып оқушыларының жаңа нарықтық заманда экономикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

          

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 123 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2015 515
    • DOCX 324.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исенова Гульдана Жылкыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исенова Гульдана Жылкыбаевна
    Исенова Гульдана Жылкыбаевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 11327
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 388 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 221 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек